Файл: Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 2943

Скачиваний: 101

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қарастырылып отырған түрлі анықтамаларды салыстыру барысында, әр зерттеушінің педагогикалық шеберліктің бір қырына басымырақ назар аударғаны байқалады. Әрине, педагогикалық шеберліктің жылдан жылға ауқымы кеңейіп бара жатқаны түсінікті, себебі педагогикалық іс-әрекет мазмұны күрделеніп барады. Қазіргі таңда педагогикалық парадигманың өзі үлкен өзгерістерге ұшырау үстінде. Дегенмен, барлық тұжырымдардың ортақ идеяларын шығаруға болады:

  • педагогикалық шеберлік мұғалімнің тұлғалық қасиетін көрсетеді;

  • педагогикалық шеберлік арнайы психологиялық-педагогикалық дайындықты қажет етеді;

  • педагогикалық шеберлік педагогикалық міндеттерді тиімді шеше алудан байқалады;

  • педагогикалық шеберлік мазмұны кең, ол бірнеше құрамдас бөліктерден тұрады.

Сонымен шебер-педагог деп өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін жақсы сезінетін, ұлт болашағына алаңдайтын, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие берудің тиімді де ұтымды әдістерін өз тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана алатын, рухани-адамгершілік қасиеттері жоғары, парасат пайымы зор тұлға.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. «Индвид», «даралық», «жеке тұлға» ұғымдарының айырмашылықтары неде?

  2. Жеке тұлға құрылымының иерархиялық деңгейлері қандай?

  3. Ұстаз беделі қандай компоненттерден құралады?

  4. Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениетінің құрылымдық компоненттері қалай сипатталады?

  5. Педагогтың кәсіби құзыреттілігін құрайтын іскерліктердің қайсысы өз бойыңызда жақсы дамыған деп ойлайсыз?


4-тақырып. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІК НЕГІЗІ

4.1. Педагогикалық қарым-қатынас туралы түсінік.Әрбір адам әлеуметтік ортада өмір сүргендіктенбасқа адамдармен ақпарат алмасады, тәжірибесімен бөліседі, бірігіп ынтымақтастық қарым-қатынастарды сақтауға тырысады. Қарым-қатынас үнемі әлеуметтік, ұжымдық сипатта болатындықтан оны адамның қоғамдық ортаға бейімделуінің негізгі факторларының бірі деп қарастыруға болады. Олай болса,қарым-қатынас- қоршаған ортамен адамдар арасындағы байланысты тұрақтандырушы тетік.

Ғылымаралық ұғым ретінде қарым-қатынас-өзара іс-әрекеттер қажеттіліктерінен туындайтын және ақпараттармен алмасуды, өзара түсінісуді, қабылдауды қамтитын адамдар арасындағы байланыстарды орнатудың және дамытудың күрделі үдерісі ретінде қарастырылады.


Қазіргі таңда зерттеуші-ғалымдарқарым-қатынастыңтүрлі қырларынқарастыруда. Психология ғылымы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қарым-қатынас мүмкіндіктерін Б.Г.Ананьев, В.Н.Мясищев, С.Л. Рубинштейн сынды белгіліғалымдар зерттесе, педагогикалық ғылымдар саласында А.А.Леонтьевтің, А.А.Бодалевтің, А.В.Мудриктің, В.А.Кан-Каликтің, А.А.Реанның, Н.Е.Щуркованың, А.И.Щербакованың, Ш.А.Амонашвилидің, Я.Л.Коломинскийдің, И.А.Зимняяныңт.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Ғалымдар қарым-қатынас феноменін іс-әрекет түрі ретінде анықтап, оны басқа іс-әрекет формаларын қамтамасыз ету негізі деп бағалайды. Қарым-қатынас пен іс-әрекет өзара тығыз байланысты болғанымен салыстырмалы түрде дербес ұғымдар.

Педагогикалық іс-әрекетте де қарым-қатынастың алатын орны жоғары, себебі педагогтың негізгі атқаратын қызметтері болып табылатын тәрбиелеу, оқыту, білім беру, дамыту, қалыптастыруүдерістерін қарым-қатынассыз көз алдына елестету мүмкін емес. Сондықтан педагогикалық қарым-қатынас–педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара әрекеттестік негізі болып табылады.

В.А.Сластениннің пікірінше, педагогикалық қарым-қатынас- педагог пен оқушылардың арасындағы өзара әрекеттерінің мақсаты мен мазмұнынан туындайтын қатынастарды орнатудың, дамытудың, өзара түсінушілік пен әрекеттестікті ұйымдастырудың күрделі үдерісі.

Педагогикалық қарым-қатынаста педагог жетекші рөл атқарады, себебі ол баламен болатын қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін алдын - ала көптеген педагогикалық міндеттерді анықтайды, сол міндеттерді шешудің тиімді жолдарын іздестіреді. Қарым-қатынасқа байланысты қойылатын міндеттер коммуникативтік міндеттер деп аталады.

Педагогика ғылымында коммуникативтік міндеттерді шешудің негізгікезеңдері анықталған:

  • қарым-қатынас жағдайын бағдарлау кезеңі (мұғалім сыныптың қандай екенін, олармен қандай стильде сөйлесу керек екенін, қандай оқушыларға сөйлеудің қандай әдістерін қолдану керек екенін анықтайды);

  • өзіне көңіл аударту кезеңі (пауза, сөз арқылы көңіл аударту, қимыл арқылы - кесте көрсету, көрнекілік құралдар көрсету, тақтаға жазу т.б.);

  • тыңдаушылардың қарым-қатынасқа даярлығын анықтау кезеңі (тыңдаушылар дәрісханасындағы қарым-қатынасқа жағымды психологиялық ахуалдың барын не жоғын анықтайды);

  • вербальдық қатынасты орнату кезеңі (ақпаратты ең тиімді жолмен ұғынықты, логикалық жүйелі түрде жеткізу);

  • мазмұнды және эмоционалды кері байланысты ұйымдастыру кезеңі (тіл құралын дұрыс қолдану, ақпаратты баяндаудың логикалығы, монологтың орнына диалогтық қатынас орнату, сұрақтар қою арқылы аудиторияның зейінін тақырып аясына шоғырландыру, қызықты проблемалық сұрақтар қою, оқушылардың түсінген не түсінбегенін, қабылдау деңгейлерін анықтау).


В.А.Кан-Каликтың дәлелдеуінше педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік даму динамикасы бар, ол түрлі сатыларбойынша іске асырылады:

    1. сабақты не іс-шараны өткізуге дайындалу үдерісінде болатын қарым-қатынасты жобалау сатысы (жоспар құру, қарым-қатынастың моделін құру).

    2. қарым-қатынасты тікелейұйымдастыру сатысы (қарым-қатынастың алғашқы кезеңі, «коммуникативтік шабуыл» жасау).

    3. қарым-қатынастыбасқару сатысы (оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін басқару, ойларын жетектеу, іс-әрекет түрлерін ауыстырып отыру, қарым-қатынасқа бөгет болып тұрған психологиялық кедергілерді азайту).

    4. қарым-қатынастың барысын жәненәтижелерін талдау сатысы (қорытынды сатысы, кері байланыс арқылы қарым-қатынас нәтижесін бағалау, қарым-қатынастың тиімділік деңгейін анықтау).

Тәжірибеде бұл қарастырылып отырған педагогикалық қарым-қатынас сатыларының ұйымдастырылу ұзақтығы іс-әрекет мақсаты мен мазмұнына байланысты ұзақ немесе қысқа мерзімді болуы мүмкін.

Педагогикалық қарым-қатынас барысында мұғалімнің жалпы мәдениетінің бір қырын байқауға болады. Қарым-қатынас орнатуда мұғалім тек сөйлеуші емес, сонымен қатар жақсы тыңдаушы да бола алуы керек.

    1. Кәсіптік-педагогикалық қарым-қатыныс түрлері.Адамның күнделікті өмірінде қарым-қатынастыңсан-алуан түрлері кездеседі. Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибеде адамдар арасындағы қарым-қатынастар мынандай негізгі төрт түрге бөлініп қарастырылады: вербалды, вербалсыз, интерактивті, перцептивті қарым-қатынас.

Вербалды қарым-қатынас–адамдар арасындағы сөз арқылы жүргізілетін қарым-қатынас.

Вербалсыз қрым-қатынас–адамар арасындағы ым-ишараға негізделген сөзсіз қарым-қатынас.

Интерактивті қарым-қатынас–адамдардың өзара бірі-бірімен тығыз әрекеттестік байланыста болуы.

Перцептивтік қарым-қатынас–кез келген қарым-қатынас барысында адамдардың ішкі жан дүниесін түсіне алу, көңіл-күйлерінің қандай деңгейде екенін сезіне білу.

Аталған қарым-қатынас түрлерін педагогика саласындағы «мұғалім-оқушы» қарым-қатынастық жүйесіндегі ерекшеліктерін қарастырып өтейік.

Вербалды қарым-қатынас – бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы
сөз арқылы ақпараттармен алмасу үдерісі. Сөз адамдарға ғана тән, аса маңызды құдіретті күш және вербалды қарым-қатынастың негізгі құралы.

Педагогикалық үдеріске қатысушы субъектілерінің сөйлеу шеберліктері арқылы олардың дүниетаным шеңберін, мәдениеттілігін, тәрбиелілігін, тіпті мінез-құлқын да байқауға болады. Сондықтан көптеген жас мамандардың осал жерлері де осы сөйлеу шеберліктерінің жетіспеушілігіне байланысты болып келеді.

Сөздік қарым-қатынас адам миының үлкен жарты шарларының қызметтеріне байланысты іске асырылады. Адамның әрбір сөзі бір нәрсені білдіреді, яғни оның мән-мағынасын ми жұмысы арқылы талдап қбылдайды. Қарым-қатынасқа қатысушы адамдар айтылған сөзді жақсы түсініп қабылдаулары үшін олар бір тілде (қазақ, ағылшын, орыст.с.с.) сөйлеусулері керек. Сөздік (вербалды) қарым-қатынас арқылы ғылыми ақпараттарды оқушы санасына жеткізуде нақты тәжірибеден алынған мысалдар, қызықты фактілер, орынды мақал-мәтелдер тыңдаушылардың қызығушылықтарын арттырып, олардың назарын тақырыпқа аудара түседі.

Вербальды қарым-қатынас екі түрге бөлінеді: аксиалды және ретиалды.

Аксиалды қарым-қатынас – ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу үдерісі (мұғалім және жеке бір оқушы немесе оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас).

Ретиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан бір топадамға жеткізу үдерісі (Мектеп жағдайында мұғалі -ата-аналар, мұғалім-сынып оқушылары жүйесін атауға болады).

Мектепте жағдайында қарым-қатынастың аталған екі түрі де жиі кездеседі. Ол тек оқушы мен мұғалім арасында емес, директор мен педагогикалық ұжым арасында, мұғалім мен мұғалім арасында, мұғалім мен ата-аналар арасында болатын қарым-қатынас. Кейбір мұғалімдер аксиалды қарым-қатынастқа бейім, кейбіреулер –ретиалды қарым-қатынасқа жақын болады. Бірақ шебер педагог болу үшін аталған қарым-қатынастың барлық түрін жақсы меңгеру маңызды.

Аксиалды және ретиалды қарым-қатынастар барысында сөйлеп тұрған адамды тыңдай алудың өзі өнер. Аксиалды қарым-қатынастағы диалогтың нәтижесі адам көңілін барлық алаңдатқыштардан (уақыт-тың тығыздығы, ұялы телефонның үнемі шырылдай беруі т.с.с.) алшақтатуына байланысты өзгеріп отырады.

Қарым-қатынастың нәтижелері оны ұйымдастыру орнына (сынып іші, аудитория, дала, табиғат, т.б.), өткізілу уақытына (таңертең, түсте, кешке), адамның жас ерекшеліктеріне, мінездеріне байланысты әр-түрлі болады. Осыған орай қарым-қатынас жасауда оның орны мен уақытының алатын рөліне байланысты мынандай мысалдарды келтіруге болады.


Вербалсыз қарым-қатынас – мимика, ым-ишара, пантомимика арқылы жүргізілетін сөзсіз қарым қатынас.

Мимика – адам бетінің бұлшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның психикалық жағдайының, сезімдерінің, көңіл-күйінің көрінісі.

Ым-ишара (жест) – қарым-қатынас барысында адамның психикалық көңіл-күйіне байланысты қолдарының белсенді қимыл-қозғалыстары.

Пантамимика - қарым-қатынастағы сөздік коммуникацияның орнына аяқ-қолдарының қозғалыстары, дене қалыпы, еңкею, шалқаю, жүріс-тұрыс, т.с.с арқылы адамның ішкі көңіл-күйін түсіндіре алудағы іс-қимылдар тілі және бүкіл дене моторикасы.

Мысалы, ақпараттармен алмасудағы семафор әліппесі (шартты белгілер, жалаушалар арқылы), Сэмюэл Морзе әліппесі (1837ж) (тақылдату немесе жарық сигналдарыарқылы), Луи Брайль әліппесі (1843ж. Франция) (соқыр адамдардың арнайы сипап сезілетін рельефтік-нүктелер комбинациялары арқылыоқу-жазу әліппесі), Шарль Мишель де Л’Эпее әліппесі (1775ж. Франция) (саңырау және мылқау адамдардың алақан мен саусақтардың қимылдары арқылы сөйлесу әліппесі) сияқты тілдесудің көптеген әдіс-тәсілдері өмірде орын алып жатыр.

Педагогикалық мамандықта мұғалімнің мимикасы оқушыларға күшті әсер береді. Мұғалім сабаққа күлімдеп кірсе, оқушылардың ынталары, көңіл-күйлері жоғарылай түседі, ал егер ашуланып кірсе, оқушыларда бірден алаңдаушылық, қорқыныш сезімдері, үрей пайда болады.

Сөйлеу барысында адамның мимикасы, іс-қимылдары да қатысып тұратыны белгілі. Қарым-қатынас барысында адамның бет-әлпеті, әсіресе көзі көп ақпарат береді. Көзі арқылы да адамның қандай көңіл күйде екенін түсінуге болады. Халықта «Көз-адам жанының айнасы»-деп тегін айтылмаған. Қоршаған дүние туралы ақпараттың 80%-ын адам көру арқылы ала алады. Сөйлесу барысында адамның көзін көріп тұрмасақ бізге әңгімені жалғастыру қиынырақ. Мысалы, сіздің әріптесіңіз немесе оқушыңыз көзіне қап-қара көзілдірік киіп отырса, сіз оның көзін көрмегендіктен ыңғайсыздықты сезінесіз.

Адам көңіл-күйінің нашар болуы, әдетте бет-әлпетін тұнжыраңқылығын көрсетеді. Ал күлімдеу, керісінше, оның көңіл күйін жадыратады. Күлімдеп жүру – жан үшін шипа, ал шын көңілмен 3 минут күлу таңертенгі 15 минуттық бойсергітуді алмастырады.

Вербалсыз қарым қатынаста адамның қолының қимылына да көңіл аударып адамның психологиясы жайлы мәліметтер алуға болады. Мысалы, қолын екі бүйіріне таянып тұру–адамның бір істі атқаруға дайындығын, батылдығын, табандылығын көрсетеді. Екі қолын артында айқастырып, басын жоғары ұстау – «бастық» позасы. Тырнағын тістеу, қайта-қайта киімін түзету–адамның қобалжып, не-месе бір нәрседен ыңғайсызданып отырғанын байқатады. Ашық алақан, жұмылған жұдырық, сұқ саусақты көп көрсету, екі қолды алдында айқастырып ұстау, жағын таянып отыру, басын сипалай беру, иегін сипалай беру, т.б қол қимылдарының әрқайсысы өзіндік ақпараттар белгісі.