Файл: Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 2947

Скачиваний: 101

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жоғарғы сынып оқушыларымен педагогикалық қарым-қатынас-та олар мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттеріне баса назар аударады: әділеттілігі, шыншылдығы, түсіне алу дағдылары, жағымды эмоцио-налдық кері байланысы, білім деңгейі мен оқыту сапасы.

Сондай-ақ, жоғары сынып оқушысы өзінің жеке «Мен»-жүйесі жайлы көп ойланып, толғанады. Осы жайлы жалғыз қалып ойланған-ды, қиялын шарықтатып, өзін түрлі әлеуметтік рөлдерде елестетулері жиі байқалады. Яғни, жоғары сынып оқушыларының өзін тану арқылы өзгелерді тануы қарым-қатынастық жүйелерінің басты ұстанымына айналады.


4.4. Педагогтың сөйлеу мәдениеті – кәсіби іс-әрекет жетіс-тігінің шарты.Сөйлеу мәдениеті дегеніміз адамның қарым-қатынас жасаудың тілдік құралдарын дұрыс таңдай отырып, әдеби тілдің жазбаша және ауызша нормаларын меңгеру арқылы ойды айқын және әсерлі жеткізе алуы. Кәсіби қарым-қатынас жасауда аталып отырған тіл мәдениетін толығымен меңгере алу көптеген жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Болашақ мамандар өздерінің кәсіби дайындығы кезінде негізгі арнайы білімдерімен қатар сөз сөйлеу мәдениетін де жоғары деңгейде қалыптастырулары қажет, себебі ол жалпы әдептіліктің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.

Мұғалімнің сөз сөйлеу әдебі дегеніміз кез келген жағдайларда сөздік, тілдік құралдарды дұрыс пайдалану ережелерінің жиынтығы. Әр маман үшін тіл мәдениетін дұрыс меңгеру оның абыройының ар-туының, кез келген ортада өзіне деген сенім мен құрметке бөленуінің негізі. Адамдар арасындағы қарым-қатынас моральдық нормалармен реттелгендіктен бойында дұрыс қалыптастырылған тіл мәдениеті оның тәрбиелілігі, жалпы мәдениеттілігі, тұлғалық сапаларының өлшеміне айналады. Қарым-қатынасты орнату өнерін жақсы меңгерген адам өмірде де көп жетістіктерге қол жеткізеді, жұмысында да беделі мен абыройы жоғарылап, қоршаған адамдардың сый-құрметіне бөленетіні сөзсіз.

Тіл мәдениеті отбасынан басталып, кейіннен мектептің оқу-тәрбиелік үдерістерінде, жоғары оқу орындарында, жалпы адамдардың өзара қарым-қатынасы негізінде дамып қалыптасады.

Педагог мамандар үшін ойды дұрыс, түсінікті, анық, дәл, әсерлі әрі әдеби тіл нормасы мен тіл тазалығын сақтай отырып, жеткізе білулері олардың коммуникативтік құзыретіліктерінің көрсеткіші болып табылады. Сөз сөйлеу әдебін қалыптастыру үшін әр педагог өздігінен білім алып, қосымша тренингтер, семинарларға қатысып, анықтама-лық, лингвистикалық сөздіктермен жұмыс істеп үйренулері тиіс.


Осы салада арнайы зерттеу жүргізген мамандардың пайымдауынша, педагогтардың сөйлеу мәдениетінің жоғары болуына мынадай негізгі көрсеткіштер әсер етеді:


1)сөйлеген сөздің дұрыстығы - әдеби тілдік нормалардың сақ-талуы (лексикалық, морфологиялық, стилистикалық, синтаксистік). Сөйлеу барысында сөздің дұрыс айтылмауы оқушының назарын бөліп оның мазмұнын толық қабылдауға кедергі болады.

2)сөздің анықтылығы. Сөздің анық айтылуы оқушылардың қызығушылығын оятып, зейінін күшейтіп, сөйлесу үдерісінің нәтижесін тиімді етеді. Сөздің анықтылығы мұғалімнің ойлау қабілетімен, өз ойына деген сенімділігімен, тілдік стильдерді меңгергендігімен анықталады.

3)сөздің нақтылығы педагогтың айтып тұрған нәрсесін терең білуімен, логикалық ойлау қабілетінің толық пайдаланылуымен, өз ойын нақты жеткізе алуымен, сөздерді орынды қолдана алуымен ерекшеленеді. Мысалы, емтихандағы оқушы өзінің нашар жауабын «білемін, бірақ соны айта алмаймын» десе, ол оның білімінің жүйесіздігін, үстіртін екендігін, шалалығын көрсетеді. Сол сияқты мұғалімнің айтатын нәрсесі нақты болу үшін ол сол нәрсенің мән-мағынасын ең алдымен өзі жақсы түсініп алуы керек.

4) Сөйлесу барысындағы сөздің түсініктілігі тілдік құралдар-дың дұрыс таңдалуына байланысты. Сөздің түсініктілігі біріншіден, әңгімеге қатысушылардың қай тілде (орыс, қазақ, қытай, ағылшын т.б.)сөйлейтіндеріне байланысты. Екіншіден, мұғалім өз оқушыларының жас ерекшеліктерін ескеруі қажет, себебі күрделі ғылыми тіл қанша-лықты маңызды болғанымен, оқушылар санасына сыйымсыз болуы мүмкін.

5) педагогтың тіл байлығы – оның сөздік қорының жеткіліктілігі. Әр адамның сөз байлығы оның лексикалық қорындағы сөздердің саны-мен байланысты болып келеді. Әдеби кітаптарды көп оқу, көптеген мағыналы бағдарламаларды тыңдау, газет-журналдарды көп оқу сөздік қордың байи түсуіне көп септігін тигізеді. Бірақ тіл байлығын тек сөз санымен өлшеу де дұрыс болмауы мүмкін, себебі ол педагогтың ой байлығымен де тығыз байланысты. Мысалы, өткен ғасырларда бұқа-ралық ақпарат құралдары болмаған кездің өзінде қазақ даласында қан-шама шешен-билеріміз, ақындарымыз, жырауларымыз, жазушылары-мыз ой шеберлігінің шыңынан орын алып отырғанын ұлттық тарихы-мыздан білеміз. Ана тілінің мол байлығын игерген адам оның құді-ретін, қадір-қасиетін түсіне алады.

6) тіл тазалығы сөйлеу әдебінің негізгі шараларының бірі. Кей-бір адамдарда сөйлеу барысында қисынсыз бір сөздерді қыстырып сөйлеу әдетке айналып кеткен. Тіл тазалығы сөйлеу барысында қажет-сіз артық сөздердің, бөтен, бөгде элементтердің болмауын талап етеді. Қисынсыз қолданылған сөздер, немесе қажетсіз болса да қайталана беретін сөздер мұғалімнің тілін шұбарлап, тыңдаушының көңілін бө-ліп, онда жағымсыз әсер қалдырады. Мысалы,
«яғни», «әрине», «демек», «жалпы», «жаңағы», «мысалы» т.с.с. сөздердің орынсыз қайталана беруі тыңдаушыларға жақсы әсер береді деп айту қиын. Керісінше бұндай сөздердің көп қайталануы адамның сөз қоры-ның аздығын немесе сөйлеу мәдениетінің төмендігін аңғартады.

Жаһандану салдарынан басқа тілдерді үйрену қажеттілігі туындап, білім беру жүйесінде үштілділік тұжырымдамасы жүзеге асырылуда, бірақ сол тілдердің ішінде әр адам мемлекеттік тілді еркін меңгеріп, оны келер ұрпаққа жеткізіп отыруы оның азаматтық парызы.

Қазіргі кезде екі тілді, немесе үш тілді араластырып сөйлеу де көп кездеседі. Қазақша сөйлеу барысында кейбір адамдар орысша сөздерді араластырып кететінін өздері де байқамай қалады.. Тереңірек ойланып қарасақ, бөтен тілдерден сөз алмастырып, қазақ тіліне қосатындай қазақ тілі сондай кедей тіл емес, керісінше әлемдегі ең бай тілдердің бірі.

Осы тұрғыда тіл мәдениетін бұзатын диалект сөздерге де тоқ-талып өтуге болады. Диалект сөздер әр аймақтың адамына түсінікті болғанымен, қазақ тілінде сөйлеушілердің барлығына бірдей ұғынық-ты болмауы да мүмкін. Мысалы, көршілес елдермен шекаралас жер-лерде (Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, т.с.с.) тұратын адамдар-дың да сөйлеу ерекшеліктері көп байқалады. Мысалы, «қай жақта» - «қай йақта», «келсеңші» - «келсей» деген сөздерді естігенде өзіміздің ұлттық тіліміздің біртіндеп бұрмаланып бара жатқанын және тіл мә-дениеті деңгейін көтеру қажеттілігінің сеземіз.

  1. айтылған сөздің мазмұндылығы ондағы берілген ойдың те-реңдігімен, сезімге әсерлілігімен, мағыналылығымен, өзектілігімен, шынайылыққа сай болуымен анықталады. Әр сөзге көп мағына сый-ғызып, әр сөзді оқушының санасына сіңетіндей жеткізуге тырысу мұ-ғалім үшін міндетке айналуы керек.

  2. сөздердің қажет болғанда бейнелі, көркем, эмоциялы болуы. Мұғалімнің сөйлеу интонациясының, дауыс ырғағы мен оның қойылымының өзін дұрыс ойластыру қажет, себебі сөздің қандай кө-ңіл-күймен айтылып тұрғандығы өте маңызды. Сөйлемдер арасында пауза жасау арқылы адам тынысын түзейді. Интонация арқылы мұ-ғалім өз пікірін мәнерлі, жағымды, көркем етіп жеткізуіне болады. Өте қатты дауыс – адамның жүйкесіне әсер етеді, өте ақырын дауыс – жалықтырып, қалғытып, тез шаршатады.

Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін адам арнайы жаттығуы қажет.

Сөйлеу әдебінің жағымды жақтары ретінде сыпайылықты біл-діретін «кешіріңіз», «рұқсат етсеңіз», т.б сөздер қандай адамға болмасын жарасымды.


Мұғалімдердің сөйлеу әдебінде тек сөйлеу шеберлігі емес, со-нымен қатар оқушыны мұқият тыңдай білу мәдениеті де маңызды рөл атқарады. Тыңдау және есту: қайсысы дұрыс? Тыңдай білу және ести алу екеуі екі түрлі үдеріс десек болады. Тыңдау үдерісінде адам өзіне қызықты және қажетті ақпараттарды ғана қабылдайды. Ал ести білу дегеніміз әңгімелесушінің айтқан сөздеріне толық мән беру, оның не жеткізгісі келіп тұрғанын сезіне алу. Бұл өте маңызды және сирек кездесетін әңгімелесу дағдысы. Бұл дағдыны қалыптастыру үшін ар-найы жаттығу керек. Ал мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінде тыңдай білу, оқушы үнін есту маңызды.Әдетте сабақта мұғалімдер көп сөйлеп, оқушының ой-пікірі елеусіз қалатыны рас. Педагогикалық үрдісте егер мұғалім оқушының айтқанын толық ести алатын болса, оның ойын бөлмесе, оқушы одан сайын оған сырын ашып беруге тырысады. Ол оқушы үшін Сіз-ең жақсы ұстаз болып табыласыз!

Сондықтан оқушы үнін тыңдау, оның ой-толғаныстарын есту арқылы оның жүрегіне жол таба білуге, жан сарайын түсінуге бола-тыны анық. Өйткені тек жағымды қарым-қатынас жасау арқылы ғана оқушының көзқарасы мен қасиеттері айқын көріне бастайды. Жеке оқушымен дұрыс қарым-қатынас орнатпайынша, еркін түрде әңгімеле-сіп көрмейінше оны жете білу мүмкін емес. Бұл идеяны біз ежелгі грек философы Сократтың «Сен сөйле, мен сенің кім екеніңді көрейін» деген ойымен негіздеп кетуімізге болады.

Ұстаздық мамандықты таңдаған адамды бірден оның кәсіби ерекше қасиеті болып табылатын педагогтық әдеп ерекшеліктерінен тануға болады. Педагогтық әдеп – ұстаздың кәсіптік моралі туралы ілім. Педагогтық әдеп жай ғана сыпайылықты сақтау емес, ол шығарма-шылық ақыл-ой әрекеті, ол адам бойындағы мәдени мінез-қүлықтың, білімділіктің жиынтығы.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Коммуникативтік міндеттерді шешудің негізгі кезеңдері қандай?

  2. Педагогикалық қарым-қатынастың даму динамикасындағы негізгі сатылары қалай сипатталады?

  3. Кәсіптік-педагогикалық қарым-қатыныс қандай түрлерге жіктеледі?

  4. Педагогикалық іс-әрекетте аксиалды және ретиалды қарым-қатынас түрле-рінің маңызы қандай?

  5. Педагогикалық қарым-қатынас қандай міндеттер атқарады?


5-тақырып. ПЕДАГОГТЫҢ ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ӨСУ ФАКТОРЛАРЫ


    1. Тұлғаға үздіксіз білім беру – қоғамның тұрақты дамуы-ның шарты.Қазіргі қоғам дамуындағы саяси, әлеуметтік, мәдени өзге-рістер білім беру саласына тікелей әсерін тигізіп, оның маңыздылығын әлемдік деңгейде арттыра түсті. Осындай өзгерістер еңбек нарығында әр адамның бәсекеге қабілеттілігін сақтай алу үшін жаңа талаптарға бейім-деліп, тәжірибесі мен іс-әрекет түрлерін үздіксіз жетілдіріп отыруды та-лап етуде.