ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 2936
Скачиваний: 101
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мұғалім еңбегінде такесикадеген ұғым да көп рөл атқарады. Ол ешқандай сөзсіз баланың басынан сипау, қолынан ұстап жазуын түзету, иығынан қағып, қолпаштап қою, костюмының жағасын түзетіп қою, қол алысып құттықтау т.б қол қимылдары арқылы жасалатын қатынастық белгілер.
Кинесика – адамдардың қарым-қатынас барысында эмоциялық көңіл-күйлерін бейнелейтін дене мүшелерінің қимыл-әрекеті. Кинесикаға қимыл, ым-ишара, қозғалыс, кейіп, жүріс-тұрыс жатады. Қарым-қатынас жасауда адамның өз денесін тік ұстауы өте маңызды. Басын жоғары ұстап, тік жүретін адамдар үнемі өз күштеріне, біліміне сенімді, жұмысқа деген құштарлығымен ерекшеленеді. Егер адам үнемі ба-сын төмен салбыратып, еңкейіңкіреп жүретін болса ондай адамның ішкі әлсіздігі, жұмысқа зауқының жоқтығы байқалады.
Вербалсыз қарым-қатынасты зерттеген ғалым М.А.Поваляеваның ойынша, адамдардың 93%-ның қарым-қатынас барысында ақпаратты айтқанынан емес, оны қалай жеткізгенінен, айту кезінде өзін қалай ұстағанынан жақсы байқауға болады екен. Ғалымның пайымдауынша, адамның қарым-қатынас барысында түрлі жағдайларға байланысты өзін-өзі ұстауында жалпыға көп таралған кинесикалық қалыпты жағдайлар анықталған.
Интерактивті қарым-қатынас - адамдардың өзара тығыз әрекетте болуларын, тығыз байланыста, көпшілік ішінде жұмыс істей алуға бейімделуін қарастырады. Әр адам көпшілік ортада өзінің беделінің жоғары болуын қалайды, басқаларға тек жақсы жақтарын ғана танытқысы келеді. Ал адам өзінің қабілеттерін тек өзін еркін сезінетін ортада ғана жақсы көрсете алады. Сондықтан педагогикалық үдерісте толыққанды қарым-қатынас орнату үшін ынтымақтастық ортаның атқаратын рөлі жоғары. Педагогикалық әдебиеттерде көпшілік арасында тұлғаның өзін-өзі дамытуына қатысты ұжымның атқаратын екі қызметі анықталған.
Біріншісі, ұжымның өзі тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыруға жалпы жағдайлар туғызады (ұжым тұлға бойында жағымды әлеуметтік іс-әрекеттерге деген оң көзқарастарын, ұжымдық іс-әрекетке қатысуға деген қызығушылықтарын, қоғамдық борыш, белсенділік т.б. қасиеттерді дамытады).
Екіншісі, ұжым осы үдерісті тікелей ұйымдастырады (тұлғаның санасын қалыптастырады, өзін-өзі жетілдіруге ынталандырады, өз талаптарының нәтижелерін жоспарлап бағалауда көмек көрсетеді).
Педагогика ғылымында А.С.Макаренко жеке тұлғаны ұжымдажәне ұжым арқылы тәрбиелеудің жүйелі теориясын құрастырып, оның даму заңдарын тереңінен теория және практика тұрғысынан зерттеген. Қазіргі кезде педагогика ғылымында ұжым мүшелері арасындағы белсенді қарым-қатынастар, ұжымды басқару ерекшеліктері, ұжымдағы шағын топтардың пайда болуы, ұжымдағы шиеленістік жағдайлар және оны шешу жолдары сияқты мәселелер зерттелуде.
Интерактивтік қарым-қатынас қазіргі педагогикалық технологиялардың негізін құрайды, оның барысында оқушылардың да, педагогтардың да өздерін дамытуға, іске асыруға тиімді, қолайлы жағ-дайлар жасалуы көзделеді.
Ұжым ішінде бір адамның екінші адамға оң, жағымды көзқарасының қалыптасуы симпатия деген ұғыммен анықталады. Ал антипатия – бір адамның басқа адамға теріс көзқараста болуы, жақтырмауы.
Белсенді қарым-қатынастың негізгі ерекшелігінің бірі ре-тінде оның бір топтағы адамдардың ортақ мақсатқа жетудегі бірлескен іс-әрекеттерін қарастыруға болады. Яғни, бұл жерде адамдардың өзара әрекеттестігі маңызды болып көрінеді. Белсенді қарым-қатынастың екі түрі болады:
-
кооперация– топ ішіндегі адамдар бір-біріне көмектесе отырып ортақ мақсатқа жетуді көздейді. -
конкуренция– топ ішіндегі адамдар бәсекелестік жағдайында бірі бірінен озып шығуға тырысады. Бұл бәсекелестікке таласуды шиеленіске бармайтындай етіп ұйымдастыру мұғалімнің құзырында.
Педагогикалық үдерісіндебелсенді қарым-қатынас барысында оқушылардың өзара ақпраттармен алмасуларымен қатар олардың өза-ра ынтымақтастық әрекеттеріне бейімделулері маңызды. Сондықтан мұғалімдер оқытудыңбелсенді әдіс-тәсілдер жүйесін жақсы меңгеруі қажет.
Перцептивтік қарым-қатынас - басқа адамның ішкі жан дүниесін сезіне алу (perceptio - қабылдау, сезіну, психикалық түйсіну қызметі). Перцепция – сезім органдары арқылы алынған ақпараттарды өңдеу мен танудың, түйсінудің психикалық қызметі. Әрине, даму үстіндегі тұлғаның ішкі жан дүниесін түсіну күрделі үдеріс. Бұл қа-білет көбінесе психологтарда, дәрігерлерде, педагогтарда жақсы дамы-ған. Адамның өзін басқаның орнына қоя алып, оны сөзсіз түсіне алуы, сезінуіэмпатия деп аталады. Әсіресе мұғалім мен шәкірт арасындағы қарым-қатынаста эмпатия арқылы балалардың тұлғалық қасиеттерін бағалауға болады. Сонымен педагогикалық іс-әрекеттегі эмпатия – мұғалімнің өз шәкіртінің ішкі жан дүниесін сезіне алуынан, өзін оның орнына қоя алуынан байқалады. Педагогтың эмпатиялығы оқушылар-мен тығыз қарым-қатынастағы кикілжің, шиеленіс жағдайлардан тиім-ді жол тауып шығуына көп септігін тигізеді.
Перцептивті қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін оқушылар-дың психофизиологиялық, жас және дербес ерекшеліктерін жақсы меңгеру қажет. Неғұрлым мұғалім шәкірттерін түсінуге ұмтылған сайын оқушылар да мұғалімге түсінушілікпен қарайтын болады. Бұл жағдайда педагогикалық үдерісінің екіжақтылық сипаты айқын бай-қалады.
-
Әртүрлі жастағы оқушылармен педагогикалық қа-рым-қатынастың ерекшеліктері.Мұғалімдер тәжірибесінде әр жастағы оқушылармен қарым-қатынасқа түсуге тура келеді. Сонымен қатар мұғалімдердің өзімен бірге істейтін әр жастағы әріптестері, оқу-шылардың ата-аналары, ата-әжелері педагогтың коммуникативтік қабілеттеріне деген талапты күрделендіре түседі. Жас мұғалімдер үшін аталып отырған адамдар санатында әсіресе оқушылармен қарым-қатынас жасаудың психологиялық-педагогикалық негіздерін, қарым-қатынас қызметтерін және сан-алуан тәсілдерін жан-жақты меңгерудің маңызы зор.
Педагогикалық қарым-қатынастың тұлға дамуындағы маңыздылығын атай отырып, оның атқаратын қызметтеріне мынандай негізгі (функцияларына) тоқталып өтейік:
-
Қарым-қатынастың коммуникативті қызметі арқылы ақпараттармен алмасу процессі іске асырылады. Оқушыларды тәр-биелеу, оқыту, олардың тұлғаларын дамытып қалыптастыруда маңызы зор. -
Қарым-қатынастың бел қызметі арқылы оқушылардың өзара бірлескен ынтымақтастық іс-әрекеттерін ұйым-дастыру, реттеу, басқару жүзеге асырылады. -
Қарым-қатынастың перцептивтік қызметі арқылы оқу-шылардыңпсихикалық жағдайын сезіне алу, олардың көңіл-күйін түсіне білу мүмкін болады.
Қарастырылып отырған қарым-қатынас қызметтері нақты педа-гогикалық іс-әрекетте өзара бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Мұғалім әр жастағы оқушылармен жұмыс жасауда педагогикалық қарым-қатынасқа қойылатын талаптар да өзгеріп отырады. Негізгі талаптардың бірі – педагогикалық үдерістің негізгі заңдылықтарының бірі болып табылатын оқушылардың жас ерекшлеліктеріне сай қарым-қатынас орната білу.
Мектеп оқушылары үш буынға бөлініп білім алатыны белгілі: бастауыш, орта (жеткіншек шақтағы оқушылар) және жоғары. Енді осы буындарға сәйкес педагогикалық қарым-қатынас ерекшеліктерін қарастырып көрейік.
Бастауыш сынып оқушыларымен педагогикалық қарым-қа-тынасты ұйымдастыруда мұғалімдер мектепке табалдырығын алғаш рет аттап тұрған оқушылар үшін оқу үдерісі жаңа негізгі іс-әрекет түрі екенін есте сақтаулары маңызды. Олардың «оқушы» деген жаңа әлеу-меттік рөлге ие болуымен мінез-құлықтары, психологиялық көңіл күй-лері, ойлау қабілеттері біраз өзгерістерге ұшырайды. Бастауыш сы-нып оқушысы үшін оқу әрекеті бағаланатын әрекет болғандықтан, олар үлкен жауапкершілікті сезіне бастайды және өз істерін басқа-лардың істерімен салыстырып бағамдайды.
Оқу әрекетіне қызығуымен қатар балалар ойын әрекетін де жақ-сы көреді. Сондықтан сабақта оқушылар тез жалығып кетпеулері үшін мұғалім түрлі жаттытырулар жасатып, ойын технологияларын пайда-лана отырады.
Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушылары ата-аналарынан басқа, талаптары барлық балаларға ортақ, оқыту мен тәрбие үдерісін басқаратын мұғалім тұлғасымен танысады. Мұғалім мәртебесі бас-тауыш сынып оқушылары үшін өте жоғары, беделі биік. Сондықтан бұл жастағы оқушылар мектеп ережесін тиянақты орындауға тыры-сады, мұғалімнің айтқан талаптарын заң ретінде қабылдайды.
Бастауыш сынып оқушыларының басым көпшілігі қарым-қатынасқа ашық, ынталы, үлкендерге сенгіш болып келеді. Сыныптастарымен әлеуметтік әрекеттесу және достар табу бұл жастағы оқушылардың маңызды міндеттерінің бірі. Мектеп ережелерін орындау арқылы олар өздерінің мұғалімге және көпшілікке деген қатынастарының қандай екенін білдіреді.
Оқу әрекеті барысында оқушы мұғалімнің және сыныптастарының қарым-қатынастық ықпалын сезінеді. Сондай-ақ, сыныптастарына деген қатынасы мұғалімнің оларға берген мінездемесімен анықталады. Тұлғааралық қатынастар эмоцияға негізделеді және осы жастық шақ соңына қарай оқушылар өздерінің сынып ішіндегі мәртебелерінің қандай дәрежеде екенін сезіне бастайды.
Балалардың талпыныстарына көңіл аудару, олардың жетістікте-рін назардан тыс қалдырмай атап өту, оның құнды және қайталанбас ерекше жан екенін сезінуге мүмкіндік жасау осы жастық шақтағы қа-рым-қатынастың басты ерекшеліктері. Сонымен қатар бастауыш сы-нып оқушылары үшін мұғалімнің жүзінің жылы, көңілді болуы ма-ңызды: күлімдеу, күлдіру, көңілдерін көтеру, мақтау, педагогикалық қолдау көрсету, т.с.с
Жеткіншек шақтағы оқушылармен педагогикалық қарым-қа-тынас педагогика және психология ғылымында ерекше орын алатын мәселелер қатарында. Бұл жастық шақтағы оқушылардың ерекшелік-терін олардың дамуындағы физиологиялық және психологиялық өзге-рістермен, сонымен қатар әлеуметтену мәселелерінің күрделенуімен байланыстыра отырып қарастыру қажет. Жеткіншек шақты адам өмі-ріндегі өтпелікезең деп атайды, себебі балалық шақтан ересек шаққа өту барысында баланың санасында, өсіп жетілуінде, мінез-құлқында, қарым-қатынастық жүйесінде күрделі өзгерістер пайда болады. Осы өзгерістердің барлығы өмірлік тәжірибелері жоқ жеткіншектерге көп қиындықтар туғызатыны анық. Сондықтан кейбір жағдайларда бұл шақты қиын кезең деп те атайды.
Жеткіншектердің негізгі іс-әрекеттері оқу болып табылғанымен, олардың оқуға деген ынтасы бастауыш сыныптағыдай жоғары бола бермейді. Олар өздерінің жеке тұлғасының ерекшеленуіне, әлеуметтік ортада өзіндік мәртебе мәселесіне көбірек көңіл аударады. Осы шақта жеткіншектердің өзіндік санасы қалыптаса бастайды. Өздерін жетілді-руге байланысты кітаптар оқи бастап, өздері ұқсағысы келетін кейіп-керлерге еліктейді, спорт түрлерімен шұғылданады, күнделіктер жа-зып, онда өз әрекеттеріне талдау жасауға тырысады.
Жеткіншек шақта оқушыларды «Мен қандаймын?» деген сұрақ көбірек мазалайды, соның салдарынан өздерінің жан дүниесін іштей зерттеп-тануға талпынады. Осы шақта оқушылардың «Мен» жүйесінің негізі қалыптаса бастайды. Өздерін есейгендей сезінгенімен олар ба-лалықтан толық арылмаған, өз бетінше шешім қабылдауға жауапкер-шіліктері жеткіліксіз, ересектерге еліктегіш келеді. Қарым-қатынас ба-рысында ересек адамдарға сыни тұрғыдан қарап, олардың қателерін, кемшіліктерін тез байқайды.
Педагогикалық қарым-қатынастағы мұғалімнің негізгі міндетте-рінің бірі - жеткіншектердің психо-эмоционалдық саласына баса на-зар аудару. Мұғалім жеткіншектермен қарым-қатынасты ортнату ба-рысында олардың ұжым пікіріне көбірек жүгінетінін ескеруі қажет. Ұжымдық қатынастарға бейімделу үстінде жеткіншектер достарының пікірлерімен санасатынын, сыныптастарының көзқарастарына тәуелді екені байқалады. Оқушылардың кейбір кезде көрсететін түсініксіз мі-нездеріне сабырлықпен, шыдамдылықпен қарап, қарым-қатынастың оң нәтижесін болжай алу мұғалімнің құзырында. Оқушының даму мен қа-лыптасу үстінде екендігін ескеріп, мұғалімдер жеткіншектердің психи-касына қысым жасамай, керісінше олармен сыйластық пен сенімділік негізінде ғана сөйлесу барысында үлкен жетістіктерге қол жеткізе алады.
Жоғарғы сынып оқушыларының дамуында жеткіншектерге қа-рағанда әлдеқайда бірқалыптылық байқалады. Осы шақтағы оқушы-лармен педагогикалық қарым-қатынас орнатуда мұғалім олардың не-гізгі ерекшеліктері ретінде тұлғалық дамуын және өмірлік бағдарын өз беттерінше анықтайтын жандар екенін ескеруі керек. Жоғары сынып оқушыларының өзіндік пікірлері, дүниетанымы, көзқарастары олар-дың жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу деңгейінен көрініс береді.
Жоғары сынып оқушыларының физикалық және ақыл-ой даму-ларының үздіксіз үдерісі негізінде олардың көп нәрсеге қызығушы-лықтары артып, болашағын бағдарлауға қатысты мұғалімдермен қа-рым-қатынасқа ашық болып келеді. Бұл олардың жаңа тәжірибе жи-нақтаудағы ұмтылыстары және өздерінің дұрыс бағытты таңдаулары бойынша сенімділігін нығайту үшін маңызды.