Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2040

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпараттар алдым?




Сабақтың тақырыбы

Менің сапарым. (1-тоқсан, 1-тарау )

7-сабақ

Дағды

Грамматика және айтылым

Оқыту мақсаттары

4.5.1.2 Көптік/тәуелдік/септік жалғаулы сөздерді жазбаша/ауызша тілде қолдану

4.1.1.1 Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру

Лексикалық минимум

Қиылыс, бұрылыс, киіз үй, малшы

Алдыңғы білім

Өз туым

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Сабақты бастамас бұрын оқушыларға мұғалім сұрақ қояды:

«Сапар» сөзін қалай түсінесіңдер? Оқушылар «Сапар» сөзіне ассоциативті қатар құрастырады.

Интерактивті тақтадан көлік түрлерінің, сапарға шығып бара жатқан әртүрлі адамдардың, шабадан, көзілдірік, сөмкелердің суреттерін, қалалардың, ауылдардың суреттерін көрсетеді. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: Бұл суреттерден не көріп тұрсыңдар? Адамдар сапарға немен шығады? Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын болжату, оқушылардың өз ойларын айтқызу олардың логикалық ойлауын, сын тұрғысынан ойлауын дамытуға ықпал етеді.

Тапсырма сабаққа кіріспе ретінде жаңа сөздерді меңгерту мақсатында «Суретті сөздік» әдісі арқылы жаңа сөздер меңгертіледі. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға арналған. Тапсырманы бүкіл сыныппен орындайды.

«Жаңа сөздерді үйренейік» айдарында оқушыларға суреттер көрсетіледі. Балалар, бұлар нелер? (Оқушылар өз білгендерінше айтып, атап шығады). Мұғалім жаңа сөздерді бірнеше рет қайталатып, сөз тіркестерін құрастыртады. Мұғалім бұл сөздердің

бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар екенін түсіндіреді.

2 мин

Мұғалім-сынып

Қажетті суреттер

Негізгі

«Жаттығайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар сөздерге көптік жалғауларын жалғайды. Мұғалімнің қолдауымен көптік мағынаның қалай жасалатынын түсінеді. Жаттығуды орындау

арқылы түсінігін орнықтырады. Тапсырма жазбаша орындалады.

5 мин

Жеке







«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырма грамматиканы қолданыстық тұрғыда бекітуге берілген. Сонымен қатар оқушының логикалық қабілетінің дамуына ықпал етеді. Оқушылардың назары оқулықтағы суретке аударылады. Оқушылар грамматикалық біліммен қатар айтылым дағдысын дамытады. Оқушылар суретте нелер бар екенін грамматикалық білімдерін қолдана отырып айтып

береді.

5 мин

Мұғалім–сынып

Оқулық

«Көрсетейік және айтайық» тапсырмасы оқушының өз ойын еркін жеткізуге, сөздік қорын молайтуға арналған. Оқушылар сурет бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.

  1. Көпірлерде көліктер бар ма?

  2. Жолда бұрылыстар көп пе?

  3. Бұрылыстарда көлік кездесті ме?

  4. Далада мал жүр ме?

  5. Өзендерде балық бар ма?

Саралау тапсырмасы. Білім деңгейі жоғары оқушылар осы

берілген сұрақтарға толық жауап береді. Білім деңгейі төмен оқушылар қысқа иә/жоқ деп жауап береді.

3 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар

«Есте сақтайық» айдарымен берілген ереже формуласын пайдаланып, мұғалім оқушыларға алдыңғы сабақта таныс болған – да/-де/-та/-те қосымшаларын көптік мағынаны үстейтін қосымшадан кейін де жалғап, қай кезде қолдануға болатынын түсіндіреді. Осылайша бұрыннан білетін білім негізінде жаңа білім беріліп, сабақтар арасында да сабақтастық орнайды.

Бұрылыс+тар+да, көлік+тер+де, орман+дар+да, өзен+дер+де,

тау+лар+да, көше+лер+де

5 мин

Жеке ж.

Сынып

Ереже жазылған плакат




«Жаттығайық» тапсырмасын орындауда оқушыларға сөйлемдер

беріледі. Сөйлемдердегі кейбір сөздер жақшаның ішінде жазылған, оқушылар жақшаны ашып, сөздерге тиісті жалғауларды жалғап

жазады. Бұл оқушылардың сауатты жазуына, көптік, септік

жалғауларын қолданыстық тұрғыда сауатты қолдана білуіне ықпал етеді.

5-7 мин






Оқулық




«Тыңдайық және сөйлемді толықтырайық» оқушылар берілген мәтінді 1 рет мұқият дискіден тыңдайды. Тыңдап болған соң, тыңдалымнан кейінгі тапсырманы орындайды. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып шығады.

Сөздер санмен беріледі. Оқушылар сандардың ретіне қарай қажетті сөздерді қойып шығуы қажет.

Тапсырманы орындау барысында оқушылар 4.1.1.1Анықайтылған

сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау жәненақтылаумақсатындасұрақтар құруоқу мақсатын игереді.

7 мин





Тыңдалым мәтіні

Аудиодиск
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   139








«Сөйлесейік» тапсырмасы оқушылардың тыңдаған мәтін бойынша ақпаратты қаншалықты есте сақтағандығын тексеруге бағытталған. Тапсырма ауызша жұпта орындалады. Әр жұп бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.

  1. Қазақстандағы қалаларда не бар?

  2. Қазақстандағы ормандарда қандай аң кездеседі?

  3. Қалаларда көшелер қандай?

  4. Ауылда нелер өсіреді?

(Сыныптың білім деңгейіне қарай сұрақтар санын көбейтуге, күрделендіруге немесе қарапайым түрде беруге болады)

5 мин





Конверттегі сұрақтар

Қорытынды бөлім

Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында оқушыларға пысықтау сұрақтары қойылады.

  1. Сапарға шыққан адам нелерді көрді?

  2. Сен сапарға жиі шығасың ба?

  3. Саған сапарға шыққан не себепті ұнайды?

Рефлексия

«Білім себеті» бүгінгі сабақтан үйренген, есте қалған 3 нәрсені стикерге жазып, білім себетінің ішіне салады.



3 мин

Сынып-мұғалім


«Білім себеті», стикерлер

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс

орнатудың маңызы зор.

Бағалау

Бағалау критерийлері

Көптік/тәуелдік/септік жалғаулы сөздерді жазбаша/ауызша тілде қолдану.

Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру

Дескрипторы

  • Оқушылар жалғауларды орынды қолданады.

  • Тақырып бойынша әңгіме құрап айта алады.

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?



Кімде?

Неде?

Қайда?













Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпараттар алдым?



Сабақтың тақырыбы

Қайталау. (1-тоқсан, 1-тарау)

8-сабақ

Дағды

Айтылым және грамматика

Оқыту мақсаттары

4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4- 5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

4.5.1.2 Көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша

тілде қолдану

Лексикалық минимум




Алдыңғы білім

Менің сапарым

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, Әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қарым- қатынас

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында «Ең ақылды» әдісін пайдалана отырып, өтілген жаңа сөздерді қайталайды. Тапсырма ауызша орындалады. Сыныптың ортасына екі оқушы шығады, сыныптың соңына барып тұрады. Мұғалім екі оқушыға өтілген тақырыпқа қатысты жаңа сөзді айтады. Қай оқушы сол сөздің аудармасын білсе, бір адым алға жылжиды. Кім көп сөз біледі, сол жеңіске жетеді.

«Мен бағытты түсіндіре аламын» тапсырмасын орындауда оқушылар өтілген тақырыптар бойынша материалдарды естеріне түсіреді. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді мағынасы және

орын тәртібіне сай дұрыс қояды.

5-7 мин

Мұғалім-сынып


Өтілген сабаққа

қатысты жаңа сөздер

жазылған парақша

Негізгі бөлім

«Сөздерге қосымшаны дұрыс жалғай білемін» айдарындағы тапсырмада әр топқа сұрақтар жазылған кесте таратылады және әртүрлі бірнеше сөз беріледі. Оқушылар сұраққа сәйкес сөзге

жалғау жалғап, өз ұяшығына дұрыс жазуы керек.

Тірек сөздер: ағам..., кітап..., көше..., орман..., ауыл..., жайлау...,

ағаш..., тау..., өзен..., көпір..., саябақ..., қыз..., атам..., жол... .


Мұғалім топтарды аралап, оқушылардың жұмыстарын бағалайды.

6 мин

Жеке жұмыс


Сұрақтар мен тірек сөздер жазылған кесте




«Заттың, нәрсенің немесе адамның қай жерде екенін түсіндіре аламын» айдарындағы тапсырма оқушының логикалық қабілетінің дамуына ықпал етеді. Оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға арналған тапсырма. Оқушыларға бірнеше сөйлемдер беріледі. Оқушылар көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып айтады. Оқушылар бір-бірінің жауаптарын мұқият тыңдайды, қателері

болса түзетеді, бір-бірін бағалайды.

5 мин

Мұғалім-сынып




«Мен сөздерді көптік мағынада айта және жаза аламын» тапсырмасы оқушының көптік жалғауын қаншалықты меңгергенін тексеруге бағытталған жаттығу. Оқушыларға бірнеше сөздер беріледі, оқушылар қажетті көптік жалғауын жалғап жазады.

Тапсырма жеке орындауға беріледі.

5 мин

Мұғалім- сынып

Сұрақтар

«Сөздердің мағынасын түсінемін» оқушыларға сөздер беріледі, олар мағыналарын түсіндіреді. Сөздерді тауып оқиды.

5 мин

Жеке ж. Сынып




Қорытынды бөлім

Өтілген бірнеше сабақты қорыту мақсатында оқушыларға

пысықтау сұрақтары қойылады. Мұғалімнің қолындағы қоржыннан оқушылар түрлі түсті қағаздарға жазылған сұрақтар алады.

  1. Сен қай қалада тұрасың?

  2. Қай қалада көмір өндіріледі?

  3. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?

  4. Тудың түсі қандай?

  5. Әнұранның авторларын ата.

  6. Елтаңбада нелер бейнеленген?

  7. Қазақстан қандай мемлекет?

  8. Қай аймақта түйені көп өсіреді?

  9. ҚР президенті кім?

  10. Барыс қандай аң?

  11. Қыран қандай құс?

  12. Тұлпар қандай жылқы?

7 мин

Сынып-мұғалім

Сұрақтар салынған қоржын




Рефлексия

«Білім ағашы» – өтілген тақырыптар бойынша есінде қалған 5 нәрсені жазып, білім ағашына іледі.



5 мин




«Білім ағашы», стикерлер

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары

болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау





Бағалау критерийлері

Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу.

Көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.




  • Бағытты түсіндіре алады.

  • Тақырып бойынша сұрақтарға жауап бере алады.

  • Көптік, септік жалғауларын дұрыс жалғай алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   139




Сабақтың тақырыбы

Ауыл сыртында. (1-тоқсан, 1-тарау)

9-сабақ

Дағды

Айтылым және оқылым

Оқыту мақсаттары

4.3.4.1 Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс- әрекетін бағалауға арналған сұрақтар (неліктен?, не үшін?) құрастыру және оған жауап беру

4.2.2.1 Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог

құру

Лексикалық минимум

Қасында, астында, айналасында, ішінде, сыртында, үстінде, өмір сүреді

Алдыңғы білім

Қайталау

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары

Кіріспе

«Жаңа сөз жазып үйренейік» айдарында оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту мақсатында сурет көрсетіледі. Суретте жазулар бар: қасында, астында, ішінде, сыртында, үстінде, айналасында. Мұғалім суретті көрсету арқылы осы көмекші сөздердің мағынасын көрсету, сипаттау арқылы түсіндіреді. Көмекші сөздерді меңгерту үшін бірнеше қарапайым сөйлемдерден мысалдар келтіреді. Мұғалім

оқушыларға қайталатады.

5-7 мин

Мұғалім-сынып

Жаңа сөздерге қатысты суреттер




Негізгі бөлім

«Есте сақтайық!» айдарындағы тапсырмада оқушыларға «Қайда?» сұрағы және көмекші сөздер беріледі. Оқушылар осы көмекші сөздерді қолданып, сөйлемдер құрастырулары керек. (Қасында, астында, айналасында, сыртында, ішінде, үстінде). Бұл тапсырма

ауызша орындалады. Оқушылардың логикалық ойлауын дамытады.

5 мин

Жеке жұмыс

Көмекші сөздер

жазылған плакат

«Жаттығайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар жақшаның ішіндегі сөздерді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап береді.

  1. Балалар қайда ойнап жүр?

  2. Мәшине қайда кетіп барады?

  3. Өзен қайда ағып жатыр?

ә) Сөйлемді оқы, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.

  1. Ауылдың ішінде мәшине қатты жүрмейді.

  2. Әділ ауылдың сыртында доп ойнап жүр.

  3. Ауылдың айналасында өзендер мен көлдер бар. Тапсырма ауызша топта орындалады.

8 мин

Мұғалім-сынып


Сұрақтар мен сөйлемдер

«Көрсетейік және айтайық» тапсырмасы оқушының өз ойын еркін жеткізуге, сөздік қорын молайтуға, айтылым дағдысын дамытуға арналған. Оқушылар сурет бойынша не көріп тұрғанын айтып береді. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға бағытталған. Дәл осы тапсырманы тереңдете түсу үшін оқушылардың өздеріне де сурет салдыртып, көмекші сөздерді қолданып, бір-біріне сипаттап

беруді тапсыруға да болады.

3-5 мин

Мұғалім-сынып




«Оқиық және жауап берейік» жаттығуы оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталған. Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап береді, жауабын мәтіннен табады. Берілген уақыт аясында оқушылар оқылым материалын шолып, дауыстап оқып шығады. Мұғалім оқушыларға оқулықтағы танымдық ақпаратты жеке оқуларын сұрайды. Оқушылар мәтінді (шолып, дауыстап) оқып болған соң, мұғалім бүкіл сыныпқа тез, мәнерлеп оқуды көрсетеді. Мәтіннен оқығандарын қайта қарауға және алынған білімді қолдануға ықпал ететін тапсырма береді. «Төртбұрыштағы суреттер» әдісімен әр топ мәтінді мазмұндайды және оны иллюстрациялайды. Тапсырманы орындап, өз постерлерін ортаға ұсынады. Сыныпта бұл тапсырманы орындау барысында талғамы бар, сурет салуға бейім тұлғалар анықталады. Бұл стратегия нағыз шығармашылық жұмысқа бағытталған, себебі оның мақсаты тек әңгімелеу емес, әңгіме барысын иллюстрациялау, яғни сурет салуы керек. Мәтіннің соңында берілген сұрақтарды топ ішінде талқылып, әр топтан бір жауап айтса болады.

Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды.

Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайы.

8 мин

Жеке ж.

Сынып

Төрт

бұрыштағы суреттер

Иллюстра- циялауға арналған парақтар