Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2043

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







Рефлексия: «Күн мен Түн». Тақтада Күн мен түннің суреті ілініп тұрады. Оқушы сабақты толық түсінген болса, стикерді Күнге жапсырады. «Түсінбедім, сұрақтарым бар», – десе, стикерді Түнге жапсырады.

5 минут




«Күн мен түн», стикер

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс

орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс жазу.

  2. Мұғалімнің қолдауымен шылауларды,

көмекші сөздерді ажырату, ауызекі және жазба тілде қолдану.

Дескрипторы

  • Оқушылар тәуелдік жалғауын меңгереді.

  • Алыс/жақын сөздерінің мағынасын түсінеді.

  • Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді жазады.

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпараттар алдым?
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   139




Сабақтың тақырыбы

Әлидің үйі. (1-тоқсан, 1-тарау)

11-сабақ

Дағды

Айтылым мен грамматика

Оқыту мақсаттары

4.5.1.1 Мұғалімнің қолдауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызекі және жазба тілде қолдану

4.1.1.1 анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер)

жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру

Лексикалық минимум

Алдында, артында, қарсы, жанында, жер үй

Алдыңғы білім

Менің ауылым

Пәнаралық байланыс

Өнер

Сабақтың барысы




С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары

Кіріспе

«Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім оқушылардың назарын жаңа сөздерге аударады. Оқушыларға мәтінде кездесетін, бұрын білмейтін сөздерді үйретеді, олардың мағынасын түсіндіру арқылы жаңа сөздің айтылуы мен жазылуын меңгертеді. Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Сөздерді жеке емес, олардың қызметі мен мағынасы сөйлеуде және сөйлемде анық көрінетіндей мысалдар келтіреді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Оқушыларға жаңа сөздермен байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттерді көрсете отырып, жаңа сөздердің мағыналары

түсіндіріледі.

5 мин

Мұғалім-сынып

Жаңа сөздерді

меңгертуге

қажетті

суреттер

Негізгі бөлім

«Жаттығайық» айдарындағы тапсырма оқушылардың көру және

5 мин

Жеке




қайталау арқылы есте сақтауын дамытуға бағытталған. Оқушыларға

сұрақтар қойылады. Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы үйдің

алдында, артында, жанында не тұрғанын айтып береді. Тапсырма

оқушының айтылым дағдысын жетілдіреді. Тапсырма ауызша

орындалады. Мұғалім оқушыларды мұқият тыңдап, мадақтау сөздері

арқылы бағалайды.

«Көрсетейік және айтайық» тапсырмасын орындауда оқушылардың

5 мин

Мұғалім-сынып




қызығушылығын арттырып, белсенділігін ояту мақсатында

Үйдің суреті,

оқушылар суретке қарап, Әлидің үйін сипаттап береді. Оқушылар

оқулық

«Сурет бойынша әңгімеле» әдісін қолданады. Алдымен суреттен




кімдерді және нелерді көріп тұрғандығы әңгімеленеді. Содан кейін




барып, Әлидің үйі толық суреттеледі. Бұл тапсырманы орындауда




оқушылардың айтылым дағдысы дамиды, көру арқылы есте сақтауы




артады.




«Жаттығайық» айдарында оқушылар көп нүктенің орнына тиісті










қосымшаларды қойып оқиды. Бұл тапсырманы орындауда

оқушылардың оқылым дағдысы дамиды және қосымшаларды

қайталап естеріне түсіреді.

«Ойланайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар суретке қарау










арқылы ойланып , ереже шығарады. Бір-біріне түсіндіру арқылы

ережені естерінде сақтайды.

«Жаттығайық» айдарында оқушылар суреттерді сөзге айналдырып,










қосымшаны дұрыс жалғайды.








«Сөйлесейік» айдарында оқушылар өз үйлерінің сызбасын сызады. Өз ұйінде заттардың қайда тұрғанын айтады. Бұл тапсырма арқылы оқушылардың елестету, есте сақтау дағдылары дамиды. Оқушылар үлгіні басшылыққа ала отырып, көршісінің сызбасымен суретін алмастырып, оның үйі туралы айтып береді. Осылай жалғастыру арқылы бірнеше оқушының үйі туралы айтуларына болады. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы дамиды.

Оқушылар бір-бірін мұқият тыңдайды, бір-бірін «Басбармақ» әдісі

бойынша бағалайды.

5-7 мин

Жұптық жұмыс

Рөлдік ойынға қатысты үлгілер

жазылған парақша

Қорытын

Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында оқушыларға тапсырмасы беріледі. Оқушылар сөздерге ауызша тәуелдік жалғауын жалғап айтады. Саралау тапсырмасы ретінде қабілеті жоғары оқушылар берілген сөздермен сөйлемдер құрастырады. Қабілеті төмен оқушылар сөздерге қосымшалар жалғайды.

«Кубизм» әдісі қолданылады. Кубиктің әр қырына сұрақтар жазылады. Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Кубикті шеңбердің ортасына лақтырады. Қай сұрақ түссе, сол сұраққа бірінші қол көтерген оқушы жауап береді.

  1. Сенің үйің қандай?

  2. Сенің үйіңнің сол жағында не бар?

  3. Үйіңнің артында не бар?

  4. Досыңнің үйінің алдында не бар?

  5. Бақшада кім жүр?

  6. Саған үйің ұнай ма?

3 мин

Сынып- мұғалім

Сұрақтар жазылған кубик




4 мин










Рефлексия

«Бутерброд» әдісі

Оқушылар сабақ туралы екі жағымды пікір және бір ұсыныс айтады.

3-4 мин







Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс

орнатудың маңызы зор.

Бағалау

Бағалау критерийлері

  1. Мұғалімнің қолдауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызекі және жазба тілде қолдану

  2. Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша

жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау

Дескриптор

  • Айналаны таныстыра біледі.

  • Тыңдаған мәтінін түсінеді, сұрақ қойып нақтылайды.




мақсатында сұрақтар құру.




Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпараттар алдым?
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   139





Сабақтың тақырыбы

Бөлмедегі заттар. (1-тоқсан, 1-тарау)

12-сабақ

Дағды

Айтылым және грамматика

Оқыту мақсаттары

4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

4.5.1.2 Көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді

ауызша/жазбаша тілде қолдану

Лексикалық минимум

Асүй, қонақ бөлме, жуынатын бөлме, кіреберіс, қойма

Алдыңғы білім

Менің ауылым

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, математика

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурста-ры

Кіріспе

«Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім оқушылардың назарын жаңа сөздерге аударады. Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Оқушыларға жаңа сөздермен байланысты суреттер көрсетіледі (үйдің ішкі жағы, яғни, бөлмелер). Сол суреттерді көрсете отырып, жаңа сөздердің мағыналары түсіндіріледі. Оқушыларға сұрақтар қойылады:

«Балалар, сендер не көріп тұрсыңдар?» «Бұл қандай бөлмелер?». Оқушылардың жауаптары тыңдалады, мұғалім тарапынан толықтырылады.

5 мин

Мұғалім-сынып

Үйдің суреті