Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2045

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Қорытынды бөлім

Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында оқушыларға шашыраңқы түрде ілік септігінің жалғаулары беріледі.

  1. Оқушылар берілген сөздерді тиісті жалғаумен сәйкестендіреді.

Мейрамхана көлік тұрағы

сурет -дың

аялдама -дің

сарай -тің

сауда орталығы -ның

алаң -нің

мектеп -тың

күн

  1. Мұғалім оқушыларға бүгінгі тақырып бойынша жетелеу сұрақтарын қояды:

  1. Қала қандай?

  2. Қалада нелер бар?

Тапсырма ауызша орындалады. Оқушылар бүгінгі сабақтан білген білімдерін қорытып, қалада нелер бар екенін айтып шығады.

Саралау тапсырмасы. Білім деңгейі жоғары оқушыларға Венн диаграммасы ұсынылады. Оқушылар қала мен ауылды салыстырады және екеуіне ортақ нәрселерді де жазып шығады. Тапсырма топта орындалады. Қала мен ауылды барынша жақсы салыстыра білген оқушылар «Шапалақ» әдісімен бағаланады.
Рефлексия

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: бүгінгі сабақта «Не оңай болды? Не қиын болды?»

3 мин

Сынып-мұғалім

Сөздер мен жалғаулар көрсетілген

флипчарт

Венн диаграм- масы, қала мен ауылдың суреттері

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс

орнатудың маңызы зор.

Бағалау

Бағалау критерийлері

  1. Септік/жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану

  2. Берілген тірек сөздер мен жоспардың

негізінде қысқа монолог құру

Дескрипторы

  • Тәуелдік жалғауы мен ілік септігі жалғауын орынды қолдана біледі.

  • Өз үйі туралы айтып бере алады.

  • Сөздерді дұрыс жаза алады.




Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпараттар алдым?


Сабақтың тақырыбы

Менің отбасым. (1-тоқсан, 1-тарау)

14-сабақ

Дағды

Оқылым және грамматика

Оқыту мақсаттары

4.3.4.1 Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс- әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және жауап беру

4.5.1.4 Септік/жіктік формаларындағы жіктеу есімдіктерін және септеулік

шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану

Тілдік міндеттер

Қыдыруға шығу, дәмді, салқын

Алдыңғы білім

Сүйікті қаламыз

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, математика

Сабақтың барысы

С.кезең


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Алғашқы тапсырма сабаққа кіріспе ретінде берілген, оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға арналған. Тапсырманы бүкіл сынып орындайды. Мұғалім интерактивті тақтадан оқушыларға отбасы мүшелерінің суреттерін көрсетеді, сурет бойынша отбасы мүшелері туралы бұрынғы қалыптасқан білімдерін пайдаланып, отбасы мүшелерін атайды. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды. Неліктен мен сендерге осы отбасы мүшелерінің суретін көрсетіп отырмын, қалай ойлайсыңдар? деп, оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын болжатады. Оқушылар тақырыпты болжаған соң мұғалім бүгінгі сабақтың тақырыбын айтып, мақсатын түсіндіреді. Бүгінгі сабақтың жаңа сөздерімен таныстырады.

«Жаттығайық» айдарындағы тапсырманы орындауда оқушылардың айтылым дағдысы дамиды, отбасы туралы түсініктері кеңейеді, сөздік қорлары молаяды. Мұғалім оқушыларға үлгі береді. Оқушылар үлгіні пайдаланып, өз мысалдарын айтады. Әр топқа әртүрлі үлгілер таратып беруге болады. Әр топтар өз үлгілері бойынша сөйлейді.

Үлгі: Менің қарындасым. Менің қарындасымның ролигі.

Менің әкем. Менің әкемнің мейрамханасы. Менің атам. Менің атамның досы.

2-5 мин

Мұғалім-сынып

Отбасы мүшеле- рінің суреттері


Айтылым тапсырмасына

арналған суретті сөйлемдер үлгісі








«Оқиық» айдарындағы тапсырма оқушының зейін қойып оқу дағдысын дамытады. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар бір-бірін тыңдап, мәтіннің мазмұнын түсінеді. «Олжастың отбасы» мәтінін «Айқайлап оқу» әдісі бойынша оқиды. Бірінші – бір топ, содан кейін келесі топтар оқиды. Бір топ мәтінді айқайлап оқып жатқанда келесі топтар мұқият тыңдап отырулары керек. Осы арқылы оқушылар ерікті зейінді қалыптастырады әрі өмірге бейімделеді.

7 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

«Оқиық және жауап берейік» тапсырмасын орындауда оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Мәтін соңы жұмыс ретінде оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру үшін

«Сұрақты қағып ал» әдісін пайдаланады. Мұғалім оқушыларға сұрақты лақтырады. Сұрақты кімге лақтырса, сол сұрақты қағып алған оқушы сұраққа жауап береді.

  1. Олжастың отбасында қанша адам бар?

  2. Бүгін таңертең Олжастың отбасы қайда барды?

  3. Олжастың анасы мен әжесі қайда?

  4. Олжастың атасының қасында кімдер бар?

  5. Олжастың әкесі қай жерде отыр?

  6. Олжастың кіші інісі қайда?

  7. Олжастың қарындасында не бар?

  8. Олжастың отбасы қайда барып тамақ ішті?

Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

Осы тапсырманы орындау барысында 4.3.4.1 мұғалімніңқолдауыменмәтінмазмұнынжәнекейіпкерлердіңіс-әрекетінбағалауғабағытталғансұрақтар(неліктен?неүшін?)құрастыру

жәнежауапберумақсаты жүзеге асырылады.

5-7 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар жазылған

умаждалған қағаздар
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   139








«Ойланайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар кестеге сүйеніп, сұрақтарға жауап береді.

а) «Кестені толтыр» тапсырмасын орындауда оқушылар мәтінді тағы бір рет оқып шығып кестені толтырады.


Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар септік жалғауларын қайталайды, қолданыстық тұрғыдан түсіне алады.

ә) тапсырмада оқушы өз отбасының суретін салады және оны

досына таныстырады. Оқушы өз отбасының суретін салып, досына таныстыру арқылы өз отбасы туралы айтады. Бұл тапсырма оқушының қисынды ойлауын, қиялын, сөйлеу дағдысын

жетілдіруге бағытталған және оқушының қызығушылығын тудырады.

Осы тапсырманы орындау барысында 4.3.1.1 мәтіндііштейтүсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/ белгі қойып оқужәне 4.3.2.1оқыған/аудио/бейнематериалдыңмазмұнындайын

жоспарнегізіндежазумақсаттары қосымша жүзеге асырылады.

7 мин

Жеке жұмыс

Оқулық

Қорытынды бөлім

Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында мұғалім оқушыларға рөлдік ойын ұсынуына болады. Оқушылар 3 сұрақ 3 жауаптан тұратын жұптық жұмыс істейді. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып жауап беру арқылы өз отбасы және жұбының отбасы туралы

сұхбаттасады. Бұл оқушының ойлауын, сөйлеуін дамытады.

Рефлексия


3-5 мин

Сынып-мұғалім




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау

Бағалау критерийлері

  1. Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және жауап беру

  2. Септік/жіктік формаларындағы жіктеу

есімдіктерін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану

Дескрипторы

  • Өзге адамның отбасы туралы айтып бере алады.

  • -ның/-нің/-дың/-дің/-тың/-тің/-да/-де/-та/-те/-нде/- нде жалғауларын қолданып сөйлей алады.

Қосымша ақпарат



Қайда?

Кімде? Неде?

Кімнің?

Ненің?

















Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпаратты алдым?


Сабақтың тақырыбы

Шегарашы. (1-тоқсан, 1-тарау)

15-сабақ

Дағды

Оқылым және грамматика

Оқыту мақсаттары

4.3.2.1 Оқыған/аудио/бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу

4.5.1.2 Көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша

тілде қолдану

Лексикалық минимум

Шегара, шегарашы, күзет, отан

Алдыңғы білім

Менің отбасым

Пәнаралық байланыс

Дүнетану, әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы

С.кезе


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыт

Қар.қа т

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Тапсырма сабаққа кіріспе ретінде оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға арналған. Тапсырманы бүкіл сынып орындайды. Мұғалім интерактивті тақтадан оқушыларға Қазақстан Республикасының картасы шегарасын қызыл түспен белгіленген (шегара екенін анықтау мақсатында) көрсетеді және шегара күзетуші солдаттың да суретін көрсетуге болады. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: «Балалар, сендер не және кімді көріп тұрсыңдар?». Оқушылар өз білгендері бойынша мұғалімнің сұрағына жауап береді.

«Ойланайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар суреттерді сөздермен сәйкестендіреді. Жолдорба, мылтық, дүрбі және иттің суреті көрсетіледі. Оқушылар бұрынғы білімдерін қолдана отырып, суретті сөзбен сәйкестендіреді. Кейбір сөздерді сәйкестендіре алмаса, мұғалім көмектеседі.

3-5 мин

Мұғалім-сынып

Шегарасы қызыл түспен

белгілен- ген Қазақстан Респуб- ликасының картасы