Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2085

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Негізгі бөлім

«Көрсетейік және айтайық» айдарында оқушыларға ұлттық аспаптардың суреттері беріледі. Суреттердің тұсына оның қандай аспап екенін жазады және неден жасалғанын айтады. Оқушылар қазақ халқының ұлттық аспаптары туралы, оның ішінде дауылпаз, сазсырнай, асатаяқ, қобыз, домбыра, жетіген туралы айтады. Әр аспаптың ерекшелігін, олардан қандай үн шығатынын түсінеді. Осымен байланысты лексикалық тіркестерді меңгереді. Мұғалім оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын ояту үшін мүмкіндік болып жатса, осы аталған аспаптардың барлығын көрсетуге дайындайды немесе интербелсенді тақтадан суреттерін көрсетеді. Мынау – дауылпаз. Мынау – асатаяқ. Ал мынау қобыз деп көрсетеді. Ал дауылпаз туралы алдыңғы сабақта өткендерін еске түсіртіп, оқушыларға келесі сұрақты қояды.

Дауылпазды неден жасайды? Дауылпазды ағаштан жасайды.

Үлгі:Мынау дауылпаз. Бұл ағаштан және теріден жасалған. Оның бауы бар,

5-7 мин

жұптық жұмыс

Суреттер Оқулық

таяғы бар.




Берілген тірек сөздерді пайдаланып, сурет бойынша мәтін құрастырып




жазады.




Тірек сөздер: домбыра, қобыз, сазсырнай, тартамын, ойнаймын, екі ішекті,




аспап, ағаш, тері




«Сөйлесейік» айдарымен ұсынылған тапсырманы «Бірге ойлаймыз» стратегиясы арқылы оқушылар тақырып бойынша меңгерген сөздерді пайдаланып, сурет бойынша сөйлемдер құрастырады.

Әр оқушының қабілетін ескере отырып, 4 адамнан тұратын топқа бөлу, әр

5 мин







оқушыға 1-ден 4-ке дейін нөмір беру. Одан кейін оқушыларға топта талқылау

үшін оқулықтағы суреттерді ұсыну. Берілген уақыт аяқталғаннан кейін, олар

өз жауаптарын жазады және сыныппен бөліседі. Сөйлемдерді құрастыру

үшін мұғалім сұрақтар қою арқылы оқушыларды жетелеп отырады.

Мысалы:

1. Суреттен кімдерді көріп тұрсың?

2. Балалардың қолында не бар?

Осы сияқты сұрақтарға оқушылардың берген жауаптары сөйлем немесе

шағын әңгімеге айналады. Әр суретке жеке тоқтап талқылайды. Әр топ өз

нәтижелерін көрсетеді, басқа топтар «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы

бағалайды.

Осы тапсырма барысында мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және

кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не

үшін?) құрастыру және оған жауап беру мақсаты жүзеге асырылады.

«Сөйлесейік» айдарында сурет бойынша диалог ұйымдастырылады.

«Оқиық» айдарында ұсынылған күнделік бетіндегі мәтінді «Бірлесіп оқу»

8 мин







әдісімен оқиды. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табады.

«Оқиық және жауап берейік» айдарымен берілген 4-тапсырмада

мәтін бойынша сұрақ құрастырады.

Үлгі: Әсет бүгін қайда барды?

Осы тапсырмаларды орындау барысында 4.3.4.1мұғалімніңқолдауыменмәтін

мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған

сұрақтар(неліктен?неүшін?)құрастыружәнеоғанжауапберуоқу

мақсаттары оқушыларға игертіледі.
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   139






Оқулықта берілген келесі тапсырма «Ойланайық» айдарымен берілген. Бұл кезеңде оқушыларды мұғалім жазылым тапсырмасын оңай орындауға дайындайды. Күнделік туралы кеңінен мәлімет береді. Түрлі күнделік үлгілерін көрсетуіне де болады. Сынып оқушыларына берілетін күнделік

түрлерін саралау тапсырмасы ретінде пайдаланып, ұсынуға да болады.

5 мин










«Жазайық» айдарымен берілген тапсырмада мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолданады. Осы тапсырманы орындау барысында 4.4.1.1.шағынсюжеттікомикс/буклет/коллаж/жарнама/

презентациянысөйлемдерментолықтыру оқу мақсаты жүзеге асады.

8 мин







Рефлексия: «Бес саусақ»

Басбармақ мен үшін маңызды және қызық Сұқ саусақ маған қиын болды

Ортаншы саусақ – сұрақтарым бар Төртінші саусақ – менің көңіл күйім Бесінші саусақ – білгім келеді

2 мин

Сынып-мұғалім




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы

(мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс

орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру

  2. Шағын сюжетті комикс /буклет /коллаж

/жарнама/ презентациясын сөйлемдермен толықтыру

Дескриптор:

  • Оқыған мәтін кейіпкері туралы айтып бере алады.

  • Кейіпкерге мінездеме береді.

  • Дайын шаблонды толықтырып жаза алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?












Сабақтың тақырыбы

Ата, бата беріңіз! (2-тоқсан, 3-тарау) 46-сабақ

Дағды

Тыңдалым

Оқыту мақсаттары

4.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға

жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру

4.1.1.1 Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және

нақтылау мақсатында сұрақтар құру

Лексикалық минимум

Қыдыр ата, бата, аманат, аңыз

Алдыңғы білім

Ұлттық аспаптар

Пәнаралық байланыс

Музыка

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім сабақты бастамас бұрын оқушылардың бірінен көмек сұрайды. Оқушылардың бірі сынып тақтасына күннің жадын жазып, орнына отырған кезде, мұғалім оқушыға бата береді. Осы жағдаятты пайдаланып оқушылардан

«Мен жаңа ғана не істедім, балалар?» деп сұрайды. Оқушылар өз болжамдарын айтқаннан кейін мұғалім өзі арнайы алып келген сөздіктерін оқушыларға үлестіріп беріп, сол сөздік ішінен (аударма сөздік) жаңа сабаққа арқау болатын сөздердің аудармасын оқып біліп алуларын тапсырады. Сондай-ақ, оқушылар өз түсінгендерін қазақ тілінде жеткізе білулерін сұрайды. Бұл жұмыс түрлері аяқталғаннан кейін, мұғалім ол сөздердің дұрыс айтылуы үшін қадамдық жаңа сөзді таныстырып, айтылуын меңгерту шараларын ұйымдастырады. Оқушылар алдымен топта, кейін жұпта, одан соң жеке қайталап, сөзді дұрыс айтуға үйренеді. Ең соңында дұрыс жаза білулері үшін сөз диктантын жазуларына да

болады.

5 мин

Мұғалім-сынып

Суреттер

Оқулық

Негізгі бөлім

«Анықтайық» айдарындағы бұл тапсырма оқушылардың сыни ойлау дағдысын дамытумен қатар, сөйлеу дағдысын да жетілдіруге бағытталады.

Сөйлемдерді атауымен сәйкестендіреді.

5 мин

Жұптық жұмыс

Суреттер Оқулық

1. Ертеде бір қобызшы болыпты. Ол адамға тыныш

жер іздейді. Көп елді аралайды. Ең соңында адам

бата

ұзақ өмір сүретін жерді табады.

2. Менің сізге айтатын өтінішім бар. Айтып барыңыздаршы. Балам ешқашан ақшаға, алтынға

аңыз




қызықпасын.

3. Бақытты бол, балам! Жолың болсын!

аманат




«Жазайық» айдарымен ұсынылған 2-тапсырмада оқушылар берілген сөйлемдерді жалғастырып жазады. Сынып болып бір-бірінің пікірлерін талдайды, салыстырады. Бұл оқушылардың бұрыннан білетін сөздік қорларын қайта жаңғыртуға сеп болатын тапсырма.

4 мин














«Сөйлесейік» айдарымен ұсынылған тапсырманы «Бірге ойлаймыз» стратегиясы арқылы оқушылар тақырып бойынша меңгерген сөздерді пайдаланып, сурет бойынша сөйлемдер құрастырады және оқиғаны

жалғасын болжап айтады.

Сөйлемдерді құрастыру үшін мұғалім сұрақтар қою арқылы оқушыларды жетелеп отырады.

Мысалы:

  1. Суреттен кімдерді көріп тұрсың?

  2. Кім бата беріп жатыр?

  3. Суреттегі қандай қала?

Осы сияқты сұрақтарға оқушылардың берген жауаптары сөйлем немесе шағын әңгімеге айналады. Әр суретке жеке тоқтап талқылайды. Әр топ өз нәтижелерін көрсетеді, басқа топтар «Екі жұлдыз – бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.

10 мин

Топпен жұмыс

Оқулық

«Тыңдайық және жауап берейік» айдарымен берілетін тапсырма оқушылардың тыңдалым дағдысын дамытуға, тыңдау арқылы мәтіннің мазмұнын түсінуіне көмектесетін аудиожазбасы бар тапсырма. Тапсырма бүкіл сыныппен және жеке жұмыс жасауға арналған. Оқушылар тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сөйлемді толықтырады.

Тыңдалым мәтіні

Тыңда және толықтыр.

Ерте, ерте ертеде, Қыдыр ата болыпты. Ол ел аралап жүредіекен.Мейірімді, адал адамдарға бата беріп, көмек береді екен. Бұлтуралы аңызөте көп. Бірде ол басқа қалада адасып жүрген екі баланыкездестіреді.Балаларатаныжолданөткізеді.Оныңдорбасынкөтеруге көмектеседі. Бұл Қыдыр атаның өзі екен.Ол балаларға алғысайтады. «Балаларым, жолдарың болсын!» – депбата береді. Қыдыратабылай депті:

Мақсаттарың айқын болсын,Өмірлеріңжарқынболсын,

Біліміңтереңболсын,Өнеріңкемелболсын,

Жортқандажолдарыңболсын!

Оған қоса бір аманат сөзін айтады. «Балаларым,ақындарды,жыршы, күйшілерді құрметтеңдер! Өз елдеріңе айтып барыңдар!» –дейді. Балалар өте ақылды екен. Барған жерде осы аманатты үнеміайтыпжүредіекен.Міне,осыданбастапқазақұлтыақынменжырауды,күйшіні ерекшеқұрметтейді екен.

Осы тапсырманы оырндау барысында Т.4.1.3.1тыңдағанматериалдың(ұзақтығы2-2,5мин)мазмұныбойыншасұрақтарғажауапберу/сөйлемдітолықтыружәнетүйіндітұстарынанықтау/кестетолтыру/кластер

құрастырумақсаттары жүзеге асырылады.

10 мин

Жеке ұмыс

Аудиодиск

Оқулық Дәптер

«Тыңдайық және жауап берейік» айдарымен берілген тапсырмада мәтінді қайталап тыңдап, кестені толтырып жазады және мәтін бойынша сұрақ құрастырады. Т.4.1.1.1 анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба(тірексөздер)жасаужәненақтылаумақсатындасұрақтарқұру

мақсаты жүзеге асады.

3 мин

Жеке жұмыс

Кесте

Оқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   139








Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен «Түстікарточкалар» әдісі арқылы кері байланыс орнатады. Оқушыларда екі карточка: көк және қызыл. Мұғалім сабақ басында және аяғында қалаған карточкасын көрсетуді сұрайды, бұдан оқушының көңіл күйінің

өзгерген-өзгермегенін білуге болады.

3 мин

Сынып- мұғалім

Түсті карточкалар

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың

маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны

бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер

құрастыру

  1. Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек

сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру

Дескриптор

  • Тыңдалым мәтінін түсінеді.

  • Тыңдалым мазмұнына сай сұрақтар құрастыра алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?