Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2094

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







«Есте сақтайық!» айдарында оқушылар кестеде берілген тірек сөздерге етістіктің осы шақ формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану.

Оқушыларды мәтін бойынша қосымша сұрақтар қою арқылы етістіктің шақ формаларын дұрыс жалғап айтуға жаттықтыруға болады. Мәселен, сөздерді үлгіге қарап өзгерт. Үлгі: құлау-құла-пжатыр-мын

Осы тапсырманы орындау барысында өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану мақсаты жүзеге асырылады.

8 мин

Мұғалім-сынып


Оқулық

«Ойнайық» айдарының тапсырмасында мұғалім оқушыларға «Текше»

ойынын ойнатады. Мұғалім немесе әр топтан бір оқушы текшені

шиырады. Текше оқулықта берілген суреттің біріне түседі, ол суретке қатысты оқушы грамматикалық білімін қолданып сөйлем құрап айтады.

6 мин

жеке жұмыс

Оқулық дәптер кесте



Мұғалім сабақтың соңында оқушылармен бірлесіп, кері байланыс орнатады. Сабақтың қалай өткенін бағалайды, балалардың өз әрекеттерінің қалай жүзеге асқанын бағалатады. Мұндай жұмыс түрлері алдағы жоспар құруда маңызды рөл атқарады. Күрделі мәселелерді шешуге бастама болады, мұғалім мен оқушылардың өсуіне жетелейді.

4 мин

Сынып-мұғалім




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің

оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру/болжау

  2. Сөзге қосымшалар жалғау кезінде үндестік заңын сақтау

Дискриптор

  • Ақпаратты тыңдап, мәтінді толықтырады.

  • Болып жатқан әрекет туралы айта алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?








Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?






Сабақтың тақырыбы

Қайталау. (2-тоқсан 4-тарау). 64-сабақ

Дағды

Айтылым және жазылым

Оқыту мақсаттары

4.3.4.1 Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс- әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру

4.5.1.2 Көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша

тілде қолдану

Лексикалық минимум

Алдыңғы сабақтарды түгел қайталау

Алдыңғы білім

Спортшы

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

«Менсағансенемін»жаттығуы.Әуен ойнап тұрады. Оқушылар жұп құрып, бір-бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін, өйткені сен жақсы адамсың» деген сияқты сөйлемдермен жалғастырады.

Бұл сабақта оқушылар «Мамандықтар» бөлімі бойынша өткенді қайталайды, еске түсіреді. Өткен тақырыптарға байланысты 4 тапсырма берілген. Оқушылар мұғалімнің көмегімен әр тапсырма бойынша жұмыс істейді.

5 мин

Мұғалім-сынып

Суреттер Оқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   139





Негізгі бөлім

«Мамандық атауын білемін» айдарындағы 1-тапсырмада оқушылар алдыңғы білімдерін еске түсіріп, мамандық атауларының іс-әрекетін білдіретін сөйлемдерді суретпен сәйкестендіріп сипаттап айтады. Оқушылардың алдына сөйлемдері бар карточкалар беріледі. Әр шаршының ішінде мамандық иелерінің суреттері берілген.

Үлгі:

  1. Оның қызметі – ғимараттардың жобасын жасау.

  2. Оның қызметі – ағаш өңдеу.

«Кіммен? Немен?» сұрақтарына жауап беремін» айдарында 2- тапсырма. А) Бұл тапсырмада айтылым және жазылым дағдысы қалыптасады. Оқушылар алдыңғы білімдерін еске түсіріп, мамандық атауларының іс-әрекетін білдіретін сөздерге септік жалғауын жалғап, ауызша/жазбаша түрде қолданады.

«Кімге? Неге? Сұрақтарына жауап беремін» айдарында 3- тапсырмада сынып жұппен жұмыс жасайды. Оқушылар алдымен оқулықтағы берілген суретке назарын аударады. Бір-біріне сұрақтар қою арқылы айтылым дағдысы қалыптасады. Мамандыққа қатысты құралдардың кімге тиесілі екенін тауып, құралдардың атауын жазады.

«Мамандыққа қатысты құралдарды білемін» 4-тапсырма. Оқушылар жұптарға бөлінеді. Жұптарға 4-тапсырмада берілген мәтін бойынша суреттер беріледі. Сұрақтарға жауап бере отырып, сұхбаттасады.

«Жұптық әңгіме» әдісі топта өзін сенімсіз сезінетін оқушылардың өзін еркін ұстауына, өз ойын ашық білдіруіне көмектеседі. Бірін-бірі белсенді тыңдап, жауап беруге жетелейді.

Диалог құрастырады. Суреттегі тауарларды сатушыдан сатып алу керек.

«Сауда жасай білемін» айдарында оқушылар тауардың құнын есептейді.

«Шаш үлгісін жасаймын» айдарында оқушылар сурет бойынша шаш үлгісін сиапттап айтып береді.

30 мин

жұптық жұмыс

Суреттер

Оқулық

«Табыссатысы» әдісі.Оқушыларға сатының суреті беріледі. Бірінші баспалдағы – мен ... білемін

Екінші баспалдағы – мен ... түсінемін Үшінші баспалдағы мен ... жасай аламын.

5 мин

Сынып-мұғалім







Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары

болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

1. Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және

Пәнаралық байланыстар

Дескриптор





кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру

2. Көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

  • Кейіпкердің әрекетін бағалай біледі.

  • Қосымшаларды дұрыс таңдап қолданады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?







  1. Табиғат құбылыстары



Сабақтың тақырыбы

Күн райы болжамы. (3-тоқсан 5-тарау). 65-сабақ

Дағды

Тыңдалым және жазылым

Оқыту мақсаттары

4.1.3.1*Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын

анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру/болжау

4.4.1.1 Шағын сюжетті презентацияны комикс/буклет/ коллаж/жарнама/ сөйлемдермен толықтыру

Лексикалық минимум

Ашық, бұлтты, жаңбыр, жылы

Алдыңғы білім

Қайталау

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары





Кіріспе

Мұғалім жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға «ауа райы» сөзіне ассоциативті қатар құрғызады. Оқушылар ауа райына байланысты өз білімдерін пайдаланып, ассоциативті қатар құрады. Мұғалім оқушыларды тыңдайды, толықтырады.

Оқушылардың назары интерактивті тақтадағы жаңа сөздерге аударылады. «Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім оқушыларға жаңа сөздерді тиімді меңгерту үшін жұмыс істейді. Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушыны сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Мұғалім оқушыларға жаңа сөздерді (жарқыраған күн, жаңбыр, жылы, бұлтты) сурет арқылы меңгертеді. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру үшін жарқырап шығып тұрған күн, жауып жатқан жаңбыр, термометр, бұлтты аспанның суретін көрсетеді. Оқушылар сөздерді бірнеше рет қайталайды, сөз тіркесін құрастырады, сөйлемдер құрайды. Оқушылардың сөздерді қаншалықты меңгергенін тексеру үшін мұғалім жазуды алып тастап, суреттерді араластырып қояды. Оқушыларға суреттерді көрсеткенде, оқушы оның қандай жаңа сөзге қатысты сурет екенін айтады.

5 мин

Мұғалім-сынып

Үлестірмелі қима қағаздар, түрлі түсті маркерлер




Негізгі бөлім

«Тыңдайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар тыңдалымға арналған мәтінді 2 рет тыңдайды. Мәтінді тыңдап болған соң, ауа райы болжамына қатысты кестені толтырады. Тапсырма оқушылардың тыңдалым, есіне сақтау дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушылар мәтінді тыңдау арқылы ауа райы болжамы жайлы жаңа ақпараттармен танысады, ауа райы болжамы жайлы білімін кеңейтеді. Оқулықты бүлдірмес үшін мұғалім оқушылардың стикерді қолдануын сұрайды.

Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды. Қандай мадақтау сөздерін қолдану керектігі мұғалімнің өз еркінде. Тыңдалыммәтіні:

Құрметті көрермендер, ертеңгі күн райымен таныс болыңыздар! Ертең желтоқсанның 1-і, Оралда күн ашық, жылы болады. Ауа температурасы +7 градус. Оңтүстіктен жылы жел соғады. Жаңбыр жаумайды.

Тапсырма аясында 4.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5мин)мазмұныбойыншасұрақтарғажауапберу/сөйлемдітолықтыружәнетүйіндітұстарынанықтау/кестетолтыру/кластерқұрастыру/болжауоқу мақсаты меңгертіледі.

7 мин

Жеке жұмыс


Тыңдалым мәтіні, кесте, СД диск