Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2099

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







«Оқиық» айдарымен ұсынылған тапсырма түсініктемесі: Бұл тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастыруға арналған. Мұғалім оқушыларды мәтінге назар аударуын түсіндіреді. Сонымен бірге берілген мәтіннің мазмұнын толық түсіне отырып, тірек сөздерге назар аудару қажеттігін ескертеді. Мұғалім сыныпты бірнеше топқа бөліп, өзі бірлесе мәтінді оқып шығады. Мәтін мазмұнымен танысқаннан кейін, өз ойларын дәлелдеу үшін постер жасайды. Жасаған постерлерін «Автор орындығы» стратегиясын қолданып, топтың бір мүшесі қорғайды. Осы тапсырманы орындау барысында

4.3.3.1мақсаты жүзеге асырылады.

6 мин

Мұғалім-сынып

Кесте. Интербелсенді тақта, суреттер

«Оқиық және жауапберейік»айдарыменұсынылғантапсырма

Мәтінді қайталап оқы. Сөйлемдердің «дұрыс» немесе «бұрыс» екенін айт. Дұрыс/бұрыс кестесін толтырады.

Дескриптор:

  1. Мәтінді 2 рет оқиды.

  2. «Дұрыс/бұрыс» кестесін толтырады.

  3. Мәтінді ретімен әңгімелейді.

7 мин

Мұғалім-сынып


Оқулық кесте




Ақпарат

дұрыс

бұрыс




1. Шаш алдымен жуылған

+




2. Шашты екінші бұйралаған




-

3. Шаш алдымен өрілген, содан соң

бұйраланған

+




4. Шашты гельмен қатырған




-

5. Шашқа түйреуіш таққан




-

«Жаттығайық» тапсырмасын орындау үшін оқушылар сабаққа алдын ала алып келген қуыршақұтары мен түрлі түсті жіптерін пайдаланады. Ұл балаларға қамшының бауын өргізіпалқызбалаларғақуыршақтыңшашынәсемдетуорындыболыптабылады.

5 мин







«Жасайық» айдары нақты шығармашылық тапсырма болып табылады. Бұл тапсырманы оқушылар жеке орындап көрсетеді. Оқушыларға алдын ала қуыршақ әкелуге тапсырма беріледі.

Интербелсенді тақтадан әртүрлі шаш үлгісі бар қуыршақтың суреті көрсетіліп тұруы керек. Жоғарыдағы оқыған мәтінді басшылықа ала отырып, үлгілерге қарап, қуыршағының шашын сәндейді. Шаш

үлгісін қалай жасағанын айтып береді.

7 мин

жеке жұмыс

Оқулық, дәптер кестесі

Мұғалім сабақты қорытып, өткен сабаққа өз бағасын береді, оқушылардың пікірін біледі. Өз тарапынан ауызша комментарий береді. «Жақсы! Тамаша! Керемет! қолдаушы сөздерін қолданады. Оқушының ынтасын арттырады.

2 мин

Сынып- мұғалім




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары

болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

1. Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты

Дескриптор:

  • Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды.





тауып/шолып/белгі қойып оқу

2. Берілген сөздерге қарама-қарсы ммағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

  • Айтылым барысында сөздердің синонимін, антонимін қолданады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?






Сабақтың тақырыбы

Киім дүкенінде. (2-тоқсан 4-тарау). 60-сабақ

Дағды

Оқылым және айтылым

Оқыту мақсаттары

4.3.3.1 Мәтіннің жанрын (мақал-мәтелдер, бата, аңыз, мысал, өсиет әңгімелердің), жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау

4.2.4.1 *Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

Лексикалық минимум

Өлшем, баға, түр, малақай, бөкебай, бәтеңке, белдемше

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

Алдыңғы білім

Шаш үлгісін таңдаймыз

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

«Оқиық» айдарымен ұсынылған тапсырма. Мұғалім өлеңді 2 рет мәнерлеп оқып береді. «Өлеңнен не түсіндің?» деген сұрақ қою, оқушылар өз ойларын түсіндіреді. Өлеңді жаттауға дайындық ретінде кейбір сөздерді, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді.

Аталмыш оқылым тапсырмасы сабақтың кіріспе бөлімі болып табылады.

5-6 мин

Мұғалім- сынып

Суреттер Оқулық




«Оқиық және жауап берейік» айдарының тапсырмасы оқылымнан кейінгі жұмыс түріне жатады. Интербелсенді тақтадан өлеңде кездесетін киім атауларын атап көрсетеді. Оқушылар оқулықта көрсетілген киім-кешек атауларын үйренеді. Осы тұста киім туралы не киім аттарын қолданып төрт жол өлеңді бірлесіп құрастыруға

болады.

5 мин














«Назар аударайық» айдарымен берілген мәлімет бойынша мұғалім қосымша меңгертеді. Тапсырманы тереңдету үшін өзге де мысалдар келтіруіне болады. Алайда тақырыптан алшақтап, лексикалық тақырыпқа мүлде жат сөздерді алып немесе оқушылар таныс емес сөздерді алып, үйренетін жаңа сөздер санын арттырып жібермеуді есте ұстаған жөн. Ал меңгертілетін жаңа сөздерді сабақтың оңтайлы тұсында бірден барлығын үйретуге болды немесе саны көлемдірек болса, екі бөлікке бөліп өткізуге болады. Жаңа сөздерді үйретуде

алты қадамды қатерде ұстаңыз.

4 мин







Негізгі бөлім

«Жаттығайық» айдарымен ұсынылған тапсырмада оқушылар жаңа сөздерді пайдаланып бір-біріне сұрақтар қойып, сипаттау сөздерді пайдалануды үйренеді. Тапсырма қалай орындалуы керек. Алдыңғы тапсырманың логикалық жалғасы ретінде ұсынылған бұл тапсырма оқушыларды өздерінің арнайы киімдері туралы айтуға дайындайды. Келесі кезекте оқушылар өздерінің киімдері бойынша бір-біріне сұрақтар қояды. Бұл тапсырманы сауалнама түрінде өткізуге болады. Тапсырманы жұптаорындайды. Сенің малақайың бар ма? Малақайыңның түсі қандай?

Сенің бәтеңкең қара ма әлде қоңыр ма?

7 мин

топпен жұмыс

Суреттер

Оқулық

«Ойланайық» тапсырмасы оқушының қисынды ойлау қабілетін, сыни

5 мин







ойлауын дамытуға бағытталған. Оқушылар оқыған мәліметтердің

кімнің атынан айтылғандығын ажыратып берулері қажет. Егер

оқушыларға бұл тапсырманы орындау қиынға соғып жатса, мұғалім

тарапынан қолдау көрсетілуі қажет.

«Көрсетейік және айтайық» тапсырмасы оқушының көру арқылы есте

8 мин

Мұғалім-сынып

Кесте.

сақтауын дамытуға, сондай-ақ, айтылым дағдысын дамытуға бағытталған.

Интербелсенді

Оқушылар интербелсенді тақтадағы суреттерді көрсету арқылы

тақта,

сөйлемдер құрастырып айтады. Бұл тапсырма арқылы оқушы

математикадан алған білімін қолданады. Пәнаралық байланыс орнайды.

суреттер

«Тыңдайық және жауап берейік» айдарымен ұсынылған тапсырма.

4 мин

жеке жұмыс

Оқулық, дәптер, кесте

СД диск

Мәтінді аудиофайлдан 2 рет тыңдайды. Бұл тапсырманы орындауда

оқушылар сабақ бойы үйренген жаңа сөздерді қатыстыра отырып,

мәтінді толықтырады, жазады.

Тыңдалым мәтінінің жауабы:

Сізде 35-ші өлшем бәтеңке бар ма?

Сізге қандай түс керек ?

- Қоңыр бар ма?

- Мынадай үлгі ұнай ма?

- Осы үлгіні іздеп едім. Бағасы қанша тұрады?

- 5000 теңге.

- Бағасы қымбат емес. Ақшаны қайда төлеймін?

- Касса мына жақта.

- Рақмет.

Осы тапсырманы орындау барысында мұғалім ауызша комментарий

береді. «Жақсы! Тамаша! Керемет!

Оқулықтың соңғы тапсырмасы «Сөйлесейік» айдарымен беріледі.

Оқушылар берілген сызбаны сөйлетеді. Мазмұнын өз сөздерімен

баяндайды.
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   139








«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар сурет бойынша балалардың не сатып алғанын және не сатып алмағанын айтып береді.












2 мин

Сынып-мұғалім




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

4.3.3.1 Мәтіннің жанрын (мақал-мәтелдер, бата, аңыз, мысал, өсиет әңгімелердің), жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау

4.2.4.1 *Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

Дескрипторы

  • Өлең мазмұнын оқып түсінеді.

  • Сызба мазмұнын оқып түсінеді, айтып бере алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?







Сабақтың тақырыбы

Қайда сауда жасадың? (2-тоқсан 4-тарау). 61-сабақ

Дағды

Айтылым, тыңдалым

Оқыту мақсаттары

4.1.2.1 Бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну

4.2.3.1 * Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын

келтіріп сөйлеу

Лексикалық минимум

Тауар, бұйым, сауда орны

Алдыңғы білім

Киім дүкенінде




Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім сабаққа әртүрлі заттарды алып келеді. Мәселен, ыдыс жуғыш ұнтақтар, кір сабын, моншақ, сыпырғыш, алма, қалам, малақай, фотоальбом әкеліп, олардың қандай дүкендерде сатылатыны туралы оқушылармен бірлесіп талқылайды. Оқушылар нақты сауда орындарының айырмашылықтарын және атауларын ажырата білу үшін ол жерлердің суреттерін сынып қабырғасына іліп қойып, аталған заттарды санаттарға жіктеп, кейін олардың қай сауда орнына тиесілі екенін тапқызып, орындарын белгілетеді. Бұл кіріспе сабақтың ұйымдастырылуы болып келеді.

5 мин

Мұғалім-сынып

Суреттер Оқулық

Негізгі бөлім

Оқушылардың назарын мұғалім оқулықтың алғашқы тапсырмасына аударады («Ойланайық» айдары). Оқушылар қоршауда берілген сөздерді оқып, оларға тиісті суреттерді анықтайды. Бұл тапсырма екі басқыштан тұрады. Алдымен оқушылар сауда орындарын ажыратып, атауымен танысса, келесі басқышында тапсырма оқушылардың жеке басына қатысты икемделеді. Оқушылар өздерінің тізімі бойынша заттардың қайдан алынғанын сөз етеді. Бұл тұста алдыңғы білім кәдеге жарап, оқушылар айтылым барысында шығыс септігін қолданып сөйлейді. Сонай-ақ, мұғалім тапсырманы тереңдету турасында ойланса, сол тізімге алынған заттардың құны қанша екенін анықтату арқылы өмірмен байланысты орнатуға болады.

5 мин

топпен жұмыс

Суреттер

Оқулық

«Ойнайық» тапсырмасы арқылы оқушылар ойын үлгісінде айтылымға қатысады. Оқушылар өздерінің саны 10-ға дейінгі карталарына (ондағы заттарға қарап) қарап, үлгі бойынша сөйлеседі.

Осы тапсырманы орындау барысында айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту мақсаты жүзеге асырылады.

10-12 мин

Мұғалім-сынып

Кесте

аудиодиск суреттер

«Ойнайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар соңғы үш айда не сатып алғанын айтады, суретін салады, салған суреттерін пайдаланып, рөлдік ойынға қатысады










«Сөйлесейік» айдарымен берілген тапсырмада оқушылар бір-бірімен

5 мин

Мұғалім-сынып




қарым-қатынасқа түсіп, тілдің дұрыс қолданылуы тұрғысында біраз

Оқулық

ойланатын болады. Осы жұмыс барысында жұптарды анықтау,

кесте

олардың тапсырманы сәтті орындауын бағалау сынды критерийлерін




даярлау мұғалім үшін өте маңызды. Сынып алдында диалогке түсу




үшін оқушылар оқулықта берілген үлгіні басшылыққа алады.