Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2086

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?


Сабақтың тақырыбы

Қысқы ойын. (3-тоқсан, 5-тарау). 68-сабақ

Дағды

Айтылым, оқылым, грамматика

Оқыту мақсаттары

4.2.4.1 Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

4.5.1.1 Мұғалімнің нұсқауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызша жазбаша тілде қолдану

Лексикалық минимум

Шана, шаңғы, тоңу, мұз, аққала, қырау

Алдыңғы білім

Аймақтар табиғаты

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға қыстық ойындар туралы бейнежазба көрсетеді. Бейнежазбада әртүрлі қыстық ойындар көрсетіледі. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды.

Бейнежазбадан не көрдіңдер?

Қандай қыстық ойындарды білесіңдер? Қыстық ойындарға қатысасыңдар ма?

Мұғалім оқушылардың сөздік қорын байыту үшін жаңа сөздерді меңгертеді. Оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескертеді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушыны сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді.

«Жаңа сөз үйренейік айдары» сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Оқушылар сөздерді бірнеше рет қайталайды, сөз тіркесін құрастырады, сөйлемдер құрайды. Олардың сөздерді қаншалықты меңгергенін тексеру үшін мұғалім жазуды алып тастап, суреттерді араластырып қояды. Оқушыларға суреттерді көрсеткенде, ол қандай жаңа сөзге қатысты екенін айтады (шана, шаңғы, тоңу, мұз, аққала, қырау).

5 мин

Мұғалім-сынып


Жаңа сөздерді меңгертуге бай- нысты әртүрлі суреттер

Негізгі бөлім

«Көрсетейік және айтайық» тапсырмасын орындауда оқушылар сөйлемдерді оқып, сөйлемді айтқан адамды суреттен табады. Оқушылар «Ең жылдам» әдісі арқылы тез-тез сұрақтарға жауап береді.

  1. Менің шанам зулап келеді.

  2. Шаңғы теуіп жүрмін.

  3. Тоңдың ба, үйге қайтайық.

  4. Аққала, Аязата жасау оңай ғой.

  5. Менің коньки тепкім келеді.

Мұғалім оқушыларды мұқият тыңдайды, түрлі түсті фишкалар

5 мин

Жеке жұмыс


«Ең жылдам» әдісіне арналған сөйлемдер

арқылы бағалайды.




Жасыл фишка «өте жақсы»




Қызыл фишка «жақсы»




Сары фишка – «нашар, толықтыру керек»




Бұл тапсырманы орындау барысында мұғалімнің нұсқауымен




шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызша/жазбаша тілде




қолдану мақсаты жүзеге асады.




«Сөйлесейік» айдарында оқушылар тірек сөздерді пайдаланып, сурет

5 мин

Оқушы-мұғалім

Тірек сөздер

бойынша әңгіме құрастырады. Тапсырма топта орындалады. Әр топқа

жазылған

суреттер, тірек сөздер, түрлі түсті маркерлер, А3 парағы таратылады.

парақша, А3

Оқушылар өз беттерінше әңгіме құрастырады. Әр топ өз әңгімелерін

парағы, түрлі

оқиды. Топтар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

түсті маркерлер,

Тапсырма оқушылардың сыни ойлауын және айтылым дағдысын

суреттер

дамытуға бағытталған. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар




сурет бойынша өз беттерінше әңгіме құрастырады, қиялы, ауызекі




сөйлеу тілі дамиды, сөздік қоры молаяды.




Тірек сөздер: ана, төбешіктен сырғанау, шаңғы, тоңу, мұз, аққала




жасау, қырау, мәнерлеп сырғанау, қарды домалату, үйрету




«Оқиық» тапсырмасын орындауда оқушылар топта оқулықтағы

10 мин

Жеке жұмыс (әр оқушы)

Венн диаграм-

берілген мәтінді мұқият, асықпай оқып шығады. Өз араларында

масы сызылған

оқулықтағы мәтінді талқылайды және өздері құрастырған мәтінмен

А3 парағы, түрлі

салыстырады. Осы тапсырманы орындау барысында Венн

түсті маркерлер

диаграммасын қолдануға болады. Оқушылар екі мәтінді салыстырып,




айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айтады. Тапсырма




оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға бағытталған. Мәтіндерді




салыстыру арқылы оқушылар мәтіндегі негізгі ойды түсініп,




салыстырып, қорытынды жасап үйренеді.




Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.




Осы тапсырманы орындау арқылы шығарманың кейіпкері туралы




пікірлерді салыстыра отырып бағалайды.











«Жаттығайық» айдарында оқушылар жалғаулық шылаулар туралы білімдерін бекіту жұмысын жүргізеді. Топтарға әртүрлі жалғаулық шылаулар беріледі. Әр топ өздеріне берілген шылауларды пайдаланып сөйлем құрастырады.


Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар мұғалімнің нұсқауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызша жазбаша тілде

қолдану мақсатын жүзеге асырады.

10 мин

Топтық жұмыс


Жалғаулық шылаулар

жазылған кесте




Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға қыстық ойындарға байланысты фотоколлаж жасауға тапсырма беріледі.

Оларға коллаж жасау үшін әртүрлі суреттер, желім және ойын атауы жазылған қима қағаздар таратылады. Оқушылар топта фотоколлаж жасап, ортаға шығып қорғайды. Фотоколлажды қорғау барысында

менің ойымша, себебі, біздің пікірімізше, кейбір адамдардың ойынша тіркестерін қолданып сөйлейді. Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

5 мин





Суреттер, желім, қима қағаздар

«Білім ағашы», стикерлер

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

  2. Мұғалімнің нұсқауымен шылауларды, көмекші

сөздерді ажырату, ауызша жазбаша тілде қолдану

Дескрипторы

  1. Мәтін мазмұнын айтып бере алады.

  2. Жалғаулық шылаулар мен көмекші сөздерді қолданады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?






І топ

ІІ топ

ІІІ топ




мен

да

және




бен

де

әрі

пен

та

соң




те








Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?





Сабақтың тақырыбы

Күн райын бақылайық. (3-тоқсан, 5-тарау). 69-сабақ

Дағды

Оқылым және грамматика

Оқыту мақсаттары

4.3.2.1 Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

4.4.4.1 Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу

Лексикалық минимум

Тұман, бұршақ, тайғақ, моншақ, абайла

Алдыңғы білім

Қысқы ойын

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары




Кіріспе

Мұғалім жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға сұрақ қояды.

Өткен аптада күн райы қандай болды? Кәне, есімізге түсірейік. Оқушылардың барлығы өткен аптаның күн райын естеріне түсіреді.

Олардың назары жаңа сөздерге аударылады. Мұғалім интерактивті тақтадан жаңа сөздерге қатысты суреттерді көрсетеді. Оқушылар жаңа сөздерді меңгеріп болған соң, өткен аптаның ауа райын суретпен сәйкестендіреді. Осы жұмыс барысында оқушылар мұғалім ұсынған тірек сөздерді қолданады.

Тірек сөздер: менің ойымша, оның ойынша, мүмкін, дұрыс, ұмытып қалдым, есіме түсті, нақты білемін.

Сөйлем құрастыру барысында осы тірек сөздерге апта күндерін қосып айтады.

«Жаңа сөз үйренейік» айдары

Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескертеді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Оқушылар сөздерді бірнеше рет қайталайды, сөз тіркесін құрастырады, сөйлемдер құрайды (тұман, бұршақ, тайғақ, моншақ, абайла).

5 мин

Мұғалім-сынып


Жаңа сөздерді меңгертуге

байланысты әртүрлі суреттер





Негізгі бөлім

«Оқиық» тапсырмасын орындауда оқушылар оқулықтағы өлең шумақтарын кезекпен мәнерлеп оқиды. Әр топтан кезекпен өлеңді оқып болған соң, мұғалім оқушыларға өлең мазмұны бойынша сұрақ қояды.

  1. Өлеңнің бірінші шумағында күн райының қандай құбылысы туралы айтылған?

  2. Өлеңнің екінші шумағында күн райының қандай құбылысы туралы айтылған?

  3. Өлеңнің үшінші шумағында күн райының қандай құбылысы туралы айтылған?

  4. Өлеңнің төртінші шумағында күн райының қандай құбылысы туралы айтылған?

  5. Өлеңнің бесінші шумағында күн райының қандай құбылысы туралы айтылған?

  6. Өлеңнің алтыншы шумағында күн райының қандай құбылысы туралы айтылған?

  7. Өлеңнің жетінші шумағында күн райының қандай құбылысы туралы айтылған?

Оқушылардың жауабын мұғалім фишкалар арқылы бағалайды. Жасыл фишка – «өте жақсы»

Қызыл фишка «жақсы»

Сары фишка «нашар, толықтыру керек»

Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну мақсаты жүзеге асады.

3 мин

Жеке жұмыс


Бағалауға арналған түрлі түсті фишкалар

«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар өлеңнің мазмұнын апта күндерімен байланыстыра отырып, кестені толтырады. Кестені толтыру арқылы оқушылар өлеңнің мазмұнын толық меңгеріп, айтылым дағдылары дамиды. Тапсырма топта орындалады. Оқушылар топта ақылдаса отырып, кестені толтырады. Мұғалім оқушыларды бақылап, бағыт береді.

Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

2 мин

Оқушы-мұғалім

Апта күндері

жазылған кесте