Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2087

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Дүй- сенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бей- сенбі

Жұ- ма

Сен- бі

Жек- сенбі





























«Ізденейік» айдарындағы тапсырманы орындауда оқушылар өз беттерімен ғаламтордан алдағы аптаның күн райының болжамын қарастырады. Әр топ телефоннан туыстарына хабарлама жазады.

Хабарлама жасау үшін үлгіні басшылыққа алады. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар хабарлама жазуды және ғаламтордан

қажетті материалды іздеуді үйренеді. Тапсырма топта орындалады. Әр топ хабарлама жазып болған соң, оны оқиды.

3 мин

Жеке жұмыс (әр оқушы)

Хабарлама жазу үшін түрлі түсті қағаздан

қиылған

телефон макеті

Үлгі:




Туыстар, көршілер, достар!




Ертең күн райыболады.киініңіздер.

айтуынша, сынап бағанасы таңертеңкөрсетеді. Ал кешкекөрсетеді. Баршаңызға сәтті күн тілеймін.




Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың қажетті ақпаратты табу үшін түрлі дереккөздерді қолданады мақсаты жүзеге асады.




«Ойнайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар топқа бірігіп,

«Жұмбақ» ойынын ойнайды, заттардың атауын айтпай, оны жұмбақтап түсіндіреді. Бір затты сипаттап түсіндіреді, оқушылар ол заттың не екенін табады. Егер оқушылар затты дұрыс тапса, сол заттың суретін көрсетеді. Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

7 мин

Топтық жұмыс


Сипаттауға арналған заттардың

суреттері

Сипаттауға арналған заттарды оқушылар өздері таңдайды. Бұл тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыруға, өз ойын еркін, қымсынбай жеткізуге бағытталған.







Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға мұғалім пысықтау сұрақтарын қояды.

  1. Өлеңнің мазмұны не туралы?

  2. Бүгінгі сабақта қандай жаңа сөздермен таныстыңдар? Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

3 мин




Рефлексия:

«Бес саусақ»

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалауы болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийі

  1. Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

  2. Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу

Дескрипторы

  • Оқыған мәтін мазмұнын түсінеді.

  • Хабарландыруды көркем жазады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?








Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?



Сабақтың тақырыбы

Ғажайып қыс. (3-тоқсан, 5-тарау). 70-сабақ

Дағды

Сүзгі, мұзайдыны, сырғанақ тебу

Оқыту мақсаттары

4.5.1.5 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай және құрмалас сөйлем құрастыру

4.4.2.1 Оқыған/аудио/бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу

Лексикалық минимум

Сүңгі, мұзайдыны, сырғанақ тебу

Алдыңғы білім

Күн райын бақылайық

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары




Кіріспе

Мұғалім жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға сұрақ қояды.

Балалар, сендерге қыс мезгілі несімен ұнайды? Қыста сендер не істейсіңдер? Сырғанақ тебуге барасыңдар ма? Кіммен барасыңдар? Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап берген соң, оқушыларды жаңа сөздермен таныстырады. Оқушыларға интерактивті тақтадан жаңа сөздерге қатысты суреттер көрсетіледі, бірнеше рет қайталанады. Сондай-ақ, интерактивті тақтадан бірнеше сөздер беріледі, оқушылар осы сөздерді пайдаланып, сөз тіркестерін құрастырады.

Тірек сөздер: мұзды, таулы, қараңғы, аймақ, жер. Сөйлемдер құрастырып айтуда осы тірек сөздерге апта күндерін қосып айтады.

Мұғалім үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Жаңа сөздермен жұмысты жандандыру мақсатында оқушыларға ретсіз сөздер беріледі. Оқушылар берілген сөздерді орын тәртібі бойынша орналастыру арқылы сөйлем құрап үйренеді. Тапсырма топта орындалады. «Мозаика» әдісі бойынша әр топқа әртүрлі сөйлемдер беріледі. Оқушыларға қызығырақ болуы үшін мұғалім әр топқа қатысты сөйлемдерді жеке хатқалталарға салып береді. Әр топ өз хатқалтасындағы сөздер жазылған қиындыларды алып, сөйлемдер құрастырып, А4 парағына жапсырады.

Мұғалім оқушылардың құрастырған сөйлемдерін тексереді, мадақтау сөздері арқылы бағалайды.

7 мин

Мұғалім-сынып


Жаңа сөздерді меңгертуге

байланысты әртүрлі суреттер,

Хатқалтадағы сөздер, желім




«Ойланайық» айдарымен берілген тапсырмада оқушылар оқулықта берілген сызбаны пайдаланып сөз тіркестерін құрап айтады. Ал «ә» бөлігін орындауда оқушылар сөйлемнің ішіндегі сөздерді өз орындарына қойып қайта жазады. Оқушылар алдымен жеке орындап, кейін жұп болып немесе топ болып тексеру жұмыстарын жүргізеді.










Негізгі бөлім

«Есте сақтайық» жаттығуын орындау үшін оқушыларға «аса, тым, көп» сөздерінің мағыналары мысалдар арқылы түсіндіріледі. Оқушыларға осы сөздерді қолдану арқылы сөз тіркестерін құрастыруға тапсырма беріледі. Тапсырма ауызша орындалады, оқушылардың сөз тіркестерін құрастыру туралы түсініктері кеңейеді. Мұғалім оқушыларды түрлі түсті фишкалар тарату арқылы бағалайды.

Жасыл фишка– «өте жақсы» Қызыл фишка «жақсы»

Сары фишка – «нашар, толықтыру керек»

3 мин

Жеке жұмыс


Бағалауға арналған түрлі түсті фишкалар








«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар жұптасып, оқулықтағы сұрақтарды талқылайды. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын, сыни ойлауын дамытуға бағытталған. Оқушыларға дайындыққа уақыт беріледі. Әр жұп осы сұрақтар төңірегінде диалог құрастырып, өз диалогтерін баяндайды.

5 мин

Жұптық жұмыс

Оқулық

Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.




Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай және құрмалас сөйлем құрастыру мақсатын жүзеге асырады.




«Жазайық» тапсырмасын орындауда оқушылар оқулықтағы құрылымды пайдалана отырып, «Қыс ғажайыбы» тақырыбына шағын мәтін құрастырады. Тапсырма жеке орындалады. Бұл тапсырма

оқушылардың жазылым дағдысын дамытуға бағытталған. Оқушыларға жазылым тапсырмасын орындау үшін уақыт беріледі.

10 мин

Жеке жұмыс (әр оқушы)

Тірек сөздер жазылған парақша

Осы тапсырманы орындау арқылы көптік/тәуелдік/септік/жіктік

жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде қолдану мақсаты жүзеге асырылады.




«Талқылайық» жазылым тапсырмасы қорытындылау мақсатында жүргізіледі. Оқушылар өздерінің жазғандары туралы жұпта талқылайды. Жазылым тапсырмасын қалай орындағанын, қандай тіркестерді пайдаланғанын бір-біріне айтып береді, мәтіндерін оқып береді. Тапсырманы орындап болған соң, жазылым тапсырмасын қабырғаға апарып іледі.

10 мин

Топтық жұмыс


Жазылым тапсырмасы




Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушыларға сұрақ қояды.

Сендердің ойларыңша, қыс ғажабына нелер жатады?

Әр оқушы қыс мезгілі туралы өз ойларын айтып, сыныппен бөліседі. Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

5 мин





«Шапалақ» әдісі

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалауы болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

4.4.2.1 Оқыған/аудио/бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу

4.5.1.5 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай және құрмалас сөйлем құрастыру

Дескрипторы

  • Қыс тақырыбында шағын мәтін жаза алады.

  • Сөйлемдегі сөздердің орын тәтібін сақтайды.





Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?


Сабақтың тақырыбы

Қыстағы аңшылық. (3-тоқсан, 5-тарау). 71-сабақ

Дағды

Айтылым, оқылым

Оқыту мақсаттары

4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау

4.3.2.1 Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

Лексикалық минимум

Аңшы, бүркітші, аңшылық, аң аулау, құлақшын, қашу

Алдыңғы білім

Ғажайып қыс

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

«Көрсетейік және айтайық» тапсырмасы. Мұғалім жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға интерактивті тақтадан сурет көрсетеді. Олардан сұрайды. Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар? Адамдардың қолдарында нелер бар? Олар қайда бара жатыр деп ойлайсыңдар? Осы суретті талқылап болған соң, аңдардың терілері, бұғының мүйізінің суретін көрсетуге болады. Оқушылар өз білімдерін пайдаланып сұрақтарға жауап береді, мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады.

Аталған тапсырма миға шабуыл ретінде жаңа сөздерді меңгеруді көру арқылы жүзеге асыруға көмектеседі.

5 мин

Мұғалім-сынып


Аңшылыққа қатысты суреттер