Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2081

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Негізгі бөлім

«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырма оқушылармен аңшы, аңшылық

5 мин

Жеке жұмыс




жайлы сұхбат құруға, оқушылардың аңшылық жайлы білімдерін дамытуға арналған тапсырма. Тапсырма аңшылық тақырыбына бойлау мақсатында ауызша жүргізіледі. Мұғалім интерактивті тақтадан

сұрақтарды көрсетеді, оқушылар қалаған сұрақтарына жауап береді,

Бағалауға арналған түрлі түсті фишкалар

оқушылар дұрыс жауап бермеген жағдайда мұғалім толықтырады.




Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды.




Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар мұғалімнің қолдауымен




мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған




сұрақтар (Неліктен? Не үшін?) құрастыру және оған жауап беру




мақсатын жүзеге асырады.




«Оқиық» айдарындағы тапсырмада, ең алдымен, оқушылардың назары

7 мин

Жеке жұмыс

Оқулық

оқулықтағы суретке аударылады. Мұғалім оқушыларға мәтіннің не




туралы екенін болжату үшін сұрақ қояды: Қалай ойлайсыңдар, мәтін не




туралы болады? Мәтінде қандай қызықты оқиға туралы айтылуы




мүмкін? Оқушылардың болжам жауаптары тыңдалады. Суретке қарап




тақырыпты болжату оқушылардың қиялын дамытуға көмектеседі.




Оқушылар өз ойларымен бөліседі. Мәтін оқушылардың түсініп оқуына




арналған және түсінгендерін сұраққа жауап беру арқылы көрсетеді.




Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың таныс емес сөздер




кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінуі жүзеге асады.




«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар өз беттерінше мәтінді бір рет оқып шығады, содан кейін сұрақтардың

жауабын мәтіннен табады. Мәтінді меңгертуді тереңдету, жандандыру мақсатында оқушылар «Сәйкестендіру» тапсырмасын орындайды. Мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдердің жалғасын табады. Оқушылар

сөйлемдердің жалғасын тауып болған соң, топтар тапсырмаларымен ауысады. Олар бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Оқушылар бір-бірін

«Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

7мин

Топтық жұмыс

Сөйлемдер жазылған кесте, түрлі

түсті маркер- лер

«Жазайық» тапсырмасын орындауда оқушылар берілген сұрақтарға

6 мин

Топтық жұмыс




жауаптар жазады. Тапсырманы әр топтан бір оқушы тақтада орындаса да болады.

  1. Аңшылар қай кезде аңды тез тауып алады?

  2. Аңшылар қай кезде жүйрік атқа отырады, қолдарына қару алады?

  3. Қай кезде аңдар із қалдырады?

Мұғалім оқушылардың жазбаша тапсырмасын тексереді, қателері болса, оқушылардың өздеріне түзеттіруге әрекет жасайды.

Жазылым тапсырмасы








Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушыларға суреттер береді. Оқушылар суреттерге қатысты сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырады.

«Жіпке жан бітіру» әдісі арқылы жіп сұқ саусаққа оратылып біткенше аңшылық туралы әңгімелейді.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5сөйлем) баяндау, кері

байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау мақсатын жүзеге асырады.

Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

10 мин





Тоқыма жіп қиындысы

10-12 см

«Шапалақ» әдісі

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалімдер оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері

байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау

  1. Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

  • Мәтінді оқып түсінеді.

  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?



Сабақтың тақырыбы

Айналаны салыстыру. (3-тоқсан, 5-тарау). 72-сабақ

Тыңдалым_және_жазылым_Оқыту'>Дағды

Тыңдалым және жазылым

Оқыту мақсаттары

4.1.1.1 Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру

4.4.4.1 Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу




Лексикалық минимум




Алдыңғы білім

Қыстағы аңшылық

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

«Тыңдайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар диалогті оқиды. Жұптаса отырып әр жұп диалогті оқып шығады, диалогтегі қарамен жазылған сөздерден ереже құрастырады. Оқушыларға ереже құрастыру үшін А4 парағы үлестіріледі. Тапсырма топта орындалады. Әр топ алдымен оқулықтағы диалогті дамытып айтып береді және өз құрастырған ережелерін қорғайды. Мұғалім оқушыларды тыңдайды, мадақтау сөздері арқылы бағалайды.

Тыңдалыммәтіні:

Мәтінді тыңда, жүргізіп оқы.Қарамен берілген сөздерге қарап, ережеқұрастыр.

Жантөре:Жайна, саған қандай жыл мезгілі көбірек ұнайды?Жайна: Әрине,көктемкөбірек ұнайды.

Жантөре:Несебептікөктемдібәріненартығырақкөресің?

Жайна: Өйткенікөктемқысқақарағандажылырақ,алжазғақарағандасалқынырақ.Міне, солай!

Жантөре:Меніңше,бәріненкүзмезгіліжақсырақ!Ыстықтаемес,

салқындаемес.Бәріненбұрынкүздебау-бақшапіседі.Айналасарыалтындайболады. Тезірек күз келсе екен.

10 мин

Мұғалім-сынып


Аудиодиск

Негізгі бөлім

Есте сақтайық!

Мұғалім оқушыларға салыстырмалы шырайдың ережесін түсіндіреді. Мысалдар келтіреді. Оқушылардың естерінде жақсы сақталу үшін оқушыларға сөздер береді, оқушылар өздері жұрнақтарды жалғап айтады.

5 мин

Топтық жұмыс






Сөз соңын- да

А, ы, і, е

-рақ/-рек

жаңарақ, кішірек

қалған жағдай- дың

бәрінде

-ырақ/ - ірек

салқынырақ, тереңірек









«Жаттығайық» тапсырмасын орындауда оқушыларға бірнеше сөйлемдерден беріледі. Оқушылар сөйлемдерді қосымшалар жалғау арқылы өзгертеді. Мұғалім оқушылардың сөйлемдерін тексереді, бағалайды (кері байланыс орнатады). «Назар аударайық» айдарымен берілген мәліметтің маңыздылығын мұғалім оқушыларға түсіндіреді. Сөз соңындағы қатаң дыбыстардың қосымша жалғау барысында өзгеріске ұшырауын ұғындырады. Оқулық бетіндегі тапсырма аздық етіп жатса, мұғалім өз жанынан қоса алады. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар 4.4.4.1Каллиграфиялықнормаларғасәйкесәріптердіңөзарабайланысынсақтап,бірсызықтакөркемжазумақсатын жүзеге асырады.

10 мин

Топтық жұмыс

Өзгертуге берілген сөйлемдер




«Көрсетейік және айтайық» тапсырмасында оқушыларға суреттер беріледі. Суреттерді салыстыру арқылы салыстырмалы сөйлемдер құрастырады. Мұғалім оқушыларға мысалдар ұсынады. Мұғалім ұсынған мысалдарды басшылыққа ала отырып, оқушылар өз сөйлемдерін айтады. Тапсырма жазбаша орындалады. Бұл тапсырманы орындауда мұғалім оқушыларды көбірек шынайы өмірмен байланысты мысалдарға айтқызуға бағыттағаны жөн.

Үлгі: Бүгін күн райы кешегіге қарағанда салқынырақ..

7 мин

Мұғалім-оқушы

Мысал

сөйлемдері А3 парағында

жазылады




Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға «Ойланайық» айдарындағы тапсырма беріледі. Оқушылар ойлана отырып, сұрақтардың орнына сөздер қойып, сөйлемдер құрастырады.

Рефлексия: «Білім вагоны»



8 мин




Рефлексияға арналған «Білім вагоны»

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру

  2. Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу

Дескриптор

  • Тыңдаған мәтіннен нақты мәліметті таба алады.

  • Жаттығуды каллеграфиялық нормаларға сәйкес жазады.

Рефлексия