Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2070

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







«Оқиық» айдарындағы тапсырмада оқушылар мәтінді оқып, мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қойып, жауап алады. Мысалы:

  1. «Океанариум» дегеніміз не?

  2. Қазақстанда океанариум қашан және қай қалада ашылды?

  3. Бұл океанариум не себепті рекордтар кітабына жазылды?

  4. «Думан» океанариумына қанша тонна мұхит құмын әкелген?

  5. Бұл жасанды океанариумға қанша литр су керек болды?

  6. Океанаримда қанша теңіз жануары бар?

Тапсырманы орындау арқылы оқушылардың мәтінді қаншалықты меңгергендерін білуге болады. Топтар сұрақтарды бөліп алып, бір-біріне қояды, келесі топтағы оқушылар жылдам сұраққа жауап берулері керек. Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

Осы тапсырманы орындау барысында белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу мақсаты жүзеге асырылады.

«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

10 мин

Топтық жұмыс

Сұрақтар жазылған парақтар




Сабақты қорыту мақсатында «Жазайық» тапсырмасы орындалады. Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Мұғалім сабақ соңында оқушының өзін қалай бағалауын байқау мақсатында кеменің суретін таратып береді.

  • Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, кемеңді жасыл түске боя.

  • Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірсең, кемеңді сары түске боя.

Егер сен сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, кемеңді қызыл түске боя.

5 мин

Жеке жұмыс


«Білім кемесі»

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту

  2. Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

Дескрипторы

  • Шағын мәтіннің мазмұнын оқып түсінеді.

  • Сөздерді дұрыс жаза біледі.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?








Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?


Сабақтың тақырыбы

Теңіз астында (3-тоқсан, 5-тарау). 82-сабақ

Дағды

Оқылым, айтылым

Оқыту мақсаттары

4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

4.3.5.1 Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер, инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламторды) қолдану.

Лексикалық минимум

Терең, сүңгуір, теңіз, маржан, ұлу

Алдыңғы білім

Жасанды мұхит

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім оқушыларға жаңа сабаққа кіріспе ретінде теңіз астының суреттерін көрсетеді, олардан бүгінгі сабақты болжауларын сұрайды. Оқушылар суретке қарай отырып, бүгінгі сабақты болжайды. Тапсырманы әрі қарай жандандыру үшін оқушылар «Ойланайық» айдарындағы тапсырмаларды орындайды. Бұл тапсырмада оқушылар суретке қарай отырып, суретпен байланысты сөздердің тізімін жасайды.

«Жаңа сөз үйренейік» айдарында оқушылар суретпен жұмыс істеуді жалғастырады, бір суретке бірнеше сөзді сәйкестендіреді.

7 мин

Мұғалім-сынып

Теңізасты суреттері

Негізгі бөлім

«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар оқулықта берілген сөйлемдерді оқып, ұқсас сөйлемдер құрастырып айтады. Тапсырма оқушылардың сыни ойлауын, айтылым дағдысын дамытуға бағытталған. Оқушылар тапсырманы жеке орындайды.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну мақсатын жүзеге асырады.

8 мин

Жеке жұмыс

Оқулық








«Жаттығайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар берілген сөздерді орын тәртібі арқылы орналастырып, сөйлемдер құрастырады.

Қызық, терең, таяз, жарық, әдемі, бұлыңғыр, анық, мөлдір, жылдамҮлгі:Теңіздің асты құрлыққа қарағанда қызықтау.

Оқушылар тапсырманы топта орындайды.

Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту мақсатын жүзеге асырады.

10 мин

Топтық жұмыс

Оқулық




«Оқиық» айдарындағы тапсырмада оқушылар диалогті оқиды. Саусақтарымен ұстап, жүргізіп оқиды. Оқушылар жұпта оқиды. Әр топтан бірнеше жұптан оқып болған соң, сөйлесім әрекеттерін жандандыру мақсатында оқушылар диалог бойынша рөлдік ойын көрсетеді. Оларға дайындыққа уақыт беріледі. Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды. Ал мұғалім оқушыларға кері байланыс орнатады.

10 мин

Жұптық жұмыс




Қ

Сабақты қорыту мақсатында «Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырманы орындайды. Оқушылар мәтін мазмұны бойынша диаграмма құрастырады.

Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар шығарманың кейіпкерлері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша, ... оның пікірінше, ... оның айтуынша, ... кейбір адамдардың ойынша, ...) салыстыра отырып бағалау мақсатын жүзеге асырады.

Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, кемеңді жасыл түске боя. Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірсең, кемеңді сары түске боя.

Егер сен сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, кемеңді қызыл түске боя.

5 мин

Жеке жұмыс




о

р

«Білім кемесі»

ы




т




ы




н




д




ы




б




ө




лі




м




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

4.3.5.1 Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер, инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламторды) қолдану.

Дескрипторы

  • Өзіне таныс сөздерге сүйеніп

мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді.

  • Сөздікпен жұмыс істей біледі.

Рефлексия





Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?


Сабақтың тақырыбы

Орманды аймақ. (3-тоқсан, 5-тарау). 83-сабақ

Дағды

Оқылым, айтылым

Оқыту мақсаттары

4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

4.3.2.1 Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

Лексикалық минимум

Бу, құтқару, өрт, сарғаю, қашу, ауысу, қылқан, сөндіру

Алдыңғы білім

Теңіз астында

Пәнаралқ байланыс

Жаратылыстану, дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

«Сөйлесейік» айдарында мұғалім оқушыларға жаңа сабаққа кіріспе ретінде орманның суреттерін көрсетеді, олар орман туралы өз ойларын, не білетіндерін айтады. «Ойланайық» айдарындағы тапсырмада оқушыларға бірнеше сөздер беріледі, оқушылар сөздердің қарсы мәндерін тауып айтады. Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды.

5 мин

Мұғалім-сынып

Теңізасты суреттері

Негізгі

«Жаңа сөз үйренейік» айдарындағы тапсырмада мұғалім оқушыларға жаңа сөздерді суреттер арқылы меңгертеді. Оқушыларға сөздерді бірнеше рет

қайталатады, сөз тіркестері мен сөйлемдер құруға тапсырма береді.

5 мин

Жеке жұмыс

Оқулық








«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар мәтінмен танысады, мәтінді мұқият оқып шығады. Тапсырма оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушылар мәтіннің мазмұнын түсініп оқығаннан кейін, әр абзацқа сәйкес тақырыптарды анықтайды.

а) Орман – адам мен жануарлар үшін қолайлы орта. ә) Орман өсімдіктері емге пайда.

б) Орманға төнетін қауіп.

в) Орман топырағының құрамы.

Тапсырманы жандандырып, оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында мәтін мазмұны бойынша орманның суретін салғызып, қысқаша мазмұнын айтқызуға да болады. Тапсырма топта орындалады. Тапсырманы орындап болған соң әр топтан екі оқушы шығып, суреттері бойынша мәтінді мазмұндайды. Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды. Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар таныс емес сөздер

кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну мақсатын жүзеге асырады.

10 мин

Топтық жұмыс

Оқулық, сурет салуға қажетті А4 парағы, түрлі түсті қарын- даштар мен маркерлер




«Назар аударайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар кейбір сөздердің қарсы мағыналарымен танысады. Берілген сөздерді оқушылар дәптерлеріне жазып алады.

Қолайлы – қолайсыз. Пайдалы – пайдасыз. Сулы – сусыз. Құнарлы құнарсыз. Иісті – иіссіз. Орманды ормансыз.

Берілген сөздер оқушылардың естерінде жақсы сақталулары үшін мұғалім оларға сөздерді бірнеше рет қайталатады.

10 мин

Жұптық жұмыс

Оқулық, дәптер




Сабақты қорыту мақсатында «Жаттығайық» айдарындағы тапсырманы орындайды. Бұл тапсырмада оқушылар үлгіні басшылыққа ала отырып, сөйлемдер құрастырып жазады. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың сөйлем құрастыра білу дағдылары қалыптасады.

10 мин

Жеке жұмыс


«Білім кемесі»

Үлгі бойынша жаз. «Пайдалы-пайдасыз» сөздерінің бірін пайдалан.




Үлгі:Мынау өсімдік тамыры. Одан дәрі жасайды. Ол өте пайдалы.




Мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексереді. Кері байланыс орнатады. Оқушылардың қателері болса, өздеріне түзеттіру үшін әрекет етеді.




«Ойнайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар оқулықта берілген тапсырманы орындау арқылы әріптерден сөз құрап, оларды ретімен жазады.




Рефлексия. Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, кемеңді жасыл түске боя. Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірсең, кемеңді сары түске боя. Егер сен сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, кемеңді қызыл түске боя.




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек.