Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2071

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

  2. Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

Дескрипторы

  • Сөйлеу этикетін сақтайды.

  • Өзіне таныс сөздерге сүйеніп мәтіннің негізгі идеясын, жалпы мазмұнын түсінеді.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?




Сабақтың тақырыбы

Қайталау. (3-тоқсан, 5-тарау). 84-сабақ

Дағды

Оқылым, айтылым

Оқыту мақсаттары

4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

4.2.6.1 Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту

4.3.2.1 Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

4.3.4.1 Мұғалімнің қолдауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызекі және жазба тілде қолдану

Лексикалық минимум




Алдыңғы білім

Орманды аймақ

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы





С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақтың қайталауға арналған сабақ екенін ескертіп айтады. Яғни өтілген тақырыптарға шолу жасалынып, оқушылар ауызша және жазбаша жұмыс жүргізеді.

«Халықтық болжамдарды білемін» айдарындағы тапсырмада оқушылар болжамдарға қатысты сөйлемдері толықтырады.

Әр топ тапсырманы жеке орындайды. Мұғалім тексереді, оқушыларға кері байланыс орнатады.

Жаз найзағайлы болса, қыс ... болады.

Дала тышқандары топ болып шөп жинаса, жақында ... жауады. Мысық айналаны тырналаса, күн ... немесе жаңбыр болады.

Бозторғай ұясын ой жерге салса, жаз ... болады. Аспанда жұлдыз көп болса, күн ... болады.

Мысық шалқасынан жатса, күн ... болады.

Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері

байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу мақсатын жүзеге асырады.

5 мин

Мұғалім-сынып




Негізгі бөлім

«Көктем мезгілі туралы айтып бере аламын» тапсырмасы оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға бағытталған. Бұл тапсырманы орындауда оқушылар жұпта жұмыс істейді.

Екі оқушыға жеке-жеке сұрақтар беріледі. Осы сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар диалог құрастырады. Оқушылар бір-бірін «Шапалақ»

әдісі арқылы бағалайды.

10 мин

Жеке жұмыс

Жұптарға арналған сұрақтар жазылған

парақшалар

«Табиғат құбылыстарының атауын білемін» атты тапсырманы орындауда оқушыларға табиғаттың әртүрлі құбылыстарының суреттері беріледі. Оқушылар суретке қарап құбылыс атауын жазады. Тапсырма жазбаша тақтада орындалады. Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

10 мин

Топтық жұмыс

Табиғат құбылыстар ының суреттері




«Заттарды санауды және жазуды білемін» айдарындағы тапсырмада оқушылар сан есімдерді қайталайды. Сөйлемдердегі сандарды сөзбен жазады, есептейді, жалпы санын айтады.

а) Теңізден 7 теңіз тасбақасын көрдім. Әр тасбақаның қасынан 3 кішкентай тасбақадан көрдім. Барлығы неше теңіз тасбақасын көрдім?

ә) Орманнан жапырақ тердім. Оның үшеуі сарғайған жапырақтар, ал екеуі

– қоңыр жапырақ, тағы екеуі – жасыл жапырақтар. Барлығы неше жапырақ тердім?




Жұптық жұмыс

Оқулық, дәптер








«Сөздердің қарама-қарсы мағынасын білемін» айдарында оқушыларға

бірнеше сөздер беріледі, оқушылар сөздердің қарсы мағыналарын жазады.

5 мин




Сөздер




«-сыз қосымшасының мағынасын түсінемін» айдарындағы тапсырмада оқушылар сөздерге қосымшаны жалғап, сөйлем құрайды.

құнарлы пайдалы желді бұлтты қауіпті сулы орманды қолайлы

5 мин










Сабақты қорыту мақсатында оқушылар табиғат құбылыстары туралы мәтінді тыңдап, түсінеді, диктант жазады.

А оқушы

Сулы, орманды аймақтарда топырақ құнарлы болады. Ол жерге жаңбыр жиі жауады. Теңіздің немесе көлдің суы бу болып көтеріледі. Будан бұлт құралады.
Б оқушы

Теңіздің бетінде су жылы болады. Теңіздің ортасында су салқындай

бастайды. Ол жерге күннің шуағы, сәулесі түспейді. Теңіздің түбі мүлде қараңғы болады.
Сонымен қатар оқушылар табиғат құбылыстарын сипаттап және салыстырып жазады. Оқушылар соңғы үш күннің күн райын салыстырып жазады, олар үлгіні басшылыққа алады.
Үлгі:Алдыңғы күні бұршақ жауды. Кешеге қарағанда ұзақ жаумады. Кеше жаңбыр таңертеңнен кешке дейін ұзақ жауды.


Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар мұғалімнің нұсқауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызекі және жазба тілде қолдану мақсатын жүзеге асырады.

5 мин

Жеке жұмыс


Тыңдалым мәтіні, кесте

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

  2. Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту

  3. Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

  4. Мұғалімнің қолдауымен шылауларды, көмекші сөздерді

ажырату, ауызекі және жазба тілде қолдану

Дескрипторы

  • Табиғат құбылыстарына қатысты сөздерді меңгереді.

  • Жыл мезгілдерін, ауа райын сипаттап айта алады және жаза алады.

  • Мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді.

  • Шылау мен қосымшаны ажыратады.



алдыңғы күні

кеше

бүгін














Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?




  1. Қоршаған ортаны қорғау



Сабақтың тақырыбы

Табиғат – ортақ үйіміз. (3-тоқсан, 6-тарау). 85-сабақ

Дағды

Айтылым, оқылым.

Оқыту мақсаттары

4.1.2.1 Таныс емес сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну

4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

Лексикалық минимум

Киік, марал, мал дәрігері, сығалап қарау, қорғау

Алдыңғы білім

Қайталау

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім сабақты бастағанда оқушыларды жаңа тақырыпқа жетелейтін сұрақтар қояды. Балаларға: «Сендер табиғатқа жиі шығасыңдар ма?»,

«Табиғатқа не мақсатпен шықтыңдар?», «Қандай дала жануарларын немесе құстарын көрдіңдер?» – деген сауалдар қойылып, негізгі тақырыпқа ойысады. Осы орайда орманды аймақта және далалық аймақта ұшырасатын жан- жануарлар туралы сөйлесуге немесе жұмбақ жасыруға болады. Сонымен қатар оқушының үшінші сыныпта алған білімін қайта жаңғырту мақсатымен бұрын танысқан жан-жануарлардың суретін тақтаға магнит арқылы жапсырып, сұрыптату жұмысын тапсыру оқушының сабаққа деген белсенділігін арттырады.

5 мин

Мұғалім-сынып








Негізгі бөлім

Оқушылардың назары келесі кезекте оқулық бетіне аудартылады. Оқулық бетінде «Жаңа сөз үйренейік» айдары бойынша ұсынылған суреттерді пайдаланып, мұғалім жаңа сөздерді таныстырады. Әр сөздің қатесіз айтылуына жете көңіл бөліп, алдымен топта, кейін кіші топта, соңында жеке- жеке оқушыларға айтқызып жаттықтырады.

5 мин

Жеке




Жаңа сөздерді санада берік қалыптасуы үшін мұғалім оқушыларға оқулықта

«Жаттығайық» айдарымен ұсынған тапсырманы орындатады. Егер оқушылардың әлі де болса жаңа сөздерді меңгеруі нашар болып жатса, мұғалім қосалқы тапсырмаларды ұсына алады. Мәселен, мұғалім алдыңғы сабақтардан таныс болған жан-жануарлардың арасына жасырып, тапқызу немесе ол суреттерге сөздерді сәйкестендіру, болмаса әріптері шатасқан атауларды қалпына келтіру сынды тапсырмаларды қолдана алады. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар таныс емес сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну мақсатын жүзеге асырады. Оқушылар үшін үй жануарлары мен дала жануарларының төлдерін ажырату қиындық туғызады. Осы орайда бұрыннан таныс «Жануарлардың төлдерін тап!» ойынын ұйымдастырып, жаңа білім ретінде киіктің баласы құралай екенін оқушыға таныстыру орынды болады.

5 мин

Мұғалім-сынып




Оқулықта ұсынылған келесі тапсырма «Көрсетейік және айтайық» айдарымен беріледі. Оқушылар суретке қарап оқитын мәтіні не туралы болуы мүмкін екенін болжайды. Демек, бұл тапсырма оқылымалды тапсырма болып табылады. Оқушы мейлінше оқитын мәтінді оңай қабылдай алатындай жұмыс түрі ұйымдастырылады. Суретпен жұмыстың көптеген түрлерін мұғалім осы тұста кеңінен қолдана алады. Мысалы, «Суреттен көрініп тұрған заттарды атап бер» тапсырмасын беруге болады. Сондай-ақ, «ия» немесе «жоқ» жауабын беретіндей сурет туралы сөйлем оқу. Бұл тапсырма кезінде де сыныптың деңгейіне орай тапсырма түрі таңдалады.

8 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар




«Оқиық және жауап берейік» тапсырмасын орындауда оқушылардың айтылым дағдысы қоса қалыптасады. Мұғалім оқулық бетіндегі мәтіннің бетін ақ парақпен жабуға нұсқау береді. Балалар оқылатын мәтіннің абзацтарын біртіндеп ашып отырып оқиды. Әр абзац соңында сұраулы сөйлемдер берілген, оқушылар осы сұрақтың жауабын болжап айту арқылы ой бөліседі, келесі абзацты оқу арқылы өз болжамдарының дұрыс немесе бұрыс болғанына көз жеткізеді. Осылайша түгел мәтін болжау стратегиясы арқылы оқылады. Оқылым аяқталғаннан кейін, мұғалім оқушылардың назарын «атакәсіп» сөзіне аударады. Оның мағынасын түсіндіріп, осындай кәсіп оқушылардың отбасында да болуы мүмкін екендігін тілге тиек етіп сұрайды. Осы орайда мамандықтар тақырыбында алған білімін оқушылар қолданып сөйлейтін болады. 4.3.2.1Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойдытүсінуоқу мақсаты игертіледі.

7 мин