Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2067

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







«Назар аударайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар «атакәсіп дегеннің не екенін түсінеді.». мұғалім оқушыларға мысалдар келтіру арқылы осы сөздің мағынасын түсіндіреді.













«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар оқылымнан алған білімдерін, мәліметтерін қолданып, айтылымға қатысады. Оқулықта ұсынылған сұрақтар төңірегінде оқушылар алдымен жұпта талқылап, кейін топта талқылауға қосыла алады. Мұндай жағдайда сөйлеу дағдысы қалыптаспаған, қабілеті төмен оқушылар өзгелерді тыңдау арқылы ұмтылыс жасап, сөйлеуге тырысады. Егер уақыт қалып жатса, оқушыларға табиғат қорғауға өз үлестерін қосатын жәндіктер мен құстар туралы жұмбақтар жасырып, тапқызу сынды тапсырмаларды ұсынуға болады.

Жапырақ жоқ бұтасында,

Қос емен өсiп тұр бiр басында. (Бұғы) Тiк жардай түстi,

Шұбатылған

Тұмсығы күштi. Таситын жүктi,

Бұл қандай мықты? (Пiл) Түрi жылқы бейнесi,

Жолақ-жолақ жейдесi. (Зебр) Қара ала тоны бар,

Аңдардың ол краны. Оны сен де танып ал,

Серейiп кеп тұрады. (Жираф)

7 мин







Қор. бөлім

Рефлексия: «Іздер». Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім

оқушылардың әрқайсысына түрлі түсті қағаздардан қиылған іздер таратады. Әр оқушы өзіне берілген «ізге» бүгінгі сабақта өзіне қызықты болған, жүрегіне із қалдырған нәрсені жазады. Мұғалім ізді «Үлгілі іздер» тақтасына жапсырады.

3 минут

Сынып-мұғалім




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау криерийлері

  1. Таныс емес сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну

  2. Бейтаныс сөздер кездесетін шағын

мәтіндегі негізгі ойды түсіну

Дескрипторы

  • Мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді.

  • мәтіннің негізгі идеясын анықтай алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?








Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?




Сабақтың тақырыбы

Қорықта. (3-тоқсан, 6-тарау). 86-сабақ

Дағды

Тыңдалым

Оқыту мақсаттары

4.1.1.1 *Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру

4.1.3.1 *Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын

анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру/болжау

Лексикалық минимум

Қорық, мүйіз, еркін жүру, жайылу, қоршау

Алдыңғы білім

Табиғат – ортақ үйіміз

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім сабақты жұмбақпен бастайды. Осылайша жаңа сабақ хабарланады.

Мүйiзiнен таралған,

Жанға шипа дәрi алған. (Марал)

Оқушыларды жаңа тақырыпқа енгізу үшін маралдың суретін тақтаға іліп, оны киіктен қалай ажыратуға болатыны туралы талқылау ұйымдастыруына болады. Осы тұста жануардың дене мүшелерінің атауын қоса қайталату артық болмайды. Осы кезде жаңа сөз ретінде «мүйіз», «жайылу», «қоршау»,

«қорық», «еркін жүру» сөздерінің таныстырылып кеткені жөн болады. Суретпен түсіндіруге келмейтін сөздерді қимылмен немесе бейнематериалдар көрсету арқылы ұғындыру қажет болады.

5 мин

Мұғалім-сынып








Негізгі бөлім

Мұғалім оқушылардың назарын келесі кезекте оқулыққа аударады. Оқулықтың алғашқы тапсырмасы ретінде «Ізденейік» айдарымен ұсынылған тапсырма берілген. Аталған тапсырманы орындауда топтық жұмыс түрі оңтайлы болып келеді. Оқушылар тапқан мәліметтерімен бөлісіп, білімін толықтырады. Мұғалім бұл сабаққа арнайы сөздіктер мен энциклопедиялық кітаптарды алып келеді. Сонымен қатар сабақта ғаламторды қолдануға рұқсат етіледі.

7 мин

Топпен




Оқушыларға ұсынылатын оқулықтың келесі тапсырмасы тағы да ізденіске бастайды. Бұл тапсырма негізінен оқушының тыңдалым дағдысын дамытуға арналған. Алайда тапсырманы оқушының оңай орындай алуына қолдау көрсеткіміз келсе, алдымен таныс емес сөздерін анықтап алу мақсатымен тыңдату орынды болады. Осылайша оқушылар сөздіктің немесе ғаламтордағы дереккөздердің көмегіне жүгінеді. Одан әрі тыңдалым мәтіні қайта қосылып, оның жалпы мазмұнын ұғыну тапсырылады. Оқушыларға мейлінше қолдау көрсету мақсатымен тыңдау әрі жүргізіп оқу мүмкіндігі оқулықта қатар беріледі. Аталғантапсырманыорындатубарысында4.1.1.1 оқу мақсатыоңтайлы іскеасады.

5 мин

Мұғалім-сынып




«Тыңдайық және оқиық» айдарымен ұсынылған тапсырма арқылы оқушылар оқулықта ұсынылған сұрақтарды өздеріне қою арқылы тыңдаған және оқыған мәтіндері туралы терең ойланып, ондағы кодталып берген мәліметтер туралы сөз қозғайтын болады. Өз тараптарынан себеп мәнді сөйлемдер құрап айтуға мұғалімнің көмегімен ұмтылыс жасайды.

«Тыңдайық және жауап берейік» айдарындағы тапсырманы орындауда оқушылар мәтінді қайталап тыңдап, өзі тапқан мәліметті тексереді.

5 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар Аудиодиск




Оқулықта «Сен білесің бе?» айдарымен берілген мәлімет оқушы үшін міндетті саналмайды. Алайда уақытқа сыйып жатса, ондағы дерек туралы кеңінен мәлімет беру қошталады. Одан әрі оқулықта «Ойнайық» айдарымен тапсырма берілген. Бұл тапсырманың мақсаты алдыңғы сыныптарда өткен сан есім тақырыбын оқушылардың санасында қайта жаңғырту. Сан есім туралы білімді тереңдету. Оқушылар «бинго» ойынын ойнап отырып, сандардың дұрыс айтылуына ден қояды, сәйкесінше, осы сабақтың лексикалық минимумдарын қайталау, қолдану мүмкіндігіне ие болады.

3 мин










Кезекті тапсырма «Ойланайық» айдарымен берілген. Бинго картасындағы ең үлкен сан немесе ең кіші сан қайсысы екенін оқушыларға анықтату, сондай-ақ, сандардың қайсысы жұп, қайсысы тақ сандар екенін ажыраттыру сан туралы оқушы білімін тереңдете түседі.

6 мин














«Жазайық» айдарындағы тапсырманы орындауда оқушылар сандарды сөзбен жазады. Оқулықта ұсынылған соңғы тапсырма оқушылардың сандарды сауатты жаза білуіне көңіл бөлу мақсатымен берілген. Оқушылар өздерінің жазу дәптеріне дара және күрделі сандарды жазады. Тапсырманы одан әрі тереңдету үшін «20-ға дейінгі тақ сандарды жаз немесе 20-дан 40- қа дейінгі тақ сандарды жаз» тапсырмасын беруге болады. Бұдан басқа дайын кестелі карточкалар үлестіріп, «Орны бос сандарды сөзбен жаз» деген тапсырмасын түрлендіре отырып ұсына алады.

6 мин







Қорытынды

Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Сабақ бойында қандай тапсырманы орындауға қиналғанын, қандай тапсырманы орындау оңай болғанын талқылайды. Оқушылар тарапынан түскен ұсыныстарды келесі сабақтарда ескеру мақсаты көзделеді. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға мұғалім алғыс білдіреді.

3 мин

Сынып-мұғалім




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру

  2. Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны

бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру/болжау

Дескрипторлары

  • Тыңдаған мәтіні боынша сұрақ құрастыра алады, қойылған сұраққа жауап бере алады.

  • Кестені нақты мәліметтермен толықтыра алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?





Сабақтың тақырыбы

Сұлулықты сақтайық. (3-тоқсан, 6-тарау). 87-сабақ

Дағды

Тыңдалым

Оқыту мақсаттары

4.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру

4.1.4.1 Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің нұсқауымен анықтау

Жаңа сөздер

Теке, ешкі, тұяқ, шөл, азаю, жойылу

Алдыңғы білім

Қорықта

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім сабақты бастамас бұрын С.Сейфуллиннің мына бір өлең жолдарын оқуына болады.

Қап-қара екі көзі мөлдіреген, Әдемі екі танау желбіреген.

Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды, Жел түрткен жусаннан да селдіреген.
Мұғалім өлеңді оқу барысында өлеңнің мазмұнын ұғуға көмектесетін ым- ишараны, қимылды қосып, оқушылардан қандай жануар болуы мүмкін екендігін сұрауға болады. Әлбетте, 4-сынып оқушылары өлеңді терең түсіне алмайды. Бұл тұста оқушы өлеңнің жалпы мағынасын түсінуі ғана маңызды болмақ. Көзі әдемі жануар туралы оқушылар ойланып, ізденетін болады.

Мұғалім оқушылар дұрыс жауап ұсына алмаған жағдайда өзі жауап береді.

5 мин

Мұғалім-сынып




Негізгі бөлім

Одан әрі мұғалім оқушыларға оқулықта ұсынылған жаңа сөздерді меңгерту жұмысын жалғастыра алады. Киіктің суретін тақтаға үлкейтіп ұсынып, кітаптағы суреттерді пайдаланып оқулықтағы сөйлемдерді оқытады. Оқушылар «лақ», «теке», «ешкі», «тұяқ» сөздерін үйренеді. Жаңа сөздердің санада берік қалыптасуы үшін басқа да қызықты тапсырмаларды мұғалім қосымша ұйымдастыра алады. Мысалы, әріптері шатасқан сөздерді қалпына келтіру немесе қандай әріп қате жазылғандығын анықтату, әріптерді шашып беріп, тез сөз құрату тапсырмаларын түрлендіріп беруге болады.

7 мин

Топпен