Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2058

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Сабақтың тақырыбы

«Қызыл кітапқа» енген гүлдер. (3-тоқсан, 6-тарау). 93-сабақ

Дағды

Айтылым, оқылым

Оқыту мақсаттары

4.2.3.1 * Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

4.3.2.1 Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

Тілдік міндеттер

-

Жаңа сөздер

Гүлзар, раушангүл, тікенек, сирек, теру

Алдыңғы білім

Пайдалы өсімдіктер

Сабақтың барысы

С.кезең


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары




Кіріспе

Мұғалім сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушыларға «Қандайгүлдіңтүрлерінбілесіңдер?» деген сауал тастайды. Оқушылар өздері білетін гүлдерді атап, тізімін жасайды. Одан соң мұғалім сыныпқа гүл себетін енгізіп,

гүлдердің ең танымал түрлерін көрсетеді.

5 мин

Мұғалім- Сынып




Негізгі бөлім

Оқушылардың назары оқулыққа аударылып, онда берілген жаңа сөздерді меңгертуге мұғалім баса назар аударады. Әсіресе, сыныпқа әкелінген раушан гүлінің макетін немесе суретін көру арқылы оқушылардың санасында белгілі бір гүл туралы түсінік қалыптасады. Меңгеруге ұсынылған сөздер қатысатын

пысықтау жаттығуы аздық етіп жатса, мұғалім өз жанынан қоса алады.

5 мин

топпен


Оқулық

«Жаттығайық» айдарымен берілген тапсырмада оқушылар осы сабақта меңгерген жаңа сөздерін қолдануға үйренеді. Тапсырманы оқушылар алдымен

жеке орындайды, кейін жұп немесе топ бюолып тексереді.










«Оқиық» айдарымен берілген тапсырма. Оқулықта келесі ұсынылған оқылым тапсырмасын мұғалім «Джигсо» әдісін қолдану арқылы орындатады. Бұл әдіс бойынша сынып оқушылары үш топқа бөлінеді, әр топ өзіне тиіс мәтіндерін оқуға жұмылдырылады. Осылайша әртүрлі мәтін бір уақытта бір сынып ішінде оқылады. Тапсырманың оқылу уақытын мұғалім қатаң қадағалайды.

10 мин

Мұғалім - сынып



Оқулық

«Оқиық және жауап берейік» оқушылар постерге сызып, оған оқыған мәтін туралы мәліметті кестеге салады.

Ескертілген уақыт болғанда оқушыларды тоқтатып, өз мәтіндері бойынша тезисті сөйлемдер жазып алуларына рұқсат береді. Бұл жазбаларды жаздыру әлбетте міндетті емес, алайда сөйлеу барысында оқушылардың пайдасына жарайтын нұсқау, көмек болу мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз. Мұндай мүмкіндік соңында әр топ өз мәтіндері туралы пікірлерімен бөліседі.

10 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық




Оқулық ұсынатын соңғы тапсырма «Ізденейік» айдарымен беріледі. Бұл тапсырма негізінде оқушылар өздеріне ұнаған өсімдікті зерттеу нысанына алып, ол туралы мәлімет жинақтайды. Және ол мәліметті сынып алдында ауызша баяндайды.

7 мин




Энцикло- педиялық кітаптар

Қорытынды

Мұғалім сабақты қорытындылау үшін «Ыстық орындық» әдісін қолданады. Оқушылардың өз қалауларымен немесе мұғалімнің өз ұйғарымымен бір оқушы ыстық орындыққа отырады. Сынып болып ол оқушыға бүгінгі сабаққа қатысты сұрақ қойылады. Бірнеше оқушы орындыққа ауысып отыру арқылы сабақ түгел қайталанып шығады.

Оқушылар бір-біріне смайликтер жапсыру арқылы бағалайды.

3 мин

Сынып- мұғалім




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Тақырыпты қорыту мақсатында лексикалық қор мен грамматикалық білім астастырыла қайталанса, пысықтау шаралары нәтижелі болмақ.

Өсімдіктердің суреті ғана орналасқан постерге оқушылар бар есте қалған мағлұматтарын жазып қалдыру арқылы сыныптың тақырыпты қандай дәрежеде меңгергенін бағамдауға болады.

Мұғалім сабақты Рефлексия: «Іздер» арқылы қорытады. Мұнда оқушылардың әрқайсысына түрлі түсті қағаздардан қиылған іздер таратылады. Әр оқушы өзіне берілген «ізге» бүгінгі сабақта өзіне қызықты болған, жүрегіне із қалдырған нәрсені жазады. Мұғалім ізді «Үлгілі іздер» тақтасына жапсырады.



Бағалау критерийлері

1. 4.2.3.1 * Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

Дескриптор

  • Мәтін мазмұнын баяндауда табиғи қалыпта сөйлейді.

  • Қойылған сұрақтарға дер кезінде жауап береді.





2. 4.3.2.1 Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну




Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?




Сабақтың тақырыбы

Қайталау. 94-сабақ

Дағды

Айтылым және жазылым, грамматика

Оқыту мақсаттары

4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5сөйлем)баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс

ырғағын келтіріп сөйлеу

4.4.2.1 Оқыған\аудио\бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу

4.5.1.2 Көптік\тәуелдік\жіктік\ септік жалғаулы сөздерді ауызша\жазбаша қолдану

4.5.1.5 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру

Алдыңғы білім

Қызыл кітапқа енген гүлдер

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары




Кіріспе

Балалар, біз бүгінгі сабақты Алдаркөсемен бірге өткізбекшіміз. Алдаркөсе бүгін бізге көптеген қызықты тапсырмаларымен келген екен. Алдар әдеттегідей бізді шатастырып, алдағалы келген екен. Ал біз оның алдауына түсіп қалмауымыз керек. Солай ма?

Ендеше Алдардың тапсырмаларына кезек берелік.

«Заттың санын шамалап айта аламын» айдарында оқушыларға сан есімді қайталату мақсатында сөйлемді сандармен толықтыр тапсырмасы берілген. Мысалы:

1. жастағы маралдың мүйізін қымбатқа сатады.

2 мин

Мұғалім-сынып

Алдаркө- сенің суреті, көрнекі- ліктер.

Оқулық

2. Әр бұғыданкг-ға дейін мүйіз алады.




3. Киіктің текелерінің салмағы шамаменболады.




4. Кәрі емен шамаменжылдай өмір сүреді, кейбір түрлері 2000-нан асады.




5. Нұрғали ағаның бағындатүп ағаш бар.




6. Лалагүлдің биіктігі шамаменcм.




«Заттардың ретін айта аламын және жаза аламын» айдарында реттік сан есім, апта күндерінің айтылуы сияқты пысықтау сұрақтары беріліп, оқушылардың өткен тақырыпты меңгеруін бекітеді. Мысалы:

  1. Сен нешінші сыныпта оқисың?

  2. Сен нешінші қатарда отырсың?

  3. Бүгін аптаның нешінші күні?

  4. Рет саны бойынша қазір нешінші ай?

3 мин

Топтық жұмыс

Оқулық

Негізгі бөлім

«Өсімдіктің атауын білемін» айдарында оқушылар суреттерді көре отырып, бос торкөздерге өсімдік аттарын тауып көрсетеді.

5 мин

Жеке

Оқулық

«Сөздерге мәндес мағынаны білемін» айдарында 4.2.1.1 мақсаты жүзеге асырылады. Оқушылар өз түсініктері бойынша берілген

сөздерге мәндес мағынасын сәйкесінше үстеп, тапсырманы орындайды, сөз мағыналарын еске түсіреді. Мысалы:

Ағаш отырғызу – ... егу. баптап күту – ...

Азаю ... (жидек) теру – ...

Бақылау ... сирек – ...

Үйір ... тұщы – ...

5 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

«Өсімдіктер құрылымын білемін» айдарында берілген раушангүлі мен емен ағашының, не болмаса мұғалімнің өзінде суреті бар басқа ағаш, гүл түрлерін оқушыға ұсынуға болады. Мұнда өткен сабақтардағы

жаңа сөздерге және тақырыптық ерекшеліктерге ден қоя қайталау мақсат етілген. Бұл ретте оқушы түйсігін, ойлау қабілетін (кругозорын) шыңдау көзделген.

3 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық








«Жануарларды қорғау туралы пікір айтамын және ұсыныс жаза аламын» айдарында оқушыларға «Маралдарды қорғау туралы өз ұсынысыңды жаз» тапсырмасы берілген. Мұнда осы жоспар үлгісін басшылыққа ала отырып, «Жануарларды қорғау маңызды» атты

пікірлерін жазады.

Қазіргі уақытта маралдар азайып бара жатыр. Маралдардың жойылуына түрлі себептер бар.

Бірінші, ................................. .

Екінші, ................................... .

Үшінші, .................................. .

Бұл мәселелерді шешу үшін мынадай ұсыныс айтқым келеді. Алдымен .................................. .

Содан соң .................................. .

Келесі ......................................... .

Қорыта айтқанда, маралдарды қорғау керек. Олардың адамға пайдасы өте көп. Табиғатты аялайық. Мұнда 4.4.2.1 оқу мақсаты жүзеге асырылады.

Оқушылар өз-өздерін «бағдаршам» арқылы бағалайды.

5 мин

Жеке жұмыс

Сынып

Оқулық

Сергіту: Ал, енді, Алдар аға, бізге сиқырлы қорап әкелген екен. Сол қорапты ашсаң көңілді әуен ойнайды екен. Сол әуенді тыңдап, қимылдарын қайталайықшы. Бір сергіп қалайық.

Мысалы: Жорға биі т.б. сергіту жаттығуларын (ноутбуктан) қоя алады.

7 мин

Жұпт.ж. Сынып




-Ой, Алдар аға, рақмет сізге. Сергіту сәті керемет болды.

Ал, енді, Алдар аға, манадан оқушылармен қызықты

тапсырмаларыңызды ортаға салып, балалардың біліміне қанық

болдыңыз. Енді олар сізге сыйлықтарын ұсынсын. Бұл кезде оқушылар Алдар ағаларына жазған пікірлерін оқып беріп, қуаныш сыйлайды.

Оқушылар бір-бірін бас бармақпен бағалайды.

5 мин

Жеке,топ- тық, жұптық жұмыс

(4 оқушы)




Фотосельфи: оқушылар осы сабақтан естелік болсын деп Алдар суретімен тақта алдына жиналып суретке түседі.

2 мин

Жеке ж. Жұптық жұмыс




Қор. бөлім

Сабақ соңында мұғалім сабақты «Білім ағашы» әдісі арқылы қорытады. Мұнда оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

«Білім ағашына» бүгінгі сабақтағы еңмаңызды деп санаған 3 нәрсені стикерге жазып, жапсырады.

3 мин

Сынып- мұғалім




Қосымша ақпарат

Бағалау критерийлері

  1. Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

  2. Оқыған\аудио\бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу

  3. Көптік\тәуелдік\жіктік\ септік жалғаулы сөздерді ауызша\жазбаша қолдану

  4. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және

құрмалас сөйлем құрастыру

Дескриптор

  • Сұқбаттасу барысында екеуара әңгімені үзбай жалғастыра алады.

  • Оқыған не тыңдаған мәтіннің мазмұнын тірек сызбаға сүйеніп баяндай біледі.

  • Қосымшаларды дұрыс таңдап қолданады.

  • Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтайды.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?








Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?



Сабақтың тақырыбы

Жәндіктердің айтысы. (3-тақсан, 6-тарау). 95-сабақ

Дағды

оқылым және жазылым

Оқыту мақсаттары

4.3.4.1 Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс- әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру

4.4.4.1 Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу

Лексикалық минимум

өрмекші, маса, инелік

Алдыңғы білім

Қайталау

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары

Кіріспе

-Балалар, бүгінгі сабақ тақырыбы: «Жәндіктер айтысы». Жалпы,

«айтыс»деген не? Ал жануарлар айтысы бола ма?

-Иә, дұрыс айтасыңдар, жануарлар айтысын біз ауыз әдебиеті жанрынан білеміз. Адамдар жануарлар мінезін, қасиеттерін сөзге қосып сынайды, өлеңдете айтысады. Ал жәндіктердің айтысы бола ма екен? Ендеше, жәндіктерді де сөйлетіп көрейік. Сабақта болымсыздық мәнді сөздерді дұрыс қолдану көзделеді. Жәндіктер туралы мол мағлұмат алатын болады.

2 мин

Мұғалім-сынып




«Жаңа сөз үйренейік» айдарында оқушыларға жалпы жәндіктер туралы мәлімет беру қарастырылады. Жәндік суреттері оқушы назарларына ұсынылып, астына жәндік атаулары жазылады. Оқушылар табиғат ананың тіршілік иелері жәндіктермен танысып болған соң, олардың тіршілігі туралы дүниетанымдарының кеңеюі мақсатында мәтін беріледі.

5 мин

Жеке жұмыс




Негізгі бөлім

«Оқиық» айдарында берілген жұмбақ жауаптарын табу арқылы жәндік иелерін анықтайды, олардың ерекшеліктеріне, қасиеттері мен әрекеттеріне, көлем пішіндеріне де назар аударады. Жұмбақ сөздеріндегі

таным-деректерге сүйене жұмбақтарды шешеді.

3 мин

Топтық жұмыс




«Ойланайық» тапсырмасында жәндіктердің қайсысы қаншалықты пайдалы, пайдасыз екеніне оқушылар назарын аудартады. Оқушылардың өз ойларымен ойша тұжырым жасауына ықпал етеді. Оқушылар суретпен қатар берілген ақпаратты оқи отырып, өз таңдаулары бойынша екі

текшеге топтастырады. Бұл ретте сан есімдер қайталанып, 4.1.3.1мақсатықосымшажүзегеасырылады.

5 мин

Мұғалім - сынып