Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2064

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




  1. 4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

  2. 4.2.5.1 Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша, ... оның пікірінше, ... ,оның айтуынша,

..., кейбір адамдардың ойынша,) салыстыра отырып

бағалау

  • Оқыған шағын мәтінді түсінеді.

  • Мәтіндегі кейіпкерге баға береді.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?




Сабақтың тақырыбы

Емен ағашы. (3-тоқсан, 6-тарау). 91-сабақ

Дағды

Айтылым, оқылым

Оқыту мақсаттары

4.2.4.1 *Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

4.3.4.1 * Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс- әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру

Лексикалық минимум

Жаңғақ, бұта, дің, қабық, сая, көп жасау

Алдыңғы білім

Ағаш отырғызу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезең




Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Сабақтың кіріспе бөлімін ұйымдастырып өткізуге түрлі гербарийлер мен ағаш суреттерін қолдануға болады. Тіпті, мүмкін болса түрлі жасанды жемістерді көрсетіп, олардың өсетін ағаштарын таптырып, балаларды ойнату арқылы сабаққа деген қызығушылығын оятуға болады. Бұл

сабақтың ұйымдастыру кезеңі.

5 мин

Мұғалім- сынып




Негізгі бөлім

«Сөйлесейік» айдары. Оқулықтың алғашқы тапсырмасы бойынша оқушылар ұсынылған сұрақтарды жұп болып талқылайды. Кейін 4-5 оқушыдан бірігіп пікір алмасады. Үшінші кезеңде сынып алдында ойымен

бөліседі. Айтылымның осындай бірнеше басқыштарынан өткен жағдайда оқушы сынып алдында сенімдірек сөйлей алады.

7 мин

топпен











Келесі кезең жаңа сөздерді үйретуге бағытталады. «Жаңа сөз үйренейік» айдарымен берілген сурет арқылы ағаштардың құрылысы таныстырылады. Үйренген жаңа сөздердің оңай жатталуы үшін пазл құрастыру ойынын ойнатуға болады. Оқушылар өздеріне түскен қиындыда көрсетілген ағаш бөлігін атап, өз орнын анықтайды. Мұны

бірнеше мәрте қайталатып жаттап алғанға дейін ойнауға болады.

5 мин

Мұғалім - сынып




Оқулықта «Көрсетейік және айтайық» айдарымен берген тапсырма оқушының жаңа сөздерді қатесіз жазып үйренуіне арналады. Бұл тапсырманы да тереңдету үшін сөздердің әріптерін түсіріп беру немесе әдейі қате ұсынып, түзету амалдарын қолданса болады. Аталмыш тапсырма, бір жағынан жаңа сөздерді пысықтауға арналса, екінші жағынан оқушыларды алда оқитын өлең мазмұнын оңай түсінуге

дайындайды.

8 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар




«Оқиық» айдарымен берілген тапсырма арқылы оқушылар өздерінің оқылым дағдысын қалыптастырады. Оқыған өлеңдерінің жалпы мазмұнын айта білуге, сонымен қатар, оқылым мәтініндегі мәліметтерден қорытынды шығарып, бағалауға үйренеді. Оқылым барысында оқушыларға түсінуі қиын сөздер ұшырасқан жағдайда, мұғалім үнемі қолдау көрсетеді.

Оқушылар өз-өздерін «Бағдаршам» арқылы бағалайды.

7 мин










«Сөйлесейік» оқушылар емен мен қайыңды салыстырады.

Соңғы тапсырма оқылым мазмұнын, жалпы сабақты қорытуға арналып беріледі. Оқушылар ағаштардың құрылысы және олардың тіршілік ету мерзімі туралы білім алады және ол туралы ойларын жеткізе білуге жаттығады. Ойы ұшқыр балалар өлеңнің мазмұнын қарапайым тілмен жеткізу арқылы қорытынды ойларын жеткізеді.

5 мин







Қор. бөлім

Сабақтың қорытынды бөлімінде оқушылар лексико-грамматикалық білімді қаншалықты дәрежеде меңгере алғандықтарын ортаға салады.

Мұғаліммен достық қарым-қатынаста отырып, тақырыпқа қатысты өз сауалдарын қойып, алдағы әрекеттерін жоспарлайды.

3 мин

Сынып- мұғалім




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін анықтауда мұғалім түрлі тәсілдерді қолдана алады. Сұрақ-жауап әдісінен бастап, жазбаша өзін-өзі бағалау парақтарын толтыруына болады.

Мұғалім сабақты «Шығу билеті» арқылы қорытады. Онда «Сіз бүгін не үйрендіңіз?», «Сіз тағы не білгіңіз келеді?» сұрақтарына жазбаша жауап беріледі.

Бағалау критерийлері

  1. Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

  2. Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру

Дескриптор

  • Суретке қарап мазмұндай біледі.

  • Кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпаратты алдым?


Сабақтың тақырыбы

Пайдалы өсімдіктер. (3-тоқсан, 6-тарау). 92-сабақ

Дағды

Айтылым, оқылым

Оқыту мақсаттары

4.2.5.1 Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім

бойынша, ... оның пікірінше, ... ,оның айтуынша, ..., кейбір адамдардың ойынша,) салыстыра отырып бағалау

4.3.3.1 Мәтіннің жанрын (мақал-мәтел, бата, аңыз, мысал, өсиетәңгімелер),жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау

Жаңа сөздер

Жусан, сексеуіл, қоға, алабота, жою

Алдыңғы білім

Емен ағашы

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезең.і


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім сабаққа адам өміріне пайдаға жарайтын өсімдіктер мен

ағаштардың суретін алып келеді. Егер қолда бар заттар болса, оларды неден жасағанын анықтатуға болады. Мұндағы мақсат табиғаттағы өсімдіктердің барлығының қандай да бір пайдасы болатынын сөз ету.

5 мин

Мұғалім- сынып




Негізгі бөлім

Мұғалім оқушыларға сурет арқылы жаңа сөздерді таныстырады. Мектептің

жаратылыстану, дүниетану пәндеріне қатысты гербарийлері болып жатса, оқушыларға көрсету арқылы Есіне сақтату жөн болады.

«Жаңа сөз үйренейік» – оқушылар суреттер арқылы жаңа сөздерді меңгереді.

5 мин

Топпен




«Оқиық» айдарымен оқушыларға оқылым тапсырмасы ұсынылады.

Оқушыларға ертегіні оқытуда мұғалім өзі басшылық етеді. Сынып оқушыларының тізбектеле оқуын ұйымдастырып, мәтін мазмұнын игертуге болады. Болмаса оқушылардың аса жоғары қабілетті болуын ескеріп, болжап оқу стратегиясын қолданып оқытуды жүзеге асыру да оңтайлы болып табылады. Оқылым барысында оқушылар қандай да бір сөздер мен тілдік құрылымдарды түсінбей қалмауы үшін мұғалім алдын ала түсініктеме беріп кетуіне болады. Мәтін бойында кездесетін сөздер мен грамматикалық құрылымдардың дені оқушылар үшін әбден таныс. Алайда қайталатып, санада жаңғыртудың еш артықтығы болмайды. Осы оқылым

барысында мұғалім оқушыларға мәтіннің жанры туралы сөз етеді. Ертегі туралы түсінік қалыптастырады. 4.3.3.1 оқумақсатыжүзегеасады.

10 мин

Мұғалім-сынып



Оқылым

Оқулықтың «Оқиық және жауап берейік» тапсырмасы оқушылардың

оқыған мәтіндерін қаншалықты түсіне алғандықтарынан хабар береді. Бұл тапсырманы да түрлі бағытта түрлендіруге, тереңдетіп ұсынуға болады. Мысалы, мәтіннің бір бөлігін ғана таңдап алып, диалогке түсулерін ұйымдастыруға болады. Бұл тұста жаттанды емес мағынаны еркін жеткізе білуге ұмтылыс жасату да тиімді амал болып табылады.

Бұнда оқушылар арнайы «Балмұздақ таяқшаларына» сынып оқушыларының есімдерін алдын ала жазып, солардың бірін таңдап сұрау әдісін оздыра алады.

7 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық





Оқулықтағы келесі тапсырма реттік сан есім туралы білімді игертуге бағытталған. «Есте сақтайық» деп берілген тапсырмада заттардың орналасу ретіне орай сандарды өзгертіп қолдануды оқушылар практикалық жаттығу арқылы үйренеді. Оқушылар үлгі ретінде ұсынылған жаттығуларды мұғалімнің қолдауымен орындап болған соң да пысықтау жаттығуларын

мұғалім тағы да ұсына алады.

8 мин







Қор. бөлім

Мұғалім өткізілген сабақты қорытындылап, нүктесін қою үшін «Ғажайып алаң» ойынын ұйымдастыра алады. Оқушылар ойынға қатыса отырып, сабақ барысында игерген бар білімін қолданысқа жаратады.

Оқушылар өз-өздерін «Жұлдызша», «Төртбұрыш», «Үшбұрыш» белгілерімен бағалайды.

5 мин

Сынып- мұғалім




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Тақырыпты қорыту мақсатында лексикалық қор мен грамматикалық білім астастырыла қайталанса, пысықтау шаралары нәтижелі болмақ.

Өсімдіктердің суреті ғана орналасқан постерге оқушылар бар есте қалған мағлұматтарын жазып қалдыру арқылы сыныптың тақырыпты қандай дәрежеде меңгергенін бағамдауға болады.

Мұғалім сабақты «Роунд-робин» стратегиясы бойынша оқушыларға 1 сөйлеммен рефлексия жасату арқылы қорытындылайды.

Бағалау критерийлері

  1. 4.2.5.1 Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша, ... оның пікірінше, ... , оның айтуынша,

..., кейбір адамдардың ойынша,) салыстыра отырып бағалау

  1. 4.3.3.1 Мәтіннің жанрын (мақал-мәтел, бата, аңыз, мысал, өсиет әңгімелер), жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау

Дескрипторы

  • Оқыған ертегінің кейіпкеріне өз бағасын бере алады.

  • Оқыған мәтінінің жанрын өзге жанрлардан ажырата біледі.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?