Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2060

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







«Оқиық» айдарында оқушыларға рөлге ене отырып, оқып танысу мақсатында диалог беріледі. Диалог жәндіктердің өз қасиеттері мен қабілеттерін жарыса айтқан айтыстарын баяндайды. Мұнда диалогпен таныса, орындай отырып, қарамен жазылған жаңа аталым, сөздерге және

болымсыздық мәнді сөздерге назар салу басшылыққа алынады.

3 мин

Мұғалім- сынып

Оқулық

«Еске сақтайық!» айдарында диалог ішіндегі болымсыздық мәнді сөздердің жазылуына ерекше мән беру көзделеді. Олардың бөлек және бірге жазылу ерекшеліктері туралы мұғалім қосымша анықтама негізінде түсінік беріп отырады.

5 мин

Жеке ж. Жұпт. жұмыс

Оқулық

«Жаттығайық» айдарында берілген сөйлемдердің ішіндегі бос орынға

«Есіңе сақта!» айдарындағы болымсыздық мәнді сөздердің сәйкесінше тиістісін қою мақсат етіледі.

7 мин

жұптық Жұпт.ж. Сынып

Оқулық, қосым- ша үлестір- ме мате-

риалдар

«Жазайық» айдарында «Көршіңе диктант жаздыр» тапсырмасы бойынша оқушылар жұптаса отырып, бір-біріне мұғалім ұсынған диктант мәтіндерін жаздыртады. Мұнда болымсыздық есімдіктерінің дұрыс жазылуы талап етіледі. 4.5.1.4мақсатыкосымшажүзегеасырылады.

5 мин

Жеке жұмыс

(4 оқушы)

Оқулық

Сергіту: «Шапалақтау» ойыны арқылы болымсыздық есімдіктерін қайталау, бекіту көзделеді.

2 мин

Жеке ж. Жұптық жұмыс




Қорытынды бөлім

Сабақ соңы «Екі жұлдыз бір ұсыныспен» қорытындыланады. Мұнда алдымен біреудің әрекеті мен жасаған ісін мақтаймыз, оның жағымды және тиімді жақтарын атап көрсетеміз, содан соң бұл жұмысты қалай

жақсартуға болатындығы туралы ұсыныс айтамыз, бағыт-бағдар сілтейміз.

3 мин

Сынып- мұғалім




Қосымша ақпарат

Бағалау критерийлері

  1. Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру

  2. Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем

жазу

Дескрипторы

  • Шығармадағы кейіпкерлерге баға бере алады.

  • Көркем жазады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпаратты алдым?





Сабақтың тақырыбы

Құмырсқаның илеуі. (3-тоқсан, 6-тарау). 96-сабақ

Дағды

Оқылым және жазылым

Оқыту мақсаттары

4.3.2.1 Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

4.4.1.1 Шағын сюжетті презентацияны комикс/буклет/ коллаж/жарнама/ сөйлемдермен толықтыру

Лексикалық минимум

Илеу, аталық, аналық, дернәсіл

Алдыңғы білім

Жәндіктер айтысы

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезең.


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту

ресурс- тары

Кіріспе

Тапсырма сабаққа кіріспе ретінде қолданылады. Біріншіден, оқушыларға тақырыптың не жөнінде болатынын білдірсе, екіншіден оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға негізделеді. Мұғалім «Миға шабуыл» ретінде оқушыларға интерактивті тақтадан «Құмырсқаларилеуі»атты бейнефильм немесе суреттер топтамасын көрсетеді. Оқушылар бұнда сабақ тақырыбын болжайды, анықтайды. Мұғалім әр топқа «құмырсқа» сөзіне ассоциация құруға тапсырма береді. Оқушылар өз білгендері бойынша жауап береді.

5 мин

Мұғалім-сынып




Негізгі бөлім

«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар берілген сұрақтарды көршісімен талқылайды, сұрақтарға жауап береді. Жұптық жұмыс

орындалады. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушының ойлау қабілеті, айтылым дағдысы дамиды. Әр жұп өз беттерінше дұрыс жауап беру үшін сұрақтарды басшылыққа алады. Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

  1. Құмырсқаны көрдің бе?

  2. Ол қандай жәндік?

  3. Дене тұрпаты қандай?

  4. Құмырсқаның қанша көзі, аяғы бар?

  5. Құмырсқаның илеуін көрдің бе?

  6. Құмырсқаның пайдасы қандай деп ойлайсың?

7 мин

Жұптық жұмыс


Оқулық

«Ізденейік» тапсырмасын орындауда оқушылар құмырсқаның суретін салып, жұмысты жандандырады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен шығармашылық

жұмысқа бойлайды және құмырсқа болмысының әрбір деталіне дейін мән бере суретін салып, дене тұрпатын сипаттап шығуға тырысады, салған суреттерін түсіндіре баяндайды.

7 мин

Мұғалім - сынып

Оқулық

«Жаңа сөз үйренейік» тапсырмасында оқушылар құмырсқа суреттерінен оның қанша түрлері болатынын және олардың атауларының әртүрлі болу ерекшеліктерімен танысады, жаңа сөздердің айтылуы мен жазылуына мән береді. Оқушыларға суреттер көрсетіледі. Оқушылар осы суреттерге қарай отырып жаңа сөздерді меңгереді. Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сөздіктер мен энциклопедияларға зер салады. 4.3.5.1

мақсатынжүзегеасырады.

6 минут

Мұғалім-сынып

Оқулық







«Оқиық» айдарындағы тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталған. Тапсырма оқушылардың мәтінді түсініп оқуына арналған. Мұғалім оқушыларға мәтінді алдымен іштей, содан кейін дауыстап оқуға тапсырма береді.

5 мин




Оқулық




«Оқиық және жауап берейік» айдарында берілген тапсырма оқушылардың

сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушыларға мәтінді мән бере оқып, мәтін бойынша берілген сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтыру тапсырылады.

Мұғалім оқушыларға тапсырма бойынша жауап бергенде «Попс»

формуласын қолдануды ескертеді. Оқушылар өз ойын айту үшін міндетті түрде «Меніңойымша»,«себебі»сөздерін қолданып сөйлеуі керек. Бұл әдіс арқылы оқушының өз ойын нақты жеткізуі, тұжырымдай білу дағдылары

жетіледі, сөздік қоры молаяды.

Оқушылар бір-бірін «Дүркін шапалақ» әдісімен бағалайды.

5 мин




Оқулық

Қорытынды бөлім

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар «Жазайық» тапсырмасын орындайды. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар берілген суретпен толық танысады. Құмырсқаның даму кезеңдерін ретімен жазады. Тапсырма жазбаша орындалады. Тапсырманы бүкіл сыныппен орындайды.

Оқушылар осы суреттерге қарап даму ретін баяндайды, яғни «Хикая картасын» жасайды. Жазғандарын қысқаша мазмұндап береді.

1 аналық 2 жұмырт 3 дернәсіл

қалайд бөледі
... т.б. Жалғастырып ретімен жазып шығады.

Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері («Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!»,

«Өте жақсы!») арқылы бағалайды.

Рефлексия: «Іздер» оқушылардың әрқайсысына түрлі түсті қағаздардан қиылған іздер таратылады. Әр оқушы өзіне берілген «ізге» бүгінгі сабақта өзіне қызықты болған, жүрегіне із қалдырған нәрсені жазады. Мұғалім ізді

«Үлгілі іздер» тақтасына жапсырады.

5 мин

Сынып-мұғалім




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтаусөздерін қолдануы),оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері

байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

  2. Шағын сюжетті презентацияны

комикс/буклет/коллаж/жарнама/ сөйлемдермен толықтыру

Дескрипторы

  • Мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді.

  • Презентация, сызбаларды сөйлеммен толықтыра алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?





Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпаратты алдым?



Сабақтың тақырыбы

Каспий теңізі . 97-

сабақ

[U1]




Дағды

Айтылым және оқылым

Оқыту мақсаттары

4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

4.3.2.1 Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

Лексикалық минимум

Бағалау, көгал, уылдырық, қоқиқаз, кептер, шағала

Алдыңғы білім

Құмырсқаның илеуі

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары

Кіріспе

«Балалар, бүгінгі сабақ экскурсия сабақ болып табылады. Бүгін біз ойша саяхаттайтын боламыз» деп мұғалім сабақты бастайды. Тақтада географиялық карта ілулі тұрады. Арнайы көк бояумен ерекшеленген Каспий теңізі ерекше көрінеді. Сан есімдердің қолданысы мен түрлерін таныстырады.

2 мин

Мұғалім- сынып




Негізгі бөлім

«Сөйлесейік» айдарында оқушылар сұраққа жауап беру арқылы сөйлеседі.

  1. Каспий теңізі туралы естідің бе?

  2. Каспий теңізі Қазақстанның қай аймағында орналасқан?

  3. Каспий теңізінің жағасында қандай қала бар?

«Жаңа сөз үйренейік» айдары бойынша оқушыларға суреттер көрсетіледі. Оқушылар суреттер бойынша жаңа сөздерді қайталап, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.

«Көрсетейік және айтайық» айдарында мұғалім оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы сұрақтарға жауап беруді тапсырады. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушының ойлау қабілеті, айтылым дағдысы дамиды, оқушы естіп, көргендері, оқығандары бойынша Каспий теңізі туралы айтып береді. «Балық аулау» әдісі бойынша оқушылар картамен жұмыстанады. Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Түрлі түсті қағаздан жасалған балықтарда сұрақтар болады. Ол мұғалім мен оқушының қолында қармақ болады. Қармақтың басында магнит бар. Қармақ қай балыққа тисе, сол балықтағы сұраққа жауап беруі керек.

Ескерту: Мұнда тапсырма екі бөлікте орындалады, екіншісі мәтінмен танысқаннан кейін орындалады. А және Ә тапсырмалары болып келеді.

А) 1. Картадан не көріп тұрсың?

  1. Каспий қай маңда орналасқан?

  2. Каспий маңында қандай мемлекеттер орналасқан?

  3. Теңіз неге көк түспен боялған?

5 мин

Жеке

Оқулық




«Сен, білесің бе?» айдарында оқушыларға Каспий теңізі туралы қосымша мәлімет беріледі. Бұл тапсырманы орындату міндетті болып саналмайды. Егер сабақ өткізу барысында уақыт жететіндей болса ғана қосалқы мәліметпен оқушыларды қаруландыруға болады.

6 мин

сынып


Оқулық

«Есіңе сақта!» тапсырмасын орындауда мұғалім сан есімдерді меңгертеді. Сандарды жазу арқылы және диаграммаға салып көрсету арқылы айтылуы мен жазылуы және пайыздық тұрғыда диаграммамен көрсетеді.

100-дің 10 пайызы

100-дің 25 пайызы

100-дің 50 пайызы

3 мин

Мұғалім - сынып


Оқулық

«Жазайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар дәптерге диаграмманың суретін салып, жазады. Пайыздық көрсеткіштерді шамамен белгілеп, әр мемлекет атауын жазып үйренеді.

Үлгіні басшылыққа алып, постер қорғайды. Тапсырма жазбаша орындалады. Мұғалім оқушылардың пікірлерін тыңдайды, кері байланыс орнатады.

Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісімен бағалайды.

7 мин

Мұғалім- сынып

Сұрақтар




«Оқиық» айдарындағы тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталған. Тапсырма оқушылардың мәтінді түсініп оқуына арналған. Мұғалім оқушыларға мәтінді алдымен іштей, содан кейін дауыстап оқуға тапсырма береді. Оқушылар мәтінді оқиды. Қарамен ерекшеленген жаңа

сөздерге толық тоқталады. Айтылуы мен жазылуына мән береді.

5мин

Жұптық







«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар «балық аулау» әдісі бойынша мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап береді. Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Түрлі түсті қағаздан жасалған балықтарда сұрақтар болады. Ол мұғалім мен оқушының қолында қармақ болады. Қармақтың басында магнит бар. Қармақ қай балыққа тисе, сол балықтағы сұраққа жауап беруі керек.

Сөйлемдерді оқы. Дұрыс мәліметті анықта.

  1. Каспий теңізінде қызыл балық жоқ.

  2. Каспий теңізінің маңында қоқиқаз бен аққу жүреді.

  3. Теңізден итбалықты жиі көре аламыз.

  4. Үйрек пен қаз, қоқиқаз бен аққу теңізге қарағанда көгалды ұнатады.

  5. Теңіздің айналасында қоқыстар қалдыруға болмайды.

7 мин

топтық




Қорытынды бөлім

Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында мұғалім оқушыларға бүгінгі тақырып бойынша жетелеу сұрақтарын қояды:

  1. Теңіз қандай?

  2. Теңіз қай қала маңында орналасқан?

Тапсырма ауызша орындалады. Оқушылар бүгінгі сабақтан білген білімдерін қорытып, айтып шығады.

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: бүгінгі сабақта Не оңай болды? Не қиын

болды?

5 мин

Сынып-мұғалім




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтаусөздерін қолдануы),оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері

байланыс орнатудың маңызы зор. Рефлексия

«Білім ағашы». Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. «Білім ағашына» бүгінгі сабақтағы ең

маңызды деп санаған 3 нәрсені стикерге жазып, жапсырады.





Бағалау критерийлері

  1. Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

  2. Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

Дескрипторы

  • Тақырыпқа сай сұқбатқа қатыса алады.

  • Білетін сөздері арқылы мәтіннің жалпы идеясын түсінеді.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы

жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?