Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2050

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Қор. бөлім

Рефлексия

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: бүгінгі сабақта Не оңай болды? Не қиын болды?

«Білім ағашында» оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. «Білім ағашына» бүгінгі сабақтағы ең маңызды деп санаған 3 нәрсені стикерге жазып, жапсырады.

5-7 мин

Сынып- мұғалім




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтаусөздерінқолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін

бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша,...оның пікірінше,...оның айтуынша,...кейбір

адамдардың ойынша,...) салыстыра отырып бағалау.

  1. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру

Дескриптор

  • Шығарманың кейіпкеріне өз бағасын бере алады.

  • Сөйлемдегі сөздердің орнын сақтап айтады, жазады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе

сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?



Сабақтың тақырыбы

Қалдықсыз өмір сүрейік. (3-тоқсан, 6-тарау). 102-сабақ

Дағды

Оқылым мен айтылым

Оқыту мақсаттары

4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5сөйлем)баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс

ырғағын келтіріп сөйлеу

4.3.3.1 Мәтіннің жанрын( мақал-мәтел, бата, аңыз, мысал, өсиетәңгімелер),жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау

Лексикалық минимум

Қалдық, өнім, өндірістік, еру, шіру, улы

Алдыңғы білім

Қайта өңдеу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   139





Кіріспе

Мұғалім осы сабақ басталмас бұрын тақтаға қалдық заттардың суреттерін толтыра іледі. Сабақ басталысымен оқушыларға ол заттардың не екенін айтып беруді тапсырады. Оқушылар үшін бұл қызықты болады әрі өздері білетін сөздерді қолданып, санада жаңғыртады. Барлық суреттегі заттардың атауын анықтап болғаннан кейін «қалдық» сөзінің мағынасы түсіндіріледі. Одан әрі оқушылардың оқулыққа назары аударылып,

айтылым тапсырмасы осы тапсырманың логикалық жалғасына айналады.

2 мин

Мұғалім-сынып

Тақта, суреттер

«Сөйлесейік» айдарында оқушыларға жұптық тапсырма беріліп, сұрақтарды көршісімен талқылау ұсынылады. Берілген сұрақтар бойынша оқушылар «Қалдық», «Табиғиқалдық», «Өндірістікқалдық»деген ұғымдармен танысады. Осы орайда оқушыларды сабақтың басында қолданған суреттерге қайта қаратып, олардың ішінде «табиғи қалдық» немесе «өндірістік қалдық» болатындарын жіктетіп, пысықтауға болады.

Мұғалім оқушыларды «Мадақтау» сөздері арқылы бағалайды.

3 мин

Жұптық жұмыс

Оқулық

Негізгі бөлім

Оқушылар «Оқиық» айдарымен берілген мәтінді, ең алдымен, оның жалпы мазмұнын түсіну мақсатымен оқиды. Мұғалім оқушыларға нақты уақыт белгілеп, іштей оқып түсінулерін тапсырады. Мәселен, берілген 2 минут уақыт болғанда, оқушыларды тоқтатып, олардың не түсінгенін сұрайды. Келесі кезекте мұғалім оқушылардан таныс емес сөздерді тауып, мағынасын талқылай отырып анықтауды тапсырады. Оқушылар өз араларынан жауап таппаған жағдайда мұғалім қолдау көрсетіп, көмек

қолын созады.

7 мин

Жеке

Тақтадағы суреттер

«Оқиық және жауап берейік» айдарында Ерболдың ұсынысы негізінде пысықтау сұрақтарына қоржыннан «асық суыру» арқылы жауап алуға болады.

Оқушылар бір-бірін «жұлдызша, «төртбұрыш», «үшбұрыш» белгілерімен бағалайды.

5 мин

Мұғалім - сынып

Асық, дорба

«Сөйлесейік» айдарында оқушылар тапсырманы жұп болып орындайды. А және Б оқушылары кезектесіп, суретте берілген заттардың неден жасалғаны туралы айтады. Мысалы, А оқушы: «Менің бірінші суретімде түйреуіш бар. Ол пластиктен жасалған». Келесі кезекте Б оқушы сөз алып,

дәл осы сөйлесім құрылымын қолданады.

10 мин

Жұптық

Оқулық

«Ойланайық» тапсырмасында оқушыларға берілген сөйлемдерді оқытып, ол сөйлем араларына неліктен үтір қойылу себептерін ойлана түсіндіруді талап етеді. Сөйлемге сұрақтар құрастырады, 4.4.3.1 мақсатын жүзегеасырады.

Пластиктенмоншақ,жүзік,түйреуішжасауғаболады.Пластикоңаймайысады, ериді,тезқатады.

Мынапластиктер – мөлдір, жұмсақ, иіссіз.Мысалы,пластиктенкәдесыйжасауғаболады.

«Берілген сөйлемге қайта сұрақ қой» тапсырмасы арқылы маңыздыақпараттароқушы зейініндетұрақталады.

5 мин

Жеке ж. Жұпт. ж.

Сынып

Оқулық

«Жазайық» айдарында пластикті қалай қалдықсыз қолдануға болады?

«Өз ұсынысыңды жаз» тапсырмасы беріледі.

Пластиктен қандай заттар жасалады?Пластмассақай жерлерде көп қолданылады?Пластиктенқалдыққалмауүшіннеістеукерек?

Мұнда оқушылар бүгінгі сабақта алған білімдерінен нәтиже шығару мақсатындағы жазылым тапсырмасына енеді.

5 мин

Топттық жұмыс (4 оқушы)








Қор. бөлім


Рефлексия: «Іздер». Оқушылардың әрқайсысына түрлі түсті қағаздардан қиылған іздер таратылады. Әр оқушы өзіне берілген «ізге» бүгінгі сабақта өзіне қызықты болған, жүрегіне із қалдырған нәрсені жазады. Мұғалім ізді

«Үлгілі іздер» тақтасына жапсырады.



3 мин

Сынып-мұғалім

Бағдаршам әдісі

Қосымша ақпарат

Бағалау критерийлері

  1. Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

  2. Мәтіннің жанрын( мақал-мәтел, бата, аңыз, мысал, өсиет әңгімелер), жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің

қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау

Дескриптор

  • Сұқбатқа түсе алады.

  • Оқыған мәтінінің жанрыне ажырата алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?





Сабақтың тақырыбы

Суды үнемдеу. (3-тоқсан, 6-тарау). 103-сабақ

Дағды

Айтылым және тыңдалым

Оқыту мақсаттары

4.2.4.1 Жоспар\жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

4.5.1.3 *Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану

Лексикалық минимум

үнемдеу, ауызсу, текше метр

Алдыңғы білім

Қалдықсыз өмір сүрейік!

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары

Кіріспе бөлім

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз кәдімгі тіршілік көзі су туралы болмақ. Сусыз өмір жоқ екенін білесіңдер ме?

  • Ал суды ысырап қылмай, үнемдеу әркімнің міндеті.

  • Ендеше, осы суды үнемдеу тақырыбында пікірлесіп көрейік.

2 мин

Мұғалім- сынып

Айты- лым

Келесі «Жаңа сөз үйренейік» тапсырмасында оқушыларға түрлі суреттерін көрсету арқылы жаңа сөздерді айтып үйренеді. (Текшеметр,ауызсу, үнемдеу) жаңа сөздерімен таныс болады.

3 мин

Топтық жұмыс



1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   139