Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2053

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Қосымша ақпарат

Бағалау критерийлері

  1. Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс-әрекетін бағалауға

бағытталған сұрақтар (неліктен ? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру

  1. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің тыныс белгісін (үтір, қос нүкте)\қаратпа сөзден кейінгі сөйлемнің тиісті тыныс

белгілерін қолдану

Дескриптор

  • Не үшін? Неліктен? Сұрақтарының мағынасын түсінеді? Орынды қолданады.

  • Сөйлемдерді сауатты жазады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?



Сабақтың тақырыбы

Қоқыс тастама. (3-тоқсан, 6-тарау). 100-сабақ

Дағды

Тыңдалым мен грамматика

Оқыту мақсаттары

4.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2–2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру\сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын

анықтау\кесте толтыру\ кластер құрастыру\ болжау

4.5.1.4 Септік\ жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін және септеулік шылауларды ауызша\жазбаша тілде қолдану

Лексикалық минимум

Түтін, көлеңке, тастап кету

Алдыңғы білім

Табиғат қорғаушылары

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары

Кіріспе бөлім

«Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім оқушылардың назарын жаңа сөздерге аударады. Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушыны сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Оқушылар жаңа сөздерді «Сәйкестендіру» әдісі арқылы меңгереді. Жаңа сөздерді суреттермен сәйкестендіреді. Суреттер нөмірленіп беріледі. Оқушылар жаңа сөздердің қасына нөмірлерін көрсетеді. Жаңа сөздердің дұрыс айтылуын есіне сақтау үшін

сөздерді бірнеше рет қайталайды. Жаңа сөздерді (түтін,көлеңке,тастапкету)қайталатады.

2 мин

Мұғалім-сынып



Оқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   139








«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар суретке қарап, берілген мәліметті қолданып, әңгіме құрастырып айтады.

Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушының ойлау қабілеті, айтылым дағдысы дамиды, оқушы қиялына ерік береді. Қарамен ерекшеленген белгісіздік есімдіктерінің қолданысына, жазылуы мен айтылуына мұғалім кеңінен тоқталады. Мұғалім оқушыларға қайталап айтқыза отырып тақтаға түсіреді.

3 мин

Топтық жұмыс

Оқулық

Негізгі бөлім

«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар

«интервью»әдісі бойынша мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап береді. Сөйлемдерді оқиды. Қарамен жазылған сөздер қандай мағынаны білдіретінін айтады. Және сөздердің арасында мағыналық

жақындық бар ма екенін анықтайды. Мысалы:


  1. Неге сұрадың, бірдеңе болып қалды ма?

  2. Иә, әрбір адам өзінен бастау керек қой. Сонда айнала таза болады.

  3. Орнымызды әлдеқашан жинадық.

  4. Кейбір күндері саябақта кісі көп болады.

  5. Кімде-кім қоқыс тастап кетсе, айыппұл саламыз.

  6. Иә, балақай, әлдене болды ма?

Осы тапсырманы қорытындылауда мұғалім оқушыларды «Шапалақ»

әдісі бойынша бағалайды.

5 мин

Жеке

Оқулық

«Есте сақтайық» айдарында мұғалім оқушыларға «белгісіздік мағынаны

білдіретін сөздердің жазылуындағы айырмашылықты түсіндіреді.

5 мин

Мұғалім - сынып







Жазылуы

Жазылуы




бірдеңе

бірдеме

бірнеше

әлденеше

Келесі тапсырма «Назар аударайық!» айдарында берілген белгісіздік

3 мин

Мұғалім-сынып

Оқылым




Бірге жазылатын жағдай

Бөлек жазылатын жағдай

әрқашан әрбір

әркім

әр адам әр күн сайын әр үй

«Жаттығайық» айдарымен берілген тапсырма.

Есімдіктерін оқушыларға оқытып, жазылуына назар аударту көзделген. Белгісіздік есімдігі туралы мұғалім оқушыларға мағлұмат бергеннен кейін оқулықта берілген жаттығуды орындауды ұсынады. Жаттығуды оқушылар жеке орындайды. Мұғалім сыныпты аралап жүріп көмек беруді қажет деген оқушыларға бағыт-бағдар береді. Оқушылар алдымен жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрап оқиды және олармен сөйлем құрап айтады. Егер бірден ауызша сөйлем құрау қиындық тудыруы мүмкін болған жағдайда, балалардың ойланып, ізденіп жазуына мұғалім мүмкіндік бергені жөн. Кей жағдайда сынып болып бірлесіп, жаттығуды тақтада орындау да тиімді саналады. Білімнің қалыптасуы барысында оқушыларға баға қойылмайды, керісінше үнемі қолдау көрсетіледі. Оқулықта берілген тапсырма жеткіліксіз болған жағдайда немесе қиын

болған кездерде мұғалім өз тарапынан алдын ала әзірленген қосымша тапсырмаларды ұсына алады.








«Ойланайық» тапсырмасында оқушылар сөйлемдерді ұсынылған қажетті сөздер арқылы толықтырады. Бұл тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырып, оқушылардың жетістіктерін бағамдайды. Тапсырманың дұрыс жауабы мынадай:

1. Судан әлдене көрдім. 2. Алыста бірдеңе келе жатыр. 3. Әрбір адам тазалықты өзінен бастау керек. 4. Кейбір адамдар қоқысты есік алдына, көшеге тастап кетеді. 5. Әлдеқашан қоқысты жинадық. 6. Егер кімде-кім қоқыс тастап кетсе, айып саламыз. 7. Бірнеше рет айтпаймыз. 8. Табиғатты қорғауға біз әрқашан дайынбыз. 9. Табиғат – ортақ үйіміз. Мұны әркім түсінеді.

2 мин

Жеке ж. Жұптық жұмыс




Қор. бөлім

«Екіжақты күнделік» стратегиясы

3 мин

Сынып- мұғалім

Рефлексия- лық эссе




Жаңа сабаққа дейін білгенім

Жаңа сабақтан кейін

білгенім










Қосымша ақпарат

Бағалау критерийлері

  1. Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2–2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру\сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау\кесте толтыру\ кластер құрастыру\ болжау

  2. Септік\ жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін және септеулік шылауларды

ауызша\жазбаша тілде қолдану

Дескриптор:

  • Тыңдаған мәтін бойынша сұрақ құрастыра алады, сұраққа жауап бере алады.

  • Қосымша мен шылауларды қолдана біледі.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?



Сабақтың тақырыбы

Қайта өңдеу. (3-тоқсан, 6-тарау). 101-сабақ

Дағды

Айтылым, тілдік дағды

Оқыту мақсаттары

4.2.5.1 Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім

бойынша,... оның пікірінше,... оның айтуынша,... кейбір адамдардың ойынша,...) салыстыра отырып бағалау.

4.5.1.5 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру

Лексикалық минимум

Бүлдіру, пайдалану, өңдеу, өнім шығару, артық. Сөздердің орын тәртібі.

Алдыңғы білім

Қоқыс тастама

Пәнаралық байланыс

Дүниетану
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   139





Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс-

тары

Кіріспе

  • Балалар, бүгінгі сабақ өте қызықты болатын сияқты. Қалай ойлайсыңдар, не туралы?Мына адасқан әріптердің артында сандар белгіленген екен. Ендеше санның ретін сақтап мына сөздердің сырын ашайықшы. Берілген сөз «Қайта өңдеу».

  • Ал, балалар, оны қалай түсінеміз? Бұл не сөз?

  • Қайтадан жасау.

  • Дұрыс айтасыңдар. Керемет. Ал нені қайта жасауға болатынын бүгінгі сабақта қарастыратын боламыз.

2 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

Негізгі бөлім

«Сөйлесейік» айдарында мұғалім оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында берілген суретте «Недұрысемес?» екенін анықтау және үлгі

бойынша өз ойын айтқызып, 4.2.5.1 мақсаты арқылы жүзеге асырады. Мұғалім қашанда оқушыларға алдымен өзі үлгі көрсетеді. Мысалы: бұл сурет бойынша ақ қағазды қолдану дұрыс емес. Әзірге мұғалім сурет туралы айту барысында оқушылардың білетін сөздерін қолданады.

5-6 мин

Жеке

Оқулық




«Жаңа сөз үйренейік» айдарында оқушыларға бірнеше суреттер беріледі. Және сол суреттердегі әрекеттер арқылы оқушылар ойларымен бөлісіп, жаңа сөздерді теріп, дәптерлеріне түртіп алады. Мұғалім әр сөздің мағынасын түсіндіруге тоқталып, оқушы санасына әбден сіңіртеді. Түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудан аянып қалмайды. Кейбір сөздерді ассоциация арқылы ұғындырса, кейбір сөздерді мимика, ым-ишара арқылы ұғындырады. Мағынасын жеткізіп қана қоймай, оқушыларға ол сөздердің

дұрыс айтылуын үйретіп, айтылуын тыңдатады, қайталатады. Топта, жұпта, жеке қайталатып, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін жұмыс жүргізеді.

5-7 мин

Жеке

Оқулық




«Жаттығайық» айдарында оқушыларға екі түрлі тапсырма ұсынылады. Алғашқы тапсырма бойынша оқушылар сөйлемнің келесі компонентін жазады. Ал екінші тапсырмада сөйлем мағынасына терең бойлап, жағдаятқа сәйкес келетін нұсқаны қолданып сөйлейді. Заттарды қайта өңдеу керек пе, әлде өндіріс көлемін азайту керек пе, әлде қайта қолдануға ұсыну керек пе?

– деген сауалдар төңірегінде ойланып жауап беруді сұрайды. Оқушылар өз жетістіктерін «Басбармақ» әдісімен бағалайды.

8 мин

сынып


Оқулық




«Ойнайық» айдарымен берілген тапсырма оқушылардың жұппен орындауына арналып құрастырылған. Балалар «А» және «Б» оқушылары болып бөлініп, бір-бірімен тақырыпқа сай сөйлеседі. Мұғалім өзі тақтаға сурет салып, қасына бір оқушыны алып үлгі көрсетеді. Мысалы, мұғалімнің бірінші суретінде джинсы күрте, ал екінші оқушыда шыны бөтелке суреті болады. Мұғалім өз суретіне қатысты: «Менің бірінші суретімде джинсы күрте бар. Оны қайта қолдану керек. Одан сөмке тігуге болады. Немесе қайта бояп, өңдеу керек деп ойлаймын». Екінші оқушы болса дәл осы үлгіні пайдаланып «Менің бірінші суретімде шыны бөтелке бар. Оны қайта қолдану керек. Оны тазалап, оған қайта айран құюға болады деп ойлаймын», деп өз ойын айтады. Оқушы айтылым барысында қосымшаларды дұрыс қолдануға, сөйлемдегі сөздердің орнын дұрыс қоя

білуге тырысады. Осылайша, 4.5.1.5 сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру оқу мақсаты орындалады.

10 мин

Жұппен

Оқулық