Файл: азастан тарихы жне оамды пндер кафедрасы (gzaaн 6305) ылыми зерттеу дістері жне академиялы хат пніні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 222

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жазылым барысында пікірді қолдау және дәлелдеу

Академиялык жазылымда автордын ойы мен пiкiрi мiндеттi түрде дәлелденудi кажет етеді . Сондыктан автор өз пікірін дәлелдеу ушiн такырыпка катысты акпараттарды - фактіні , статистиканы , дәйексөздерді қолданады . Автор мұндай мәлiметтердi академиялық мәтіндерден , интернеттен және зерттеу барысында жинактаған дереккөздерден алуы мүмкін . Академиялык жазылымда факт пен пікірдің айырмашылығын бөлудің маңызы ерекше . Мәселен , пікір субьективті болса , факт объективтi болады . Факт дəлелге сүйенеді және онын осылай екеніне күмән келтіру мүмкін емес . Мысалы , Іле өзені Балқаш көліне құяды . Керiсiнше , пiкiр сенiм мен көзкараска негiзделедi . Ол жеке адамнын ойы және ол дəлелдер аркылы нақтыланбауы мүмкін . Пікір тек субъективті көзкараска негiзделгендіктен , автордын белгiлi бiр жайт туралы сезiмiн , ұстанымын бiлдiредi . Мысалы , Биылғы қыс былтырғы қысқа қараганда жылырақ болады . Пікірдi жазу барысында « менін ойымша » деген тіркестер колданылып , караганда , жақсырақ , өте әдемi және т.б. сын есiмнiн шырайлары колданылуы мүмкін . Сонымен катар автор мумкiн , сиякты , ықтимал деген сөздерді де колданады . Бiрак бұл факт пен пікірді ажыратуға улкен септігін тигізбейді . Себебi пiкiр мен фактiнi жазудын нактыланган ережесi жок . Сондыктан окырман оны ажыратуда тек өзiнiн сыни ойлау кабiлетiне гана жугiнгенi дұрыс . Кез келген адамнын пiкiрiне әсер етуге болады . Сондыктан адамдардың көзкарасы , сенiмi , ойы әртүрлі болады және ол кандай да бiр ғылыми зерттеу аркылы дәлелденбеуі де мүмкін . Пікір : Менің ойымша , қазақ эстрадасының ең үздік әншісі - Мейрамбек Бесбаев , Алматы - Казакстандагы ең әдемі қала .Факт. Тоқтар Әубәкіров - Қазақстанның тұңғыш ғарышкері . Түркістан қаласы 2018 жылдан бастап облыс орталығы болды.

Көп жағдайларда фактінін өзі дәлелдеудi кажет етуi мүмкiн . Мысалы , Темекі тарту оған деген тәуелділікті туындатады » деген фактіге окырман сенiмсiздiк тудыруы мүмкін . Сондықтан мұндай фактілерді арнайы дереккөздер ге сілтеме жасау немесе статистикалық мәліметтер аркылы мысалдар келтiру аркылы дәлелдеуге болады . Сонымен , пiкiр мен фактінің арасында мынадай негiзгi айырма шылықтар бар : Пікір кандай да бiр көзкараска , тұжырымға негiзделсе , факт накты бiр зерттеу немесе бакылау аркылы анықталған жайтка негізделеді . Пікір кандайда бiр сенiм мен көзкарас туралы ой болса , факт -накты дәлелі бар шындық . Пікір белгiлi бiр дәлелдермен нактыланбайды , ал факт кашанда ста тистикалык немесе өзге де ғылыми нәтижелер корытындысымен дә лелденедi . . Пікір орын алған жағдай туралы тұспалдап , шамалап сипаттаса , факт болған жайтты түсiндiредi . Пікір адамдардын көзкарасына карай өзгерістерге ұшырап кететін болса , факт ешбір өзгеріске ұшырамайды . . Пікір талас тудыруы мүмкін , ал факт , шынайы акпарат болғандықтан , өзгермейдi және ешкандай дау туғызбайды . Пікір субьективті болса , факт обьективтi болады . . Пікірде тек өзiнiн ұстанымы мен ойын гана бiлдiретiн сөз тіркестері колданылса , фактіде олар колданылмайды. Пікір езге адамдардын көзкарасын өзгертуге ыкпал ете алмайды , бiрак факт өзгертеді .



4-апта. Лекция №7-8. Тақырыбы: Пәнаралық әдістер.Зерттеудің сапалы әдістері.

1.Зерттеу әдістері.

2.Сұхбат жүргізу әдісі.

3.Сауалнама арқылы мәліметтер жинау.

Зерттеуді белгілі бір сұраққа жауап беру үшін мәлімет іздеу деген қарапайым анықтамамен түсіндіруге болады.Тіпті оқытушы берген тапсырманы орындау үшін кітаптар оқу, жаңалықтар тыңдау да зерттеу болып саналады.Зерттеудің жүргізілуі оның сұрағы мен пәніне тікелей байланысты болады.Кез келген ғылыми жұмыста,ең алдымен тақырыпқа қатысты еңбектер мен пікірлерге талдау жасалады, яғни, әдебиеттерге шолу жазылады.

Әдебиеттерге шолу жасау студент тарапынан жеке-дара жүзеге асырылады. Бұл студенттің тақырып туралы өзге ғалымдардың пікірлеріне қалай талдау жасағанын, оларды оқу арқылы білімін қаншалықты жетілдіргенін анықтауына мүмкіндік береді.

Студент жеке жұмыс жасау барысында өз жұмысын өзге жұмыстармен байланыстыра білуі қажет.Көбіне зерттеу тақырыбын таңдау мен зерттеу сұрағын құру студенттің өзіне жүктеледі.

Зерттеу жұмысын бастамас бұрын мынадай жайттарға баса назар аудару қажет:

Бірінші, тақырып таңдау-зерттеу тақырыбы жөнінде ойлану,

Екінші, бағытты анықтау- нені анықтау қажет екенін білу,

Үшінші, зерттеу тәсілін белгілеу-зерттеу жұмысы қандай жолдармен жүргізілетін нақтылап алу.

Жалпы зерттеу жұмыстары үшін мәліметтер мынадай жолдармен жиналады:

-Құжаттар арқылы жинау;

-Адамдардың қарым-қатынасы,мінез-құлқы сияқты сыртқы көріністеріне бақылау жасау арқылы мәлімет жинау.

-Адамдардың өздерінен мәлімет жинау.

Зерттеу әдісін таңдау мәліметтерді жинап алудың әдісіне, яғни, жолына тікелей байланысты.Ал әдіс түрінің таңдалуы зерттеу жобасының мақсатына тікелей байланысты.

Бақылау.Бұл әдіс арқылы мәліметтер жинау үшін адамдарға, жануарларға бақылау жасалады.

Эксперимент.Бұл әдіс арқылы себебі мен салдарының арасындағы байланыстарды қарастыруға болады.

Жазылған немесе баяндалған жұмыстарға талдау. Бұл зерттеу әдістері негізінен тарих және әдебиет пен тіл білімі ғылымдарында кеңінен қолданылады.

Кейс-стади.Бұл әдіс бір немесе бірнеше жайтты зерттеу нысаны ретінде алып, оны жан-жақты зерттеуге бағытталады.

Тәжірибені әрекетте зерттеу .

Бұл зерттеу әдістері әлеуметтік ғылымдар саласында, әсіресе, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау мекемелері және білім беру ұйымдарында зерттеу жүргізу үшін жиі қолданылады.

Бар мәліметтерге талдау жасау.Зерттеу жұмысын жазу үшін осы кезеңге дейінгі жиналған мәліметтер қолданылуы мүмкін.

Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында осы әдістердің бірін немесе кейде бірнеше әдісін қатар қолданып аралас әдіс түрін жасауға болады.Әрине, оның барлығы зерттеу жұмысының мақсаты мен міндетіне және көлеміне тікелей байланысты.
2.Сұхбат жүргізу арқылы мәлімет жинау.

Әлеуметтік ғылымдар саласында сұхбат алу арқылы сапалық зерттеу жүргізуі кеңінен таралған.Сұхбат алу зерттеу тақырыбы бойынша шағын топтан жан-жақты мәлімет алуға бағытталады.Сұхбат жүргізу барысында ерекше назарда болатын жайттың бірі-сұхбат берушіге өзін еркін ұстауына мүмкіндік жасау керек.Сұхбат сұрақтарының құрылымдары:

-фактіні білу;

-хабардар екенін анықтау,сенімі мен пікірін білу және сезімін байқау;

Сондай-ақ, сұхбат құрылымына қарай құрылымдалған, жартылай құрылымдалған және құрылымдалмаған деп бөлінеді.

Сұхбат міндетті түрде сұхбат берушінің келісімімен ғана жүргізіледі.

3.Сауалнама алу арқылы мәлімет жинау.

Зерттеу жұмысында кеңінен қолданылатын әдістердің бірі- сауалнама алу. Сауалнама сұрақтары жауап беру жолдарына қарай ашық және жабық деп бөлінеді.Сонымен қатар сауалнама сұрақтары бейтарап құрылуы тиіс,яғни жауап берушіге өз ойын еркін білдіруіне мүмкіндік беруі керек.Сауалнама сұрақтары түрлі жолмен таратылуы мүмкін.Зерттеу жұмысы үшін өзге әдістерге қарағанда сауалнама алудың мынадай тиімділігі бар:

-сауалнама сұрақтарын интернет арқылы көлемді аудиторияда таратуға болады.

-көптеген сауалнама сұрақтары сапалық тұрғыда мәлімеь

7-апта. Лекция №13. Тақырыбы: Академиялық мәтін. Тезис жазу
1.Тезис жазу

2.Гипотеза
Тезис-грек тілінен шыққан сөз, сөзбе-сөз "ереже, мәлімдеме, қаулы"дегенді білдіреді. Н.И. Гендина (п. ғ. д., профессор) тезиске осындай анықтама береді: "тезистер - бұл бастапқы құжаттың (автордың шығармасы) нақты тұжырымдалған ойлары бар дәлелдемелер жүйесі мен нақты материалсыз баяндаманың немесе ғылыми мақаланың негізгі ережелерінің қысқаша мазмұны".


Тезис мен зерттеу мақалаларында кеңінен қолданылады. Аргументтік, салыстырмалы және ақпараттық сияқты эссе түрлерінің барлығына да тезис жазуға тура келеді. Себебі тезиссіз жұмыстың тақырыптық ұстанымы нақты болмай, автордың негізгі мақсаты анық көрінбей қалады.

Батыс елдерінің жоғарғы оқу орындарында соңғы курста жазылатын дипломдық жұмысты көбіне “тезис”(“thesis”) деп атайды. Жазба жұмысының бұл түрі көлемді зерттеу жұмысының бірі болып саналады және оны жазу бір жылға жуық уақыттың талап етуі мүмкін. Ал біздің қарастыратынымыз - шағын эсселер мен зерттеу жұмыстарында бір не бірнеше сөйлеммен берілетін автордың пікірі.

Тезис жазба жұмысының негізгі идеясы ретінде бір немесе екі сөйлемнен ғана құралады. Оны өз алдына жеке жазудың қажеті жоқ. Эссенің тезисі кіріспе бөлімінде, көбінесе соңғы сөйлемі ретінде жазылады (бірақ, кіріспе бөлімінде, көбіне соңғы сөйлемі тезис болуы міндетті емес) . Өйткені бұл сөйлем арқылы автор оқырманға нені баяндағысы келіп тұрғанын жеткізеді.

Тезис оқырман назарын өзіне тартып әкететіндей жазылуы керек. Ол үшін тезис пікірталас туындататындай болғаны жөн. Яғни автордың тұжырымымен барлық адам келісе бермейтіндей немесе, жалпы алғанда, солай болатындығы күмән тудыратындай жайт болуы тиіс. Мысалы: Қаржылық қиындықтар туындаған жағдайда несие алған дұрыс, себебі, бұл - қиындықты шешудің тиімді жолы. Мұндай пікірмен көп адам келіспеуі мүмкін, себебі қаржылық қиындықтарды несие алмай-ақ шешудің жолдары көп және ол үшін несие алу тиімді амал ретінде саналмауы да мүмкін.


Академиялық және көркемдік тезис арасындағы айырмашылықтар.

Академиялық жазушы өзінің дәлелдерін фактілер мен мәліметтерге негіздеген кезде, әдебиетші белгілі бір идеяларды растау үшін туындаған жағдайлар мен эмоцияларды жиі қолданады. Бұл процесс академиялық тезистерді құруға қарағанда ұзақ уақыт алуы мүмкін, бірақ нәтиже көбінесе күшті болуы мүмкін. Өлеңдер мен проза жазушылары эмоцияларға, сондай-ақ логикаға (эмоцияларға да, логикаға да) жүгінген кезде, оқырман белгілі бір хабарға сенімді болады, сонымен қатар оны ұзақ уақыт есте сақтайды.

Тезистердің түрлері.

Сіз жазып отырған тезистің мазмұны сіз жазып отырған мақаланың түріне (сөйлеу, эссе) байланысты өзгеруі мүмкін:

Аргументативті: пікірталас тақырыбын және оны растайтын дәлелдерді ұсынады.

Дәлелді эсседе жазушы даулы тақырып бойынша нақты ұстанымға ие. Бұл ұстаным мен оны растайтын мәлімдемелер дәлел болып табылады. Түсіндірме тезистерден айырмашылығы, аргументативті тезистер авторға тақырып бойынша позицияны алуға (мысалы, көркем мәтіннің терең мағынасы немесе әлеуметтік мәселеге қатысты жақсы саясат туралы) және оқырмандарды өз ұстанымына сендіруге мүмкіндік береді. Дәлелді эссенің негізгі бөлігінде автордың пікірін растайтын мысалдар мен басқа да дәлелдер қолданылады.

Мысалы: Шекспир Англиядағы элизабетхан әйелдерінде биліктің жоқтығын сынау үшін әзіл-оспақ, камуфляж және әлеуметтік рөлдерді қолданады.

Аналитикалық: позицияны білдіреді және оның қалай сақталатынын түсіндіреді.

Аналитикалық тезисте мәселе немесе идея әртүрлі бөліктерге талданады немесе бөлінеді. Содан кейін автор тақырыпты бағалайды және оқырманға талдау тәртібін нақты көрсетеді.

Мысалы: оқу күні бір сағаттан кейін басталатын мектеп саясаты үш байланысты артықшылықты анықтады: оқушылар сыныпта мұқият болды, мектепке оң көзқараспен қарады және үй тапсырмаларын жақсы орындады.
Түсіндірме (түсіндірме): тақырыпты білдіреді және оқырман сіздің мақалаңыздан не білетінін түсіндіреді.

Түсіндірме диссертацияны ұсыну тек нақты ақпаратқа негізделген. Онда жеке пікірлер немесе дәлелдемелермен расталмаған мәлімдемелер жоқ. Оның орнына, ол оқырманға тақырыптың қандай болатынын және эсседе талқыланатын негізгі ойларды нақты айтады.