Файл: азастан Республикасы ылым жне жоары білім министрлігі М.озыбаев атындаы Солтстік азастан университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 66
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Инженерлік жəне сандық технологиялар факультеті «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасы | |||
| |||
| | ||
№1 Өндірістік тәжірибе бойынша ЕСЕП білім беру бағдарламасы: 6В06102 «Ақпараттық жүйелер» | |||
Орындаған АЖ–19–қ тобының студенті | | Алиев Н. С. | |
Тәжірибе жетекшісі (лауазымы) | | Касимоа И. Р. | |
| | | |
Петропавл қ. 2023 |
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
№1 Өндірістік тәжірибе «Халыққа қызмет көрсету ортылығында» өтілді
Тәжірибенің мақсаты: Халыққа қызмет көрсету орталығының және Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі порталының жұмысын талдау және зерттеу көмегімен «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ақпараттық жүйесін дамыту.
Тәжірибенің міндеттері: тәжірибе қорының қызметін сипаттау және талдау, автоматтандыру объектілерін анықтау болып табылады.
Зерттеу деректер қорын моделдеу және олармен жұмыс істеуге арналған қосымшаларды әзірлеу үшін келесі артықшылықтар мен мүмкіндіктерге ие:
-
Зерттеу тіпті деректер қорын моделдеу ның маманы болып табылмайтын пайдаланушылармен де тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді; -
Ақпаратты енгізуге және өзгертуге, іздеу мен нәтижелерді ұсынуға мүмкіндік беретін әзірленген пайдаланушы интерфейсі; -
Өз қосымшаларыңызды жасауға мүмкіндік беретін жоғары деңгейлі бағдарламалау құралдары;.
Тәжірибенің өзектілігі – «Халыққа қызмет көрсету» орталығының құрылымын сараптау және оның негізін талқылау. ХҚКО атқаратын қызметі мен оның негізгі жұмысын сипаттау мен талдау болып табылады.
Зерттеу нысаны: «Халыққа қызмет көрсету орталығы»
Зерттеу әдісі: Қойылған міндеттерді шешу үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды:
-
теориялық (пәндік саланы талдау, қойылған мақсатты іске асыру үшін қажетті деректерді жинау); -
интерфейс сипаты (ақпарат алмасу); -
бизнес процестік (мекеме жұмысын талдау).
Қоғамдық қызметтер оларды алу және ұсыну процесіне тартылған тараптардың көптігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, көптеген қызмет алушыларда шенеуніктің жұмыс стилі туралы ескі идеялардың стереотипі әлі де күшті. Мемлекеттік қызмет туралы қазіргі заманғы түсінік ХҚКО–лардың қызметін тез өзгертеді. Бірақ мемлекеттік қызметтің оң имиджі, сондай–ақ мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара іс–қимылдың жаңа нысандарын тарату бұрынғысынша өте өзекті болып қалуда. Халыққа қызмет көрсету орталығы әр түрлі мемлекеттік қызметтерді бір жерде ұсынудың ең тиімді нысаны бола отырып, бүгінде қоғамда мемлекеттік шенеуніктер қызметіндегі серпіліс ретінде қабылданады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінің өзі түбегейлі жетілдіріліп, олардың сапасы артты.Бұл тұжырымдар ХҚКО–ның Қазақстандағы жұмыс тәжірибесімен расталады. Сонымен қатар, қоғамда қызмет көрсетудегі кемшіліктер тек ХҚКО жұмысына байланысты деген пікір жиі қалыптасады. Қызмет көрсетудің барлық тізбегін талдау негізінен жол берілетін бұзушылықтар ХҚКО–ға қарағанда уәкілетті органдармен көбірек байланысты екенін куәландырады.
-
ХҚКО жалпы сипаттамасы
1.1 ХҚКО ұйымының құрылу тарихы
«ХҚКО» келесі іс–шараларды жүзеге асырады:
-
Бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес Петропавловск қаласының «Халыққа қызмет көрсету орталығы». -
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен құжаттарды қабылдау -
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіруді жүзеге асырады. -
Азаматтарға филиалдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша, мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен құжаттарды қабылдау және құжаттарды дайындау және беру тәртібі мен мерзімдері бойынша кеңес береді.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 20 мамырдағы «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» бағдарламасына енгізілген қадамдардың бірі – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) құру. Ол Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelink үлгісі бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарын бір жүйеге біріктіру арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай провайдеріне айналып, Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік береді.
Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында 2015 жылғы 17 қарашада «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №408–V Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, соған сәйкес Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соның ішінде жеке тұлғаларға және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша көрсету, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдас бөліктерін техникалық тексеру, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру Мемлекеттік корпорацияға жүктелді.
«Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11–1–бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 2016 жылғы 29 қаңтарда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» № 39 қаулы қабылдады. Онда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы», Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы», Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару Комитетінің «Жер кадастрының ғылыми – өндірістік орталығы» және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын біріктіру арқылы жарғылық капиталда мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы айтылған.
2016 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы шешімі негізінде аталған мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды, ол заңда белгіленген тәртіппен Астана қаласының Әділет департаментінде тіркелді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Уәкілетті тұлғасының 2016 жылғы 8 сәуірдегі №01 бұйрығымен ел аймақтарында «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 1 өкілдігі мен 70 филиалы құрылды.
2016 жылғы 29 сәуірде Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесінің бірінші отырысы өткізіліп, онда Мемлекеттік корпорацияның ішкі құжаттарын бекітумен қатар Басқарма құрамы сайланды.
Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі шешімімен Мемлекеттік корпорацияның ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізілді. Мемлекеттік корпорация басқармасы аппаратының құрамына Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық инспекциялау дирекциясы, Мемлекеттік қызмет көрсту дирекциясы және Әлеуметтік төлемдер бойынша ведомствоаралық есеп айырысу орталығының дирекциясы кірді.
Осылайша, елдегі мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай провайдері ретінде жаңадан құрылған Мемлекеттік корпорацияның қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған барлық органдар іске қосылды.
Бүгінде мемлекеттік корпорацияда 18 жұмыскер жұмыс істейді.
Ұйымның миссиясы:
Соңғы он жылда әлем жаңа экономика түріне қарай қарқынды жылжып келеді, оны қалыптастырудың негізгі құралы цифрлық технологиялар болып табылады. Заманауи жағдайларда ақпараттық технологиялар мен цифрлық трансформация қызмет көрсету сапасын арттыруды, өнімділікті түбегейлі арттыруды, бәсекелестікке қабілеттілікті қамтамасыз ету шарты және технологиялық өзгерудің негізгі факторы болып табылады. 2016 жылы біз өз миссиямызды жеке және заңды тұлғаларға бірыңғай мемлекеттік қызмет провайдерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру ретінде қалыптастырдық. Қазіргі кезде заманауи әлем талаптары назарға алына отырып, Мемлекеттік корпорацияның даму векторы озық технологиялар жағына, қызметтерді көрсетудің жаңа тәсілдерін іздеуге және жаңа аумақтарды игеруге, командамыздың ішкі әлеуетін дамытуға бағытталған. Қазіргі таңда Мемлекеттік корпорацияның келесі кезеңге міндеттерін қалыптастыра отырып, біз өзіміздің келесі даму деңгейімізді айқындайтын мақсаттарды және біз үшін маңыздырақ жұмыс принциптері мен басымдылықтарды нақтылаймыз. Мемлекеттік корпорацияның миссиясы – мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді белсенді ұсыну қағидатын енгізу, оларды технологиялық шешімдерді пайдалана және жоғары сервис деңгейін қамтамасыз ете отырып, ыңғайлы заманауи арналар арқылы бірыңғай провайдермен көрсету. Мемлекеттік корпорацияның пайымы – Мемлекеттік корпорация – белсенді, клиентке бағдарланған және инновациялық тәсілдер қолданыла отырып, қызмет алушылардың сұранымдарына жауап беретін сервистер мен қызметтерді алудың бірыңғай алаңы. Бұл ретте, Мемлекеттік корпорация өз қызметінің бастысы ретінде келесі құндылықтарды қояды:
1. Меритократия: әр адамның қосқан үлесі мен жетістіктерін бағалаудың әділдігі мен объективтілігі.
2. Құрмет: команданың басқа мүшелеріне құрметпен қарау.
3. Адалдық: команда ішіндегі және өзінің әріптестеріне деген адалдық.
4. Ашықтық: байланыстар мен әріптестерге деген ашықтық.
5. Командалық рух: бірлескен қызметтен жоғары нәтижелерге жетудегі ынтымақтастық.
6. Сенім арту: өзара көмек пен сенім мәдениетінің адалдығы.
1.2 ХҚКО – жұмысы мен функциялары
Қазақстандағы ақпараттық–коммуникативтік технологиялардың дамуы кем дегенде соңғы екі пікірдің жүзеге асуына кепілдік бере алады. Дәл осы азаматтар мен мемлекеттің өзара әрекеттестігін ыңғайлы, қарапайым, қолжетімді және түсінікті ету үшін электрондық үкімет тұжырымдамасы әзірленді.
Қазақстан Республикасында 2005–2007 жылдары электрондық үкіметті
құрудың мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығы «электрондық үкіметтің» порталын құруға негіз болды.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» порталын басқару мен сүйемелдеуге тікелей қатысады. «Электрондық үкіметтің» порталы 2006 жылдан бастап жұмыс істейді.
Электрондық үкімет құру ісі билік органдарының жұмысын анағұрлым тиімді, азаматтарға қолжетімді ету үшін қажет болды. Бұрындары әрбір мемлекеттік орган өз бетінше «оқшау өмір сүріп», басқаларымен байланысқа түсе қоймайтын, ал азаматтардың алуан түрлі анықтама, растама секілді өзге де қағаздарды жинау үшін толып жатқан инстанциялардан өтуіне тура келетін. Осының барлығы бір ғана қызмет түрін пайдалану үшін толып жатқан мекемелер табалдырығын тоздыруға мәжбүрлейтін. Бүгінде электрондық үкімет жобаларының арқасында ол заман келмеске кетті.
Электрондық үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай–ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де дәл осы механизм.
Басқаша айтқанда, электрондық үкімет деп лицензияны рәсімдеу үшін ЖСН ғана керек болатын (басқа ақпараттың бәрі дағдылы сұранымдар арқылы алынады), коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесінде төлеуге болатын, анықтама алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ