Файл: I дрістер жинаы кредит 1 таырып. Патологиялы физиология пні жне міндеттері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 120
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Пролиферация ( лат. рroliferatio – көбею) – дәнекер тіндердіңжасушалық бөлшектерінің көбеюі. Пролиферациядағы негізгі рөл макрофагтарда.
Қауырт қабынудың жергілікті белгілері (ЦЕЛЬС-ГАЛЕН бойынша):
Қызару - rubor артериялық гиперемия дамуы салдарынан
Ісіну - tumor экссудация мен қабынулық инфильтраттың әсерінен
Қызу - calor жылы артериялық қанның көп келуінен және зат алмасу қарқынының артуынан
Ауыру - dolor нерв аяқшаларының, К+, Н+ иондарымен, брадикининмен тітіркенуі; экссудатпен механикалық қысылуы.
Ағза қызметінің бұзылуы - functio laesa ауыру сезімі, жасушалар зақымдануы салдарынан
Қабынудың жалпы белгілері: қызба, ұйқышылдық, тәбеттің болмауы, бұлшық еттердің ауыруы – миалгия, буындардың ауыруы-артралгия, бауырда «жауаптың жедел кезеңі» нәруыздарының түзілуі (С – реактивті нәруыз, сарысулық амилоид А, фибриноген, церуллоплазмин, гаптоглобин, антиферменттер - антитрипсин), ядролық солға жылжыған нейтрофилді лейкоцитоз, иммундық жүйе жасушаларының әсерленуі – цитокиндер – интерлейкиндер (ИЛ-1, ИЛ-6); ӨТЖФ әсерлерінің нәтижесі
Созылмалы қабыну
-
ұзақ өтуімен және әлсіз айқындығымен сипатталады -
әсерленген макрофагтардың санының артуымен басталады -
негізгі жасушалары макрофагтар мен лимфоциттер. -
пролиферация басым болады. -
Тіндердің құрылымы бұзылуы мен айқын пролиферацияның қатарласа кездесуі
Қабынудың жағымды жақтары:
-
Қабыну ошағын орнықтырып, сау тіндерден шектеуі -
Патогенді жайтты бір жерде ұстап, оның жойылуы -
Ыдырау өнімдерін жойып, тіндердің біртұтастығын қалыптастыру -
Иммунитеттің түзілуі
Қабынудың жағымсыз жақтары:
-
Тіндердің зақымдануы -
Аурулардың (энцефалит, менингит, мый абсцесі, миокардит) негізін құрайды
Қабынудың этиотропты емі
-
Себепкер ықпалға әсер ету
-
Бактериостатикалық және бактерицидті әсер ететін дәрілер -
Зақымданған тіндерді кесіп алып тастау
-
Организм төзімділігін арттыру
Қабынудың патогенездік емі
-
Жасуша мембранасын тұрақтандыратын дәрілер (дәнекерлердің бөлінуін азайту, салдарлық әлтерация мен тамырлық серпілістерді азайту) -
Антиоксиданттар (салдарлық әлтерацияны азайту) -
Дәнекерлерге қарсы дәрілер (салдарлық әлтерацияны азайту) -
Микроциркуляцияны жақсартатын дәрілер -
Пролиферацияның көрсеткіштері
Көрнекті материал:
1. Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)
2. Курс лекций: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі
Әдебиеттер:
Негізгі
-
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 265-293. -
Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с.442-497 -
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 111-116. -
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 194-222.
Қосымша
-
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 181-200. -
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 222-234. -
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 61-79 -
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 184-200. -
Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Общая патофизиология. СПб., 2001. – ЭЛБИ-СПб, С.-297-354 -
Жуйко. Н.В. Особенности реактивности детского организма. Алматы 2006. – С. 44-46. -
Чернух А.М. Воспаление. М.: Медицина, 1979.-448с.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
-
Қабынуды неге біртектес дерттік үрдістерге жатқызады? -
Организмнің зақымдануға қорғану-бейімделу серпілісі ретінде қабыну нені сипаттайды? -
Қабыну кезіндегі зақымдану мен қорғанудың диалектикалық бірлігін неден көресіз? -
Қабынудың этиотропты және патогенездік емдеу ұстанымдары.
№ 2 тақырып. АЛЛЕРГИЯ
Мақсаты:аллергиялық серпілістердің реагиндік, цитотоксиндік, иммунды-кешендік және жасуша қатысуымен өтетін түрлерінің этиологиясы мен патогенезінің негізгі сұрақтарын меңгеру
Дәрістің жоспары:
-
Аллергия, анықтамасы. Оның этиологиясы (себептері және жағдайлары), аллергендердің жіктелуі, олардың сипаттамасы. -
Кук, Джелл және Р. Кумбс бойынша аллергиялық әсерленістердің жіктелуі. -
Аллергиялық әсерленістердің сатылары ( иммундық әсерленістер, патохимиялық және патофизиологиялық өзгерістер), олардың патогенезі. -
Сенсибилизация, түрлері, патогенезі. -
Аллергиялық әсерленістердің І, ІІ, ІІІ, ІҮ – түрлері патогенезінің ерекшеліктері:
а) аллергендердің табиғаты, сенсибилизация тетіктері;
б) негізгі дәнекерлері, олардың шығу тегі және биологиялық маңызы.
6. Гипосенсибидизация, түрлері, патогенезі.
7. Жалған аллергиялық әсерленістер, түсінік, патогенезі.
Дәрістің тезистері
АЛЛЕРГИЯ – организмнің өз тіндерінің зақымдануымен қабаттасатын иммундық әсерленістер (В.И. Пыцкий)
Аллергияның себептері – аллергендер.
Аллергендердің жіктелуі (по А.Д. Адо):
Экзоаллергендер: тұрмыстық, тағамдық, дәрі-дәрмектік, жануар тектес, өсімдік тектес, өндірістік, микробтар, саңырауқұлақтар
Эндоаллергендер: біріншілік (табиғи), екіншілік (жүре пайда болған)
Аллергияның туындауына септесетін жағдайлар: әлеуметтік жайттар, организмнің ерекшелігі
Аллергиялық әсерленістердің жіктелуі:
Аллерген қайталап түскеннен соң серпілістердің пайда болу уақытына қарай (Р.Кук). | |
I.Аллергиялық әсерленістердің дереу түрі (дереу дамитын жоғары сезімталдық, ДДЖС) | Аллерген қайталап түскен соң 15-20 минөттен соң дамиды. |
II. Аллергиялық әсерленістердің баяу түрі (баяу дамитын жоғары сезімталдық, БДЖС) | Аллерген қайталап түскен соң 24-48 сағаттан соң дамиды. |
Патогенезіне қарай (П. Джелл және Р. Кумбс). | |
I. Аллергиялық әсерленістердің реагиндік (анафилаксиялық) түрі | Есекжем, поллиноз, Квинке ісінуі, атопиялық бронх демікпесі, анафилаксиялық сілейме. |
II. Аллергиялық әсерленістердің цитотоксиндік түрі. | аутоиммундық гемолитиздік анемия, агранулоцитоз, тромбоцитопения, аутоиммундық гепатиттер, миокардиттер ж.б. |
III. Аллергиялық әсерленістердің иммундық -кешендік түрі | Артюс феномені, гломерулонефрит, васкулиттер, альвеолиттер, жүйелі қызыл жегі ж.б. |
IV. Жасушалар қатысуымен өтетін аллергиялық әсерленістер | Түйіспелі дерматит, жұқпалы-аллергиялық аурулар ( туберкулез, бруцеллез, сифилис, саңырауқұлақ аурулары) |
Аллергиялық әсерленістердіңпатогенезі
-
Иммундық сатысы -
Аллергенмен алғашқы кездескенде антиденелер немесе сезімталдығы жоғарылаған Т- лимфоциттердің (с-Тл) түзілуі (сенсибилизация) -
Аллергенмен қайтадан кездескенде аллерген+антидене немесе аллерген+с-Тл кешендерінің түзілуі
II. Патохимиялық сатысы
Биологиялық бесенді заттардың – аллергиялық дәнекерлердің босауы, белсенділенуі, түзілуі
III. Патофизиологиялық сатысы (клиникалық көріністер сатысы)
Сенсибилизация – осы аллергенге организмнің жоғары сезімталдығының қалыптасуы, ол белгілі бір аллергенге арнайы антиденелердің немесе сезімталдығы жоғарылаған Т-лимфоциттердің түзілуімен сипатталады. Сенсибилизацияның клиникалық көрінісі болмайды. Сенсибилизация жағдайын аллергиялық сынамалар арқылы анықтауға болады. Белсенді және енжар сенсибилизацияны ажыратады.
Аллергиялық әсерленістердің I- түрі (реагиндік немесе анафилаксиялық түрі)
Аллергені өсімдіктер тозаңы, жануарлар және өсімдіктер нәруызы, дәрі дәрмектер.
Иммундық сатысы: аллергенмен алғашқы кездескенде E және G4 иммуноглобулиндері түзілуі, мес жасушалары немесе базофилдердің бетіне бекуі. Аллергенмен қайталап кездескенде мес жасушалары немесе базофилдердің бетінде аллерген+ антидене кешені түзілуі.
Патохимиялық сатысы: мес жасушалары немесе базофилдердің түйіршіксізденуі және түйіршіктерден: гистамин, гепарин, эозинофилдердің және нейтрофилдердің хемотаксистік факторлары босап шығуы.
Мембрана фосфолипидтерінен лейкотриендер мен простагландиндердің түзілуі.
Патофизиологиялық сатысы: қан тамырларының кеңеюі және олардың өткізгіштігінің жоғарылауы, ісінудің дамуы, тегісеттердің жиырылуы, бронхоспазм, шырыштың артық түзілуі, жасушалардың зақымдануы, ринит, конъюнктивит, есекжем.
Аллергиялық әсерленістердіңIIтүр(цитотоксиндік).
Аллерген: химиялық заттар, соның ішінде, жасуша мембранасында бекітілген дәрі-дәрмектер, (Au, Ni, Zn, Cu, сульфаниламидтер, антибиотиктер); жасушалар және жасушалық емес құрылымдар мембраналарының өзгерген бөліктері (бүйрек шумақтарының негізгі мембранасының, коллагеннің).
Иммундық сатысы: аллергенмен алғашқы кездескенде IgG1-3, IgM иммуноглобулиндері түзілуі. Аллергенмен қайталап кездескенде нысана жасушалардың бетінде аллерген+ антидене кешені түзілуі.
Патохимиялық сатысы: комплемент бөлшектерінің әсерленуі, лизосомалық ферменттердің бөлінуі (катепсиндер, ДНКаза, РНКаза, эластаза) және фагоцитозда супероксидті радикалдар (О-, ОН., Н2О2).
Патофизиологиялық сатысы: нысана жасушалардың еруі, тіректі мембрананың құрылымы бұзылуы (комплемент тәуелді цитолиз, комплемент тәуелсіз цитолиз).
Зақымданудың цитотоксиндік түрі аутоиммундық гемолитиздік анемиялар, лейкопениялар, тромбоцитопениялар, тиреоидиттің, миокардиттің, нефриттің, гепатиттің ж.б. аурулардың даму негізінде жатыр.