Файл: 1.азастан тарихын кезедерге блу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 411

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қасым ханның ішкі саясаты. Хан өзінің қасақа жолымен ел ішіндегі жағдайды түзеп, мемлекетті басқаруды күшейтіп алды. Қазақтардың негізгі этникалық аудандарын Қазақ хандығына біріктіріп, бір орталықтан басқару жүйесін жетілдірді. Ол хандық биліктің қуаттылығы-ұлыс басшыларының мықтылығында, олардың жауапкершілігінде деп ұқты. Сондықтан ұлыс басшыларына ел басқаруға қабілетті адамдарды сайлаған.

16 ғасырдың басында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ жерінің айтарлықтай бөлігін өз қол астына қаратты. Бұл кезде Қазақ хандығының шекарасы оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы, Сырдария бойындағы қалаларды қосып алды. Оңтүстікте Шығыс Жетісу жерінің басым бөлігін өзіне қаратты, қысқаша айтқанда Жайықтан Балқашқа дейінгі аралыққа иелік етті.

Қасым хан тұсында Қазақ хандығының саяси –әкімшілік және сауда-экономикалық орталығы бастапқы кезде Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Қасым өмірінің соңғы кезінде Сарайшықта отырып, билік жүргізді.

Қасым ханның сырқы саясаты. Қасым хан тұсында Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттің беделін арттырып, сыртқы саясатта айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, Батыс Сібір хандығымен, Ресеймен сауда-саттық және дипломатиялық байланыстар жасады.

Қасым хан тұсында Моғол хандығының Жетісуға жүргізген билігі барған сайын әлсірей берді. Моғол билеушісі Саид хан Шу бойында отырған Қасым ханға 1514 жылы барып, одан шайбанилерге қарсы көмек беруін сұрады. Қасым хан қазақтардың қыстауға көшетін мезгілінің жақындағанына байланысты көмек беруден бас тартты. Саид ханның сол жылы Шығыс Түркістанға көшіп кетуі Қасым ханның Жетісудағы билігінің нығая түсуіне себеп болды. Қасым ханның сыртқы саясатының басты бағыты Сырдария бойындағы қалаларды қаратып алу жолындағы күрес болды. Бұл мақсатпен Қасым хан Мауараннахр билеушісі Шайбани ханмен және оның ұрпақтарымен тоқтаусыз соғыс жүргізді. Мұхаммед Шайбани хан Қазақ хандығының экономикалық жағынан күшеюіне жол бермеуге ұмтылды. Шайбани хан алғаш экономикалық соққы беру үшін, екіел арасындағы сауда байланысын үзіп, тоқтатуға тырысты. Мұхаммед Шайбани Сыр бойындағы қалаларды Қазақ хандығының қол астына түсірмеу үшін бірнеше рет қанды жорықтар жасады. Қалалар үшін күрес ұзаққа созылды.

35. Қазақ хандыгынын кайта орлеуі. Хақназар ханның билiгi.


Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523—1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.

Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады. Тәуекелдің хан жағдайын 1586 және 1594 жылдар арасында жүргізілген ұзақ та табанды күрес нәтижесінде жеңіп алғаны, оның содан кейін Мәскеумен қатынастар жасау кезінде нағыз хан ретінде әрекет еткені анық болады.Қазақ елшілері орыс патшасына Қазақ хандығының жайы туралы бірқатар қызықты мәліметтер жеткізді. Мәселен, Құл-Мұхамед былай деп хабарлаған: «Ал қазір Бұхара патшасымен уақытша татумыз, ал ноғайлармен бауырлардай татумыз, Тинехматтың балаларымен де, ұрыс тұқымымен де ала-бөтен емеспіз». Бұл елшілік туралы істе Тәуекел хан «қазақ және қалмақ патшасы» деп те аталған, бұдан оған Орталық және Солтүстік Қазақстанды мекендеген қазақтарға жақын көшіп-қонып жүрген кейбір жоңғар рулары бағынған деген қорытынды жасауға болады.Сонымен қазақ елшілігінің алдында Ораз-Мұхаммедті қайтаруға қол жеткізу және Абдаллахқа қарсы күресте Мәскеудің көмегіне уәдесін алу міндеттері қойылды. 1595 жылғы наурыз айында елшіге патшаның жауап грамотасы тапсырылды, онда Тәуекелге қазақ хандығын «өзінің патшалық қол астына» алатынын хабарлаған және «патша мен ханзадаларға оқ ататын қару» жіберуге уәде етеді де, одан әрі мынадай тілек айтады: Тәуекел «біздің патшалық қол астымызда болғандықтан және біздің патшалық әміріміз бойынша Бұхара патшасымен және бізге опасыздық жасаған сібір патшасы Көшіммен соғысып, біздің ұлы мәртебелі патшамызға жол салатын боласыздар».Тәуекелдің елшілері Мәскеуге Иран шахы Абдаллахқа қарсы бірлесіп күресуі туралы келісімге қол жеткізу үшін Иран елшісін өздерімен бірге Тәуекелге жіберуін сұрады. Елшілердің өтініші орындалды.Құлмұхаммед елшілігіне жауап ретінде 1595 жылдың наурыз айында Мәскеуден Тәуекел ханға тілмаш Вельямин Степанов жіберілді.



36. ХVII гасырдагы Казақ хандыгы: iшкi жане сыртқы саясаты.


Сырткы саясат.

Шыгай ханның улы Есім хан халық жадында өзінің белсендi сырткы саясатымен өшпес із калдырды. ХVII гасырдын бiрiншi ширегiнде Сырдария бойы калалары үшін қазақ-өзбек басекелестiгi кайта өршіп, шиеленісті. Бұхар ханы бейбіт- шілік туралы келiсiмдi бұзып, Қазак хандыгына жорыкка шыкты. Сыр- дария аумагы ушiн согыс 20 жылдан астам уакытка (1603-1624 жылдар) созылды. Бухар хандыгы Ташкент, Сайрам және Әндіжан калаларын кайтарып алуды, казактарды Сырдариядан куып шыгуды максат етті.

1621-1624 жылдары Есім ханнын басшылыгымен бiрнеше шайқас- тар етіп, нәтижесiнде бухарлыктар толық талқандалды.

Есім хан Сырдария қалалары үшін Орта Азия билеушiлерiмен екі жүз жылга созылган күресті жеңіспен аяктады. Ташкент және Туркістан қа лаларынын Казак хандыгына өтуi де осы күрес нәтижесі болды. Есім ханның ордасы Туркiстан 1603-1624 жылдары Сырда- каласында орналасты. Будан былай екi гасырдан рия аймагы ушiн шайқастын астам уакыт бойы Түркістан Қазақ хандыгынын саяси орталыгы релiн аткарды. барысын аныктандар.

Осы кезенде казактардын каракалпактармен катынастары кур- деленді. XVI гасырдын сонында Тауекел хан қарақалпақ руларынын өтініші бойынша оларга Арал бойынан жер берген едi. Бiрак бiрнеше жыл өткеннен кейiн қарақалпақтар казактарга карсы көтерiлдi. Есім хан булiктi басып тастады. Қарақалпақтар Сырдариянын орта ағысын тастап кетті.

XVII гасырдын басында ойрат тайпалары Қазақстан аумағына шабуылдар жасай бастады. Алайда біркатар iрi шайкастарда ойраттар женiлдi.

Хандыктын ішкі саяси жағдайы. Деректер Есім ханнын саяси бәсекелестерінің арасында Тұрсын султанды ерекше бөліп көрсетеді. 1613 жылы Ташкент билеушісі Турсын Есім ханға карсы шыкты. Қата- ган руынын билеушiлерi де Есiмге багынудан бас тартты. Көп узамай Турсын султан өзін хан етіп жариялады. Ол онтустік аймактын дербес билеушісі болды. Турсын ханнын билiкке умтылып,

Есім ханға қарсы шыгуы елде кос өкіметтікке әкелді. 1627 жылы Есім хан ойраттарды талкандап, жорыктан кайтып келе жатканда Турсын онын ордасы Туркiстанга шабуыл жасады. Турсыннын бул эрекеті казак руларынын наразылығын туғызды. Есім әскерiмен Таш- кентке жылжыды. Шайқас Ташкент манында отiп, Турсын куйрей женiлдi.

Есім хан катаган тайпасын катан жазалады. Әбілғазының айтуын- ша, катагандыктар Турсын ханнын тірегі болган. Есім хан жорыкта жургенде катагандыктар Туркістан қаласын тонауга белсене катысып, онын отбасын туткынга алды. Катаган тайпасынын жазадан аман калган бiр бөлiгi Ауганстанга кеттi, бiралы уйгырлар мен кыргыздар арасында сiнiп кеттi. Бул окига тарихқа «Катаган кыргыны» ретінде ендІ


37. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы саяси тарихы.

Тәуке хан, кейде Әз-Тәуке (толық есімі Тәуекел-Мұхаммед Баһадүр хан Қазы, жазба деректерде Тевкей, Теуке, Тявка, Тевки, 1635 жылға дейін - 1715 жылдың жазы/күзі) – 1652 жылдан бастап Кіші жүздің ханы, ал, шамамен, 1672 жылдан кейін Қазақ Ордасының билеушісі. Салқам Жәңгір ханның ортаншы ұлы. Шешесі Бану ханым қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы. Аппақ сұлтанның інісі, Уәли (Уәлибек) сұлтанның ағасы.

Ішкі саясаты

Тәуке ханның Сығанақ қаласының тұрғындарына жарлығы (1675-1676)

Болашақ ханның саясатқа араласуы 1650 немесе 1651 жылға сәйкес келеді. Жәңгір ханның Қашғар билеушісі Абдаллах ханға жіберілген елшіліктің құрамында болған. Әкесінің өлімінен кейін Кіші жүз рубасыларының басым бөлігінің қолдауына ие болды. Хан тағына отырған соң Қазақ Ордасының ішкі және сыртқы саяси жағдайын күшейтуге көңіл бөлді. Ішкі саясаттағы реформаларының бір көрінісі - сан жағынан кішігірім жеті руды біріктіріп, жаңа жетіру рулық одағын және Орта жүздің құрамындағы уақтар мен керейлерден біріккен уақ-керей тайпасын құруы. Сонымен қатар қазақ халқы арасында бұрыннан қолданылып келген ру-тайпалардың ұрандары мен таңбаларын қайта анықтап белгілеген.

Ұйымдастырушылық қабілетке ие болған Тәуке хан XVII ғасырдың 70-ші жылдарына қарай қазақ даласындағы алауыздықтар пен тартыстарды тоқтатып, көршілес жоңғар тайпаларына қарсы сәтті жорықтар жүргізген. Сыртқы жауымен болған ұрыстарда жеңіске жеткен Тәукенің айналасында көптеген қазақ рубасылары топтаса бастайды. Шамамен, 1672 жылға дейін қазақ даласындағы ең беделді хандардың, сұлтандардың, рубасыларының шешімімен хан тағына отырды. Ханның мөріне сәйкес ол қол астындағы көшпенді халықтан «баһадүр» және «қазы» титулдарына ие болған. Кейбір жазба деректер бойынша XVII ғасырдың 50-ші немесе 60-шы жылдары шайқас кезінде екі аяғы ауыр жараланып, мүгедек болып қалған. Сондықтан қала ішінде не ат үстінде, не арнайы жылжымалы төсеніш көмегімен қозғалып отырды.

1672 жылы қазақ ханына ойраттардың жаңа билеушісі Қалдан-Бошоқты ханның қудалауынан қашуға мәжбүр болған дербет тайшысы Даян-Омбоның ұлы Малай тайшы мен хошоуыт тайшысы Абылайдың ұлы Цаган пана іздеуге келген. Цаган тайшы 1673 жылы қазақ жерінде қайтыс болып, оның қол астындағы адамдары Тәуке ханға қызмет ете бастады.


Сыртқы саясаты

Тәуке ханның тобыл воеводасы А.Ф.Нарышкинге хаты (1693)

Тибеттік буддизмнің Орталық Азияға таралуын көздеген жоңғар билеушісі Қалдан Бошоқты хан 1681-1685 жылдары қазақтарға, қырғыздарға және Әндіжан, Сайрам қалаларының отырықшы халықтарына қарсы жеті жорық ұйымдастырған. 1683 жылы орын алған шайқас кезінде Тәукенің бір ұлы тұтқынға түсіп, жоңғар билеушісінің шешімімен «буддисттік Ватиканның» астанасына жіберілді (туған жеріне 14 жылдан кейін қайта оралды).

Түркістан қаласының жоспары (XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басы). Д.Г.Мессершмидтің құжаттарының арасынан табылған. Тәуке ханның мөрі сол жақ шетте бейнеленген (Tabakul Maamet Buturchan)

1687 жылдың ортасына қарай адам және материалдық шығындардан ес жиған Тәуке қазақтардың күшін қайта жұмылдырып, 1688 жылы Қалдан әскеріне соққы берді. Жеңістің нәтижесі бойынша, алдымен, Ташкент қайтарылды. Ферғананың саяси орталығынан кейін Тәуке ханның қол астына қырғыздар мен Түркістанның солтүстігінде мекендеген қарақалпақтар өтті.

XVII ғасырдың ортасына қарай Тәуке ханның саяси ықпалы Қазақ Ордасымен көршілес Сырдарияның орта және төменгі ағыстарында орналасқан сауда және қолөнер дамыған қалаларына да тараған (32 қала мен айналасындағы ауылшаруашылық кенттер). Ташкент, Сығанақ, Сайрам, Түркістан (қала), Созақ, Аққорған, Қарнақ, Сауран және т.б. қалалардың тұрғындары қазақ билеушілеріне жыл сайын тауармен және ақшалай салық, ал ауылдық аймақтарда тұратын отырықшы халық жиналған егіннің 1/5 немесе 1/10 бөлігін төлейтін.

Ішкі саясаттағы белсендігімен қатар Тәуке хан 1687-1697 жылдары солтүстік көршілерімен орын алған қақтығыстар мен қарама-қайшылықтарды реттеуге, сауда-саттықты дамытуға, керуен жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салды. 1687-1693 жылдары Тобыл қаласына бірнеше елшілік аттанған.

1698 жылы қазақтардың оңтүстік жайылымдары жоңғарлардың жаңа билеушісі Цеван-Рабданның шабуылына ұшырады. Бұл екі халықтың арасындағы ұзаққа созылған соғыстың жаңа кезеңіне алып келді. Тәуке ханның билік басындағы соңғы 17 жылында бірнеше қазақ-жоңғар соғысы (1698-1703, 1708, 1709-1710, 1712 және т.б.) орын алды. Жасына байланысты 1710 жылдан бастап ойраттарға қарсы ұйымдастырылған жорықтарға қатысқан жоқ. Кейбір деректерге сәйкес 1715 жылдың бірінші жартысында Түркістан қаласында қайтыс болған.

38. Қазақ хандығының құқықтық нормалары: «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы».