Файл: Физика пнінен тосанды жиынты баалауды тест спецификациясы 10сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 422

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

МАЗМҰНЫ

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу

Модерация және балл қою

Тапсырма түрлері:

Жиынтық бағалаудың құрылымы

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Физика» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырма түрлері:

Жиынтық бағалаудың құрылымы

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Физика» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырма түрлері:

Жиынтық бағалаудың құрылымы

«Физика» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырма түрлері:

Жиынтық бағалаудың құрылымы

«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



«Физика» пәнінен

тоқсандық жиынтық бағалаудың тест спецификациясы 10-сынып

(жаратылыстану-математикалықбағыт)


Нұр-Сұлтан, 2019

МАЗМҰНЫ


  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3

  2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3

  3. Күтілетін нәтижелер 3

  4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4

  5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу

...................................................................................................................................................... 5 6. Жиынтық бағалауды өткізу ережелері ..................................................................................... 5

  1. Модерация және балл қою 5

    1. -ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6

    2. -ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 14

    3. -ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 22

    4. -ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 32
  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.

  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11- сыныптары үшін «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.

  1. Күтілетін нәтижелер


Білімалушы:
Білу:

  • механиканың, молекулалық физика мен термодинамиканың, электромагнетизмнің физикалық шамалары мен ұғымдарын;

  • бастапқы физикалық ұғымдарды;

  • практикалық және эксперименттік жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін;

  • физикалық шамалардың өлшем бірліктерін;

  • механика, молекулалық физика мен термодинамика, электромагнетизм бөлімдеріндегі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды;

  • физикалық құбылыстарды;


Түсіну:

  • шамалардың физикалық мағынасын, механиканың, молекулалық физика мен термодинамиканың, электромагнетизмнің негізгі терминдері мен заңдарын;

  • физикалық құбылыстардың маңыздылығын;

Қолдану:

  • процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді;

  • тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауiпсiз жүргізу әдістерін;

  • қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында физика заңдары мен формулаларын;

  • нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді;

  • өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;

  • алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге;


Талдау:

  • эксперимент нәтижесінде алынған деректерді;

  • графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты;

  • заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін;


Жинақтау:

  • кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды;

  • гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми моделдерді және дәлелдемелерді;

  • эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын;

Бағалау:

  • жасалған эксперименттің нәтижелерін бағалайды.



  1.   1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Ойлау дағдыларының деңгейі




Ойлау дағдыларының деңгейі

Сипаттама

Ұсынылатын тапсырмалар түрлері

Білу және түсіну

Білу:

  • сәйкес бөлімдердегі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды;

  • физикалық шамалардың өлшем бірліктерін;

  • физикалық құбылыстарды;

Түсіну:

  • шамалардың физикалық мағынасын, механиканың, молекулалық физика мен термодинамиканың, электромагнетизмнің негізгі терминдері мен заңдарын;

  • физикалық құбылыстардың маңыздылығын.

Деңгейді тексеру үшін Көп таңдауы бар тапсырмалар (КТБ) және/немесе Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады

Қолдану

Қолдану:

  • процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді;

  • қолданбалы және оқу тапсырмаларын орындау, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында физика заңдары мен формулаларын;

  • нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді;

  • өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;

  • алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге;

Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ)қажет ететін тапсырмалардыжән е/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет

ететін тапсырмаларды пайдалану

ұсынылады

Жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау)

Талдау:

  • эксперимент нәтижесінде алынған деректерді,

  • графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты.

Жинақтау:

  • кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды,

  • гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді,

  • эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын.

Бағалау:

  • жасалған эксперименттің нәтижелерін.

Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе Толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады

  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу





Тоқсан

Білу және түсіну

%

Қолдану

%

Жоғары деңгей дағдылары

%

I

0%

87%

13%

II

0%

100%

0%

III

0%

100%

0%

IV

0%

78%

22,2%

Барлығы

0%

91%

9%



  1. Жиынтық бағалауды өткізу ережелері


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын нұсқаулық оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ