Файл: алыптастырушы баалауа арналан тапсырмалар жинаы Геометрия 8сынып рметті малім!.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 170

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



3-ТОҚСАН

Бөлім: «Аудан»


Оқу мақсаты

8.1.3.11 параллелограммның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Параллелограммның ауданын табу есептерін шығарады

  • Ромбтың ауданын табу есептерін шығарады



Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма

Ұзындықтары 2 м, 3 м және олардың арасындағы бұрышы 300 болатын параллелограмм пішінді тақтайды бояу керек. Егер 1 м2 тақтайға 100 г бояу кетсе, берілген параллелограмм пішінді тақтайды бояу үшін қанша грамм бояу керек?
Дескриптор: Білім алушы

- параллелограмм ауданын есептеу үшін формуланы қолданады;

- есептеулерді орындайды;

- тақтайдың ауданын табады;

- бояу мөлшерін табады.
2-тапсырма

Бір қабырғасы 150 м болатын ромб тәріздес спорт алаңының қарама-қарсы қабырғаларының арақашықтығы 60 м тең. Осы спорт алаңының бір айлық төлеу салығы 1 м2 ге1200 теңгені құрайды. Бір айда салыққа кететін шығынның көлемін табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы

- ромб биіктігін табады;

- ромб ауданын есептеу үшін формуланы қолданады;

- есептеулерді орындайды;

- алаңның ауданын табады;

- салық шығынын табады.
3-тапсырма

Параллелограммның сүйір бұрышы 300-қа тең, бір қабырғасы екінші қабырғасынан 4см артық. Параллелограммның периметрі 92 см-ге тең екені белгілі болса, параллелограммның ауданын табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы

  • параллелограммның қабырғаларын айнымалылар арқылы өрнектейді;

  • периметрдің анықтамасын қолданып теңдеу құрады;

  • теңдеуді шешеді;

  • параллелограммның қабырғаларын табады;

  • параллелограммның ауданының формуласын қолданады;

  • параллелограммның ауданын табады.



Бөлім: «Аудан»


Оқу мақсаты

8.1.3.12 үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Үшбұрыштың ауданы формулаларын есеп шығаруда қолданады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма

Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрышы 750-қа тең. Бүйір қабырғасы 24 см. Үшбұрыштың ауданын табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы

  • үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын қолданады;

  • керекті бұрышты табады;

  • теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін қолданады;

  • үшбұрыш ауданын табу формуласын таңдайды;

  • үшбұрыштың ауданын табады.


2-тапсырма

Айжан қабырғаларының ұзындықтары 5см, 12см, 13см болатын үшбұрыштардан құралған құрақ тікті. Егер құрақ тігуге 0,3м2 мата кеткені белгілі болса, Айжанның құрағы неше үшбұрышты бөліктен құралған?
Дескриптор: Білім алушы

  • Герон формуласын қолданады;

  • үшбұрыштың ауданын табады;

  • м2-ты см2-қа айналдырады;

  • үшбұрыштардың санын анықтайды.



Бөлім: «Аудан»


Оқу мақсаты

8.1.3.13 трапецияның ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Есептер шығаруда трапеция ауданының формулаларын қолданады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма

Егер АСD үшбұрышының ауданы 192-ге тең болса, онда сызбадағы АВСD трапециясының ауданын табыңыз,.



Дескриптор: Білім алушы

  • есепті шешу алгоритмін дұрыс таңдаған;

  • үшбұрыш ауданының формуласын трапецияның үлкен табанын табуда қолданады;

  • трапеция ауданының формуласын қолданады;

  • трапецияның ауданын табады.


2-тапсырма

Трапецияның табандары 28см және 11 см, бүйір қабырғалары 25 см және 26см. Трапецияның ауданын табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы

  • трапецияның кіші табанындағы төбелерінен үлкен табанына екі жақтан биіктік түсіреді;

  • тіктөртбұрыштың қасиетін қолданады;

  • пайда болған тікбұрышты үшбұрыштардың трапецияның үлкен табанында орналасқан катеттерін айнымалы арқылы өрнектейді;

  • тікбұрышты үшбұрыштарға Пифагор теоремасын қолданады;

  • биіктіктерді айнымалылар арқылы өрнектеп теңестіреді;

  • теңдеуді шешеді;

  • Пифагор теоремасын қоданады;

  • трапецияның биіктігін табады;

  • трапецияның ауданын табады.




4-ТОҚСАН

Бөлім: «Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі»


Оқу мақсаты

8.1.3.14 жазықтықта координаталарымен берілген екі нүктенің арақашықтықтығын есептеу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Координаталары берілген жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтықтығын табады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма
ОАВС трапециясының ауданын табыңыз, егер О-координата басы, А(2;5), В(11;5), С(3; 0) болса.


Дескриптор: Білім алушы

  • екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын қолданады;

  • трапецияның табандарының ұзындығын табады;

  • трапецияның биіктігінің ұзындығын табады;

  • трапеция ауданының формуласын қолданады;

  • трапецияның ауданын табады.


Бөлім: «Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі»


Оқу мақсаты

8.1.3.15 кесінді ортасының координаталарын табу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Кесіндінің ортасын табу формуласын қолданады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма

АВ кесіндісіндегі А нүктесінің координатасы (5;-3), АВ кесіндісінің ортасы О нүктесінің координатасы (-1; 3). В нүктесінің координатасын табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы

  • кесінді ортасының координаталарын табу формуласын қолданады;

  • теңдеу құрады;

  • теңдеуді шешеді;

  • В нүктесінің координатасын табады.






Бөлім: «Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі»


Оқу мақсаты

8.1.3.17 центрі (a, b), радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін білу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Сызбасы бойынша шеңбердің теңдеуін жазады

  • Шеңбердің теңдеуінен шеңбердің центрі мен радиусын анықтайды

  • Шеңбердің центрінің координатасы мен радиусы арқылы шеңбердің теңдеуін жазады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну

Қолдану

1-тапсырма

Суретте кескінделген шеңберлердің теңдеуін жазыңыз.


Дескриптор: Білім алушы

  • суреттен шеңбердің центрін анықтайды;

  • суреттен шеңбердің радиусын анықтайды;

  • шеңбердің теңдеуін жазады.


2-тапсырма

Шеңбердің центрі мен радиусын табыңыз.




Шеңбердің теңдеуі

Радиусы

Центрінің координаталары

1

(x-6)2+(y+5)2=81







2

(x+4)2+(y-2)2=12







3

(y+3)2+ x2=42








Дескриптор: Білім алушы

  • шеңбердің центрін жазады;

  • шеңбердің радиусын жазады.


3-тапсырма

Егер A(-4;0) және B(2;0) нүктелері шеңбер диаметрінің ұштары болса, онда оның центрінің координаталары, радиусының ұзындығын табыңыз және шеңбердің теңдеуін жазыңыз.
Дескриптор: Білім алушы

  • екі нүктенің ара қашықтығын есептеу формуласын қолданады;

  • диаметрдің ұзындығын табады;

  • радиусты табады;

  • кесінді ортасының координаталарын табу формуласын қолданады;

  • шеңбердің центрінің координаталарын табады;

  • шеңбердің теңдеуін жазады.




Бөлім: «Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі»


Оқу мақсаты

8.1.3.18 берілген теңдеуі бойынша шеңбер салу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Берілген теңдеуі бойынша шеңбер салады

  • Теңдеуді шеңбердің теңдеуіне келтіреді




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма

Берілген теңдеулер бойынша шеңбер салыңыз:

a) (х+2)2+(у-1)2=9;

b) х2+(у-2)2=4;

c)
Дескриптор: Білім алушы

  • шеңбердің теңдеуін жалпы түрге келтіреді;

  • шеңбердің теңдеуінен шеңбердің центрінің координаталарын анықтайды;

  • шеңбердің теңдеуінен шеңбердің радиусын анықтайды;

  • шеңберді координаталық жазықтықта салады.

Бөлім: «Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі»


Оқу мақсаты

8.1.3.19 түзудің жалпы теңдеуін және берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазу:


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Екі нүктенің координаталары арқылы түзудің теңдеуін жазады

  • Түзудің теңдеуін ax+by+c=0 немесе түріне келтіреді




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма

АВС үшбұрышының төбелерінің координаталары берілген: А(4;6), В(-4;0), С(-1;-4). АВ қабырғасын қамтитын түзудің теңдеуін және СМ медианасын қамтитын түзудің теңдеуін жазыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

  • екі нүкте арқылы АВ түзуінің теңдеуін жазады;

  • АВ-ның ортасының координатасын табады;

  • екі нүкте арқылы СМ түзуінің теңдеуін жазады.






Бөлім: «Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі»


Оқу мақсаты

8.1.3.20 координаталармен берілген қарапайым есептерді шығару


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Есептер шығаруда координаттар әдісін қолданады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма

А(-4;0), В(-1;-2), С(3;-2), D(0;0) нүктелері берілген. АВСD параллелограмм екенін дәлелдеңіз.
Дескриптор: Білім алушы

  • төртбұрштың қабырғаларының ұзындықтарын табады;

  • төртбұрыштың параллелограмм екенін дәлелдейді.


2-тапсырма

M(-2;3), N(3;5) және K(3;-5) нүктелері үшбұрыштың қабырғаларының орталары болып табылады. Үшбұрыш төбелерінің координаталарын табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы

  • үшбұрыш төбелерінің координаталарын айнымалылар арқылы өрнектейді;

  • кесіндінің ортасын табуға арналған формуланы қолданады;

  • абсциссалар арқылы теңдеулер жүйесін құрады;

  • ординаталар арқылы теңдеулер жүйесін құрады;

  • теңдеулер жүйесін шешеді;

  • үшбұрыш төбелерінің координаталарын жазады.