Файл: алыптастырушы баалауа арналан тапсырмалар жинаы Геометрия 8сынып рметті малім!.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 169

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2-ТОҚСАН

Бөлім: «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар»


Оқу мақсаты

8.1.3.2 бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының қатыстары арқылы берілген анықтамаларын білу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Бұрыштың синусы және косинустың анықтамаларын есептер шығаруда қолданады

  • Бұрыштың тангенсі және котангенсінің анықтамаларын есептер шығаруда қолданады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

1-тапсырма

Үшбұрыштың белгісіз қабырғаларын, бұрыштың синусы, косинусы және тангенсінің анықтамаларын пайдаланып, табыңыз.








a)

b)

c)



Дескриптор: Білім алушы

  • сүйір бұрыштың косинусының анықтамасын қолданады;

  • іргелес жатқан катетті табады;

  • сүйір бұрыштың тангенсінің (котангенсінің) анықтамасын қолданады;

  • іргелес жатқан катетті табады;

  • сүйір бұрыштың синусының анықтамасын қолданады;

  • қарсы жатқан катетті табады.


2-тапсырма

Сатыны суреттегідей қабырғаға сүйеп қойған.

a) жерден сатының қабырғаға сүйеніп тұрған жеріне дейінгі арақашықтығын табыңыз.

b) сатының табанынан қабырғаға дейінгі қашықтығын табыңыз.
Д ескриптор: Білім алушы

  • қарсы жатқан катеттің ұзындығын анықтау үшін, синустың анықтамасын қолданады;

  • қарсы жатқан катеттің ұзындығын анықтайды;

  • іргелес жатқан катеттің ұзындығын анықтау үшін, косинустың анықтамасын қолданады;

  • катеттің ұзындығын табады.

Бөлім: «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар»


Оқу мақсаты

8.1.3.3 Пифагор теоремасын дәлелдеу және қолдану


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Пифагор теоремасын қолданып, есептер шығарады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма

Екі пароход порттан шығып, біреуі солтүстікке, ал екіншісі батысқа бет алды. Олардың жылдамдықтары сәйкесінше 15 км/сағ және 20 км/сағ. Екі сағаттан кейін олардың ара қашықтықтары қандай болады?

20 км/сағ


Дескриптор: Білім алушы

  • әр пароходтың жүрген жолын табады;

  • Пифагор теоремасын қолданып, өрнек құрады;

  • есептеулер жүргізіп, жауабын жазады.



2-тапсырма

Айнұр үйінен батысқа қарай 500м жүрді, одан кейін солтүстікке бұрылып 300м жүрді. Одан шығысқа бұрылды да тағы да 100м жүрді. Айнұр үйінен қандай қашықтықта болды?

Дескриптор: Білім алушы

  • трапецияның биіктігін табады;

  • Пифагор теоремасын қолданып, өрнек құрады;

  • есептеулер жүргізіп, жауабын жазады.


3-тапсырма

ABCD трапециясы берілген, CM‖AB. Сызбаның көмегімен

a) трапецияның үлкен табанын;

b) трапецияның белгісіз бүйір қабырғасын табыңыз.

ескриптор: Білім алушы

  • Пифагор теоремасын қолданады;

  • АН пен HD-ны табады;

  • AD-ны табады;

  • АВСМ параллелограмм болатындығын дәлелдейді;

  • параллелограммның қасиетін қолданады;

  • АМ–ды табады;

  • МН-ты табады;

  • Пифагор теоремасын қолданады;

  • СМ-ды табады;

  • параллелограммның қасиетін қолданады;

  • АВ-ны табады.




Бөлім: «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар»


Оқу мақсаты

8.1.3.4 тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышының төбесінен гипотенузасына түсірілген биіктігінің қасиеттерін дәлелдеу және қолдану


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышының төбесінен гипотенузасына түсірілген биіктігінің қасиеттерін қолданады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма

Тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышының төбесінен түсірілген биіктік гипотенузаны 6,4 см және 3,6 см бөліктерге бөледі. Тікбұрышты үшбұрыштың биіктігін және барлық қабырғаларының ұзындықтарын табыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

  • тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышының төбесінен гипотенузасына түсірілген биіктіктің қасиеттерін қолданады;

  • биіктікті табады;

  • Пифагор теоремасын қолданады;

  • катеттердің ұзындығын табады;

  • гипотенузаны табады.



Бөлім: «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар»


Оқу мақсаты

8.1.3.22 негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қорытып шығару және қолдану


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолданып, өрнектерді түрлендіреді




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма

Өрнектерді ықшамдаңыз:

а) tg2 х + sin2 х + cos2 х

б) 3sin2 х + 10 + 3cos2 х

в) 16 - 6sin2 х - 6соs2 х

г)

д)

Дескриптор: Білім алушы

  • өрнектерді негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер түріне әкеледі;

  • өрнектерді негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолданады;

  • өрнекті ықшамдайды.





Бөлім: «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар»


Оқу мақсаты

8.1.3.23 α және (900 – α) бұрыштарының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі арасындағы байланыстарды білу және қолдану


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • бұрыштарының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі арасындағы байланыстарды қолданады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма

Өрнекті ықшамдаңыз:

a)
b)

c) ;

d) .
Дескриптор: Білім алушы

  • қолданады;

  • негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолданады;

  • түрлендіруді орындайды;

  • өрнекті ықшамдайды.




Бөлім: «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар»





Оқу мақсаты

8.1.3.5 бұрышты оның синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің белгілі мәні бойынша салу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тригонометриялық функциялардың берілген мәні бойынша бұрышты салады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

1-тапсырма

Төмендегі мәліметтер бойынша бұрышын салыңыз:



Дескриптор: Білім алушы

  • түзу жүргізеді;

  • осы түзуге перпендикуляр жүргізеді;

  • перпендикулярдың бойынан ОА бірлік кесінді өлшеп салады;

  • осы перпендикулярдың бойынан тура осындай төрт бірлік кесінді болатындай ОВ-ны кескіндейді;

  • ОВ кесіндісін циркульмен өлшеп; центрі А нүктесі болатындай шеңбер жүргізеді;

  • шеңбердің түзумен қиылысу нүктесін С арқылы белгілейді;

  • А мен С нүктесін қосады;

  • ОСА бұрышы ізделінді бұрыш болады.


2-тапсырма

Ұзындығы 6 метр сымтемір берілген. Егер, болса,онда осы сымтемірді пайдаланып бұрышын салыңыз.
Дескриптор: Білім алушы

- тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышы синусының анықтамасын қолданады;

- есепті шешу алгоритмін анықтайды;

- бұрышын салады.



Бөлім: «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар»





Оқу мақсаты

8.1.3.7 тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін 300, 450, 600 -қа тең бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін қолдану


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Есептер шығару кезінде берілген тригонометриялық функциялардың мәндері арқылы тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма

Жіпке ілінген жүк түріндегі маятникті 600 бұрышқа ауытқу арқылы тепе-теңдік қалпынан шығарды. Маятниктің АС ұзындығы 20 см.
a) Жүктің биіктігі тепе-тең қалыппен салыстырғанда қаншаға өзгерді?
b) С жүгінен АВ түзуіне дейінгі ара қашықтық CD-ның ұзындығын табыңыз.


Дескриптор: Білім алушы

a) - сүйір бұрыштың косинусының анықтамасын қолданады;

- AD-ның ұзындығын табады;

- DB-ның ұзындығын табады.

b) - сүйір бұрыштың синусының анықтамасын қолданады;

- CD-ның ұзындығын табады.


Бөлім: «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар»





Оқу мақсаты

8.1.3.8 берілген екі элементі бойынша тікбұрышты үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғаларын табу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Есеп шығару кезінде тікбұрышты үшбұрыштың берілген екі элементі бойынша белгісіз элементтерді табады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

1-тапсырма
Параллелограммның бір төбесінен жүргізілген биіктіктері 4 см және 6 см, сүйір бұрышы 300. Параллелограммның қабырғаларын және қабырғаларының екінші қабырғаға проекцияларын табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы

  • есептің шартына сай сызбасын салады;

  • тікбұрышты үшбұрыштың қасиетін қолданады (сүйір бұрыштың синусының анықтамасын қолданады);

  • параллелограммның қабырғаларын табады;

  • Пифагор теоремасын қолданады;

  • проекциялардың ұзындығын табады.


2-тапсырма
Биіктігі 8 фут болатын футбол қақпасынан 10 фут қашықтықта доп қойылған. Сіз допты қақпаға қарай тептіңіз, доп қақпаның жоғарғы арқалығына тиді. Допты тебу бұрышы неге тең?


Дескриптор: Білім алушы

  • сүйір бұрыштың тангенсінің (котангенсінің) анықтамасын қолданады;

  • сүйір бұрыштың тангенсінің (котангенсінің) мәнін табады;

  • кестенің немесе инженерлік калькулятодың көмегімен ізделінді бұрыштың мәнін табады.


3-тапсырма
Мұнарадан 60м қашықтықта адам тұр. Мұнараның төбесі адам тұрған жерден 400 бұрыштан көрінеді. Мұнараның биіктігін табыңыз.



Дескриптор: Білім алушы

  • сүйір бұрыштың тангенсінің (котангенсінің) анықтамасын қолданады;

  • биіктікті тангенс (котангенс) арқылы өрнектейді;

  • сүйір бұрыштың тангенсінің (котангенсінің) мәнін табады;

  • мұнараның биіктігін табады.


Бөлім: «Аудан»


Оқу мақсаты

8.1.3.10 тең шамалас және тең құрамдас фигуралардың анықтамаларын білу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тең шамалас және тең құрамдас, тең фигураларды анықтайды




Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну

Тапсырма
Тең құрамдас, тең шамалас және тең фигураларды табыңыз.


Дескриптор: Білім алушы

  • тең шамалас фигураларды көрсетеді;

  • тең құрамдас фигураларды көрсетеді;

  • тең фигураларды табады.