Файл: алыптастырушы баалауа арналан тапсырмалар жинаы Геометрия 8сынып рметті малім!.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 166
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу» | |
Оқу мақсаты | 8.1.1.7 Фалес теоремасын білу және қолдану |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Жоғары деңгей дағдылары |
Тапсырма Аспалы көпірді бекіту кезінде арқандарды орнату үшін үшбұрышты конструкция қолданылды. Бұл үшбұрыштың төбелерін АВС арқылы белгілеп, АВ ретінде конструкцияның 150 м болатын ең ұзын арқанын қабылдайық. Берілген конструкцияның көлденең бетінде (ВС қабырғасы) басқа арқандарды бекітуге арналған екі нүкте белгіленген, олар осы қабырғаны тең 3 бөлікке бөледі. Осы бекіту нүктелері арқылы өтетін арқандардың ұзындықтарын табыңыз, егер олар АВ қабырғасына параллель орналасқаны белгілі болса. Дескриптор: Білім алушы - есеп шартына сай сызбасын салады; - ВС қабырғасындағы нүктелер арқылы АB қабырғасына параллель түзулер жүргізеді (AB||A1B1||A2B2); - Фалес теоремасын қолданады; - арқандардың ұзындықтарын табады. |
Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу» | |
Оқу мақсаты | 8.1.1.8 пропорционал кесінділер туралы теоремаларды білу және қолдану |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
Тапсырма АВС үшбұрышының АВ және АС қабырғаларынан сәйкесінше Р және К нүктелері алынған. Мұндағы . ВС = 8 екені белгілі болса, РК кесіндісінің ұзындығын табыңыз. Дескриптор: Білім алушы
|
Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу» | |
Оқу мақсаты | 8.1.1.11 трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
1-тапсырма Тікбұрышты трапецияның бір бұрышы 1150-қа тең. Трапецияның қалған бұрыштарын табыңыз. Дескриптор: Білім алушы - тікбұрышты трапецияның сызбасын салады; - трапецияның қасиеттерін қолданады; - белгісіз бұрыштарды табады. 2-тапсырма Суретте берілген трапецияның периметрін табыңыз. Дескриптор: Білім алушы
|
Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу» | |
Оқу мақсаты | 8.1.1.12 үшбұрыштың орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
1-тапсырма АВС үшбұрышында ВЕ=ЕС, АК=КС екені белгілі. ЕСК үшбұрышының периметрі 15,5 см екені белгілі болса, онда АВС үшбұрышының периметрін табыңыз. Дескриптор: Білім алушы
2-тапсырма Үшбұрыштың қабырғаларының қатынасы 5:6:7 қатынасындай. Үшбұрыштың орта сызықтарынан салынған үшбұрыштың периметрі 36 см. Берілген үшбұрыштың қабырғаларын табыңыз. Дескриптор: Білім алушы - үшбұрыштың орта сызығының қасиетін қолданады; - периметрдің формуласын пайдаланады; - үшбұрыш қабырғаларының қатынасын қолданып, теңдеу құрады; - үшбұрыш қабырғаларын анықтайды. |
Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу» | |
Оқу мақсаты | 8.1.1.13 трапецияның орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
1-тапсырма MPLT теңбүйірлі трапецияның кіші табанындағы Р төбесі арқылы МТ үлкен табанына РН биіктік жүргізілген. Трапецияның орта сызығының ТН кесіндісінің ұзындығына қатынасын табыңыз. Дескриптор: Білім алушы
2-тапсырма Теңбүйірлі трапецияның кіші табаны – 8см, ал бүйір қыры – 9см. Теңбүйірлі трапецияның доғал бұрышынан шығатын биссектрисалар, үлкен табанында жатқан, бір нүктеде қиылысады. Трапецияның орта сызығын табыңыз. Дескриптор: Білім алушы - теңбүйірлі трапецияның қасиеттерін қолданады; - түзулердің параллельдік қасиеттерін қолданады; - трапецияның үлкен табанын анықтайды; - трапецияның орта сызығының қасиетін пайдаланады; - трапецияның орта сызығын табады. |
Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу» | |
Оқу мақсаты | 8.1.3.1 үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медианалар, биссектрисалар, биіктіктер және орта перпендикулярлар қасиеттерін білу және қолдану |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
1-тапсырма АВС үшбұрышында, О нүктесінде қиыласатын, АК және ВТ медианалары жүргізілген. ВО, ОТ, АО, КО кесінділерінің ұзындықтарын анықтаңыз, егер ВТ=18 см, ал АК=24 см болса. Дескриптор: Білім алушы - сызбасын салады; - үшбұрыш медианасының қасиетін қолданады; - есептеулер жүргізеді; - ізделінді кесінділердің ұзындықтарын табады. 2-тапсырма Доғалбұрышты АВС үшбұрышының АА1 және ВВ1 биіктіктері О нүктесінде қиылысады. ВАО және ВСО бұрыштары тең болатынын дәлелдеңіз. Дескриптор: Білім алушы - сызбасын салады; - үшбұрыш биіктігінің қасиетін қолданады; - үшбұрыш бұрыштарының қосындысы теоремасын қолданады; - бұрыштардың теңдігін дәлелдейді. 3-тапсырма АВС үшбұрышында А бұрышы 60˚ тең, ал . Үшбұрыштың АD, BE, CF биссектрисалары О нүктесінде қиылысады. табыңыз. Дескриптор: Білім алушы - үшбұрыш биссектрисаларының қасиетін қолданады; - үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы теоремасын қолданады; - аралық есептеулер жүргізеді; - бұрышты анықтайды. |