Файл: Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар аза дебиеті (оыту аза тілінде).doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 121

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Қазақ әдебиеті

(оқыту қазақ тілінде)

5-сынып


Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.

Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған. 

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

 

 

 

Мазмұны


1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 4

Бөлім «Таза, мінсіз асыл сөз» 4

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 10

Бөлім «Тәрбиенің қайнар бұлағы» 10

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 18

Бөлім «Адамгершілік - асыл қасиет» 18

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 22

Бөлім «Отбасы құндылықтары» 22


1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар




Бөлім «Таза, мінсіз асыл сөз»





Тақырып

Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы, «Қобыланды батыр» жыры


Оқу мақсаты

5.2.2.1 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

5.3.2.1 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау


Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі


Білім алушы

  • Шығармадағы автордың бейнесін анықтайды

  • Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды


Жоғары деңгей дағдылары







Орындау уақыты

15-20 минут


1-тапсырма

Шығармадан келтірілген үзінділерді пайдалана отырып, автордың бейнесін (негізгі ойын, көзқарасын) анықтаңыз.


Асан қайғының (автор бейнесі) жерге айтқан сыны арқылы жердің қандай қасиеттері туралы айтқанын анықтаңыз.




Асан қайғының сыны

Қандай қасиеттер туралы айтады?

Автор қандай адам?

Түркістанның қасында ескі қорған қала Сауранды көргенде: «Әттеген-ай, қорғанды ай тақырдың бетіне, Шөлістанның өтіне салған екен. Сарқырап аққан суы жоқ, жайқалып тұрған нуы жоқ, түбі тұрақты қала бола алмас», - деген екен.







Баянауыл тауын көргенде: «Баянға жаймай, қой семірмес», - деп, Асан қазіргі Баянауылды өзіне жайлау етіпті.




Жетісуды көргенде: «Мынау Жетісудың ағашының басы сайын жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс екен», - депті.




Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) тұсындағы Сыр өлкесін көргенде: «Ей, Ақмешіт, жерің шаң екен, суың жар екен, әр бұтаның түбінде кесек етің бар екен! Елің жұтамас, малыңның көзіне сақ бол!» - депті.




Қарсақбай аймағын көргенде: «Айналаң жапан түз екен, тауыңның асты жез екен, екі тауың ел біткенді шақырар, басыңа байлық қонар, жұртың ашықпас!» - деп жүріп кетіпті.





2-тапсырма

«Қобыланды батыр» жырындағы батыр бейнесін қазіргі шынайы өмірдегі батыр бейнесімен салыстырыңыз, айырмашылығы мен ұқсастығын сөздер мен сөз тіркестері арқылы жазыңыз.


«Қобыланды батыр»

жырындағы батыр бейнесінің ерекшелігін сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестері

Ортақ

белгілері

(ұқсастықтары)


Қазіргі замандағы батыр бейнесінің ерекшелігін сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестері


















Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығармадағы автордың бейнесін анықтайды.


1

шығармадан келтірілген үзінділерден жерге қатысты қасиеттерді анықтайды;

1-қасиет

2-қасиет

3-қасиет

4-қасиет

5-қасиет



1

1

1

1

1

үзінділер бойынша автор бейнесіне 2-3 сөйлеммен қорытынды жасайды;

1

Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды.

2

жырдағы батырдың әрекеттері және оны сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды;

1

қазіргі замандағы батырлардың ерекшелігін өз сөзімен сипаттайды;

1


екі замандағы батырларға тән ортақ ұқсастықтарды табады.

1

Барлығы 9






«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі




Төмен

Орта

Жоғары

Шығармадағы автордың бейнесіне талдау жасайды

Үзінділерден жерге қатысты қасиеттерді анықтау,

үзінділер бойынша автор бейнесіне 3-5 сөйлеммен қорытынды жасау қиындық туғызады

Шығармадан келтірілген үзінділерден жерге қатысты қасиеттерді анықтауда,

үзінділер бойынша автор бейнесіне 3-5 сөйлеммен қорытынды жасауда қателіктер жібереді



Шығармадан келтірілген үзінділерден жерге қатысты қасиеттерді анықтайды,

үзінділер бойынша автор бейнесіне 5 сөйлеммен толық қорытынды жасайды

Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды

Жырдағы батырдың әрекеттері және оны сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерін анықтауда,

қазіргі замандағы батырлардың ерекшелігін өз сөзімен сипаттауда,

екі замандағы батырларға тән ортақ ұқсастықтарды табуда қиналады

Жырдағы батырдың әрекеттері және оны сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерін анықтауда,

қазіргі замандағы батырлардың ерекшелігін өз сөзімен сипаттауда,

екі замандағы батырларға тән ортақ ұқсастықтарды табуда қателіктер жібереді


Жырдағы батырдың әрекеттері және оны сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды,

қазіргі замандағы батырлардың ерекшелігін өз сөзімен сипаттайды,

екі замандағы батырларға тән ортақ ұқсастықтарды табады



Бөлім «Таза, мінсіз асыл сөз»


Тақырып

«Қобыланды батыр» жыры


Оқу мақсаты

5.1.2.1 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау


Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының

деңгейі


Білім алушы

  • Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды

  • Тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын ажыратады


Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут


1-тапсырма

«Екі жақты түсіндірме күнделігі» арқылы «Қобыланды батыр» жырының тақырыбы мен идеясын анықтаңыз. Кестенің сол жағына мәтіннен тақырыбы мен идеясына байланысты (шығарма бойынша) үзінділер жазыңыз. Оң жағына үзінділердің түсіндірмесін өз сөзіңізбен жазыңыз.


Жырдан үзінді (цитата)

Түсіндірме

(неге осы ойды таңдады, ол несімен маңызды болды)



















Тақырыбы




Идеясы





2-тапсырма

Жырдан төмендегі сөздердің тура мағынасын анықтаңыз, бейнелеуіш құрал түрін жазыңыз.


Ауыспалы мағыналы сөз

Тура мағыналы сөз

Бейнелеуіш құрал түрлері

Қара үйлі кедейлер қарқ болыпты да қалыпты.







Жылқы біткеннен тігерге тұяқ қалдырмай айдап кетіпті.







Арыстанның апандай аузын көреді.







Қараңғылық серпіліп жүре бергенде...







Құстай ұшып, құйғытып барады.













Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығарманың басты тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды.


1

жырдан тақырып пен идеяға қатысты үзінділер табады;

1

1

үзінділердің мағынасын өз сөзімен айтады;

1

үзінділер негізінде жырдың тақырыбы мен идеясын анықтайды;

1

1

Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын ажыратады.

2

берілген сөздердің тура мағынасын анықтайды;

1

бейнелеуіш құрал түрлерін анықтайды.

1

Барлығы

7




«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні _____________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі




Төмен

Орта

Жоғары

Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды


Тақырып пен идеяға қатысты үзінділерді табу, мағынасын өз сөзімен түсіндіру, үзінділер негізінде жырдың тақырыбы мен идеясын анықтау қиындық туғызады


Жырдан тақырып пен идеяға қатысты үзінділерді табуда, мағынасын өз сөзімен түсіндіруде, үзінділер негізінде жырдың тақырыбы мен идеясын анықтауда қателіктер жібереді


Жырдан тақырып пен идеяға қатысты үзінділерді табады, мағынасын өз сөзімен айтады, үзінділер негізінде жырдың тақырыбы мен идеясын анықтайды



Тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын ажыратады

Сөздердің тура мағынасын, бейнелеуіш құрал түрін анықтауда қиналады

Сөздердің тура мағынасын, бейнелеуіш құрал түрін анықтауда қателіктер жібереді

Сөздердің тура мағынасын, бейнелеуіш құрал түрін анықтайды