ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 21.07.2020
Просмотров: 1953
Скачиваний: 5
ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТТАР ― тарихи ұзақ уақыт бойына қоғамның ең басты қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты қалыптасқан істерді реттейтін ресми және бейресми нормалардың, дәстүрлердің, рәсімдердің, құндылықтардың т. б. негіздерінде істелетін істердің бірлесіп жүйелі түрде жүзеге асыруын қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұжымдастықтар.
ӘЛЕУМЕТТІК ИНТЕГРАЦИЯ ― әлеуметтік құбылыстарды біріктіретін жағдайлар мен процестер.
ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАСТРУКТУРА ― әлеуметтік салалардың (сфералардың) функционалдық қызметтерінің тұрақты жүзеге асуы үшін керекті құрылыстардың, ғимараттардың, жүйелердің, қызметтердің (мектептердің, емханалардың, театрлардың, стадиондардың т. б.) бірлігі.
ӘЛЕУМЕТТІК КЕҢІСТІК ― қоғамның әлеуметтік құрылымын сипаттайтын, әртүрлі координаталардың остеріне сәйкес орналасқандығын елестетуге болатын нүктелердің континуумы.
ӘЛЕУМЕТТІК КЕРНЕУЛІЛІК ― өмір жағдайына деген қатты наразылығынан туындайтын, кез-келген сәтте ашық түрде көрінуі мүмкін тұрғындардың іште тұнған ызасы.
ӘЛЕУМЕТТІК КЛАУЗУЛА ― ең жоғарғы таптардың қатарына өтудің жолдарының жабықтығы.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚАБАТТАНУ ― тұрғындардың әртүрлі әлеуметтік қабаттарға бөліну процесі және оның нәтижесі.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЫНАСТАР ― әртүрлі әлеуметтік топтардың (таптардың, қатарлардың, мамандықтардың, этностардың, әртүрлі дінге сенушілердің т. б.) араларында болатын қатынастар.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚАУЫМДАСТЫҚ ― белгілі бір аймақта тұратын, ортақ өмір салттары, әдет-ғұрыптары, тіршіліктері бар үлкен және шағын әлеуметтік топтардың бірлігі.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚАШЫҚТЫҚ (ДИСТАНЦИЯ) ― екі пенденің немесе әлеуметтік топтардың тұғырлары немесе позициялары тұрғысынан алғандағы арақашықтықтары.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЗҒАЛЫС ― қоғамдағы немесе жеке әлеуметтік топтағы белгілі бір әлеуметтік жаңалықты енгізуге немесе бұрынғы жағдайды өзгертпеуге бағытталған мақсаттарды жүзеге асыруды жақтаушылардың іс-әректтері.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ ― нақтылы тарихи кезеңде нақтылы қоғамда болатын әлеуметтік мәртебелердің функционалдық байланыстарының жүйе түріндегі бірлігі.
ӘЛЕУМЕТТІК МОБИЛЬДІЛІК ― адамның немесе топтың өзінің қоғамының әлеуметтік құрылымындағы орнын ауыстыруы.
ӘЛЕУМЕТТІК ПРАКТИКА ― әртүрлі заттар мен істерді жасауды және пайдалануды, жалпы тіршілік әрекеттерін белгілі бір мәдениеттің, дағдының, ережелердің, мінез-құлықтардың негіздерінде жүзеге асыру.
ӘЛЕУМЕТТІК ПРОЦЕСС ― әртүрлі уақиғалардың объективті және заңдылықтар түрінде жүзеге асуы.
ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯ ― жетіспейтін қажеттіліктерге қол жеткізу мүмкіндіктері иерархиялы болатын әртүрлі әлеуметтік топтардың қабаттық теңсіздік түрде орналасуы.
ӘЛЕУМЕТТІК ТАБАН ― төменгі таптың төменгі қатарын құрайтындар (андеркласс): қайыршылар, үйсіздер (бомж ― „без определенного места жительства”), қамқорсыз жетім немесе үйлерінен қашып кеткен балалар, қоғамға жат маскүнемдер, есірткішілер, жезөкшелер.
ӘЛЕУМЕТТІК ТОП ― қоғамдық қатынастардағы орындары анықталған, бір-бірімен іс-әрекеттік байланыстары арқылы ортақ және әрқайсысына қажетті нәрселерге қол жеткізу үшін өзіне тиісті рөльдерін орындайтын адамдардың жыйынтығы.
ӘЛЕУМЕТТІК ТОП ― нақтылы бір әлеуметтік рөльді немесе әлеуметтік (қоғамдық) позицияны орындаушылардан тұратын адамдардың бірлігі.
ӘЛЕУМЕТТІК ҰЖЫМ ― қызметшілердің ара қатынастарын, байланыстарын, атқаратын функцияларын (рөльдерін) басқаруға бейімделген олардың әлеуметтік позицияларының, тұғырларының иерархиялы (төменнен жоғарыға дейін) реттелген бірлігі.
БАҚ ― бұқараға ақпараттар тарататын құралдар: радио, теледидар, газеттер, журналдар, интернет.
БЕЙРЕСМИ БАҚЫЛАУ ― ресми емес, дәстүрлі салттар мен нормалардың тұрғысынан туыстардың, таныстардың, достардың, жұмыстастардың, тіпті бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық пікір тараптарынан көрсетілетін қолдау немесе кінәлау.
БОС УАҚЫТ ―атқаратын қызметтінен, ісінен босаған соң өзінің қалауымен айналысуға пайдаланылатын уақыт.
БІРКАРЬЕРЛІ ОТБАСЫ ― тек ері жұмыс істейтін, әйелі жұмыс істемейтін отбасы.
БЮРОКРАТИЯ ― шенеуніктердің тобы және мемлекет атынан қоғамдық қатынастарды басқару ісін атқаратын мекеме.
ВЕРТИКАЛЫҚ МОБИЛЬДІЛІК ― әлеуметтік мәртебесі жоғары немесе төмен бір стратадан (таптан, сословиеден, кастадан) екіншісіне өту.
ГЕЗЕЛЬШАФТ ― қалалық өндірістік қоғам (Ф. Теннис термині).
ГЕМАЙНШАФТ ― ауылдық қауымдастық (Ф. Теннис термині).
ГЕНДЕР ― жыныс айырмашылықтарына байланысты әлеуметтік бөліну, қоғамдық арақатынастық мәселелері.
ГЕНОЦИД ― нәсілдік, ұлттық, этникалық, діни сенімдік ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік топтарды тікелей жою саясаты.
ГЕРОНТИЦИД (геронтоцид) ― байырғы сенімдермен байланысты қарттарды өлтіру дәстүрі.
ГЛОБАЛИЗАЦИЯ ― ұлттар мен халықтардың дәстүрлі айырмашылықтардың қазіргі кездегі әлемдік бір саясаттың негізінде жойылуы.
ГОРИЗОНТАЛЬДЫҚ МОБИЛЬДІЛІК ― адамдардың мәртебесі бірдей бір әлеуметтік топтан, мамандықтан екіншілеріне өтуі.
ДӘСТҮРЛІ ІС ― дағды мен салттың негізінде, ойланбастан істелетін іс.
ДЖЕНТРИФИКАЦИЯ ― қаланың ескі кедей жұмысшылары тұрған аудандағы үйлердің орнына жаңа үйлер салып, ол жерлерге орта және жоғарғы таптардың оралуы.
ДЕВИАНТ ― дағдылы нормадан ауытқушы.
ДЕВИАЦИЯ ― адамның мінез-құлқының қоғамдық нормадан ауытқуы.
ДЕЛИНКВЕНТ ― заң бұзушы.
ДЕПРИВАЦИЯ ― үйреншікті өмір сүруге керекті жағдайлардың болмауы немесе олардың жеткіліксіздігі.
ДИАСПОРА ― өзінің тарихи елінен басқа елдерде тұратын ұлттың бөлігі.
ДИСКРИМИНАЦИЯ ― белгілі бір әлеуметтік топты немесе қауымды (нәсіл, ұлт) басқа әлеуметтік топтардың немесе қауымдардың, кейде мемлекеттің тарапынан жасалатын қысымдар, кемсітушіліктер.
ДИСФУНКЦИЯ ― әлеуметтік институттардың фнукцияларының бұзылуы.
ДІЛ ― белгілі әлеуметтік топтың (ұлттың, халықтың, таптың, қатардың), кейде жеке пенденің нақтылы жағдайды, уақиғаны қабылдаудың, бағалаудың және ойлаудың өзіне ғана тән ерекшелігі.
ЕКІНШІЛІК ТОП ― ортақ әлеуметтік қатынастар мен байланыстарды жүзеге асыру мақсатында құрылған, бірін-бірімен тікелей араласпайтын, білмейтін адамдардан тұратын топ.
ЖАБЫҚ ҚОҒАМ ―демократия қатты шектеулі қоғам.Әлеуметтік құрылымы динамикасыз қоғам. Қоғамның әлеуметтік топтарындағы тікелей мобильділіктің төменнен жоғарыға өтуі барынша шектелген қоғам.
ЖАБЫҚ ТОП ― өзгелердің олардың қатарына өтуі өте шектеулі топ.
ОТБАСЫ ― үйленбеген балаларымен бірге немесе жеке тұратын, әлде әкесімен немесе анасымен бірге өмір сүретін балалардан тұратын ерлі-зайыптылар.
ЖОРАЛҒЫ (обычай) ― мінез-құлықтың дәстүрмен бекітілген реті.
ЖҰБАЙЛЫҚ ОТБАСЫ ― ерлі-зайыптылар арасындағы некенің тұрақтылығы, олардың өзара қатынастарының сапасы мен ықыластарының теңесуі негізінде қамтамасыз етіледі.
ЖҰМЫССЫЗ ― еңбекке қабілетті адамның қоғамдық еңбекке араласа алмауына байланысты табыс таба алмай, жұмыссыздыққа байланысты берілетін көмек қаражатына, немесе олсыз тіршілік етуші.
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ― еңбекке қабілеті бар адамдардың қоғамдық өндіріске араласа алмауы.
ИДЕНТИФИКАЦИЯ (ұқсастану) ― адамның өзін өзгемен ұқсастыруы.
ИЕРАРХИЯ ― белгілі жүйенің (тұтастықтың) элементтерінің (бөліктерінің) теңсіздік негізінде төменнен жоғары қарай орналасуы.
ИМБРИДИНГ ― қандас туыстардың арасындағы некелесу.
ИМИДЖ ― белгілі бір әлеуметтік мәртебедегі (статустағы) адамның құқы мен міндеттерінің арақатынастарына байланысты өзін қалай ұстауы керек, қандай мінез-құлықтар көрсете алады деген түсініктерді білдіретін қоғамдық пікірлердің жыйынтығы.
ИММИГАРЦИЯ ― белгілі елге тұрақты немесе ұзақ уақытқа өмір сүруге басқа елден көшіп келеген адамдар.
ИММОБИЛЬДІЛІК ― мобильділіктің болмауы.
ИНВАЗИЯ ― қаланың біртекті әлеуметтік тобынан тұратын тұрғындардың ауданына (жұмысшылар тұратын ауданға) басқа әлеуметтік топтардың (орта немесе жоғары таптардың) өкілдерінің орналаса бастауы.
ИНДУСТРАЛАНДЫРУ ― ғылыми білімдерді өндіріске енгізу, энергия қуатының жаңа түрлері арқылы жаңа машиналарды пайдалану нәтижесінде бұрын адам немесе мал күші арқылы жасалған жұмыстарды орындау.
ИНДУСТРИАЛДЫҚТАН КЕЙІНГІ ҚОҒАМ ― «постиндустриалдық қоғам» мақаласын қараңыз.
ИНДУСТРИАЛЫҚҚА ДЕЙІНГІ ҚОҒАМ (дәстүрлі қоғам) ― діни институт пен әскери күштердің негізінде құрылған, негізінен ауылшаруашылығы есебінен өмір сүретін қоғам.
ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ МАТРИЦА ― қоғамның экономикалық, саяси және идеологиялық салаларының (сфераларының) функционалдық байланыстарын реттейтін негізгі институттардың тарихи қалыптасқан тұрақты жүйесі.
ИНТЕРАКЦИЯ ― өзара әсер.
ИНФАНТИЦИД ― балаларды шетінету.
ИНФИЛЬТРАЦИЯ ― вертикалдық мобильділіктің төменнен жоғарғы қабаттарына (тұғырына) пенделердің өтуі.
ИНЦЕСТ (қанараластық) ― жақын туыстардың арасындағы жыныстық қатынас.
КӘСІП ― айырбастауға және сатуға арналған заттар өндіру.
КЕДЕЙЛІК ― билігінің, білімінің, мамандығының, іс-әрекетінің сапасының, табысының төмендігінен туындайтын экономикалық жағдайымен анықталатын адамның әлеуметтік жағдайы.
КЕДЕЙЛІК АЙМАҒЫ (ЗОНАСЫ) ― бір елдің орташа табыс деңгейнінен табысы өте төмен адамдардың тығыз тұратын аймағы.
КОГНИТАРИАНТ ― зайырлылар (интеллигенция) және тек қана жалдамалы ой еңбегімен айналысатын адамдар тобы.
КОММУНИКАТОР (адресант) ― деректі жіберуші (бағыттауы) адам.
КОММУНИКАЦИЯ ― топтардың, адамдардың және жеке пенделердің араларындағы деректер алмасудың техникалық прогресі.
КОНВЕНЦИЯЛАР ― адамдардың мінез-қылықтарының келісілген қоғамдық шарттары.
КОНСАНГВИНАЛДЫ ОТБАСЫ ― бірнеше қандас ұрпақтардан (немерелер, балалар, әке-шеше, ата-әже) тұратын отбасы.
КОНФОРМИЗМ ― жалпыға ортақ шарттарға сырттай болса да келісу.
КОНФРОНТАЦИЯ ― адамдардың, таптардың, әлеуметтік топтардың қызығушылықтарының, сенімдерінің қарама-қарсылықтарынан туындайтын күрсетер.
КОНЪЮГАЛДЫҚ (НУКЛЕАРЛЫҚ) ОТБАСЫ ― туысқандық емес, тек қана жұйбайлық негіжде құрылған отбасы.
КОРРУПЦИЯ ― жеке басының баюы үшін өзінің қызметтік билігін пайдалану.
КӨК ЖАҒАЛЫЛАР ― жұмысшылар табы.
КРИМИНАЛЫҚ ― қылмыстық.
ҚАРАПАЙЫМ ҚОҒАМ ―жалпы құрылымы, соның ішінде басқару құрылымы күрделі емес қоғам.
ҚАТЕРЛІ ТОП ― басқалармен салыстырғанда қылмыс жасауға немесе заң бұзуға бейім тұратын топ.
ҚАУЫМДАР ― еңбек бірлестігі (корпорациясы), туыстықтар негізінде одақтасқан адамдардың топтарының бір территориядағы тұрмысы.
ҚОСКАРЬЕРЛІ ОТБАСЫ― ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмыс істейтін отбасы.
ҚҰЛДЫРАУ МОБИЛЬДІЛІГІ ― вертикалдық мобильділіктің жоғардан төменгі страталарға өтуі.
ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЫ (ОРИЕНТАЦИЯ) ― мінез-құлықтың, іс-әрекеттің өте дұрыс нормасы есебінде жеке пенденің немесе әлеуметтік топтың ұстанған қабылдауы.
ҚҰНДЫЛЫҚТАР ― қайрымдылық, әділеттілік, отансүйгіштік, романтикалық (қиялмен алынған) махаббат, достық т. б. туралы әлеуметтік тұрғыдан қолдау тапқан және көпшілік мойындаған түсініктер.
ҚҰНДЫ-РАЦИОНАЛДЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ― діни немесе имандылық сенімдерге немесе бағдарларға (ориентация) байланысты жасалатын іс-әрекеттер (М. Вебер термині).
ҚҰРЫЛЫМ ― әлеуметтік институттардың, мекемелердің функцияларының негізін құрайтын „қаңқасы” (каркасы).
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ӘДІСТЕМЕ ― әлеуметтік реалдылықты жүйе түрінде қарап, оның элементтерінің өзара атқаратын рөльдері, байланыстары арқылы зерттейтін социологиядағы теориялық-әдіснамалық бағыт.
ҚЫЗМЕТТІК (ЛАУАЗЫМДЫҚ) СУБОРДИНАЦИЯ ― әртүрлі деңгейлердегі шешім қабылдаудағы жауапкершіліктің көлемі мен мөлшері.
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТОПТАРЫ ― ықпал жасаушы топ.
ҚЫСЫМ КӨРСЕТУ ТОБЫ ― қоғамдық еңбекті ұйымдастыру жүйесіндегі билікті бейбіт жолмен алу немесе шешімді қабылдату мақсатында ұйымдасқан адамдардың тобы.
ЛАТЕНТТІК ФУНКЦИЯ ― нақтылы функцияны орындаушы адамдардың, әлеуметтік институттардың іс-әрекеттерінің нәтижесінде туындағанға дейін оның болатындығын қоғ ам білмейтін (жасырын) функция.
МАҚСАТТЫҚ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚҰРАЛДЫҚ(ИНСТРУМЕНТАЛДЫҚ)-РАЦИОНАЛДЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ― мақсатты толық ойланып және еркін қабылдауға байланысты істелген іс (М. Вебер термині).
МАҚСАТТЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ― жаднамалар, ережелер, заңдар, үкімдер, техникалық нормативтер, міндеттердің функционалдық карталары, штаттық кестелер, т. б. тағайындалған нормалар арқылы анықталған ресми қатынастардың жүйесі.
МАРГИНАЛ ― бір мәдениеттің, елдің, таптың, ұлттың, нәсілдің мәдениетінен, нормаларынан және өмір салтынан кеткен, ал екіншілеріне толық өте алмаған, екі ортада қалған адам.
МАРГИНАЛДЫҚ ― жеке адамның немесе әлеуметтік топтың әртүрлі дәстүрлі қалыптасқан қоғамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың шекараларында болу жағдайы.
МАТЕРЛИНЕЙЛІК ― белгілі бір әулеттің шығу және мұрагерлік жолының әйелдің жағынан саналуы.
МАТЕРНАЛДЫҚ ОТБАСЫ ― отбасындағы лидерлік (басқарушылық) жағдай әйелдің қолында болатын жанұя.
МАТРИЛОКАЛДЫҚ ― жұбайлардың әйелінің жағында өмір сүруі.
МӘДЕНИ РЕЛЯТИВИЗМ ― нормалардың мазмұндары әртүрлі мәдениттерде өзгеше, сондықтан оларды танып-білу үшін оларды өзара салыстыру қажет дейтін идея.
МӘДЕНИЕТ ― бүгінгі ұрпақтардың, өткен ұрпақтардан қалған және кеінгі ұрпақтарға берілетін, адамдардың бүгінгі мінез-құлықтық, іс-әрекеттік қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың (салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың, рәсімдердің, ережелердің т. б.), заттық-рухани байлықтардың жүйесі.
МЕГАПОЛИС ― агломерациялық қала мен басқа да ірі қалалардың бірігуі.
МЕНТАЛИТЕТ ― қара: ДІЛ.
МЕНШІК ― мал-мүліктерге заңдық негізде иелік ету.
МЕШІТ, ШІРКЕУ, ХРАМ, КОСТЕЛ т. с. с. ― белгілі бір дін және мәдениетке сәйкес келетін сенімдік дәстүрлерді жүзеге асырудың ұжымдық орталықтары.
МОНОГАМИЯ ― бір ер және бір әйел адамнан тұратын отбасы.
НЕКЕ ― ер және әйел адамның қоғамдық нормаларға сәйкес құрылған ресми және бейресми қатынастардың негізінде бірге жұбайлық өмір құруы нәтижесінде бір-біріне, балаларына және екеуінің ата-аналарына, олардың туыстарына деген, жалпы қоғам алдындағы міндеттері мен жауапкершіліктерін қабылдаулары.
НОМЕНКЛАТУРА ― кімдердің қызмет істеуі керектігі жоғары биліктің шешімімен анықталатын жұмыс орындарының тізімі.
НОМИНАЛДЫҚ ТОП ― әлеуметтік құрылымы зерттеу мақсаттарына сәйкес атауы статистикалық тұрғыдан анықталатын топ.