ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 21.07.2020
Просмотров: 1955
Скачиваний: 5
НОРМА ― қоғамда немесе топта ресми немесе бейресми жолдармен бекітілген ережелердің социологиялық атауы.
ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕР ― әртүрлі адамдардың, әлеуметтік топтардың белгілі бір айырбастық, алыс-берістік, көмектестік, қарым қайыру мақсаттардағы іс-әрекеттері.
ӨМІР САЛТЫ (образы) ― адамдардың әдетіне айналған мінез-құлықтар, өмірлік іс-әрекеттер.
ӨМІР СТИЛІ ― жеке пенденің өмір салтының өзі қалыптастырған ерекшеліктері.
ӨМІР ЦИКЛІ ― жеке адамның өмірінің сапалық ерекшелігі анық бөлектенген кезеңі.
ӨРЛЕУ МОБИЛЬДІЛІГІ ― вертикалдық мобильділіктің төменнен жоғары бағыттағы страталарға өтуі.
ПАНИКА ― қара: ҮРЕЙ.
ПАРТРИЛИНИЯЛЫҚ РУ ― бір атадан тарағандығын білетін (солай деп есептейтін) әкенің руының атымен аталатын қандастық туыстықтан тұратын отбасылар ұжымы.
ПАТЕРНАЛДЫҚ ОТБАСЫ ― отбасында ері лидер болып табылатын отбасы.
ПАТРИАРХАЛДЫ ОТБАСЫ (үлкен отбасы) ― қандастықтың негізінде туысқан бірнеше ұрпақтардан тұратын, ері басшылық ететін, ортақ шаруашылық жүргізетін отбасы.
ПАТРИЛОКАЛДЫҚ ― жұбайлардың ерінің туыстармен бірге тұруы.
ПЕНДЕЛІК ТҰҒЫР (статус) ― шағын топтағы жеке адамның позициясы (орны).
ПЕНДЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ ― белгілі бір тапқа, сословиеге, кастаға жататындығынан туындайтын пенденің әлеуметтік жағдайлары.
ПОЛИАНДРИЯ ― көперлілік.
ПОЛИГАМИЯ ― көптүрлілік (көп әйелдік, көперлілік), көбіне көпәйелді есебінде қаралады.
ПОЛИГИНИЯ ― бір еркек көп әйелдерден тұратын отбасы.
ПОСТИНДУСТРИАЛДЫҚ ҚОҒАМ ― өндірістік күші негізінен ғылым мен жаңа зерделік технология арқылы жүзеге асырылатын қоғам.
ПРЕСТИЖ (РЕПУТАЦИЯ) ― қоғамдық пікірде қалыптасқан тұғырға (статусқа) деген құрмет.
ПРОГРЕСС ― негативтік (керіағарлы) факторлардан позитивтік (өрлеу) факторлары басыңқылық негізінде дамыйтын қоғам.
РАНГІЛЕУ ― құбылыстар мен пенделерге төменнен жоғарыға қарай нақтылы мағыналар, бағалар беру.
РӘСІМ (ритуал) ― нақтылы әлеуметтік және мәдени құндылықты, символдық мінез-құлықты көрсететін реттелген әрекеттердің мазмұнын көрсететін дәстүрлі істердің жүйесі.
РЕАЛДЫ ТОП ― мүшелері өздерінің бір екендігін сезінетін және бірге іс-әрекеттер жасауға қабілетті адамдардан тұратын үлкен әлеуметтік топ.
РЕЙТИНГ ― белгілі, әйгілі болудың индексі.
РЕКРЕАЦИЯ ― демалу, тынығу арқылы күш-қуатты қалпына келтіру
РЕФЕРЕНТТІК ТОП ― пенденің өзінің мінез-құлқы мен өзін бағалауда, нормалары, пікірлері, құндылықтары және бағалаулары өзіне үлгі деп табатын реалды немесе шартты әлеуметтік топ.
РЕЦИПИЕНТ (адресат) ― деректі қабылдаушы адам.
РИТУАЛ ― қара: рәсім.
РӨЛЬ ― нақтылы құқықтары мен жауапкершіліктері бар әлеуметтік тұғырды жүзеге асыруға қажетті мінез-құлықтың үлгісі.
РӨЛЬДЕРДІҢ ШИЕЛЕНІСІ (конфликті) ― әртүрлі адамдардың немесе әлеуметтік топтардың атқаратын рөльдерінен туындайтын міндеттері мен талаптарының бір-бірімен қарама-қарсы келетін қайшылықтар.
РӨЛЬДІК ЖИНАҚ (репертауар) ― белгілі бір әлеуметтік тұғырмен байланысты болатын рөльдердің жыйынтығы (кешені).
РӨЛЬДІК КЕРНЕУ ― бір адамның атқаратын бірнеше рөльдерінің арасындағы (мысалы, бір ананың өз анасы алдындағы қызы есебіндегі және өзінің балалары алдындағы аналық рөлінің) қатынастардан туындаған қайшылықтардың нәтижесі.
САЛТ (ҒҰРЫП) ― қоғамда сақталатын, жоғары бағаланатын бұқара үшін үлгі болып табылатын мінез-құлықтардың үлгісі.
САНКЦИЯ ― алдын ала белгіленген істерді атқаруға байланысты белгіленген сыйлықтар мен жазалаулардың жүйесі.
СЕКТА ― үстемдік етуші діннен оқшауланып шыққан діни топ. Балама түрде ― өздерінің шағын қызығушылығына байланысты бөлініп шыққан топты да атайды.
СИБЛИНГІЛЕР (бауырлар) ― бір ата-анадан туылған ұлдар мен қыздар.
СОСЛОВИЕ ― дәстүрмен немесе заңмен бекітілген және мұралыққа қалдырылатын құқытар мен міндеттер арқылы белгіленген әлеуметтік топ.
СТЕРЕОТИПТЕР ― белгілі бір әлеуметтің топтың өкілі туралы алдын ала біржақты (көбіне кемсіту сипатында) таңылған идеялар (бағалаулар, түсініктер).
СУБУРБАНИЗАЦИЯ ― үлкен ескі қалада тұратын ауқатты тұрғындардың қала шетіндегі табиғаты жақсы жерлерге қоныс аударуы.
ТАБУ ― нақтылы бір істі істеуге, сөзді айтуға, затты пайдалануға алаңсыз тиім салу.
ТАБЫС ― жалақы, зейнетақы, рента, көмекақы, алимент, гонорар т. б. түрінде ақшалай ай сайын немесе белгілі календарлық уақыт аралықтарында келіп тұратын ақшалай кірістің ағымы.
ТАП (класс) ― қоғамдық қатынастардағы орны өндірістік құралдарға деген меншіктің бар немесе жоқ екендігімен, соларға сәйкес табысының көлемімен және табыс табу жолдарымен анықталатын әлеуметтік үлкен топ.
ТОЛЫҚ ОТБАСЫ ― ері мен әйелі бар отбасы.
ТОЛЫМСЫЗ ОТБАСЫ ― ажырасу немесе жұбайлардың бірінің қайтыс болу себебінен пайда болған, тек әкеден немесе тек шешеден тұратын отбасы.
ТУЫСҚАНДЫҚ ― заң негізінде нақтылы құқықтар мен міндеттері анықталған адамдардың арасындағы туысқандық қатынастар. МӘРТЕБЕ (СТАТУС) ― пенденің қоғамдағы немесе әлеуметтік топтағы айқын позициясы (орны).
МӘРТЕБЕ РАНГІ ― әлеуметтік иерархиядағы нақтылы тұғырдың орны.
МӘРТЕБЕНІҢ МАЗМҰНЫ ― құқықтар мен міндеттердің бірлігі.
МӘРТЕБЕЛІК ГЕНЕРАЛИЗАЦИЯ ― пенде мен оның мүше болып табылатын әлеуметтік топтағы құрылымдар негізінде болатын себеп-салдарлық, иерархиялық байланыстар.
МӘРТЕБЕЛІК ЖЫЙЫНТЫҚ ― бір адамға қатысты тұғырлардың жыйынтығы.
МӘРТЕБЕЛІК ПОРТРЕТ ― «тұғырлық жыйынтық» мақаласын қараңыз.
МӘРТЕБЕЛІК СӘЙКЕССІЗДІК ― бір адамның екі тұғырының арасындағы айырмашылықтардан туындайтын қайшылықтар, үйлесімсіздіктер.
МӘРТЕБЕЛІК СИПАТТАМА ― адамның қоғам мүшесі есебіндегі басты сапаларының: жасының, жынысының, ұлтының, білімінің, мамандығының, әлеуметтік топтың мүшесі екендігінің, тұрғылықты жерінің т. б. бірлігі.
МӘРТЕБЕЛІК ТАҢБАЛАР (СИМВОЛДАР) ― нақтылы әлеуметтік тұғырды көрсететін, белгілейтін, бағалайтын заттық объектілер немесе іс-әрекеттер.
МӘРТЕБЕЛІК СӘЙКЕСТЕНДІРУ (ИДЕНТИФИКАЦИЯ) ― адамның өзін бірдеңемен немесе біреулермен теңестіруі.
МӘРТЕБЕЛІК ТОП ― ортақ өмір салттары немесе мамандықтары негізінде ұқсас мәртебе (престиж) негізінде ерекшеленетін әлеуметтік қабат (страта) немесе адамдар тобы.
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРАМЫ ― тұрғындардың үлкен топтары арасындағы қарапайым немесе иерархиялық түрлерде реттелмеген демографиялық, мамандық, ұлттық, діни т. б. тұрғыларда болатын арақатынастарының сомасы.
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МИГРАЦИЯСЫ (көші-қоны) ― тұрғылықты жерін өзгерту мақсатында (елден елге, ауылдан қалаға, қаладан қалаға, қаладан ауылға, обылыстан обылысқа, ауданнан ауданға) көшіп-қону.
УАҚЫТ БЮДЖЕТІ ― әртүрлі әлеуметтік топтардың тәулік (апталық, айлық, жылдық) уақыттарын іс-әрекеттердің әртүріне жұмсауы.
УРБАНДАНУ (УРБАНИЗАЦИЯ) ― адамдардың аулдардан қалаларға қоныс аударуы және қалалық өмірдің құндылықтарының әлеуметтік қатарлардың барлығына таралуы.
ҮРЕЙ (ПАНИКА) ― қауіпті жағдайға кездескендегі бұқараның ретсіз мінезқұлықта жасайтын әрекеттері.
ФОРМАЛДЫ (РЕСМИ) БАҚЫЛАУ ― ресми билік органдарының және әкімшіліктің тараптарынан қолдау немесе айыптау.
ФОРМАЛДЫ (РЕСМИ) ҰЖЫМДАНУ ― бір жерде жұмыс істейтендердің тұғырларының, өзара тәртіптік қатынастарының, шектерінің төменнен жоғарыға дейін құрылуы.
ФУНКЦИЯ ― тұтастықтың қызметін қамтамасыз ету үшін (мысалы, қоғамдық өмірді қамтамасыз ету үшін) әртүрлі әлеуметтік институттар немесе нақтылы істер үшін тағайындалған міндеттер немесе рөльдер.
ШАҒЫН ТОП ― қоғамдық қарым-қатынастарды жүзеге асыратын бірін-бірі білетін адамдар тобы.
ЭКВИВАЛЕНТТІК ОТБАСЫ ― отбасындағы шешімдерді қабылдауда, оларды орындауда, еркек пен әйелге тән істерді істеуге байланысты ортақ шешімдерді демократиялық жолдармен шешу арқылы қалыптасқан жұбайлардың некелік өмірінің типі.
ЭКЗОГАМИЯ ― тайпаны құрайтын рулардың арасындағы некелік қатынас.
ЭНДОГАМИЯ ― алғашқы қауымдық қоғам кезіндегі тайпа мен рулардың ішіндегі некелік қатынастар.
ЭПИЗОДИКАЛЫҚ МӘРТЕБЕ ― нақтылы адамның қысқа уақыт ішінде иелік ететін әлеуметтік мәртебесі.
ЭТИКЕТ (ӘДЕП) ― сыпайы мінез-құлықтың формалды және нақтыланған кодексі (шарттық тізбесі).
ЭТНОЦЕНТРИЗМ ― өзінің ұлттық мәдениетін ғана дұрыс деп, өзгелердікі дұрыс емес, төмен, ұнамсыз (эстетикалы емес) деп ойлау мен соған бейімділік.
1 Тақырып Социологияның пәні.
Лекцияның мақсаты – социологияның мәні мен мазмұнын анықтау. Ол үшін оның қолданатын ұғымдарын, парадигмаларын, құрылымын, басқа гуманитарлық ғылымдардан ерекшіліктерін айыру.
Негізгі ұғымдар - әлеуметтік, әлеуметтік іс-әрекет, әлеуметтік факт, социология, ғылыми тәсіл, әлеуметтік мәселе, макросоциология, микросоциология, құрылымдық көзқарас, іс-әрекеттік теория, функционалдық бағыт, дау- жанжалдық бағыт.
Лекцияның жоспары
-
Социологияның пәні. Социология ғылымының өзектілігі және маңыздылығы.
-
Социологиялық ұғымдар, парадигмалар.
-
Социологияның құрылымы, атқаратын функциялары.
-
Социологияның басқа ғылымдарменен арақатынасы.
«Социология терминінің» этимологиясына үңілсек, ол латынның «societas» сөзінен шыққандығын және «қоғам» деген мағына беретінін, «logos» грекше « білім,ілім», яғни «қоғам туралы ілім» дегенді білдіретініне көз жеткіземіз. Адамзат қоғамы – бұл ерекше құбылыс. Ол тікелей немесе жанама түрде көптеген ғылымдардың обьектісі болып саналады ( тарих, философия, экономика, психология, құқықтану,саясаттану және т.б.), олардың әрқайсысы қоғамды түрлі қырынан қарастырады, зерттейді. Социологияның объектісі-қоғам, ал пәні- қоғамның әлеуметтік өмірі, яғни адамдардың өз- ара қарым-қатынасы, тұлға мен қоғамның, мемлекеттің, әлеуметтік институттар арасындағы процестер.
Кез келген ғылым секілді социология өз бастауын сонау ежелден алады.Тарихтағы тұңғыш қоғам туралы еуропалық теориялар антикалық философияның негізінде пайда болған. Олардың ішіндегі ең маңыздылары ежелгі грек философтары – Платон мен Аристотельге тиесілі. Платонның жарқын қоғамдық көзқарасы «Мемлекет» диалогында толығымен суреттелген. Оның басты идеясы адамзат қоғамы саналы түрде құрылған және мақсаттылық пен саналылық қағидаларына сәйкес интелектуалды элитамен басқарылатын идеада қоғамдық жүйені іске асыруы тиіс дегенге келіп саяды.Қоғамда тәртіпсіздік, әлеуметтік шиеленістен онда қашан қатаң тәртіп орнағанша шыға алмайды, мұнда әрбір азамат өз ісімен айналысып (еңбек бөлінісі) басқа азаматтардың, таптардың, жұмыстарына араласпауы тиіс (әлеуметтік бөлініс). Тұрақты деп ол негізінен үш тапқа бөлінген қоғамды айтады: ақсақалдылардан, мемлекет басшыларынан тұратын жоғарғы тап; тәртіпсіздіктен қорғайтын жауынгерлерден тұратын ортаңғы тап; шаруалар мен құлдардан тұратын төменгі тап. Платонның есептеуінше интелектуалды элита тумыстан пайда болады.
Аристотель тәртіптің негізі деп – ортаңғы тапты есептейді. Одан басқа екі тап бар: бай плутократия және бар мүлкінен айырылған кедейлер. Мемлекет барынан айырылған кедейлер басқарудан алшақтатылмағанда ғана жақсы басқарылады, бай плутократияның эгоистік қызығушылықтары шектеледі; ал ортаңғы тап алдыңғы екеуіне қарағанда көп және күштірек болуы тиісті.Аристотельдің айтуынша қоғамның кемшіліктері өзара теңестірілуімен емес, адамдардың моралдық тұрғыдан жақсаруынан түзеледі.Заңдастырушы барлығының теңдігіне емес, өмірлік қабілеттердің теңдігіне ұмтылуы тиіс. Жекеменшік, таза эгоистік қызығушылықтарды арттырады. Олар бар кезде адамдар бір-біріне мән бермейді. Жеке меншікте байлық пайда болады және теңсіздік туындайды, алайда тек соған тек сол ғана оларға жомарттық көрсетуіне мүмкіндік береді.
Алайда шектен тыс меншіктегі теңсіздік мемлекет үшін қауіпті. Аристотель қарапайым ортаңғы тап өкілдері басым қоғамды дәріптейді.
Осы ғасырдың ортасында Томас Гоббс азаматтық қоғамның негізгі түсінігіне айналған қоғамдық келісімнің теориясын жасап шығарды. Гоббс: «Қоғам қайткенде болмақ?» деген сұрақ қойып оған былай жауап береді: адамдар қоғамдық өмірге дүниеге икемсіз келеді де оған деген бейімділікті тәрбиенің нәтижесінде қалыптастырады.Екіншіден, азаматтық қоғамда бірін-біріне деген қорқыныш сезім бар. Гоббстың ойынша - адамдардың табиғи жағдайы « ол бәрінің барлығына қарай соғысы»; тіршілік ету үшін индивидтердің абсалютті бәсекелестігі. Бұл қоғамның табиғи жағдайы адамдардың бір-біріне деген қорқыныш сезімін туындатады. Осындай қорқыныш сезімі азаматтық қоғам құруға итермелейді, яғни бұл келісім қоғамның әрбір мүшесін басқалардың өштестілігінен қорғаншылық қызметін тудырады. Қорқыныш бөлмейді, керісінше біріктіріп барлығының қауіпсіздігін ойлатады.Мемлекет- мұндай қажеттіліктің ең жақсы өтелуі.Азаматтық қоғам- дамудың жоғарғы сатысы; Ол барлығы мойындаған заң нормаларына сай болады;Азаматтық қоғамда үш түрлі билік формасы бар:
1.Демократия
2. Аристократия
3.Монархия
Қоғамдық келісімнің нәтижесінде бәрінің жалпыға соғысы аяқталды: тұрғындар өз еркімен бостандықтарынан бас тартып, орнына сенімді қорғаныс алады.
Өзіндік көлемді үлестерін социологияға Джамбаттисто Вико (1668-1744) қосқан.Ол ағарту эпохасында тарихи тәсілдердің қағидаларын сонымен қатар «азаматтық әлемді» тану шарттарын ұсынған. Щарль Луи Монтескье болса, социология ғылымының теориялық-идея негізінің қалауына улкен үлес қосақан.Оның «Заңдар рұхы туралы» деп аталатын еңбегі баршаға мәлім. Оның есімімен географиялық детерменизм теориясының пайда болуы байланысты.Жан Жак Руссо ‘Ordre natural’(«Табиғи реттілік») концепциясын жасап шығарған. Руссо Гоббсқа қарағанда «адамдар табиғатынан бір-біріне жау дегенге келіспейді».Оның түсінігінде адам табиғатынан мейірімді,азат және жан-жақты.Руссоның саяси теоиясының негізі болып – халықтың егемендікті жалпы еріктің іске асуын де қабылдауында жатыр.Ол кезегінде заңдардың бастауы әділеттіліктің өлшемі мен басқарудың басты қағидасы болып табылады деп түсінеді.
Социологияның ғылым ретінде дамуы.Жоғарыда аты аталған идеялар мен еңбектер келесі бір маңызды еңбектің тууының алғышарттарына негіз болды.Ол социологияның негізін қалаушы болып саналатын «ол социология терминін ғылымға енгізген) Огюст Конттың (1798-1857).»Позитивті философия курсы» еңбегі.Ол өзінің басты шығармасында тарихтың дамуы мен адамзат танымының біркелкі заңын негіздейді. Конт ұсынған адамзат тарихының үш кезеңін адамзат рұхы өтуі тиіс: -теологиялық немесе жалған; метафизикалық немесе абстрактілі; - ғылыми немесе позитивті кезеңдер. Бірінші теологиялық кезеңінде адамзат ақылы әлемді немесе жан-жақта болып жатқан құбылыстарды тура немесе үнемі тылсым күштердің әрекетімен түсіндіреді. (Бұл кезең үш сатыға бөлінеді:фетишизм жоғарғы формасы – аспан денелеріне табыну;политеизм «қиялдың гүлденуі- антикалық Греция» Монотеизм бұл кезде біркелкі рұхани қағиданы мойындау- түрлі рұхани өмірлерді бірлігіне әкелеу. Екінші метафизикалық кезеңінде антропоморфты кереметтер абстрактлы күштермен алмастрылады.Олар әлемнің түрлі жаратылыстарына негізделеген сан алуан абстракциялар болуы мүмкін.Үшінші позитивті кезеңінКонт оны былайша сипаттайды: «адамзат ақылы- абсалютті білімді ала алмайтынын мойындап, құбылыстардың пайда болуының ішкі сұрақтарына жауап іздеуден бас тартады.Енді ол тек «пайымдаулардың бірлігімен және бұл құбылыстардың шынайы бақылауларының басқалай айтқанда реттілістіктің өзгермес қарым-қатынасымен өзара ұқсастықтарының көмегімен ғана жаңалық ашумен айналысады».Ғылым адамзат дамуына септігін тигізеді. Социология позитивті ғылым ретінде келешекте « позитивті қалып» бағытында мемлекеттің дамуына септігін тигізетін саяси іс-әрекеттерді жеңілдететін таныммен қамтамасыз етуі тиіс.Осылайша Конттың «Позитивтілігі» біржағынан танымға, екінші социологиялық құрылымға қатысты.Позитивті қалып тек құрал ғана емес, сонымен қатар рұхани дамудың мұраты «табиғи заңдардың» көмегімен қоғамдық қатынастардың ауызбіршілігіне әкелетін жетістік те болып табылады.О. Конттың негізгі теориясының графикалық үлгісі келесі кестеде беріледі: