Файл: араанды аласыны білім блімі мм дістемелік кабинет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.10.2023

Просмотров: 869

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ

Әдістемелік кабинет

КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

«Қарағанды қаласының білім бөлімі»ММ «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ

ӘК меңгерушісі басшысы

______________Б.Х.Абдикерова ______________Г.Ш. Кожахметова

«___» _________ 2020ж. «___» _________ 2020ж.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен

(оқыту қазақ тілінде емес)

5 – сыныптарға арналған

бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау бойынша

тапсырмалар жинағы


Қарағанды 2020

Идея: «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ басшысы Кожахметова Гулсум Шабдановна

Әдістемелік үйлестіруші:

Қарағанды қ. ББ Әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Абдикерова Бакиткул Химальдиновна

_______________________
Шығармашылық топ жетекшісі:

Қарағанды қ. ББ әдіскері Қадыр Айгүл Еркінқызы

_______________________

Жинақты құрастырушылар:

Қарағанды қаласы, «№38 гимназия» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Масабаева Алмагул Утесиновна

_______________________
Қарағанды қаласы, «№15 ЖББОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абзалбекова Ардақ Тлеуғабылқызы
Пікір жазушы:

Қарағанды қ. ХББ НЗМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

филология ғ.к. Жусупова Акгуль Акбердиевна

______________________

Білім беру ұйымының Әдістемелік бірлестігімен ұсынылған

2020 жылғы «____» ______________________ хаттама №____

Хатшы:

Абдрахманова Алиса Тлековна

______________________

Қалалық ББ Әдістемелік Кеңесімен ұсынылған

2020 жылғы «____» ______________________ хаттама №____

Хатшы:

____________________ ТАӘ

_____________________________

Облыстық Эксперттік Кеңесімен ұсынылған

2020 жылғы «____» ______________________ хаттама №____

Хатшы:

____________________ ТАӘ

_____________________________

Түсініктеме
Орта буын оқушыларына сабақ беретін мұғалімдерге көмекші құрал ретінде 2019-2020 оқу жылында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 7-сыныптарға арналған бөлімдік және тоқсандық жиынтық бағалау бойынша тапсырмалар жинағы құрастырылды.

Жинаққа енген әдістемелік нұсқаулықтар оқу бағдарламасы мен оқу жоспарына сәйкес құрастырылған.

Жиынтық бағалау 1,2,3,4 тоқсандарда өткізіледі.

Әр бөлімнің жиынтық бағалау тапсырмалары мұғалімдерге әрбір тоқсанға жоспарланған білім мақсаттарын анықтауға және бағалауға көмектеседі.

Әдістемелік құралға оқушыларға арналған тапсырмалар, дескрипторымен берілген және жиынтық бағалаудың балл қою кестесі енгізілген.

Сондай –ақ аталмыш жинақта оқушылардың білім деңгейін, жетістігін көрсететін кері байланыс (рубрика) енгізілген. Оқушыларға арналған тапсырмаларға, дескрипторымен берілген критериалдық бағалауға нұсқаулық ретінде қарауға болады.


Жиынтық бағалаудың спецификациясы тоқсан соңында өткізу үшін ұсынылады. Ол тоқсандық жиынтық бағалауды бақылау үшін стандартқа сай және міндетті болып табылады.

Жинақты құрастыру барысында графикалық бейне, сурет, кестелер, аудио материалдары және т.б интернет ресурстары еркін қолданылды.

Критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері
Жаңартылған білім мазмұнының маңызды ерекшелігі – критериалды бағалау жүйесі. Критериалды бағалау пәндік құзыреттілікті, субъектіні қалыптастыруда жеке тұлғаны және аксиологиялық аспектілерді жасақтауды бағамдайтын пәндік құзыреттілікті қамтиды.

Белгілі критерийлермен білім алушылардың жұмысын бағалау, бағалау критерийлерін оқыту мақсаттарының айқын көрінісімен салыстыру, білім алушының жетістік деңгейін анықтайтын дескрипторлар критериалды бағалаудың негізгі элементтері болып табылады.

Жаңартылған білім мазмұны бойынша критериалды бағалаудың ерекшеліктері 1-сызбада көрсетілген.


Қазіргі таңда мұғалімдер алдында өздігінен бейімделе алатын және өзін-өзі көрсете алатын білім алушыларды тәрбиелеу және оқыту сияқты аса маңызды міндет тұр.

Бұл ретте білім алушылардың дайындық деңгейін, бағдарламаның оқыту мақсаттарын орындауға қабілеттілігін анықтауға, оның жеке даму жетістіктерін қадағалауға, оқу процесіндегі қателіктер мен кемшіліктерді анықтауға, оқу жоспарының тиімділігіне талдау жасауға, бағаның әділ қойылуын қадағалауға, білім алушы, мұғалім және ата-аналармен кері байланыс орнатуға критериалды бағалау көмектеседі.

Критериалды бағалау – білім алушылардың алдын ала белгілі критерийлерге сәйкес, нақты жетістіктердің жоспарланған оқыту мақсаттарымен қаншалықты сәйкес келетінін анықтайтын білім жетістіктерінің бағалануы. Бұл ретте, жоғарыда айтылғандай, білім алушының жеке тұлғасы емес, тек оның жұмысы бағаланады. Нені үйретсе, соны ғана бағалауға болады, сондықтан бағалау критерийі оқыту мақсаттарының нақты көрінісі болып табылады.
Критериалды бағалау жүйесінің принциптері
Критериалды бағалау жүйесі мынадай принциптерге негізделеді:

Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен және күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады.

Объективтілік, нақтылық және валидтілік. Бағалау нақты және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлер мен құралдардың оқу мақсаттарына және күтілетін нәтижелерге жетуді бағалайтынына сенімділік бар.



Анықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті және ашық ақпарат береді, білім беру процесінің барлық қатысушыларының қызығушылығы мен жауапкершілігін арттырады.

Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістіктерінің прогресін уақытылы және жүйелі түрде қадағалауға мүмкіндік беретін үздіксіз процесс болып табылады.

Дамуға бағыттылық. Бағалау білім беру жүйесін, мектепті, мұғалімдер мен әр оқушының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.
Критериалды бағалау жүйесінің рәсімдері
4.1. Мұғалім тоқсан бойы өткізілетін бағалауды алдын ала жоспарлауы және бағалау үшін оқытудың нақты нәтижелерінің (оқу мақсатының) тізбесін анықтауы тиіс.

4.2. Білім алушының орындалған жұмысының нәтижесі немесе түсініктемесі дәптерге мұғалімнің таңдауына кез келген түсті қаламмен қойылады.

4.3. Мұғалім білім алушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижелерін бір оқу жылы ішінде жинайды және сақтайды.

4.4. Бөлімдерді (ортақ тақырыптарды) оқып-үйренгеннен кейін жиынтық бағалау бір пән бойынша тоқсан сайын үш реттен артық жүргізілмейді.

4.5. Бір тоқсанда үш және одан да көп бөлімдер (ортақ тақырыптар) оқылған жағдайда, мұғалім өздігінен оқу мақсаттарының саны мен тақырыптарының ерекшелігін ескере отырып, бөлімдерді (ортақ тақырыптарды) біріктіреді.

4.6. Бір бөлімді (ортақ тақырыптарды) оқыған жағдайда ТБЖ-ның ширегінде тоқсанның екінші жартысында бір рет, тоқсанның соңына дейін кемінде екі апта бұрын өткізіледі. ТБЖ-ны екі бөлікке бөлуге және екі ТБЖ түрінде жүргізуге жол беріледі.

Критериалды бағалау сұрақтары бойынша дереккөздер
Критериалды бағалау сұрақтары бойынша келесі дереккөздерге жүгінуге болады:

1. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал. «НЗМ» ДББҰ, 2016

2. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жүйелік-әдістемелік кешен http://smk.edu.kz

3. Критериалды бағалау бойынша әдістемелік әзірлемелерді Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтының «Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Әдістемелік құрал» бөлімінен табуға болады: https://www.nao.kz

4. Онлайн курс «Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі» https://academia.kz/ru/course/1
Блум таксономиясы бойынша ойлау қызметінің деңгейлері


Дағдылар

Сипаттама

Білу

Нақты дәлелдерді, ақпараттарды және олардың сипаттамаларын білу және еске түсіру

Түсіну

Дұрыс есінде жаңғырту арқылы түсінуін, болжамы немесе ақпаратты интерпретациялауды көрсету

Қолдану

Ақпаратты және бұрын алынған білімді жаңа немесе таныс емес жағдаятта немесе контексте қолдану және пайдалану

Талдау

Ақпараттық материалды құрамдас бөліктерге бөлу қабілетін көрсету, себептерді немесе мотивтерді, ой-тұжырымдарды анықтау жолымен әртүрлі қорытынды алу үшін ақпаратты зерттеу, және/немесе жалпы ереже-қағидаларды негіздеу үшін дәлелдеме табу.

Синтез

Жаңа контексте бұрын алынған білімнің әртүрлі бөліктерін қайта құру қабілетін көрсету

Бағалау

Белгілі бір критерийлер бойынша идеялар немесе фактілердің маңыздылығы туралы ой-пікір қалыптастыру



Білім алушылардың дайындық деңгейі әрбір білім беру ерекшелігін ескере отырып жобаланған, күтілетін оқыту нәтижелері арқылы анықталады.

Төменде берілген ойлау дағдыларының барлық деңгейлерін дамыту бойынша күтілетін нәтижелерді анықтау үшін қолданылатын етістіктердің кестесі мұғалімге бағалау критерийлерін құрастыруда көмектеседі.


Блум бойынша ойлау дағдыларының деңгейі таксономиясы


Р/с

Ойлау дағдыларының деңгейі

Ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін етістіктер тізбесі

1

Білу

Санап шығу, есте сақтау, айту, көрсету, қайталау, аяқтау, жаңғырту, әңгімелеу, еске түсіру және т. б.

2

Түсіну

Талқылау, айқындау-анықтау, әңгімелеу, түсіндіру, сұрау, тұжырымдау, түрлендіру, көрсету және т. б.

3

Қолдану

Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, көрсету, табу, сахналау, іске қосу, зерттеу, эксперимент өткізу, иллюстрациялау -безендіру, түсіндіріп беру, әрекет жасау, аздап жаттықтыру, ара қатынасын белгілеу, жоспарлау, көрсету, нобайын жасау, шешу, пайдалану және т.б.

4

Талдау

Талдау, топтастыру, есептеу, категориялау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, талқылау, ажырату, зерттеу, тәжірибе жасау, түсіндіру, шығару, реттеу, күмәндану, анықтау, таңдау, бөлу, тексеру және т. б.

5

Синтез

Топтастыру, жинау, комбинациялау/ араластыру, құрау, құру, жасау, әзірлеу, тұжырымдау, қорыту, біріктіру, ойлап табу, өзгерту-модификациялау, ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, ұсыну, қайта топтау, көшіріп жазу, орнату, анықтап алу және т.б.

6

Бағалау

Дәлелдеу, таңдау, салыстыру, қорытынды жасау, сендіру, дәйектеу, шешу, негіздеу, түсіндіру, өлшеу, алдын ала болжау, реті бойынша бөлу, ұсыну-ұсыныс жасау, бөліп/атап көрсету, жинақтау, қолдау, тексеру, бағалау, кеңес беру, экспертиза

жасау, рецензиялау, зерттеу, алып шығу


Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізген дұрыс. Оларға жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты:

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар:

«Қазақ тілі» (екінші тіл) пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

Модерация және балл қою. Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификасы

Ұзақтығы: 40 минут

Тыңдалым- 10 минут

Оқылым – 10 минут

Жазылым – 20 минут

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)