ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.10.2023
Просмотров: 768
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
А. Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен
туысқандықтың ордасы.
В. Қазақстан – түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан ұлы мекен
С. Қарағанды қаласында көп ұлттар тұрады
-
Сөз тіркесін құраңыз. [1]
1 | Қазақстан | А | байтақ |
2 | Ұлт өкілдері | Б | ұлы мекен |
3 | ұлан | В | тұрады |
ОҚЫЛЫМ
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай қарай зытам ... Зытып келе жатқаным қашып келемін,- артыма қарай беретінім қорқып келемін ..
Мен қазір ондамын. "Əліпті таяқ деп ауылдың балалары мазақтай беретін еді, жазғытұрым қолыма сиыршының таяғы түсті.
-
Енді естияр азамат болдың .... Мына таяқты қолыңа ал, осы ауылдың сиырын енді сен бағасың! - деп ағам Айдынғали таяғын маған ұстатты да, өзі аяқ-еңбек іздеп қалаға кетті
Қалаға кіріп қатар-қатар тізілген көп тақтай дүкендердің оңашарақ тұрған біреуінің жанына келдім де жып-жылы жерге құлай кеттім. Жұмсақ құм өзінен-өзі үгітіліп жамбасқа жайлы төсек бола кетті...
О,қасқаңның жатысын-ай !... - деп тап өзіме ұқсаған екі бала мені аяқтарымен бүйірге түртіп тұрғандарын бір аңдағандай болып ем көзімді ашуға дəрменім жетпеді. Ар жағын білмеймін тас болып қатып қалсам керек, түнде өліп жатқан бала сен бе едің, əй? - дегенде артыма қарасам, бір ересек бір кішірек бала өзен жағасына жақындай берген екен. Біреуі ашаң сұңғақ денелі, үстінде шолақ шалбардан басқа еш нəрсе жоқ. Күнге кұйіп күрең тартқан дененің бұлшық еттері иіріліп-иіріліп қояды. Енді біреуі менімен тұстас болуы керек, ақшыл денелі арық бір аяғын ақсай басып келеді
1-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Бала неге зытып келе жатыр?
_______________________________________________ [1]
2. Ағасы Айдынғали не деді?
________________________________________________ [1]
3-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша Қайрошқа жолыққан балаларды сипаттайтын жолды анықтаңыз [1]
А) ашаң сұңғақ денелі, ақшыл денелі арық
В) қараторы, кең маңдайлы
С) сұңғақ бойлы, жылдам
Д) ақшыл өңді, ұзын бойлы
4-тапсырма. Берілген сөздің антонимін мәтіннен тауып жазыңыз.
қатты____________________ [1]
5-тапсырма. Мәтіндегі оқиғаларды ретімен орналастырыңыз. (1,2,3) [1]
Оқиғалар | Реті |
Біреуі ашаң сұңғақ денелі, үстінде шолақ шалбардан басқа еш нəрсе жоқ. | |
Осы ауылдың сиырын енді сен бағасың! | |
Жұмсақ құм жамбасқа жайлы төсек бола кетті... | |
ЖАЗЫЛЫМ [10]
Болымды және болымсыз етістіктерді қолдана отырып, еліміздің көрікті жерлері туралы досыңызға хат жазыңыз. Хат стилін сақтаңыз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________
АЙТЫЛЫМ [10]
Берілген суреттерді тірек сөздердің көмегімен сипаттаңыз (әр білім алушыға 2 минут).
«Қазақстандағы ұлттар достастығы»
Тірек сөздер: Елбасы, 1 мамыр мерекесі, ұлттар достастығы, бір ел, шаңырақ
Бағалау критерийі | Жауап | Балл |
Білім алушы | ||
Тыңдалым | А | 1 |
С | 1 | |
С | 1 | |
Ұлт, ұлт өкілдері, халық, Ассамблея | 1 | |
С | 1 | |
5 балл | ||
Оқылым | оқушы жауабы ескеріледі. | 1 |
оқушы жауабы ескеріледі | 1 | |
А | 1 | |
жұмсақ | 1 | |
3,2,1 | 1 | |
5 балл |
ІІ нұсқа
ТЫҢДАЛЫМ
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлттың өкілдері тұрады Қазақстанда орыс, дүнген, неміс, татар, ұйғыр, кәріс, түрік, қытай, өзбек, корей, украин және тағы көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
Қазақ халқы елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алды. Олардың қазақ жеріне қоныстанып, өмір сүруіне жағдай жасады. Қазақстан – түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан ұлы мекен. Қазақ халқы тарихтың түрлі кезеңдерінде басқа ұлт өкілдерін ерекше ықыласпен бауырына басты. Олардың салт-дәстүрі, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасады. Соның нәтижесінде ұлан-байтақ қазақ жерінде барлық ұлттың өкілдері бір атаның балаларындай ынтымақтастықта өмір сүріп келеді. Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бейбітшілік мекені болуы керектігін міндет етіп қойды. Осыған орай 1995 жылдан ұлтаралық татулықты нығайтуды мақсат еткен Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмыс істеп келеді. Мереке қарсаңында Нұр-Сұлтанда Ассамблеяның кезекті сессиясы өтіп, бұл жолғы жиын "Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік және жаңғыру" деген тақырыпқа арналды.
-
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз
1.Қазақ халқы басқа ұлт өкілдеріне қандай жағдай жасады? ______________________________________________ [1]
2. Елбасы Н. Ә. Назарбаев нені міндет етіп қойды?
______________________________________________ [1]
3.Мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпаратты ажыратыңыз. [1]
р/с | Ақпараттар | дұрыс | бұрыс |
А | Олардың салт-дәстүрі, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасамады. | | |
В | Қазақстан – түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан ұлы мекен. | | |
С | Қазақстан Республикасында 150-ден астам ұлттың өкілдері тұрады | | |
4-5. Мәтінде жауабы бар сұрақты анықтаңыз.
Байлықтың ең үлкені не? [1]
___________________________________________________
Ассамблея құру идеясын ұсынған кім? [1]
___________________________________________________
ОҚЫЛЫМ
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Сұлу Көкше өңірінде биік тау бар. Жерден атқан садақтың оғы оның шыңына жетпейді. Содан да бұл тау Оқжетпес атанып кеткен.
Бұл шыңға сүйсінбейтін жан жоқ. Жақыннан қарағанда сандықша тастарды қолмен əдейілеп қалағандай көрінеді. Қарағайлар мен шыршалар Оқжетпестің тастарына қадалып өскен.
Шың туралы мынадай аңыз бар. Ертеде Бурабай, Көкше жерін мекендеген елде бір бала дүниеге келіпті. Ол елден ерекше ер тұлғалы, зор денелі, батыр болып өседі. Ірі болғаны сонша, өзін көтеруге мал шыдамаған соң пілге мініп жүріпті. Осы кезде қазақ жеріне қызыққан жау аз емес еді. Бала келген жаумен шайқасып, еліне жолатпапты.
Бір күні сол бала шайқастан кейін сəл тынығып алмақшы болады. Күміскөлдің мөлдір суына рақаттанып шомылады да, Көкшенің баурайындағы қалың қарағайдың арасына келіп жатады. Орман ішінде жасырынып жүрген жау осы сəтті дереу пайдаланады. Ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады. Қапыда қарусыз қалған батыр жаулармен айқаса кетеді. Батырдың күші азайып, əл-дəрмені таусылады. Сонда батыр жаулардан қорлық көргенше өлгенін артық санап, Құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Жау қолына тастамас үшін пілін де төбесіне көтеріп алады. Сондағы батыр осы Оқжетпес болса керек.
-
Мәтін не туралы? [1]
______________________________________________
2. Берілген сөйлемге сұрақ құрастырыңыз.
Еліміздегі барлық байлықтың көзі – табиғат. [1]
______________________________________________
3. Мәтінде жауабы жоқ сұрақты табыңыз
А) Алматы қайда орналасқан?
В) Оқжетпес Көкше өңірінде орналасқан.
С) Пілді не үшін төбесіне көтерді?
Д) Ол қандай батыр болып өсті? [1]
4. Берілген сөздің антонимін мәтіннен тауып жазыңыз.
дос ____________________ [1]
5. Сөйлемді аяқтаңыз.
Ұйқыдағы батырды қолға _______________________ [1]
ЖАЗЫЛЫМ [10]
Болымды және болымсыз етістіктерді қолдана отырып, еліміздегі халықтар достығы туралы досыңызға хат жазыңыз. Хат стилін сақтаңыз
___________________________________________________________________________________________________________________________________
АЙТЫЛЫМ
Берілген суреттерді тірек сөздердің көмегімен сипаттаңыз (әр білім алушыға 2 минут). [10]
«Отанын қорғаған ерлер»
Тірек сөздер: Елбасы, 9-мамыр мерекесі, қазақ жауынгерлері, бір ел, шаңырақ
Балл қою кестесі
Тыңдалым, оқылым
Бағалау критерийі | Жауап | Балл |
Білім алушы | ||
Тыңдалым | оқушы жауабы ескеріледі | 1 |
оқушы жауабы ескеріледі | 1 | |
В | 1 | |
оқушы жауабы ескеріледі | 1 | |
оқушы жауабы ескеріледі | 1 | |
5 балл | ||
Оқылым | оқушы жауабы ескеріледі. | 1 |
оқушы жауабы ескеріледі | 1 | |
А | 1 | |
жау | 1 | |
түсірмек | 1 | |
5 балл |
Жазылым
Балл | Мазмұны (5 балл) | Тіл сапасы (5 балл) |
5 | Өте жақсы Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс. | Өте жақсы Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
4 | Жақсы Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді. Лексика-лық минимумды жеткілікті қолда-нады, стильдік қолданысы дұрыс. | Жақсы Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
3 | Қанағаттанарлық Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізу-де ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. | Қанағаттанарлық Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді. Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
2 | Төмен Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. | Төмен Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді |
1 | Өте төмен Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес. Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі. | Өте төмен Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын. |