Файл: араанды аласыны білім блімі мм дістемелік кабинет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.10.2023

Просмотров: 774

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

ІІ нұсқа
Сөйлеу әрекетінің Оқылым

түрлері Жазылым

Оқу мақсаты 5.3.3.1. фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби

шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау

5.4.3.1. Жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу

құралдарын қолданып жазу

5.5.1.2. Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін,

түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу,

жазба, ауызша жұмыстарда қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы

• Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсінеді, тақырыбын анықтайды

• Жазба жұмыстарында сипаттау құралдарын қолданып жазады

• Заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата біледі, жазба, ауызша жұмыстарда қолданады

Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі Қолдану

Орындау уақыты 15-20 минут

ОҚЫЛЫМ

Мәтінді түсініп оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Бір мысық қаңғырып жүріп, өліп жатқан арыстанға тап болады да, оның жетім қалған күшігін бауырына басып, емізіп асырайды. Арыстан өсіп, азулы аң болады, өз тамағын өзі тауып жейтін халге жетеді.

Бір күні ашыққан арыстан өзін асыраған Мысықты жемек болады. Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп ағаш басына шығып кетеді. Сонда арыстан тұрып:

- О, менің ақ сүтін емізген асыраушым! Маған сен туған анамдай ыстықсың. Бар ақылыңды үйреткенде, ағашқа өрмелеуді неге үйретпегенсің? - дейді.

Сонда мысық:

- О, қайырымды балам! Сені мен кішкентайыңнан бауырыма басып өсірдім, білген ақыл-айламның бәрін үйреттім. Бірақ құлқыныңнан қорқып, бір өнерімді айтпай, бүгіп қалып едім, оным ақыл болған екен! - дейді.
1-тапсырма. Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз.


___________________________________________________________________
2-тапсырма. Тақырыпқа сай ат қойыңыз.

___________________________________________________________________


3-тапсырма. Мәтіндегі кейіпкерлердің айтқан сөздерін бағдар сызықпен көрсетіңіз.


Кейіпкер




Әрекеттері

Мысық

Маған сен туған анамдай ыстықсың,-дейді.

Ол азулы аң болады, өз тамағын өзі тауып жейтін халге жетеді.

Арыстан

Өліп жатқан арыстанға кездеседі.

Өрмелеп ағаш басына шығып кетеді.


4-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша мысықты сипаттаңыз.
ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Берілген сурет пен тірек сөздерді қолдана отырып, «Жануарлар достығы» тақырыбына шағын әңгіме жазыңыз. Сын есімдерді қолданыңыз.


Тірек сөздер: үй жануарлары, ит, марғау, достығы, ақылды, мейірімді, қамқорлық танытады, таңғалады.

___________________________________________________________________


Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсінеді, тақырыбын анықтайды

1

2

3

Мәтіннің тақырыбын анықтайды;

1

Тақырыпқа сай ат қояды;

1

Кейіпкерлер мен олардың әрекетін

сәйкестендіреді;

1-әрекет

2-әрекет

3-әрекет

4-әрекет

Мәтін мазмұны бойынша мысықты сипаттап жазады



1

1

1

1

1

Жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазады

4

тақырыпты ашады

ойын жеткізе алады

табиғатты сипаттап жаза алады

тірек сөздерді қолдана алады

сөздердің орын тәртібін сақтайды

1

1

1

1

1

Сын есімдерді ажырата біледі, жазба, ауызша жұмыстарда қолданады




Сын есімдерді ажырата алады

1

Жазба жұмысында орынды қолдана алады.

1

Барлығы 14


«Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ______________________________________


Бағалау критерийі


Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсінеді, тақырыбын анықтайды

Мәтінге ат қоюда, кейіпкерлер мен олардың әрекетерін сәйкестендіруде, оларды сипаттауда қиналады

Мәтінге ат қоюда, кейіпкерлер мен олардың әрекетерін сәйкестендіруде, оларды сипаттауда қателіктер жібереді..

Мәтінге ат қоюда, кейіпкерлер мен олардың әрекетерін сәйкестендіруде, оларды сипаттауда ойын еркін жеткізеді.

Жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазады

Берілген тақырыпқа мәтін құрауда, сипаттап жазу барысында қиналады

Берілген тақырыпқа мәтін құрауда, сипаттап жазу барысында қателіктер жібереді

Берілген тақырыпқа мәтін құрауда, сипаттап жазу барысында сауаттылығын көрсетеді

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


*Тап-

сырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмалар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1

5.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау

Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар 110 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды (аудио құралдар болмаған жағдайда мұғалім мәтінді өзі 2 рет оқып береді).

Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында әдеби мәтіннің мазмұнына негізделген бірінші, екінші және үшінші тапсырмаларда төрт нұсқаның ішінен дұрыс жауабын белгілейді. Төртінші тапсырмада білім алушы мәтіндегі ақпараттарды сәйкестендіреді. Бесінші тапсырмада сөздерді жұптастырып, мәтін мазмұны бойынша сөз тіркесін құрайды.

Мұғалім білім алушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды.

10

5

2

5.3.3.1 Фольклор-лық және шағын көлемді көркем әдеби шығарма-ларды түсіну, та-қырыбын анықтау

Көп таңдауы бар және толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар тақырыпқа қатысты 150 сөзден тұратын көркем әдеби мәтінді оқиды. Бірінші тапсырмада мәтінге тақырып қояды, екінші тапсырмада берілген бір сөздің синонимін мәтіннен тауып жазады. Мәтін мазмұны бойынша берілген 2 сұрақтың әрқайсысының жауабын табады. Мәтін бой-ша оқиғалардың ретін көрсетеді. Мұғалім білім алушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды.

10

5

3

5.4.1.1 Ресми стиль-дің тілдік ерекше-ліктері мен талапта-рын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар өз мектебін сипаттап, басқа қалада тұратын досына хат жазады. Хат мазмұнында сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай түрлерін қолданып, тыныс белгілерін дұрыс қояды. Жазылым жұмысында хат жазудың стилін сақтауы және сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай тыныс белгілерінің дұрыс қойылуы бағаланады.

20

10

4

5.2.5.1 Берілген сұрақты дұрыс тү-сініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жұпта орындалады. Екі білім алушыға бөлімдерге қатысты ортақ тақырып беріледі (тақырып жазылған қағаздарды білім алушы өзі таңдайды). Жұптағы білім алушылар берілген тақырып бойынша 2 минут диалогке түседі (әр білім алушы диалогте 4-6 сөйлем айту керек). Мұғалім білім алушының берілген тақырыпты түсініп, соған қатысты жұбына сұрақтар қоюын, сұрақтарға лайық жауап беруін бағалайды.

Әр білім алушыға 2 минут беріледі

10

Барлығы

40 мин

30



Тоқсандық жиынтық бағалау тттттттттапсырмаларытапсырмалары

І нұсқа

ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері көп. Олар: жасы үлкен адамға жол беру, төрге отырғызу, қарсы сөйлемеу, қызды сыйлау. Салт-дәстүрлер халықтың болмысын, мінез-құлқын, қасиеттерін танытады. Үлкендер жасы кішілерге қамқоршы болады, кеңес береді.

Қазақ дәстүрі бойынша ер адамдар бір-біріне қол беріп амандасады. Қазақ халқында дастарханға үлкендерден бұрын отыру ұят саналады. Себебі алдымен ақ сақалды ата мен ақ шашты әжені сыйлап, төрден орын береді. Төрде қарттар, одан төмен жастар отырады.Тамаққа да үлкендерден бұрын қол созуға болмайды. Ол- әдепсіздіктің белгісі.

Қазақ отбасындағы дәстүрлер тыйым сөздермен де байланысты. Сондықтан қазақ халқында үлкендер жас балаларды тыйым сөздер арқылы да жамандықтан алыс, жақсылыққа жақын болуға үйреткен. Мысалы, «Табалдырықты баспа, бақыт қашады» деген сөздер бекерге айтылмаған.

Қазақ отбасындағы ерекше дәстүрдің бірі – бата беру. Дастархан басында жастар қол жайып, көпті көрген қарт ер адамдардан, үлкендерден бата сұрайды. Бата адамға күш береді, жолын ашады. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін құрметтеу – әрбір қазақ отбасының парызы.

1. Мәтін бойынша қазақ дәстүрінде ер адамдар қалай амандасады?

А) иіліп сәлем салады

В) қол беріп амандасады

С) «Сәлеметсіз бе!» дейді

Д) құшақтасып амандасады [1]
2. Қазақ отбасындағы ерекше дәстүрдің бірі –

А) жақсылыққа жақын болу

В) бата беру

С) салт-дәстүрді құрметтеу

Д) қамқоршы болу [1]
3) Салт-дәстүр бойынша төрге кімді отырғызады?

А) ақ сақалды аталар мен ақ шашты әжелерді

В) жастарды

С) балаларды

Д) немере-шөберелерді [1]
4. Бағдарсызық арқылы мәтіндегі ақпараттарды мағынасымен сәйкестендіріңіз.

1. Бата А. жамандықтан алыс, жақсылыққа

жақын болуға тәрбиелейді.

2. Тыйым сөздер В. төрге отырғызу, қарсы сөйлемеу,

қызды сыйлау

С. күш береді, жол ашады [1]

5. Берілген сөздерді жұптастырыңыз.

1. табалдырықты а. сыйлау

2. ерекше ә. баспа

3. қызды б.дәстүр [1]
ОҚЫЛЫМ

Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

Біздің жеріміз кең-байтақ. Онда алуан түрлі жануарлар мекендейді. Біздің елімізде арқар, барыс, қосаяқ, құлан, дала тасбақасы, саршұнақ сияқты жануарлар кездеседі.


Алтай арқары – өте бағалы аң. Олар биік тауларда мекендейді, өсімдіктермен қоректенеді. Оның жасын мүйізіндегі сақинасына қарап анықтайды. 12-14 жыл өмір сүреді.

Барыс – мысық тұқымдас жыртқыш аң. Ол басын мәңгі қар басқан тауларды мекендейді. Оның терісі бағалы. Қимылы жылдам, епті. 7-8 метр биіктікке дейін секіреді.

Қосаяқ – кішкентай аң. Балқаш өңірінде тіршілік етеді. Сирек кездеседі. Ол өсімдік дәнімен, жемісімен, жәндіктермен қоректенеді. Қыстай денесіне жинаған майымен қоректеніп, ұйықтап жатады.

Құлан шөлді жерді мекендейді. Алматы, Қарағанды хайуанаттар бағында бағылады. Олар Түрікмен жерінен әкелінген. Ол есекке де, жылқыға да ұқсайды. Қазір қорғауға алынған.

Дала тасбақасы да шөлді жерлерді мекендейді. 150 жылдай тіршілік етеді. Өсімдіктермен қоректенеді. Жылына 3-4 ай ояу, қалған уақытта ұйқыда болады.

Саршұнақ ашық далада өмір сүреді. Олар ін қазып, топырағын сыртқа үйіп тастайды. Егінге көп зиян келтіреді. Бірақ оның терісі бағалы.
1. Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз. __________________________________________ [1]
2. Берілген сөздің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.

тамақтанады - _____________________ [1]
3. Мәтінде кездеспейтін жануарларды көрсетіңіз.



[1]

4. Шөлді жерде кездесетін жануарларды табыңыз.
[1]

5. Мәтін бойынша оқиғалардың ретін ажыратыңыз. [1]




Сөйлемдер

Реті

А

Саршұнақ - егінге көп зиян келтіреді.




В

Арқар - биік тауларда мекендейді.




С

Қосаяқ – сирек кездесетін аң.