ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.10.2023
Просмотров: 772
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
шағын диалогке қатысу
Бағалау критерийі Білім алушы
-
Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді -
Берілген сұраққа дұрыс жауап бере отырып, шағын диалогке қатысады
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
ТЫҢДАЛЫМ
Мәтінді мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз.
Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлттың өкілдері тұрады. Қазақстанда орыс, дүнген, неміс, татар, ұйғыр, кәріс, түрік, қытай, өзбек, украин және тағы да басқа ұлттар тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақ халқы елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алады. Олардың қазақ жеріне қоныстанып,өмір сүруіне жағдай жасады.
Қазақстан –түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан ұлы мекен. Қазақ халқы тарихтың түрлі кезеңдерінде басқа ұлт өкілдерін ерекше ықыласпен бауырына басты. Олардың салт-дәстүрі,тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасады. Соның нәтижесінде ұлан-байтақ қазақ жерінде барлық ұлттың өкілдері бір атаның балаларындай ынтымақтастықта өмір сүріп келеді. Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бейбітшілік мекені болуы керектігін міндет етіп қойды.
-
тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қазақ халқы басқа ұлт өкілдерін қалай қарсы алды?
_______________________________________________________
2.Н.Ә.Назарбаев қандай міндет талап етіп қойды?
_______________________________________________________
3.Қазақ халқы басқа ұлт өкілдерін қалай қарсы алды?
_______________________________________________________
АЙТЫЛЫМ
2-тапсырма. Суреттер бойынша жұбыңызбен диалогке түсіңіз.
Бағалау критерийі | № тапсырма | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді | 1 | Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша сөйлеммен жауап береді; 1-жауап 2-жауап 3-жауап | 1 1 1 |
Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап береді, шағын диалогке қатысады | 2 | Берілген тақырып бойынша диалогке қатысады; Тақырыпты ашады; Сұрақтарды дұрыс құрастыра алады; Сұрақтарға түсініп, лайықты жауап береді; Тақырып көлемінде лексикалық минимумды тиімді қолданады | 1 1 1 1 1 |
Барлығы | | | 8 |
«Қазақстандағы ұлттар достастығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
ІІ нұсқа
Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым. Айтылым
Оқу мақсаты 5.1.6.1. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде
сұрақтарға жауап беру
5.2.5.1. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру,
шағын диалогке қатысу
Бағалау критерийі Білім алушы
-
Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді -
Берілген сұраққа дұрыс жауап бере отырып, шағын диалогке қатысады
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
ТЫҢДАЛЫМ
Мәтінді мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз.
Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлттың өкілдері тұрады. Қазақстанда орыс, дүнген, неміс, татар, ұйғыр, кәріс, түрік, қытай, өзбек, украин және тағы да басқа ұлттар тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақ халқы елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алады. Олардың қазақ жеріне қоныстанып,өмір сүруіне жағдай жасады.
Қазақстан –түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан ұлы мекен. Қазақ халқы тарихтың түрлі кезеңдерінде басқа ұлт өкілдерін ерекше ықыласпен бауырына басты. Олардың салт-дәстүрі,тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасады. Соның нәтижесінде ұлан-байтақ қазақ жерінде барлық ұлттың өкілдері бір атаның балаларындай ынтымақтастықта өмір сүріп келеді. Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бейбітшілік мекені болуы керектігін міндет етіп қойды.
1-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
_______________________________________________________
2.Қазақстан қандай мекен?
_______________________________________________________
3.Қазақ жерінде барлық ұлт өкілдері қалай өмір сүріп жатыр?
_______________________________________________________
АЙТЫЛЫМ
2-тапсырма. Суреттер бойынша жұбыңызбен диалогке түсіңіз.
Бағалау критерийі | № тапсырма | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді | 1 | Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша сөйлеммен жауап береді; 1-жауап 2-жауап 3-жауап | 1 1 1 |
Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап береді, шағын диалогке қатысады | 2 | Берілген тақырып бойынша диалогке қатысады; Тақырыпты ашады; Сұрақтарды дұрыс құрастыра алады; Сұрақтарға түсініп, лайықты жауап береді; Тақырып көлемінде лексикалық минимумды тиімді қолданады | 1 1 1 1 1 |
Барлығы | | | 8 |
«Қазақстандағы ұлттар достастығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Білім алушының аты-жөні ______________________________________
Бағалау критерийі | Оқу жетістіктерінің деңгейі | ||
Төмен | Орта | Жоғары | |
Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру | Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беруде қиналады | Тыңдалым мате-риалдарының мазмұ-ны негізінде сұрақ- тарға жауап беруде қателіктер жібереді | Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді |
Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу | Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысуда қиналады. | Берілген сұрақты дұ-рыс түсініп, лайық-ты жауап беру, ша-ғын диалогке қаты-суда қателіктер жібереді | Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысады |
БЖБ №2
«Ұлы Дала табиғаты», «Ер есімі – ел есінде!» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
І нұсқа
Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқылым Жазылым
Оқу мақсаты 5.3.1.1 Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау
5.4.1.1 Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын
дұрыс қолдана отырып, хат жазу
5.5.2.1 Жазба жұмыстарында лепті сөйлемдердің жасалу
жолдарын білу, құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
-
Мәтіндегі маңызды ақпараттарды түсінеді -
Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс
қолдана отырып, хат жазады
-
Жазба жұмыстарында лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын
біледі, құрастырады
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
ОҚЫЛЫМ
1-тапсырма. Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
… Әлияның «Отан үшін алға!» ұраны нағыз ерліктің ұранындай болып кетті. «1944 жылдың қаңтар айында немістер бекініп алған Казачиха деревнясына шабуыл басталды. Кеңес жауынгерлері жауға қаһарлы түрде шүйлікті. Қашаннан бергі әдетінше, Әлия Молдағұлова өзінің жаужүрек жолдастарының алдыңғы қатарында болды.
— Ура! Отан үшін! — деп ұрандаған Молдағұлова жауынгерлерді соңынан ертіп, алға ұмтылды. Оның дәл көздеген оғынан 8 неміс солдаты қаза тапты. Траншеяда кескілескен шайқас басталды. Немістер шыдай алмады. Молдағұлова ет қызуымен алға озып, неміс траншеяларына еніп кетті. Блиндаждан неміс офицері шыға келіп, қызды ұстап алды. Жекпе-жек басталды. Күш тең емес еді. Әлия фашистік хайуанның тырнағынан сытылып шықты да, неміс офицеріне автоматтан оқ жаудырды. Дәл сонымен қабаттаса мылтық дауысы естілді - фашист Әлия Молдағұлованың кеудесіне пистолетпен атып үлгерді» - деп жазылған марапат парағында. Өзінің жаны үзіліп бара жатқанда Әлия немістің жетпіс сегізінші солдатын атып үлгерген еді… Бұл 14 қаңтар күні болатын. Әлия 13 қаңтар күні Сапураға жазған ең соңғы хатын «Сәлем саған, Отаным!» деп бастапты…
-
Мәтін мазмұнына сай берілген 2 дұрыс ақпаратты белгілеңіз.
Ақпараттар | + дұрыс | - | бұрыс |
Әлия неміс офицерімен айқаса кетті. | | | |
Неміс офицері Әлияға оқ жаудыра бастайды. | | | |
Әлия өлер алдында немістің солдатын атып түсіреді. | | | |
Әлия қаза болар алдында үш күн бұрын сіңлісіне хат жазған екен. | | | |
-
Мәтіндегі 3 маңызды ақпаратты жазыңыз.
р/с | Маңызды ақпараттар |
1 | |
2 | |
3 | |