ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.10.2023
Просмотров: 394
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1 билет
1 | Ұсынылған зерттеу еңбектерге рецензия жазыңыз. 1Кeнжeбaeв Б. Түрiк қaғaнaтынaн бүгiнгe дeйiн (Құрacтырып, aлғы cөзiнжaзғaн – филoлoгия ғылымдaрының дoктoры, прoфeccoр Қ.Eргөбeк) A., «Aнa тiлi» бacпacы, 2004ж. 76- б. 2Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Хрестоматия. /Құрастырған А.Қыраубаева/ .-А.1991.46-б. «Түркі өркениеті, оның мәңгі өшпестей бо-лып, мың жaрым жылғa жуық уaқыт бұ рынЕурaзия құ рылығының төсінде бедерленген кө-не жaзбaлaры жaлпы aдaмзaт өркениетінің үл-кен қaзынaсы болып отырғaны бүгін бaршaғaмәлім.... Түркі әлемі әлі толық зерттелме-ген те рең тұңғиық. Сондықтaн түркітілдесхaлықтaрдың тaрихын, мәдениетін зерттейт-ін, оқу-aғaрту жүйесін үйлесті ретін aрнaйыортaлық құ ру ке рек. Біздің ұлы бaбaлaрымызАлтaйдaн Ақ теңізге дейінгі Ұлы дaлaдa өз би-лігін жүргізді. Бізге өшпес қaһaрмaндық эпосжәне мол рухaни қaзынa қaлдырды. Тұңғыш ретәлемге өнеге болғaн ортaқ шaңырaқ – киіз үйді,темірді, шaлбaрды, жебені, етікті және өкшені,үзеңгіні ойлaп тaпты. Түркі хaлықтaрының осы кезеңге дейін-гі әрбір бaғытын те реңнен зерттеу бaрысындaкөптеген құпиялaр мен қaзіргі тaңдaғы өзек-ті мәселелердің шешімін тaбa aлaмыз. Дүниенітaну, тaбиғaт жaрaтылысын бaғaлaу үрдісініңқaрышты қaдaмы, шексіздігі – зaттaр мен құбы-лыстaр шексіздігімен тікелей бaйлaнысты екен-дігі aнық. Әлемнің көркемдік тaным нысaнaсыaйқындaлғaн сaйын ғылым шеңбе рі де ұлғaйып,тaқы рыптық aуқымы кеңейе түседі. Жaрaты-лыс шындығын нaқты тaрихи кешен тұрғы-сынaн пaйымдaп, оны жaн-жaқты қaмту – ғылы-ми тaным құбылыстaрынa тән белгілер болыптaбылaды. Түркі өркениетіндегі өзіндік орынaлaтын – қaзaқ хaлқы дa өз бaстaуын aлaтынaрғы aтa-бaбaлaрынaн жaлғaсқaн рухaни-мәде-ни құндылықтaр жүйесін ұрпaқтaн-ұрпaққa үз-бей жaлғaстырa оты рып, этникaлық шыңдaлудaнөткен көне хaлықтың ұрпaқтaры. Шындықты әрұжым, әр ұлт өз биігінен тaниды. Өз биігі деге-німіз – ғaсырлaр бойы қaлыптaсқaн ойлaу ерек-шелігі, дүниетaнымы, құбылысты бaғaлaу кaте-го риясы, құ рылымы, тaным деңгейі. Түр-кі тілінде хaлықтың негізгі қызметі мен өзін-дік орнын көрсететін, тaрих қойнaуындaғынегізгі бaғыттaры мен міндетте рін aйқындaйтүсетін, сол кезеңдердегі әлем сaхнaсындaғы бе-делінің қaншaлықты деңгейде болғaндығы жa-йындa хaбaрдaр ететін көптеген хaлық сaнaсымен тұрмыс-тіршілігінің негізгі aйнaсы болыптaбылaтын тaнымдық сөздер жиынтығы бaр.Сондaй жиынтықтaрдың ішіне кі ретін, түр-кі хaлқының, қaзaқтың тaнымының aясын aшaтүсетін «Мәңгілік ел» концептісінің ғылымисaхнaдaғы мaңызы мен орны ерекше. Шыныменде, әр хaлықтың өзіне ғaнa тән, іштей дaмитын рухaни тaбиғaты бaр. Сол рухтың ерекшелігін тілaрқылы тaнытып, дыбыстaп, ұлттық код aрқылысaқтaп тұрғaн, ұрпaқтaн ұрпaққa жеткізуші күш – тіл. Жaлпы, әлемдік бейне ұғымы – aдaмныңөзіндік ерекшелігі мен тұрмысын, оның дү-ниемен бaйлaнысын, оның өмір сүруінің мaңыз-ды шaрттaрын кескіндейтін фундaментaлдыұғымдaрдың қaтaрынa жaтaды. Тіл aрқылы же-ке aдaмның тәжі рибелік білімі ұжымдық мұрaғa,ұжымдық тәжі рибеге aйнaлaды. Осығaн орaйдa,осы сaлaдa зерттеу жүргізуші көптеген ғaлымдaрaдaмның әлемді тaну бейнесінің жaсaлуындaғытілдің мaңызын қaрaстырa оты рып, филосо-фия, лингвистикa, мифология, мәдениет, тaрих,фольклор, өнер және т.б. ғылымдaр сaлaсындaғыоның түрлену тaбиғaтының қaй күйде болaты-нын біліп, ол турaсындa ғылыми түсінік aлғы-сы келеді. Қазіргі қолданыста жүрген сөздердің барлығы Көнетүркілік жәдігерлер қойнaуынaн бaстaу aлып, қaзіргі тaңдa дa өз өзектілігінжоймaй, ке рісінше қолдaнысын aрттырa түс-кен, қызметі әр тaрaпты қaмтығaн, мaңызды рөлaтқaрушы тaнымдық сөздер топтaмaсын құрaй-тынын aңғaруғa болaды |
2) Күлтегін» жыры жайлы әңгімелеңіз, Тоныкөк болмысы қалай көрінген? Талдау жасаңыз.
Күлтегін жыры (үлкен жазу) жер мен көктің және адам баласының жаралуы туралы философия толғаудан басталады (биікте Көк тәңірі, төменде қара жер жаралған да екеуінің арасында адам баласы жаралған). Бұдан кейін бүкіл адамзат баласына Білге қаған мен Күлтегін батырдың ата-бабалары билік жүргізгені, түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған мадақталады. Ежелгі түркі поэзиясына тән дәстүр бойынша, осындай әрбір топтаманың өзі міндетті түрде мынадай үш бөліктен тұратын болған: 1 оқиғаның басталуы; 2 оқиға желісінің біртіндеп ұлғая түсуі; 3 осы топтамада айтылуға тиісті ой-пікірдің түйіні. «Күлтегін» жырының кіші жазуындағы екінші топтаманың алғашқы үш жолы Білге қағанның түркі халқына айтқан үндеу сөзі, одан кейінгі төрт жол өлеңде Түрік қағандығы жерінің ұланғайыр кең екендігі, одан кейінгі екі жол осы топтаманың түйіні – түркі елінің жері мол, ал халқы көп екендігін баяндауға арналған. «Күлтегін» жырының үлкен жазуы көлемі жағынан 428 өлең жолынан тұрады (құлпытастағы руналық жазу бойынша есептегенде 53 қатар) Күлтегін» жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды. |
Тоныкөк ) (646- 741ж.ж.) - Екінші Шығыс Түркі Қағандығының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпасынан шыққан ұлы дана, заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан кемеңгер. Тас жазуда: «Мен, Білге Тоныкөк, табғаш (қытай) елінде тәрбиеленіп өстім. Түркі халқы ол кезде табғаштарға бағынышты еді» деп жазылған. Бұдан Тоныкөктің түрк тайпасы көсемдерінің бірінің баласы екені анық аңғарылады. Өйткені ол кезде көшпелілердің тек ел басыларының қытайға аманатқа берген балалары ғана император сарайында оқып, тәрбиелене алған. Таққа отырған Могилиән Тоныкөктің көрегендік ақылымен тұс-тұстан анталаған жауының бәрін жеңіп, құлауға айналған қағанатты қалпына келтіреді. Білге Тоныкөк өзінің бағасын, тарихтағы орнын өзі қашатып, жаздырып кетті. Жырдағы Тоныкөк бейнесі батагөй дана, әрі үлкен қолбасшы, жауынгер ретінде көрініп отырады. Әр түрлі жағдайларда ой түйіп, тұжырым жасап отырады. «Тоныкөк» ескерткішінің басты ерекшелігі – негізгі оқиғалар Тоныкөк аузымен баяндалады. «Тоныкөк» жырында алдымен қағандарды мадақтай келе, солармен үзеңгілес болып, түнде ұйықтамай, күндіз отырмай түркі елі үшін, түркі мемлекеті үшін қызыл қанын суша ағызып, қара терін төккенін, күш-қуатын сарқып бергенін, құрсауы берік, құдіретті қауым жасағанын мақтанышпен паш етеді. Әр түрлі жағдайларға батагөй дана өз бағасын беріп отырады. Билік ұстап отырған қаған мен ақылгөй абыздың бірауыздылығы, сөз бен істің бірлігі үнемі ескертіледі. Елдікті, тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін қағанды құрметтеу, ақылгөйді тыңдау, ел басына қатер төнгенде басты бәйгеге тігіп, сол жолда мерт болу батырлықты мадақтау, елдікті жырлау, бабаларымыздың аңсарлары мәңгілік тасқа қашалды
3 Құтты білік» дастанының мазмұнына тоқталыңыз, сюжеттік-композициялық желісіне не үшін енгізген? Не ұтқан? Осы тарау шығармадағы басқа тараулармен іштей қабысқан ба, дәлелдеп жазыңыз.
Әр кейіпкерлердің сипаттары қалай бере алған? Жырдың бейнелі құрылымына сүйене отырып, талдаңыз.
Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген, қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады. Жүсіп Баласағұнның мемлекетті басқару қағидалары мен принциптерін, елге билік жүргізудің ережелері мен тәртібін, қоғам мүшелерінің мінез-құлық және әдеп-ғұрып нормаларын жыр еткен этикалық-дидактикалық мазмұндағы көркем туындысы. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Баласағұнның «Құтадғу Білігінде» өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған.Жүсіп Баласағұни «Құтты білікті» 1069—1070 жж. Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Қоғамдық әлеуметтік мәні терең, халықтың моральдық этикалық бағдарламасы іспеттес бұл еңбегін Қарахан мемлекетінің сол кездегі билеушісі Табғаш Арслан хан Боғратегінге тарту еткен. Түркі халықтарының тарихында бұл кезең исламның ресми қабылдауымен ерекшеленеді. Құтадғу Біліг – Жүсіп Баласағұнидың еңбегі. Түркия ғалымдары 1942–43 ж. «Құтадғу Білігтің» үш нұсқасын да Стамбұлдан үш томдық кітап етіп шығарды. Дастанды зерттеу ісіне, әсіресе, түркі ғалымдары Р.Р.Арат, М.Ф.Кепрюлд және А.Дильгар, т.б. көп еңбек сіңірді. «Құтадғу Біліг» дастаны орта ғ-ларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған.
2 билет
1.Есаман Х.Егемен Қазақстан газеті //№59 (288) 30 Наурыз, Сәрсенбі 2015 ж. 6-б.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. 142-б.Көбecoв A.Әл-Фaрaби. Зeрттeу.-A.,2020 – 241 б.Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы: Ана тiлi, 1991. 21 б.
«Құтты білік» поэмасы жайлы жоғарыда ұсынылған әдеби пікірлердің түйінін кестеге салып, салыстыру, қорытынды тұжырым жасаңыз.
Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Баласағұнның «Құтадғу Білігінде» өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер жәнеданалықтың мәні сараланған. Келтірілген деректерге өз ойымызды білдіре кетейік: «Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді» - дейді. Ақылға симайды. Қарахан қағанатының 300 жылға жуық бүкіл әлемді билегенін білмейтін жанға не айтуға болады. Әлемді кейіннен тағы бірнеше ғасыр билеген Шыңғыс ханның осы Қараханнның ұрпағы екенін қайда қоямыз. Иә, аталарымыз тілде буын жоқ деп осындайды айтса керек. Заңы, ережесі жоқ қағанат осыншама уақыт қалай өмір сүрді екен?!«Құтадғу білік» (Құтты білік) — Жүсіп Баласағын (Баласағұн) шығарған дидактикалық поэма.Бұл көнетүркі тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы.Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген, қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады.
2 Ежелгі дәуір әдебиетте жанр, мазмұн, түр жағынан қандай жаңалықтармен кемшін тұстар болды, сараптаңыз.
Қазақ әдебиеті тарихы қазақ халқының ерте замандардан бастап бүгінге дейін жасаған көркем әдебиет туындыларын толық қамтыды. Ежелгі дәуірдегі әдебиетіміз туралы айтқаңда, ең алдымен, екі мәселені айқын түсінуіміз керек. Біріншісі – біздің ежелгі дәуір әдебиетіміздің туындылары тек қазақ халқының ғана еншісі емес, олардың басқа түркі тектес халықтардың да әдебиетіне ортақ екендігі. Ежелгі әдебиет” (VII-XIV ғғ.) деп аталатын жеті ғасырды қамтыған әдебиетіміздің, ұзақ тарихына қатысты ескерткіштер, шығармалар аз емес. Олардың алғашқылары деп түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштерін (VII ғ.), “Қорқыт” (VIII ғ.) және “Оғыз-наманы” (IX ғ.) атаймыз. Ежелгі дәуір әдебиетінің негізіне қыпшақ тілінде дамыған кезеңінде (ХIII-ХVI ғғ.) “Кодекс куманикус”, “Махаббатнама”, “Жүсіп-Зылиха”, “Гүлстан”, “Домбауыл”, т.б. қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар енеді.Міне, ежелгі дәуір әдебиетінің белгілі мұралары, үлгілері осындай. Олар өзінен кейінгі әдебиеттің дамуына, шыңдалуына негіз, түп төркін болған.
Рабғұзидың «Қисса-су –әнбия» еңбегіндегі әдет-ғұрыптың суреттелуін ассоциограммаға түсіріп, сипаттаңыз, мысал келтіріңіз.
"Қиссасу-л-Әнбия" - әдеби ескерткіш. "Оны 1311 жылы Рабғузи (Рабат оғызи деген екі сөзден қысқартып алынған) жазған. Рабғузи автордың бүркеншік аты, шын аты-жөні Насредин Бурһанетдин. Ол бұл еңбекті Рабат шаһарының әкімі, бек Насыретдин Тоқбоғаның тапсыруымен жазған. Кітапқа ертедегі түркі халықтарының қисса-хикаялары мен аңыз-ертегілері, өлең-жырлары негіз болған. Еңбекте барлығы 79 шығарма қамтылған. Олар тақырып, мазмұнына, идея-мәніне қарай үш топқа бөлінеді:
1.жер, көк, адамзат, хайуанат, жын-шайтан, періште, Адам Ата, от, топырақ жайлы түсініктемелер, әңгімелер.
2.пайғамбарлар, әулиелер өмірбаяндары, іс-әрекеттері туралы қисса, ертегі, аңыздар.
3.шежіре - мүсылман жыл санауы - хижраның алғашқы он жылы ішінде болған тарихи оқиғалар, жыл, ай, күн аттары, назым өлеңдер. Жинақтың алғы сөзі мен қорытындысы өлеңмен жазылған. "Қиссасу-л-Әнбия" алғаш 1914 ж. Қазан қ-ндағы Каримовтар баспасынан жарық көрген
3 Жүсіп Баласағұн поэманы неге «Құтты білік» деп атаған? Ақынның бұл поэманы жазғандағы түпкі мақсаты не? «Құтты білік» поэмасында Жүсіптің Күнтолдыға деген көзқарасы. Ол поэманың өн бойында қалай көрініс тапқан? Шығарма арқауына сүйене отырып, талдау жасаңыз.