ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.10.2023
Просмотров: 399
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Құтадғу білік» (Құтты білік) — Жүсіп Баласағұни ) шығарған дидактикалық поэма.
Бұл көне түркі тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы.
Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген, қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетініңсолармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады. Жүсіп Баласағұнның мемлекетті басқару қағидалары мен принциптерін, елге билік жүргізудің ережелері мен тәртібін, қоғам мүшелерінің мінез-құлық және әдеп-ғұрып нормаларын жыр еткен этикалық-дидактикалық мазмұндағы көркем туындысы. Жүсіп Баласағұни «Құтты білікті» 1069—1070жж. Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Қоғамдық әлеуметтік мәні терең, халықтың моральдық этикалық бағдарламасы іспеттес бұл еңбегін Қарахан мемлекетінің сол кездегі билеушісі Табғаш Арслан хан Боғратегінге тарту еткен. Түркі халықтарының тарихында бұл кезең исламның ресми қабылдауымен ерекшеленеді. Жүсіп Баласағұнидыңеңбегі. Түркия ғалымдары 1942–43 ж. «Құтадғу Білігтің» үш нұсқасын да Стамбұлдан үш томдық кітап етіп шығарды. Дастанды зерттеу ісіне, әсіресе, түркі ғалымдары Р.Р.Арат, М.Ф.Кепрюлд және А.Дильгар, т.б. көп еңбек сіңірді. «Құтадғу Біліг» дастаны орта ғ-ларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған.
3 билет
1 Ұсынылған зерттеу еңбектердің біріне рецензия жазыңыз.
1Көбecoв A.Әл-Фaрaби. Зeрттeу.-A.,2020 – 241 б.
2 Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. - Алматы: Ана тiлi, 1991. - 21 б.
3 Кeнжeбaeв Б. Түрiк қaғaнaтынaн бүгiнгe дeйiн (Құрacтырып, aлғыcөзiн
жaзғaн – филoлoгия ғылымдaрының дoктoры, прoфeccoр Қ.Eргөбeк) A., «Aнa тiлi» бacпacы, 2004ж. 76-
Алма Қыраубаеваның «Қазақ əдебиетінің қысқаша тарихына» жазып берген «Ежелгі түрік əдебиеті» бөлімінің əрбір тақырыпшасының өзі арнайы зерттеуді қажет ететін жəне күні бүгінге дейін көбіміздің тісіміз батпайтын арналар екенін мойындауға тиістіміз» деп азаматтық пікірін білдірген болатын. Бір сөзбен айтқанда, Алма Мүтәліпқызы қазақ әдебиеттануында жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдарынан бастап қарқынды дамыған тың тақырыптың зерттелуіне бар ғұмыры мен қажыр-қайратын арнаған ғалым. Әдебиет тарихында ертеде жазылып, бүгінге жеткен түркі өркениетіне ортақ әдеби жазба ескерткіштер молынан кездеседі
2 Рабғұзидың «Қисса-су–әнбия» еңбегіндегі әдет-ғұрыптың суреттелуінассоциограммаға түсіріп, сипаттаңыз, мысал келтіріңіз
Топырақ жайлы түсініктемелер
Шежіре мұсылман жыл санауы
Рабғұзидың «Қисса-су –әнбия» еңбегіндегі әдет-ғұрыптың суреттелуін ассоциограммаға түсіріп, сипаттаңыз, мысал келтіріңіз.
"Қиссасу-л-Әнбия" - әдеби ескерткіш. "Оны 1311 жылы Рабғузи (Рабат оғызи деген екі сөзден қысқартып алынған) жазған. Рабғузи автордың бүркеншік аты, шын аты-жөні Насредин Бурһанетдин. Ол бұл еңбекті Рабат шаһарының әкімі, бек Насыретдин Тоқбоғаның тапсыруымен жазған. Кітапқа ертедегі түркі халықтарының қисса-хикаялары мен аңыз-ертегілері, өлең-жырлары негіз болған. Еңбекте барлығы 79 шығарма қамтылған. Олар тақырып, мазмұнына, идея-мәніне қарай үш топқа бөлінеді:
1.жер, көк, адамзат, хайуанат, жын-шайтан, періште, Адам Ата, от, топырақ жайлы түсініктемелер, әңгімелер.
2.пайғамбарлар, әулиелер өмірбаяндары, іс-әрекеттері туралы қисса, ертегі, аңыздар.
3.шежіре - мүсылман жыл санауы - хижраның алғашқы он жылы ішінде болған тарихи оқиғалар, жыл, ай, күн аттары, назым өлеңдер. Жинақтың алғы сөзі мен қорытындысы өлеңмен жазылған. "Қиссасу-л-Әнбия" алғаш 1914 ж. Қазан қ-ндағы Каримовтар баспасынан жарық көрген
3 | Сайф Сарай еңбегіндегі айтылған нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді теріп жазып, олардың көркемдік қызметіне талдау жасаңыз. |
Мақал-мәтел
ᐈ Көріксіз әйелдің күйеуі көзсіз болсын.
ᐈ Жаман әйел жақсы ерді өмір бойы қинайды.
ᐈ Жүрек кімді қаласа, сол сұлу,Сүйген адамға жаның жол табады.
Нақыл сөздер
ᐈ Махаббаттың бұрымы – ақылдың аяғына салынған тұсау,Сақ..
ᐈ Ғашықтар жүрген жерде қайғы да бар.
ᐈ Ажырасар болған соң құшып-сүйгеннен не пайда?
ᐈ Өзіне рахымы түспеген адам, машақаттан құтыла алмайды.
ᐈ Жасында әдеп үйренбеген кісіден, өскен соң қайран жоқ.
ᐈ Жарғанат жарықты сүймейді, күншіл ғылымды сүймейді.
ᐈ Күншіл күнде күңіренеді.
ᐈ Қиын күнде қол үшін берген — нағыз дос,Жайшылықта "доспын"..
ᐈ Сау адам біреудің жарасы ауырып отырғанын білмейді.
ᐈ Тоқ адамға семіз еттің де дәмі білінбейді.
ᐈ Ақымақ күндіз шам жағады.
ᐈ Нағыз ер болсаң, сол атаққа ие бола біл.
ᐈ Ақылды орнымен сөйлер де жауабын күтер.
ᐈ Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ.
ᐈ Қорынып өмір сүргенше - қу кедей болып өлген артық.
ᐈ Қу тамақтың қамы болмаса - құс тұзаққа түспес еді.
ᐈ Көңіл берме - көңіл бермес кісіге.
ᐈ Жай жатқан жыланның құйрығын баспа.
ᐈ Түйнектен - ағаш өседі, түйір дәннен - қамба толады.
ᐈ Кісінің түсіне емес, ісіне қара.
ᐈ Сорлы есектің құны жоқ - жүк көтерер күші қымбат.
ᐈ Адамға шабатын арыстаннан - жүк таситын есек артық.
ᐈ Өзіңнен қорқатын адамнан сақтан.
ᐈ Ізгілік пен әділдік өлмейді.
ᐈ Кәрілік келсе - жігіттіктен қол үз: өзен кері ақпайды.
ᐈ Адам ішіп-жеу үшін ғана өмір сүрмейді.
ᐈ Сапты аяқпен ас беріп, сабынан қарауыл қарама.
ᐈ Адам — бір оқтық.
ᐈ Туралық - хақтың мейірі.
ᐈ Жаманмен жолдас болма.
ᐈ Бейнет көрмегенге - зейнет те жоқ.
ᐈ Көзеге не құйсаң - соны ішесің,Көшеге не ексең - соны..
ᐈ Құлыңды көп жәбірлей берме: қожасына - бұғау салынып, құлы..
ᐈ Тырнағанмен темір таты кетпейді.
4билет
| 1Кeнжeбaeв Б. Түрiк қaғaнaтынaн бүгiнгe дeйiн (Құрacтырып, aлғы cөзiнжaзғaн – филoлoгия ғылымдaрының дoктoры, прoфeccoр Қ.Eргөбeк) A., «Aнa тiлi» бacпacы, 2004ж. 76- б. 2Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Хрестоматия. /Құрастырған А.Қыраубаева/ .-А.1991.46-б.Жоғарыда ұсынылған әдеби пікірлердің түйінін кестеге салып, салыстырыңыз, қорытынды тұжырым жасаңыз. | |
Түркі өркениеті, оның мәңгі өшпестей бо-лып, мың жaрым жылғa жуық уaқыт бұ рынЕурaзия құ рылығының төсінде бедерленген кө-не жaзбaлaры жaлпы aдaмзaт өркениетінің үл-кен қaзынaсы болып отырғaны бүгін бaршaғaмәлім.... Түркі әлемі әлі толық зерттелме-ген те рең тұңғиық. Сондықтaн түркітілдесхaлықтaрдың тaрихын, мәдениетін зерттейт-ін, оқу-aғaрту жүйесін үйлесті ретін aрнaйыортaлық құ ру ке рек. Біздің ұлы бaбaлaрымызАлтaйдaн Ақ теңізге дейінгі Ұлы дaлaдa өз би-лігін жүргізді. Бізге өшпес қaһaрмaндық эпосжәне мол рухaни қaзынa қaлдырды. Тұңғыш ретәлемге өнеге болғaн ортaқ шaңырaқ – киіз үйді,темірді, шaлбaрды, жебені, етікті және өкшені,үзеңгіні ойлaп тaпты. Түркі хaлықтaрының осы кезеңге дейін-гі әрбір бaғытын те реңнен зерттеу бaрысындaкөптеген құпиялaр мен қaзіргі тaңдaғы өзек-ті мәселелердің шешімін тaбa aлaмыз. Дүниенітaну, тaбиғaт жaрaтылысын бaғaлaу үрдісініңқaрышты қaдaмы, шексіздігі – зaттaр мен құбы-лыстaр шексіздігімен тікелей бaйлaнысты екен-дігі aнық. Әлемнің көркемдік тaным нысaнaсыaйқындaлғaн сaйын ғылым шеңбе рі де ұлғaйып,тaқы рыптық aуқымы кеңейе түседі. Жaрaты-лыс шындығын нaқты тaрихи кешен тұрғы-сынaн пaйымдaп, оны жaн-жaқты қaмту – ғылы-ми тaным құбылыстaрынa тән белгілер болыптaбылaды. Түркі өркениетіндегі өзіндік орынaлaтын – қaзaқ хaлқы дa өз бaстaуын aлaтынaрғы aтa-бaбaлaрынaн жaлғaсқaн рухaни-мәде-ни құндылықтaр жүйесін ұрпaқтaн-ұрпaққa үз-бей жaлғaстырa оты рып, этникaлық шыңдaлудaнөткен көне хaлықтың ұрпaқтaры. Шындықты әрұжым, әр ұлт өз биігінен тaниды. Өз биігі деге-німіз – ғaсырлaр бойы қaлыптaсқaн ойлaу ерек-шелігі, дүниетaнымы, құбылысты бaғaлaу кaте-го риясы, құ рылымы, тaным деңгейі. Түр-кі тілінде хaлықтың негізгі қызметі мен өзін-дік орнын көрсететін, тaрих қойнaуындaғынегізгі бaғыттaры мен міндетте рін aйқындaйтүсетін, сол кезеңдердегі әлем сaхнaсындaғы бе-делінің қaншaлықты деңгейде болғaндығы жa-йындa хaбaрдaр ететін көптеген хaлық сaнaсымен тұрмыс-тіршілігінің негізгі aйнaсы болыптaбылaтын тaнымдық сөздер жиынтығы бaр.Сондaй жиынтықтaрдың ішіне кі ретін, түр-кі хaлқының, қaзaқтың тaнымының aясын aшaтүсетін «Мәңгілік ел» концептісінің ғылымисaхнaдaғы мaңызы мен орны ерекше. Шыныменде, әр хaлықтың өзіне ғaнa тән, іштей дaмитын рухaни тaбиғaты бaр. Сол рухтың ерекшелігін тілaрқылы тaнытып, дыбыстaп, ұлттық код aрқылысaқтaп тұрғaн, ұрпaқтaн ұрпaққa жеткізуші күш – тіл. Жaлпы, әлемдік бейне ұғымы – aдaмныңөзіндік ерекшелігі мен тұрмысын, оның дү-ниемен бaйлaнысын, оның өмір сүруінің мaңыз-ды шaрттaрын кескіндейтін фундaментaлдыұғымдaрдың қaтaрынa жaтaды. Тіл aрқылы же-ке aдaмның тәжі рибелік білімі ұжымдық мұрaғa,ұжымдық тәжі рибеге aйнaлaды. Осығaн орaйдa,осы сaлaдa зерттеу жүргізуші көптеген ғaлымдaрaдaмның әлемді тaну бейнесінің жaсaлуындaғытілдің мaңызын қaрaстырa оты рып, филосо-фия, лингвистикa, мифология, мәдениет, тaрих,фольклор, өнер және т.б. ғылымдaр сaлaсындaғыоның түрлену тaбиғaтының қaй күйде болaты-нын біліп, ол турaсындa ғылыми түсінік aлғы-сы келеді. Қазіргі қолданыста жүрген сөздердің барлығы Көнетүркілік жәдігерлер қойнaуынaн бaстaу aлып, қaзіргі тaңдa дa өз өзектілігінжоймaй, ке рісінше қолдaнысын aрттырa түс-кен, қызметі әр тaрaпты қaмтығaн, мaңызды рөлaтқaрушы тaнымдық сөздер топтaмaсын құрaй-тынын aңғaруғa болaды.
2 | Ахмет Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» шығармасында салт-сананыңкөрінісін ассоциограммаға түсіріп, сипаттаңыз, мысал келтіріңіз. |
3 Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндеі монолог, диалог, портреттік мінездемелердің көркемдік қызметіне талдау жасаңыз. | |
Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Ортағасырлық Шығыс ойшылдарына тән үйлесім – танымды көркем және ғылыми әдістермен ұштастыра қолдану Жүсіп Баласағүни ғибратында суреткерлік, ойшылдық, ғұламалық, философтық қасиеттердің үйлесім табуынан, ғылым даналығының біртұтастығынан көрінеді. Түркі мәдениетінің нәрлі бұлағынан сусындап, мұсылман өркениетінің қуатты ықпалымен толысқан ойшыл өз шығарм-ғында адамның қоғамдағы орны мен қызметін түсінуге ұмтылып, мінсіз қоғам жайындағы өзінің биік филос. мұраттарын баяндайды. Жүсіп Баласағүниның “Құтты білігінде” өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған. Жүсіп Баласағүни ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы қағидаға негіздейді. Төрт құдірет – от, су, ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің философиялық түсінігіне сүйене отырып, ойшыл әлем осы төрттағанның үйлесімінен жаралған деп санайды. Осындай тағы бір төрттаған Жүсіп Баласағүниның қоғам туралы ойларында, яғни қазіргі түсініктегі әлеум. философиясында әділет, бақыт, ақыл және қанағат ретінде бейнеленіп, “Құтты біліктің” төрт кейіпкерінің бойына жинақталған. Ғалам мен микроғаламның тұтастығы, барабарлығы туралы ой Жүсіп Баласағүни дүниетанымының өне бойынан байқалады. Бұл жалған дүниені ақыл тезіне салып түзетуге болатынына да сенген ғұлама әлемдік үйлесімділік негізінде әділетті адамзат қоғамын құруды армандады. Сондықтан ол ғылым мен білімге зор мән берген. Жүсіп Баласағүни жалпыға ортақ парасаттың танымның нәтижесі ретіндегі білімге көшуі адам мүмкіндігінің жүзеге асуы деп біледі. Ғұлама білімнің туа бітетіндігі жайлы пікірге қарсы шығып, оған парасатты іс-әрекеттің нәтижесінде қол жеткізуге болатынына сенеді. Білімге молынан сусындаған адам ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. Оның пікірінше, білім – даналық, денсаулық және жан толысуы. Жүсіп Баласағүнидің ойынша, қоғам құрылымындағы кемелдіктің өлшемі әлеум. тәртіп бұзылғанда ғана көзге түсе бастайды.