ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.10.2023
Просмотров: 398
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
5билет 1 Доспамбеттің толғауындағы қазақтың көшпелі тұрмысындағы өмірлік шындық көріністерінің табиғи шынайылығын неден байқауға болады? |
Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады.
Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады. Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды (“Айнала бұлақ басы таң”, “Тоғай, тоғай, тоғай су”, “Азау, азау дегенің”, “Арғымаққа оқ тиді”, “Қоғалы көлдер, қом сулар”, “Айналайын, Ақ Жайық”, т.б.). Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстыра сипаттайды. Олардың да ертең еліне қорған, тірек болуын қалайды. Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Ол серілік пен сақилықты, дарқандықты, қонақжайлылықты ата-бабадан келе жатқан асыл дәстүр ретінде дәріптейді. Доспамбет жырау шығармалары қазақ поэзиясы тарихында өзгеше көркемдігімен, екпінді ырғағымен ерекшеленеді. Жырау айтайын деген ойының қуатын еселеп арттыру үшін қайталауларды жиі қолданады. Сөйтіп, оларды ұтымдылықпен пайдаланып, ойдың әсерлілігі мен өткірлігін күшейте түседі. Доспамбет жыраудың ерлік пен елдікке үндейтін толғаулары Бұқар жырау, Махамбет сынды өзінен кейінгі ақындарға елеулі әсер еткені байқалады. Бұл дәстүр толыса, кемелдене келе жаңа сипатқа ие болды. Доспамбет жыраудың шығармалары толық жеткен жоқ. Көпшілігі жорық үстінде қолма-қол айтылған. Ел жадында сақталғандары ғана бізге жеткен. Осы азғана жырларының өзінен-ақ оның жырды түйдек-түйдегімен ағытатын дауылпаз жырау болғаны аңғарылады.
2 | Доспамбеттің «Өмірдің өтуі» жыры бойынша. Төмендегі проблемалық сұрақтар тізбесіне жауап жазыңыз: 1. Жырда алдымен қай жердің бейнесімен танысамыз? 2. Доспамбет әрекетінің астарында не жатыр? 3. Жырда қандай адамдар орын алған? 4. Жырда қандай жауынгерлер айтылады? |
Доспамбет жырау өз уақытысында артына талай дүние қалдырған. Стамбулда ,Атырауда болып жыраулар поэзиясына талай жаңалықтар әкелген. Өз заманның жыршысы,ақыны,батыры болған. Доспамбетке Бетегелі Сарыарқада оқ тиіп Ақжайықта қайтыс болған деседі.
Еділдің бойын жайлап,
Шалғыға бие байлап
Бейбіт күнім қайда деп аңсаған екен.
Осы шұмақ өлеңмен жыраудың еліне деген сүйіспеншілік,махаббатын көре аламыз.
Жырау сонымен қатар Астрахан жерін барша керемет ,әсерлі сөздермен суреттеген. Ол тіптен өлім ауызында жатсада,қолына домбыра алып еліне,жеріне сонда да бар махаббатын бейнелеп кеткен. Оның өлімі және ьарша осы сөздерге дәлел болары ол “Айнала бұлақ басы тең”жыры.
3 | 3 Қазтуған жыраудың «Болжау арман тілек» жырына тоқталыңыз, автордың көзқарасы.Жырдан алған әсеріңіз туралы ой толғаңыз.Жыраудың осы жырына деген пікірге қалай қарайсыз? Өз ойыңызды білдіріңіз. |
Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына әскери рухты, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды. Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді. Ақын-жыраудың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістері сол дәуірдегі көшпенділердің поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сонымен бірге, өзіндік ерекшеліктері бар екенін білдіреді. Ұлттық бояуы жағынан айқын суреттелген, жасампаз романтикамен көркемдеген, нақылдық ой орамдары мен көркемдік тіркестерге бай. Қазтуған жырау өлеңдері көп ғасырлық өнер мектебі мен әдеби үлгі ретінде санамыздан орын алды.
Қазтуған жыраудың "Мадақ жыры", "Туған жермен қоштасу" сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның халық жыраулары арқылы жеткен бірқатар толғаулары И.Березиннің "Түрік хрестоматиясында" (1862), Ғабдолла Мұштақтың 1910 жылы шыққан "Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары" жинағында, М.Мағауиннің "Алдаспан" кітабында (
1970) жарияланды.[1][2]
Халық Қазтуғанды әрдайым еске алып, қадір тұтады. Ол туралы талай аңыздар айтылған. Ел аңызында ол қалмақтарға қарсы қол бастаған ұрпақтың батыры. Жырау қайғы айтып еш түңілмейді. Батырлар дәстүрін қолдап, асқақ жыр шертеді, ескі елдік бөлінбес бірлік қайтпас ерлік дәстүрін уағыздайды. Ойын-тойы көп жастық шақты еске алып, оптимистик пікірлер ұсынады. Нарындай құнарлы, жайлы кең қоныстың қасиеттерін асыра ардақтайды.
6билет
2 Сайф Сарай оқиғаларды жекелей талдап, әр
жағдайға сипаттамаберіңіз:
Туындысы қандай көңіл күймен басталды?
Наушаруан туралы пікіріңіз?
Ләйлінің бейнесі неліктен айқын ашылмай тұр?
Сайфтың ашына жаза отырып, қандай саясатқа
қарсы үн көтереді?
Әкесі мен баласының әңгімесі туралы бағаңыз қандай?
С. Сараи хикаяттары арқылы азаматтық ұғымдарын кеңейтіп, оқиғаларын өмірмен байланыстырып, тіл байлықтарын, ой-өрістерін дамыту,есте сақтау, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сараи аударған «Гүлстан бит-туркте» сегіз тараудан тұрады. Олар:
Бірінші тарау – ел-билеушілер туралы.
Екінші тарау – халық бұқарасы жайында.
Үшінші тарау – қанағат-ынсаптың пайдасы жөнінде.
Төртінші тарау – тілге сақ болудың пайдасы туралы.
Бесінші тарау – жігіттік шақтың көріністері хақында.
Алтыншы тарау – кәріліктің адамды кәріп етіп қоятыны туралы.
Жетінші тарау – тәлім-тәрбиенің әсері жайында.
Сегізінші тарау – әңгімелесудегі әдептілік мәселесі туралы.
Бәрі прозалық қисса-хикаят түрінде айтылады.
Гулистан бит-турки» тұтас сюжетке құрылған шығарма емес. Мұнда қысқа-
қысқа хикаялар, аңыздар, ертегілер, өлеңдер, күлкілі әңгімелер, т.б. белгілі бір
тақырыптар бойынша жүйеленіп берілген. Дегенмен шығарманың негізгі
қаһармандары ретінде оқиға желісіне қоғамдық топтың барлық өкілдері дерлік
қатысып отырады.
Сағди ғұмыр бойы ел аралап, жиһангез болған адам. Сондай саяхатта жүріп ақын
қоғамдық өмірдің түрлі сатысында тұрған адамдарды көреді. Олар: саудагерлер,
дәруіштер, ақындар, қолөнершілер, диқандар, малшылар, бектер, әкімдер, хандар,
т.б. Ақын ел кезіп жүріп, көрген-білген қызықты әңгімелерді, афоризмдерді,
аңыздарды, қанатты сөздерді, мақал-мәтелдерді жазып алып жүрген. Кейін соның
бәрі «Гүлстан» кітабына арқау болған.
Сайф Сараи әрбір хикаяны бастар алдында Сағди Ширази атына мақтау сөздер
айтып алып, сосын ғана автор идеясын жеткізетін хикаяларды баяндауға көшеді.
Ақын түсіндіру, насихаттау жолымен қатыгез, әрі зұлым әкімдерді бауырмал,
инабатты адам бойындағы ең асыл қасиеттерді – әділдікті, мейірімділікті, ізгілікті,
жомарттықты, т.б. мадақтайтын қызықты хикаяларға көбірек назар аударған
3 | Сайфтың «Гүлстан бит турки» туындысының жазылу тарихы, образдарәлемі, идеялық – көркемдік ерекшеліктері жайлы ғалымдардың пікірлерін салыстырыңыз, қорытынды ой тұжырымдаңыз. |
Түркі тіліндегі Гүлістанның» аудармасы жайында тұңғыш рет ғылыми пікір айтып, С. Сараи аудармасын әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан талдаған ғалым А. Баттал-Таймас болды. Ол аудармаға ғылыми шолу жасай келіп, оның стильдік құрылысына, әсіресе, тілінің фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, лексикалық ерекшеліктеріне сараптама жасады.
Алайда қыпшақ тілінде жазылған орта ғасырдың аса құнды әдеби жәдігерлігі — «Гүлістан бит-түрки» шығармасын егжей-тегжейлі зерттеген түркі танушы ғалым Ә. Н. Нәжіпболды. Ғалым С. Сараи шығармасының жазылу тарихын, оның әдеби мәнін, тілін, сол дәуірдің әдеби және тілдік ерекшеліктерін кең көлемде зерттеп, «Гүлістан бит-түркиді» қазіргі орыс графикасы бойынша транскрипция жасады, әрі орыс тіліне жолма-жол аударма жасап шықты. Сондай-ақ С. Сараи аудармасының өзіндік ерекшеліктерін ашты, шығарманың қыпшақ тілінде жазылғанын толық дәлелдеп берді. Бұл әдеби жәдігерлік көне түркі әдеби тілдерінің ішінде қазіргі қаза қтіліне өте-мөте жақын тұрғанын ашып көрсетті.
Дастанның идеялық мазмұны.«Гүлістан бит-түркте» әдептілік, тілге сақ болу, өсек айтпау, сыпайылық сияқты көптеген этикалық мәселелерді қозғайтын хикаяттар көп. Мысалы : «Мың батпан келетін тасты қаңбақ құрлы көрмейтін бір алып палуан бұрқан-тарқан болып ашуланып тұр екен.
Бұған не болған? — деп сұрапты біреу.
Сонда әлгі палуанның көршісі тұрып:Мың батпан тасты ұршықтай иіретін көршім еді. Бүгін ол менің бір ауыз сөзімді көтере алмай,бүлініп жатыр, — деп жауап беріпті».
Саиф Сараи парсы тіліндегі «Гүлістанды» қыпшақ тіліне зор шеберлікпен аударғаны даусыз. Шығарманың түпнұсқасындағы кейбір қиын ұғымдардың қыпшақ тіліндегі эквивалентті баламасын тауып, оқырманға түсінікті етіп береді. Сол арқылы аудармашы өз қаҺармандарының көңіл күйін, психологиясын зор шеберлікпен ашып көрсетеді.
7билет
1 | Сыпыраның «Он сан ноғай бүлгенде» толғауына образдық талдау жасаңыз, қазақ тұрмысына тән мінез, қылық, әрекеттер мен салт, дәстүрлердің суреттелуіне өз көзқарасыңызды білдіріңіз, теориялықтұрғыда негіздеңіз. |
Сыпыра жырау (XIV ғ.) - Суырып салма ақын. Алшын тайпасының Кете руынан шыққан
XIV ғасырда Тоқтамыс пен Едігенің билік құрған жылдарында өмір сүрген. Оның есімі ескі батырлар жырының талайында аталады. "Өз өмірінде толғау айтып өткен" Сыпыра жайында "Ер Тарғында" "Тоғыз ханды түзеткен кісі еді" делінеді. "Телағыс" жырында ел бірлігінің ұраншысы, ал "Құбағұлда" "Жүз сексенге келген" дана қария ретінде көрінеді.[1]
"Едіге би", "Тоқтамыс туралы аңыз" деген жырлар бар. Осылардың бәрінің о бастағы тудырушысы Сыпыра жырау болғанға ұқсайды. "Қырымның қырық батырын" жырлаған әйгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың ұрпағымын деген.[2]
Дау-дамай, талас туған кезде халық әрқашан әділін айтар Сыпыра жырауды шақырып, оның шешіміне қанағаттанатын болған. Сыпыра жырау шығармашылығы көптеген түркі халықтары әдебиетінде көркем үлгі ретінде орын алды. Мәселен, ол ноғайлықтарға—Сыбыра йырау, башқұрттарға—Сыбрй йырысы, татар барабиндіктерге — Сафардау, қырымдықтарға — Сыпара жырау ретінде белгілі. Ал қарақалпақтар Сыпыраны өздерінің ең үлкен эпосшы жыраулар мектебінің негізін салушы санайды.[3]
2 | Сыпыраның «Он сан ноғай бүлгенде» толғауындағы елдік дәстүр. Поэтикалық талдау жасаңыз. |
Сыпыра жырау (туған - өлген жылдары белгісіз) – Дешті Қыпшақтың әйгілі жыршыларының бірі, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, барабы, құрдақ, қырым татарларына ортақ тұлға. Оның жырлары бізде өз атымен жетпеген, толғаулары «Құбығұл», «Едіге би», «Тоқтамыс ханның хикаяты» аңыз-әңгімелер мен «Ер Тарғын», «Едіге батыр» эпикалық жырларында сақталған. Қазақ зерттеушілері Сыпыра жырауды ноғайлы дәуірінен жеткен көптеген эпикалық жырлардың бірден-бір авторы санайды. Қазақ аңыздары мен батырлар жырында жырау ел бірлігін көздеген дана ретінде суреттеледі, бірде 120, бірде 180 жасаған, көпті көрген тәжірибелі қарт кейпінде көрінеді. Ауыз әдебиеті дәстүрі біздің заманымызға Сыпыра жыраудың қиын кезеңде өзінен ақыл-кеңес сұраған