Файл: Негізгі орта білім беру дегейіні 59сыныптарына арналан "азастан тарихы" оу пні бойынша лгілік оу бадарламасы 1тарау. Жалпы ережелер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.10.2023

Просмотров: 257

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

      2) 6- сынып:

Бөлім

Тақырыптар, мазмұны

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

VI - IX ғасырлардағы Қазақстан

Кіріспе сабақ

Зерттеу сұрағы: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы нені оқытады?

Орта ғасырлардағыҚазақстан тарихына жалпы шолу

Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер

Зерттеу сұрағы: VI-IX ғасырларда билік құрған қай қағандардың есімдері тарихта сақталды?

6. 3. 1. 1 оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау;

6. 3. 1. 2 VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

6. 3. 2. 2 ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау;

6. 2. 1. 3 тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттау үшін "Ұлы Дала" ұғымын қолдану

Көне түркі жазуы

Зерттеу сұрағы: Білге қаған мен Күлтегіннің мемлекетті нығайтудағы саясаты бізге қандай деректерден белгілі?

6. 3. 1. 2 VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

6. 2. 3. 1 көне түркі жазуының маңызын түсіндіру

Атлах шайқасы

Зерттеу сұрағы: Неліктен Атлах шайқасын "халықтар шайқасы" деп атайды?

6. 3. 2. 3 Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау;

6. 2. 2. 3 көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау

Оғыз мемлекеті

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның орта ғасырлар тарихында Оғыз мемлекетінің алатын орны қандай?

6. 3. 1. 2 VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау

Қимақ қағанаты

Зерттеу сұрағы: Қимақтарда қалалық мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейді?

6. 4. 2. 1 Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау;

6. 4. 1. 1 көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарды анықтау

Түріктер туралы тарихи деректер

Зерттеу сұрағы: Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді?

6. 2. 2. 3 көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау;

6. 4. 1. 2 көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау;

6. 2. 1. 1 түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктерін түсіндіру

Түркі әлемі қалыптасуының басталуы

Зерттеу сұрағы: Түрік тілдес халықтардың миграциясы Еуразия тарихына қаншалықты әсерін тигізді?

6. 3. 2. 1 тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы түркі тілдес тайпалардың миграциясын түсіндіру;

6. 1. 1. 1 түркі тілдес тайпаларды атап, картадан олардың аумақтық орналасуын көрсету

Өлкетану

Топонимдер – өткен заманнын куәгерлері (жер-су атауларының тарихы).

6. 2. 2. 6 жергілікті жер, қала, өзен, көл, тау атауларының шығу тарихын түсіндіру

2-тоқсан

X ғасыр –

XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан

X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы Қазақстан аумағындағы саяси процестер

Зерттеу сұрағы: X ғасыр - XIII ғасырдың басында саяси карта қаншалықты өзгерді?

6. 3. 1. 3 X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

6. 3. 1. 7 ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және жанама себептерін анықтау

Қарахан мемлекеті

Зерттеу сұрағы: Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады?

6. 3. 1. 3 X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

6. 2. 1. 2 ислам дінінің қоғамдық өмірге ықпалын анықтау;

6. 3. 1. 4 тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру

Наймандар, керейіттер және жалайырлар

Зерттеу сұрағы: Наймандар, керейіттер мен жалайырлардың ортағасырларлық саяси сахнадағы рөлі қандай болды?

6. 3. 1. 3 X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау

Қыпшақ хандығы

Зерттеу сұрағы: Не себепті Еуразия даласы "Дешті Қыпшақ" деп аталды?

6. 3. 1. 3 X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

6. 3. 2. 4 қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтау;

6. 2. 2. 3 көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау;

6. 2. 1. 3 тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда "Ұлы Дала" ұғымын қолдану

Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі

Зерттеу сұрағы: Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың дамуына ықпал етті ме?

6. 4. 2. 2 Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы орнын анықтау

Ортағасырлық Қазақстанның экономика лық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы

Зерттеу сұрағы: Ұлы Жібек жолы ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына қалай әсер етті?

6. 4. 2. 1 Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау;

6. 4. 1. 1 көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау;

6. 2. 2. 2 ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру

Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті

Зерттеу сұрағы: Әлем өркениетінің дамуына түрік мәдениеті қандай үлес қосты?

6. 2. 2. 5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау;

6. 2. 2. 2 ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру;

6. 2. 3. 2 Әл-Фарабидің және басқа да ғалымдардың ортағасырлық ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтау;

6. 2. 2. 4 түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М. Қашғари, Ж. Баласағұн және А. Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру;

6. 2. 3. 3 "Кодекс Куманикус" сөздігінің халықаралық байланыстардағы рөлін анықтау

Өлкетану

Мәдени-тарихи дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қолөнері

6. 2. 2. 7 өлкенің дәстүрлі көркем мәдениетін жандандыруға үлесін қосқан шеберлерді айқындау

Қайталау

3-тоқсан

XIII - XV ғасырдың

бірінші

жартысындағы Қазақстан

Моңғол империясының құрылуы

Зерттеу сұрағы: Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті?

6. 2. 2. 3 көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау;

6. 3. 1. 6 картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси процестерді түсіндіру

Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы

Зерттеу сұрағы: Неліктен Шыңғыс хан әскерлері Отырарды алты ай бойы ала алмады?

6. 3. 1. 6 картаны қолданып XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси процестерді түсіндіру;

6. 3. 1. 5 Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттау

Моңғол шапқыншылықтарының салдары

Зерттеу сұрағы: Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті әкелген кімдер: қыпшақтар ма, әлде моңғолдар ма?

6. 1. 1. 2 XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;

6. 3. 1. 8 Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау

Қазақстан аумағында ұлыстардың құрылуы

Зерттеу сұрағы: Моңғол ұлыстарының құрылуы нәтижесінде саяси картада қандай өзгерістер болды?

6. 3. 1. 6 картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси процестерді түсіндіру;

6. 1. 1. 2 XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;

6. 3. 1. 7 ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және жанама себептерін анықтау

Ақ Орда

Зерттеу сұрағы: Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы Ақ Орданың рөлі қандай болды?

6. 3. 1. 6 картаны қолданып XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру;

6. 1. 1. 2 XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;

6. 3. 2. 5 тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру

Моғолстан. Әбілқайыр хандығы

Зерттеу сұрағы: Моғолстан мен Әбілқайыр мемлекеттеріндегі оқиғалар қандай саяси өзгерістерге әкелді?

6. 3. 1. 6 картаны қолданып XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру;

6. 1. 1. 2 XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;

6. 3. 2. 5 тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII - XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру

XIII - XV ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті

Зерттеу сұрағы:

XIII - XV ғасырлардағы өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді?

6. 2. 2. 1 күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау

Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы мәліметтері

Зерттеу сұрағы:

Ортағасырлық саяхатшылар Қазақстанды қалай сипаттады?

6. 4. 1. 2 көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау;

6. 2. 2. 5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау

Қазақ халқының қалыптасуы

Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы

Зерттеу сұрағы: Ұлы Дала мұрагері – қазақ халқы қалай қалыптасты?

6. 1. 1. 3 ежелгі және ортағасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерді анықтау;

6. 1. 1. 4 "қазақ" этнонимінің мағынасын түсіндіру

Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы

Қазақ хандығының құрылуы

Зерттеу сұрағы: Неліктен Қазақ хандығы Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет деп саналады?

6. 3. 1. 9 Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау;

6. 2. 3. 4 М.Х.Дулатидің "Тарихи-Рашиди" еңбегінің маңыздылығын түсіндіру;

6. 3. 1. 10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

6. 2. 1. 3 тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда "Ұлы Дала" ұғымын қолдану

Өлкетану

Бір халық – бір ел – бір тағдыр (менің өлкемнің халықтары)

6. 1. 2. 2 өлкедегі әр түрлі ұлттардың

тарихын,салт-дәстүрін сипаттау

4-тоқсан

Қазақ хандығының XVI - XVII ғасырлардағы дамуы

Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі

Зерттеу сұрағы: Не себепті Қадырғали Жалайыр: "Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді..." деп жазды?

6. 3. 1. 10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

6. 3. 2. 6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты

Зерттеу сұрағы: Неліктен Хақназар хан билеген кезеңді Қазақ хандығының "қайта жаңғыруы" деп атайды?

6. 3. 1. 10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

6. 3. 2. 6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік шекараларының нығаюы

Зерттеу сұрағы: Тәуекел хан қазақ жерлерін біріктіру мақсатында қандай саясат ұстанды?

6. 3. 1. 10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

6. 3. 2. 6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

Есім хан билігі кезіндегі Қазақ хандығы бірлігінің нығаюы

Зерттеу сұрағы: Есім хан Қазақ хандығының біртұтастығын қалай сақтап қалды?

6. 3. 1. 10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

6. 3. 2. 6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

Жәңгір хан тұсындағы қазақ-жоңғар қарсылығы

Зерттеу сұрағы: Орбұлақ шайқасының әлемдік әскери өнер тарихындағы алатын орны қандай?

6. 2. 2. 3 көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттау;

6. 3. 2. 7 Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау

Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі

Зерттеу сұрағы: Неліктен А. Левшин Тәуке ханды "Дала Ликургі" деп атады?

6. 3. 1. 10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

6. 3. 2. 6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы

Зерттеу сұрағы: Әлеуметтік топтар қазақ қоғамында қандай рөл атқарды?

6. 1. 2. 1 Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау;

6. 3. 1. 1 қоғамдық-саяси өмірдегі сұлтан, би, батыр, жыраулардың қызметтерін сипаттау

XVI - XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет

XVI-XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениеті

Зерттеу сұрағы: XVI - XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениетінде халық өмірі қалай көрініс табады?

6. 2. 2. 1 күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі

маңыздылығын айқындау

XVI - XVII ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениеті

Зерттеу сұрағы: Неліктен киіз үй көшпелілердің материалдық мәдениетінің ең жоғарғы үлгісі деп саналады?

6. 2. 2. 5 көшпелілердің қолданбалы өнердегі жетістіктерін сипаттау

Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы

Зерттеу сұрағы: Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшелігі неде?

6. 4. 1. 2 көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау

Өлкетану

Туған өлке тарихының қазіргі кездегі куәгерлері

6. 3. 1. 12 туған өлке тарихының қазіргі кездегі куәгерлерінің ерлік істері мен еңбегін сипаттау

Қайталау


      1)7- сынып (төмендетілген оқу жүктемесімен)

Бөлім

Тақырыптар, мазмұны

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

Қазақ-жоңғар соғыстары

Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы

Зерттеу сұрағы: Не себепті "Елім-ай" бүкілхалықтық әнге айналды?

7. 1. 1. 1 жоңғар шапқыншылығы кезіндегі демографиялық өзгерістерді және миграциялық процестерді түсіндіру;

7. 2. 2. 1халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау;

7. 3. 1. 2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау

Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы

Зерттеу сұрағы: Неліктен Ордабасы ел бірлігінің нышаны болды?

7. 3. 1. 2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;

7. 3. 1. 1 Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының халықты жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға беру

Қазақ-жоңғар шайқастары

Зерттеу сұрағы: Неліктен Аңырақай шайқасы қазақ-жоңғар соғысындағы түбегейлі бетбұрыс деп саналады?

7. 3. 2. 1 жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін түсіндіру;

7. 4. 1. 1 жоңғар шапқыншылығының қазақ халқының шаруашылығына тигізген зардаптарын анықтау

XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы

XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы

Зерттеу сұрағы: Неліктен Ресей Қазақстанды Азияға шығудың "кілті мен қақпасы" деп санады?

7. 3. 1. 2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;

7. 3. 2. 2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау

Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы

Зерттеу сұрағы: Әбілқайыр ханның Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдары қандай болды?

7. 3. 1. 2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;

7. 3. 2. 2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау

Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты

Зерттеу сұрағы: Дербес Қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рөлі қандай?

7. 3. 1. 2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;

7. 3. 2. 3 Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатын бағалау

Өлкетану

Туристік маршруттар

7. 2. 3. 5 туристік маршруттарды құру жолдарын ұсыну

Қайталау







2-тоқсан

XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті

XVIII ғасырдағы халық ауыз әдебиеті және материалдық мәдениет

Зерттеу сұрағы: XVIII ғасырда ақын-жыраулар шығармаларында тарихи оқиғалар қалай көрініс тапты?

Қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің бірегейлігі неде?

7. 2. 2. 1 халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау;

7. 2. 1. 1 салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау;

7. 2. 2. 4 қолданбалы өнердің жетістіктерін бағалау

Отарлау және ұлт-азаттық күрес

XVIII ғасырдағы Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы

Зерттеу сұрағы: Қазақстанды отарлауды Ресей империясы қалай жүзеге асырды?

7. 3. 1. 3 Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс

Зерттеу сұрағы: Сырым Датұлы Кіші жүз қазақтарының қандай құқықтарын қорғауды көздеді?

7. 3. 1. 5 халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;

7. 3. 1. 6 ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру

1822-1824 жылдардағы патша реформалары

Зерттеу сұрағы: Неліктен XX ғасырдың 20-шы жылдарында Қазақстанда әкімшілік реформалар жүргізілді?

7. 3. 1. 4 Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру;

7. 1. 2. 1 дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау

1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі

Зерттеу сұрағы: Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын қандай ортақ идея біріктірді?

7. 3. 1. 5 қазақ халықының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;

7. 3. 1. 6 ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс

Зерттеу сұрағы: Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес неліктен жалпы ұлттық сипатқа ие болды?

7. 3. 1. 5 халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;

7. 3. 1. 6 ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру

Өлкетану

Жомарт жүрек

7. 4. 1. 3 өлкені дамытуға қолдау көрсеткен тұлғалардың қызметіне баға беру

Қайталау

3-тоқсан

Отарлау және ұлт-азаттық күрес

XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары

Зерттеу сұрағы: Неліктен Орта Азия хандықтарының Қазақстанның оңтүстік аймақтарына экспансиясы күшейді?

7. 3. 1. 5 халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;

7. 3. 1. 6 ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру

Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның оңтүстік аймақтарының Ресей империясына қосылуының ерекшеліктері қандай?

7. 3. 1. 2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;

7. 3. 2. 2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау

Қазақстан Ресей империясы

ның құрамында

XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық реформалар

Зерттеу сұрағы: Патша өкіметі тарапынан "бөліп ал да, билей бер" ұстанымы қалай жүзеге асты?

7. 3. 1. 3 Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау;

7. 3. 1. 4 Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру;

7. 1. 2. 1 дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау

Қазақтардың 1860-1870 жылдардағы азаттық күресі

Зерттеу сұрағы: XIX ғасырдың 60-70 жылдарындағы ұлт-азаттық көтерілістердегі халық талаптарының сабақтастығы неден көрінді?

7. 3. 1. 5 қазақ халықының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау

Қазақстандағы жаппай отаршылдық қоныс аудару саясаты

Зерттеу сұрағы: Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ қоғамының өмірін қалай өзгертті?

7. 4. 1. 2 отарлау саясатының қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына тигізген әсерін талдау;

7. 1. 1. 2 Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен салдарын талдау;

7. 1. 2. 1 дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау

Қазақстан Ресей империясы

ның құрамында

Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы қалай басталды?

7. 4. 2. 1 капиталистік қатынастар дамуының Қазақстанның экономикасына ықпалын анықтау

Жәрмеңке саудасының дамуы

Зерттеу сұрағы: Қазақстанда неліктен жәрмеңке саудасы дамыды?

7. 4. 2. 2 сауда қатынастарына жәрмеңкелердің әкелген өзгерістерін анықтау

XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы

Зерттеу сұрағы: "Зар заман" өкілдерінің қоғамдық-саяси көзқарастары қандай факторлардың әсерінен қалыптасты?

7. 2. 1. 2 ұлттық құндылықтарға отаршылдық саясаттың кері әсерін талдау;

7. 1. 2. 2 қазақ зиялыларының қалыптасуының маңыздылығын түсіндіру

Өлкетану

Туған өлкенің шежіресі

7. 4. 1. 4 өлке дамуының маңызды кезеңдерін анықтау;

7. 2. 2. 5 өлкенің тарихи оқиғалар хроникасын

құру

Қайталау







4-тоқсан

XIХ ғасыр -XX ғасырдың басындағы

Қазақстанның мәдениеті

XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы

Зерттеу сұрағы: Неге XIX ғасыр қазақ халқының дәстүрлі музыка өнерінің гүлденген дәуірі деп саналады?

7. 2. 1. 1 салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау;

7. 2. 2. 1 халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау;

7. 2. 2. 3 ұлттық музыкалық аспаптардың қолдану ерекшеліктерін сипаттау

XIX ғасырдағы білім беру мен ағарту ісі

Зерттеу сұрағы: XIX ғасырда Қазақстанда оқу-ағартушылық мекемелер қандай түрде дамыды?

7. 2. 3. 2 XIX ғасырдағы білім беру мен ағарту ісінің даму ерекшеліктерін түсіндіру

Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы

Зерттеу сұрағы: Неге С. Мұқанов Шоқан Уәлихановқа арналған шығармасын "Аққан жұлдыз" деп атады?

7. 2. 3. 1 Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерінің тарихи құндылығын анықтау

Ы. Алтынсарин – жаңашыл –педагог

Зерттеу сұрағы: Ыбырай Алтынсариннің халық ағарту саласындағы жаңашылдығы неден байқалады?

7. 2. 3. 3 Ыбырай Алтынсариннің ағарту саласына қосқан үлесін бағалау

Абай Құнанбаев – ұлы ойшыл

Зерттеу сұрағы: Неліктен Абай Құнанбайұлын "Хәкім Абай" деп атады?

7. 2. 2. 2 Абай Құнанбаевтың ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметіне баға беру

XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы Қазақтардың ауызша тарихи дәстүрлерінің дамуы

Зерттеу сұрағы:

Ш. Құдайбердіұлы, М. Көпейұлы, Қ. Халид еңбектерінің тарихи құндылығы неде?

7. 2. 3. 4 Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерін тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындау

Өлкетану

Менің мектебімнің тарихы

7. 2. 2. 6 түрлі дереккөздер негізінде өз мектебінің тарихын анықтау

Қайталау


      2) 8- сынып (төмендетілген оқу жүктемесімен)

Бөлім

Тақырыптар, мазмұны

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан

Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Зерттеу сұрағы: Не себепті А. Байтұрсынов: "Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды", - деп санады?

8.3.1.1 қазақ зиялыларының Ресей империясының Мемлекеттік Думасындағы қызметіне баға беру;

8.3.1.2 XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

Зерттеу сұрағы: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық сипат алды?

8.3.1.3 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтау және тұлғалардың рөліне баға беру

1917 жылғы ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері

Зерттеу сұрағы: Қазақстанда 1917 жылы саяси белсенділіктің артуы қандай оқиғалардан көрініс тапты?

8.3.1.2 XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру

"Алаш" қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы

Зерттеу сұрағы: Неліктен "Алаш" партиясы халық қолдауына ие болды?

8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау;

8.3.1.4 "Алаш" партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын талдау;

8.2.3.1 ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөліне баға беру

XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдері

Зерттеу сұрағы: Қазақ зиялылары ұлттық мүдделерді қалайша қорғады?

8.2.2.1 қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру;

8.3.1.5 Әлихан Бөкейханның саяси көшбасшылық қызметіне баға беру

Қайталау







2-тоқсан

Қазақстанда кеңестік биліктің орнығуы

Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920 жылдар)

Зерттеу сұрағы: Қазан революциясының ұрандары халық арасында қандай үміт тудырды?

8.3.1.2 XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру

Қазақстандағы ұлттық автономиялар

Зерттеу сұрағы: Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясының идеялары неліктен жүзеге аспады?

8.3.1.6 Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру;

8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау

Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы

Зерттеу сұрағы: Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасы құрылуының тарихи маңызы неде?

8.3.1.6 Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру;

8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау

Әскери коммунизм саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу

Зерттеу сұрағы: Қазақстан үшін жаңа экономикалық саясаттың артықшылықтары қандай болды?

8.3.1.7 ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау;

8.4.1.1 деректер мен дәйектерді салыстыру арқылы жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерді талдау

Қайталау

3-тоқсан

Қазақстан тоталитарлық жүйе кезеңінде

Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру

Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы индустрияландыру саясатының қарама-қайшылығы неде?

8.4.2.1 Қазақстандағы индустриялан дырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдау

Қазақстандағы ұжымдастыру

Зерттеу сұрағы: Неліктен ұжымдастыру саясаты "ұлы нәубетке"әкеліп соқтырды?

8.4.1.2 күштеп ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардап тарын талдау;

8.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау;

8.3.1.7 ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау

1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар

Зерттеу сұрағы: Сталиндік режим не себепті зиялыларға "халық жауы" деген айып тақты?

8.3.1.7 ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау;

8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау

Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым

Ахмет Байтұрсынов – "ұлт ұстазы"

Зерттеу сұрағы: Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы қандай?

8.2.2.2 Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау

XXғ. 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым

Зерттеу сұрағы: Білім мен ғылым саласының қандай жетістіктері мен кемшіліктері болды?

8.2.3.2 кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын анықтау;

8.2.3.3 XX ғасырдың бірінші жартысындағы білім мен ғылым саласындағы өзгерістерді талдау

Қ.Сатбаев – жан-жақты ғалым

Зерттеу сұрағы: Қаныш Сәтбаевтың феномені неде?

8.2.3.4 Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы рөліне баға беру

Қайталау







4-тоқсан

Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: әдебиет пен өнер

XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ әдебиетінің дамуы

Зерттеу сұрағы: Қазақ әдебиетінде социалистік реализм қалай көрініс тапты?

8.2.2.1 қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру

XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ өнерінің дамуы

Зерттеу сұрағы: Қазақ өнерінің жаңа белеске көтерілуі неден байқалды?

8.2.2.4 Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан Мұңайтпасұлының қазақ халқын әлемге танытудағы рөліне баға беру;

8.2.2.3 өнер мен әдебиеттегі өзгерістерді анықтау

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы

Зерттеу сұрағы: Ұлы Отан соғысының қандай батырлары халық есінде сақталды?

8.3.2.1 қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғысының жеңісіне қосқан үлесін бағалау;

8.3.2.2 Бауыржан Момышұлының батырлық, тұлғалық қасиетін айқындау

Қазақстан – майдан арсеналы

Зерттеу сұрағы: "Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін! " ұраны қалай жүзеге асты?

8.4.2.2 Қазақстан экономикасының соғыс жағдайларына бейімделгендігін дәлелдеу;

8.1.2.2 соғыс жылдарындағы халықтың әлеуметтік жағдайын анықтау

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ КСР мәдениеті

Зерттеу сұрағы: Соғыс жылдарындағы Қазақстанның мәдени жетістіктері қандай болды?

8.2.2.5 соғыс жылдарындағы өнер мен әдебиеттің халық рухын көтерудегі маңызын бағалау

Қазақстанға КСРО халықтарының депортациясы

Зерттеу сұрағы: Қазақстан қалайша депортацияланған халықтардың өлкесіне айналды?

8.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау

Қайталау


      8) 9- сынып (төмендетілген оқу жүктемесімен)

Бөлім

Тақырыптар, мазмұны

Оқыту мақсаттары




1-тоқсан




Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жылдар)

Соғыстан кейінгі Қазақ КСР-нің әлеуметтік-экономикалық дамуы

Зерттеу сұрағы: Соғыстан кейінқазақстандықтардың өмірі қалай өзгерді?

9. 4. 1. 1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге

баға беру;

9. 4. 2. 1 өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау




Қазақстандағы әскери-өнеркәсіп кешені

Зерттеу сұрағы: Неліктен Қазақстан ядролық сынақтар алаңына айналды?

9. 3. 1. 1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау;

9. 3. 2. 1 XX ғасырдың екінші жартысындағы әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдау




Сталиндік идеологияның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсері

Зерттеу сұрағы: Неліктен тарихшы Ермұхан Бекмаханов 25 жылға бас бостандығынан айырылды?

9. 2. 3. 1 Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалау;

9. 3. 1. 1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау




Қазақстан "жылымық" кезеңінде (1954-1964 жылдар)

"Жылымық" кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы

Зерттеу сұрағы: "Жылымық кезеңі" қоғамға қандай өзгеріс әкелді?

9. 3. 1. 1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау




Тың игеру жылдарындағы Қазақстан

Зерттеу сұрағы: Тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты Қазақстанға қалай әсер етті?

9. 1. 1. 1 демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау;

9. 4. 1. 1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру




Қазақ КСР экономикасы- ның шикізатқа бағытталуы

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның табиғи ресурстарын игеруде ұлттық мүдде қаншалықты ескерілді?

9. 3. 2. 1 XX ғасырдың екінші жартысындағы әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдау;

9. 3. 1. 1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау




Повторение










2-тоқсан




Қазақстан "тоқырау" кезеңінде (1965-1985 жылдар)

1965-1985 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы

Зерттеу сұрағы: Не себепті 1965-1985 жылдар "тоқырау" кезеңі деп аталды?

9. 4. 2. 1 өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау;

9. 4. 1. 1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру




XX ғ. 60-80 жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуындағы қарама-қайшылықтар

Зерттеу сұрағы: XX ғасырдың. екінші жартысында ұлттық мүдделерді қорғау қалай жүзеге асырылды?

9. 3. 1. 4 әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, талдау;

9. 3. 1. 2 қоғамдық-саяси қайраткерлердің ұлттық мүддені қорғаудағы рөліне баға беру




"Тоқырау" жылдарындағы демографиялық процестер

Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы урбандалу процесіне қандай фактор лар әсер етті?

9. 1. 1. 1 демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау;

9. 1. 1. 2 өткен тарихи кезеңдермен сабақтастықты орнату арқылы қазіргі кезеңдегі демографиялық процестерге баға беру




Кеңестік Қазақстанның мәдениеті (1946-1985 жылдар)

XX ғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесінің дамуы

Зерттеу сұрағы: Кеңестік білім беру саласындағы реформалар қандай мақсат көздеді?

9. 2. 3. 2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру




XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы қазақстандық ғалымдардың ғылымды дамытудағы жетістіктері

Зерттеу сұрағы: XX ғасырдың екінші жартысында ғылымның қай салалары көбірек дамыды?

9. 2. 3. 2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру




XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы әдебиет пен өнердің дамуы

Зерттеу сұрағы: Кеңестік идеология қазақ мәдениетінің дамуына қалай әсер етті?

9. 2. 2. 1 кеңестік әдебиет пен өнер туындыларында қоғамдық өмірдің бейнеленуін талдау;

9. 2. 2. 2 Мұхтар Әуезов шығармаларының әлем әдебиетіндегі орнын бағалау




Қайталау




3-тоқсан




Қазақстан қайта құру кезеңінде (1986-1991 жылдар)

Қазақстан "Қайта құрудың" бастапқы кезеңінде

Зерттеу сұрағы: КСРО-ның ыдырауы: заңдылық па әлде кездейсоқтық па?

9. 3. 1. 1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау;

9. 4. 1. 2 Кеңес үкіметі кезіндегі орын алған әлеуметтік-экономикалық проблемаларды талдау




Қазақстандағы 1986 жылғы Жел-тоқсан оқиғалары

Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы 1986 жылғы Жел-тоқсан оқиғаларының сипаты қандай болды?

9. 3. 1. 5 1986 жылғы Жел-тоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығына баға беру;

9. 3. 1. 4 әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, талдау




"Қайта құру" жылдарындағы Қазақстандағы демократиялық процестер

Зерттеу сұрағы: Демократиялық процестер қоғамдық сананы қалай өзгертті?

9. 3. 1. 1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау




Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991 – 1996 жылдар)

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы

Зерттеу сұрағы: "Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы" Конституциялық Заңының тарихи маңызы қандай?

9. 3. 1. 6 Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, қорытындылау;

9. 3. 1. 7 өткен оқиғалармен сабақтастықты орнатып, Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануының тарихи маңызын түсіндіру




Н.Ә. Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті

Зерттеу сұрағы: Саяси көшбасшының мемлекет тарихының бетбұрысты кезеңдеріндегі рөлі қандай болды?

9. 3. 1. 10 Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы Елбасы Н. Назарбаевтың рөліне баға беру




Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы мемлекеттілікті қалыптастырудағы іс-шаралар

Зерттеу сұрағы: 1995 жылғы жаңа Конституцияны қабылдаудың тарихи маңызы неде?

9. 3. 1. 8 Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық – саяси дамуын талдау;

9. 3. 1. 3 Қазақстан Республикасы Конституциясын мемлекеттің тұрақты дамуның кепілі ретінде бағалау




Қазақстан – халықаралық құқық субеъектісі

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігуі қалай жүзеге асты?

9. 3. 2. 2 Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуына баға беру;

9. 3. 2. 3 Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдау




Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстанның экономикалық дамуы

Зерттеу сұрағы: Неліктен нарықтық экономикаға көшу барысында қиыншылықтар орын алды?

9. 4. 1. 3 Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру процесінің экономикаға ықпалын талдау;

9. 4. 2. 2 нарықтық экономиканың өндірістік қатынастарға әсерін талдау;

9. 4. 2. 3 Қазақстанның әлемдік экономикаға кірігуін талдау




Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық процестер

Зерттеу сұрағы:

Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық процестердің ерекшеліктері неде?

9. 1. 1. 2 өткен тарихи кезеңдермен сабақтастықты орнату арқылы қазіргі кезеңдегі демографиялық процестерге баға беру;

9. 1. 2. 1 қазіргі кездегі Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын статистикалық мәліметтер негізінде талдау;

9. 3. 2. 4 қазақ диаспораларының тарихи Отанымен байланысының маңыздылығын айқындау




Қайталау










4-тоқсан




Қазақстан Республикасының дамуы (1997 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін)

Қазақстанның 1997 жылдан бастап экономикалық және әлеуметтік дамуы

Зерттеу сұрағы: Қазақстан Республикасының XXI ғасырдағы әлеуметтік- экономикалық дамуының негізгі бағыттары қандай?

9. 4. 2. 2 нарықтық экономиканың өндірістік қатынастарға әсерін талдау;

9. 4. 2. 4 сыртқы сауданың экономикаға әсерін зерттеу;

9. 1. 2. 1 қазіргі кездегі Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын статистикалық мәліметтер негізінде талдау




Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның жаңа әлемдегі орны қандай?

9. 3. 2. 3 Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдау;

9. 3. 2. 2 Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуына баға беру;

9. 3. 1. 11 Астананы жаңа Қазақстанның өркендеуінің нышаны ретінде айқындау




Қазіргі кездегі Қазақстанның дамуындағы басым бағыттары

Зерттеу сұрағы: Қазақстан дамуындағы Ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегиялардың маңыздылығы неде? ("Қазақстан – 2030, 2050" стратегиялары, 100 нақты қадам" Ұлт жоспары)

9. 3. 1. 9 ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау;

9. 1. 1. 3 Қазақстанның даму стратегиясындағы демографиялық саясаттың бағыттарын талдау




Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті (1991 жылдан бүгінгі күнге дейін)

Тәуелсіздік жылдарындағы білім, ғылым және мәдениеттің дамуы

Зерттеу сұрағы: Жаһандану жағдайындағы қазақстандық білім мен ғылымның және мәдениеттің даму тенденциялары қандай?

9. 2. 3. 2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру;

9. 2. 2. 3 қазіргі кездегі өнер мен әдебиеттің даму тенденцияларын айқындау;

9. 2. 2. 4 ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың қажеттілігін негіздеу ("Мәдени мұра", "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламасы)




Діннің қазіргі Қазақстан қоғамындағы рөлі

Зерттеу сұрағы: Қазақстан қоғамында зайырлы мемлекет және діни сенім бостандығы ұстанымдары қалай үйлесім табуда?

9. 2. 1. 1 дәстүрлі және деструктивті діни ағымдар мен ұйымдардың іс-әрекетін талдау;

9. 2. 1. 2 Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім және ішкі тұрақтылықты нығайтудағы ықпалын бағалау




"Мәңгілік Ел" ұлттық идеясы

Зерттеу сұрағы:

"Мәңгілік Ел": идеясының біріктірушілік рөлі неде?

9. 2. 1. 3 "Мәңгілік Ел" Жалпыұлттық идеясының маңыздылығын бағалау;

9. 2. 1. 2 Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім және ішкі тұрақтылықты нығайтудағы ықпалын бағалау




Қайталау




 


Қазақстан Республикасы
Оқу - ағарту министрлігінің
2022 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 399 бұйрығына
62-қосымша