Файл: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 807
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Есте сақтаңыз! Кеуде торын қысу, оның толық тоқтауымен алмасуы қажет, жүрек қанмен толуы қажет. Ересек адамдарда қысу жиелігі минутына 60-80 соққы құрастырады.
Кеуде торын қысқаннан соң ауа жіберілуі қажет.
Егерде реанимацияны 1 немесе 2 адам жүргізсе, онда өкпеге 2 рет үрлеу және төске 30 компрессия (басу) жасайды. Екі манипуляцияны сол жағынан жүргізеді.
А ережесі. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін ерікті науқасқа қамтамасыз ету
Бұл алғашқы реанимациялық шаралар, көбінесі барлық жүрек-өкпе реанимациясын жетістік қамтамасыз етеді.
Тілдің артқа қарай түсіп кетуі, бөгде заттармен бітелуі тыныс алу өткізгіштігінің бұзылу себептері болады. Ең жиі себеп – науқастың ес-түссіз жағдайына жұтқыншақтын артқы қабырғасына қарай тіл түсіп кетеді. Осы жағдайда төменгі жақ сүйек пен мойын бұлшық еттерінің жиырылу қабілеті жоғалып, жұтқыншақтын артқы қабырғасынын тілдін түбірін көтереді. Тіл өзінің ауырлығымен жұтқыншақтын артқы қабырғасына түседі және дем алған уақытында қақпаша сияқты, дем алғанда ауаны өткізбеуі мүмкін.
Зардап шегушінің ауыз қуысын қарау
Ауыз қуысында бөгде заттар (қан, шырым, құсық қоспасы, тамақ қалдықтары және т.б.) болса, онда ауыз қуысын және жұтқыншақты тазарту (босату) қажет:
-
зардап шегушінің басын оң жақ қырына бұрыңыз, сол қолдың үлкен саусақпен төменгі алдынғы тістерді, ал 2 (сұқ) саусақпен жоғарғы тістерді басыңыз; -
ауызын ашыңыз; -
алмалы-салмалы тістерін алыңыз; -
оң қолдын 2 (сұқ) және 3 (ортанғы) саусақтарын алдын ала орамалмен, сүткілермен немесе басқа матамен орап алып (бұл жоғарғы тыныс жолдарнын толық ашылуына себепкер болады) немесе электросорғыш көмегімен ауыз қуысын мұқияты түрде тазартыңыз; -
зардап шегушінің өкпесіне 3-5 дем беруді жасап, кеуде торы экскурсиясы бойынша тыныс жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.
151. П. Сафардың үш құрамды әдісі
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Басты шалқайту: тыныс жолдарын түзету үшін – реаниматор бір қолын зардап шегушінің маңдайына қойып, басын толық артына қарай шалқайғанша алақанымен басады, ал екінші қолымен мойынын артынан көтереді. -
Төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжыту: тілдің артқа қарай түспеуін алдын алу үшін – саусақтардың ұштарын иек астына, орналастырып, көтеріңіз, жоғарғы және төменгі тістер сәйкестендірілулері керек. 1-ші саусақты алдынғы тістердін негізінен төмен ұстаңыз, 2-ші саусақ иек асты аймағынан, 3-5 саусаусақтармен төменгі жоқ сүйегін бекітіңіз. Төменгі жақты төмен ығыстырып алдына қарай жылжытыңыз. Екінші қолдын алақаны зардап шегушінің мандайында тұрады. -
Ауызды ашыңыз: зардап шегушінің тыныс жолдарына ауаны үрлеу үшін.
Барлық бұл әдістер ауыз қуысынын түбіндегі бұлшық еттің тартылуын қамтамасыз етеді, сонын есебінен тіл бекітіліп, артқа қарай кетпейді.
В ережесі. Өкпенің жасанды вентиляциясы
Өкпеге жасанды вентиляцияны жүргізгенде келесі ережелерді сақтайды:
-
Зардап шегушінің өкпесі мен реаниматордың өкпесі жүйелеріне саңлаусыздықты қамтамасыз ету қажет. -
Вентиляциялауға сәйкесті тұрақты бақылау кеуде торының дем алуда көтерілуін және дем шығаруды түсіңін бақылау, дем шығарғаны өкпеден ауанын қозғалуын қабілеттігі естушілікпен қабылдау. -
Есіңізде болсын, тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз еткенде вентиляция болады.
Өкпенің жасанды вентиляциясын «ауыздан ауызға» жасау әдісі
Мақсаты: құтқарушыдан (реаниматордан) деммен шығатын ауаны зардап шегушінің өкпесіне енгізу.
Көрсеткіштері: клиникалық өлім (П. Сафардың үш құрамды әдісін қараңыз).
Іс-әрекет алгоритмі:
-
бір қолдың алақаны қырымен мандайын баса отырып, зардап шегушінің басын шалқайтылған қалыпта ұстаңыз; -
осы қолдың үлкен (І) және сұқ (ІІ) саусақтарымен зардап шегушінің мұрнын қысыңыз; -
екінші қолыңызбен иекті басыңыз зардап шегушінің ауызы ашылады, ауызына орамалды немесе салфетканы жабыңыз; -
терең демді ішке алыңыз, өзіңіздің ерінінізбен зардап шегушінің еріндерін тығыз және саңылаусыз қамтып алыңыз, салфетка арқылы өз өкпеніздегі барлық ауаны зардап шегушінің тыныс жолдарына жігерлі үрлеңіз, сонан соң өзінін басын қырына бұрады, ауызынан алғанда пассивті дем шығарылуы болады. Кеуде торы көтерілуі қажет. -
Келесі демді ішке алуды зардап шегушіге кеуде торы түскенде және алғашқы қалыпқа келгенде жасалады.
152. Өкпенің жасанды вентиляциясын «ауыздан мұрынға» жасау әдісі
-
зардап шегушінің мандайындағы қолыңызбен, басты артқа қарай шалқайтыңыз, ал екінші қолмен төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжытып иекті тартыңыз зардап шегушінің ауызы жабылады; -
терең демді ішке алып, зардап шегушінің мұрнын еріндермен қамтып, демді шығарыңыз.
Ересек адамдарға өкпенің жасанды вентиляциясы минутына 12 рет дем алу жиелігімен жасалады ерікті дем алу пайда болғанша немесе «жедел жәрдем беру машинасы» келгенше немесе биологиялық өлімнің белгілері көрінгенше зардап шегушінің өкпесіне әрбір 5 секунд сайын үрлеу жасау керек.
Жүрекке массаж жасау әсерлілігінің көрсетілімдері
Егерде тірілту әдісі дұрыс орындалса, онда құтқарушыда:
-
ұйқы және шеткері артерияларында тамыр соғу пайда болады; -
көздің қарашығы бірте-бірте кішірейеді; -
тыныс алуы қалпына келеді; -
терісінің түсі жақсарады.
Әрбір 2 минут сайын – ұйқы артериясында тамыр соғуды және көз қарашығының реакциясын бақылайды.
Реанимация жүргізген уақытында бас миының гипоксия әсерін азайту қажет: басына мұзды мұйықты мүзбен немесе салқын сумен қояды; оның қанмен қамтамасыз етуін азайту: құтқарушының аяғын көтеру, олардың астына көрпені, киімді, чемоданды немесе басқа да қасындағы заттарды салу.
Сәтті кезде тыныс алу және жүрек қызметін еркін қалпына келтіргенде, барлық жағдайларда ес қайта келмейді. Зардап шегушіні орнықты қыр қалпына жатқызу керек, тілдің түсуінен болатын асфиксияны және құсқандағы құсықпен қақалмауынан сақтау. Басын салқындатып, жалпы жылытумен қамтамасыз ету: көрпемен, киіммен қымтап, жылтқышпен немесе бутылқадағы жылы сумен айнала қоршаңыз.
Егерде барлық әдіс дұрыс орындалса, онда қан айналымының жақсару белгілері жоқ болса: көз қарашығы кең болып қалады, көгеруі кетеді, ерікті тыныс алу және жүрек қызметі қалпына келмейді, онда осы мезгілде барлық шараларды 30 минут жалғастырады, осы уақытта әсерін жеткіздірмей, реанимацияны тоқтатады. Биологиялық өлімнің болу уақыты болып есептеледі, реанимациялық шараларды тоқтатқан кезең. Құтқару әсерсіз болады, бірнеше себептермен: әдістерді дұрыс орындалмаған, орындалмаған, не кешіккен реанимациянын басы немесе зақымдалу өмірмен үйлесімсіз.
Биологиялық өлім – бұл қайтарылмайтын организмнің тіршілік қызметінің тоқтауы.
Бас миының қыртысынын жасушаларында қайтарылмайтын өзгерістер басталған кезде шын немесе биологиялық өлім басталады:
-
тыныс алуы толық тоқталады (апноэ); -
қан айналымы тоқталады (асистолия); -
ес-түсі жоқ (кома); -
көздің мүйізгек қабығы бұлдырайды және құрғайды; -
«мысық көз» белгісі; -
дене қызуы төмендейді; -
өлік дағы пайда болады; -
өлік сіресіп қатып қалады.
153. ӨЛІКТІ ЖАЙҒАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Мақсаты: паталогоанатомиялық бөлімге (ПАБ) өлікті жіберуге дайындау.
Көрсеткіштері: науқастың өлімі.
Құрал-жабдықтар: сабын, жеке сүлгі, қолғап, бинт, ақ жайма, қаламсап, ПАБ жолдама бланкілері, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, жеке сүлгімен кептіріңіз. Қолғапты киіңіз. -
Өлікті шешіндіріп, жастықсыз арқасымен аяқтарын жазылған күйінде жатқызыңыз. -
Төменгі жақты бинтпен байлаңыз, қабақтарын түсіріңіз. -
Өлікті ақ жаймамен жабыңыз, төсекте 2 сағатқа қалдырыңыз (биологиялық өлімнің белгілерін айқындау үшін). -
ПАБ жолдама толтырыңыз (өліктің аты-жөнін, ауру тарихының нөмері, диагнозын, өлген күнін). -
ПАБ-қа жіберер алдында өліктің санына (аты-жөнін, ауру тарихының нөмерін) жазыңыз. -
Өлімнің анық белгілерін анықтаңыз: өлік дақтарын, сіресіп қатып қалуын, көз алмасының жұмсаруын (биологиялық өлімді анықтау). -
Өлген адамның туыстарына хабарлаңыз. -
Дәрігердің қатысуымен өліктен бағалы заттарын шешіп, тізімін құрастырыңыз. Оларды сақтауға аға мейірбикеге немесе туысарына қол қойып беріңіз. -
Егерде бағалы заттарын шешуге мүмкіндік болмаса, онда ауру тарихына тіркеңіз. -
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: үйде өлген науқастың өлімін учаскелік дәрігер анықтайды, клиникалық диагнозын және өлу себебін көрсетілген анықтаманы береді.
Қолданған әдебиетттер:
1.Профессиональные стандарты практических навыков и умений обучающихся – г. Алматы 2012
2. Хирургиядағы Мейірбике ісі – Астана 2013ж
3. Қарқынды емдеу бөлімшесінің мейіргері – Мәскеу «ГЭОТАР - Медиа» -2016 ж