Файл: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 808
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа шолу суреттері жасалады, осы уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығады. -
Дәрігердің тағайындауы бойынша науқасқа t-370С дейін жылытылған 20-50 мл контрасты затты 8-10 минут бойы ақырын науқастың көк тамырына енгізіңіз. -
Анықталған аралық уақыт арқылы науқасқа суреттер сериясы орындалады. -
Суреттерді жасағанда мейірбике рентген кабинетінен шығады. -
Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз. Науқасқа бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
ХІІІ. Сүнгілі манипуляциялар
144. АСҚАЗАНДЫ ЖУУ
Мақсаты: диагностикалық: емдік, өңеш арқылы асқазанның ішіндегісін шығару.
Көрсеткіштері: сапасы төмен тамақпен, дәрі-дәрмектермен, ішкілікпен, саңырауқұлақпен, иісті газбен уланғанда.
Қарсы көрсеткіштері: асқазан-ішек жолдарынан қан кету; ауыз қуысы, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның қабыну аурулары; асқазан және өңеш күйігі, инфаркт миокардасы, ми қан айналысының бұзылуы, бронхиальды астма, өңештің тарылуы.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: 2 жуан асқазан сүңгісі (ұзындығы 70 см), жалғастыратын шыны түтік, сыйымдылығы 0,5-1 л дейінгі шыны құйғы, лотоктар, шылапшын, бөлме температурасындағы 10-12 л шелектегі таза су (t-20-220С),бет қолғап, 2 клеенкалы алжапқыш, сыйымдылығы 1 л дейінгі құмыра немесе крушка, дәке салфеткалары, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдыс, құрғақ хлорлы әк, сүлгі немесе ақ жайма, зерттеуге жіберетін бланк жолдамасы, қақпағы бар таза құрғақ банка, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. -
Науқасқа және өзіңізге клеенкалы алжапқышты байлаңыз. -
Науқасты орындыққа арқасын орындықтың арқалығына тығыз тигізіп басын аз ғана алдына қарай еңкейтіп отырғызыңыз. -
Алмалы-салмалы тіс протезін алыңыз (егерде олар болса). -
Науқастың қолын орындықтың арқалығына кіргізіп, осы қалыпта сүлгімен немесе ақ жаймамен байлаңыз. -
Науқастың тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналған шылапшынды немесе шелекті қойыңыз. -
Науқастың артынан немесе оң жағынан тұрып, басты сәл артқа қарай бұрыңыз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен қолыңызды өңдеп, қолғапты киіңіз. -
Қолыңызға залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісін алып, оның аралығын өлшеңіз: бірінші белгі – науқастың төменгі күрек тісінен (саңылаусыз ұшымен) кіндікке дейін және екінші белгі – оған науқастың бір алақанының жалпағын (4 саусақтың жалпағы) қосыңыз. -
Шыны түтік арқылы сүнгілерді жалғастырыңыз. -
Науқасқа сүнгіні енгізген уақытта оны тіспен қысуға, жұлып алуға болмайды, тек мұрынмен демалып, жұту қозғалысын жасауды түсіндіріңіз. -
Сүңгінің саңылаусыз ұшын жылы сумен сулаңыз. -
Науқастан ауызын ашуды сұраңыз. Сүнгінің саңылаусыз ұшынан 10 см аралықтан, оң қолыңызбен ұстап оның ұшын тілдің түбіріне салыңыз. -
Науқасты жұтыну қимылын жасауын сұрап, мұрын арқылы терең дем ал деп, ақырындап сүнгіні өңешке енгізіңіз. -
Қажет белгіге дейін сүнгіні асқазанға енгізіп, сүнгіге құйғыны жалғастырып, оны науқастың тізе деңгейіне дейін аз ғана енкейтіп түсіріңіз, асқазандағы зат ағу керек. -
Құйғыға 1 л суды құйыңыз, оны құйғының шетіне дейін толтырыңыз. -
Құйғыны ақырын көтеріңіз, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, ол асқазан затымен толмағанша науқастың тізе деңгейінен төмен түсіріңіз. -
Құйғының ішіндегі нәрсені (құсықты) шылапшынға құйыңыз. -
Асқазанды жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаңыз. -
Салфетка көмегімен асқазаннан сүнгіні ептеп шығарыңыз. -
Клеенкалы алжапқышты шешіңіз. -
Сүнгіні, резеңке түтікті құйғыны зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз. -
Науқастың ауызын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз. -
Қолғапты, салфеткаларды ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. -
Науқасты палатаға апарып, жатуына көмектесіңіз. -
Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз. -
Жолдаманы толтырып, жуынды судың бірінші порциясын (200 мл маңында) бактериологиялық зертханаға зерттеуге жіберіңіз. -
Жуынды суға зарарсыздандыруды жүргізіңіз.
Ескерту:
-
сүңгіні енгізгенде оның асқазанға ерікті өтуіне бақылау жүргізу қажет; -
егерде жуынды суда қан көрінсе, онда емшараны тоқтатып, дәрігерді шақырыңыз; -
шылапшындағы жуынды судың мөлшері құйғы арқылы енгізген сұйықтықтың көлемімен сәйкес болуы керек; -
егерде науқас құсқысы келсе, онда сүңгіні енгізуді тоқтатады, одан бірнеше рет терең мұрынмен дем алуын сұраңыз, сосын енгізуді жалғастырыңыз; -
сүнгіні енгізгенде науқаста жөтел болса, тыныс алу қиындаса, беті көгеру пайда болса (сүңгі көмекейге немесе кеңірдекке түскен), онда сүнгіні кері тез шығарып алыңыз және қайтадан оны енгізіңіз.
145. АСҚАЗАНДЫ СҮҢГІСІЗ ЖУУ
Мақсаты:емдік: улану- организмнен улы токсиндерді шығару және олардын әсер етуін тоқтату.
Көрсеткіштері: сапасы төмен тамақпен, дәрі-дәрмектермен, химиялық уланғанда.
Құрал-жабдықтар: 2-3 л мөлшеріндегі су,шпател, стакан, орамал немесе салфеткалар, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдыс, шылапшын, зерттеуге жіберетін бланк жолдамасы, қақпағы бар таза құрғақ банка, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасты орындыққа арқасын орындықтың арқалығына тығыз тигізіп басын аз ғана алдына қарай еңкейтіп отырғызыңыз.
2. Алмалы-салмалы тіс протезін алыңыз (егерде олар болса).
3. Науқастың тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналған шылапшынды қойыңыз.
4. Науқастың кеудесін орамал немесе салфеткамен жабыңыз.
5. Науқасқа 4-6 стакан су ішуін сұраймыз.
6. Науқастың құсу рефлексін болдыру үшін сол қолымызбен шпател арқылы немесе оң қолдың 2-3 саусағымен тілдін түбірін тітіркендіріңіз.
7. «Таза жуынды су» шыққанша процедураны бірнеше рет қайталаңыз.
8. Науқастың ауызын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз.
Ескерту:
Белгісіз «У»мен уланған жағдайда:
-
қақпағы бар таза құрғақ банкаға құсықты жинаңыз; -
қақпағын тығыз жауып,жолдамамен зертханаға жіберініз.
146. Науқасты дайындау және асказанға фракциялық әдіспен жіңішке сүңгімен сүнгілеуді жүргізу
Мақсаты: диагностикалық: асқазанның ішіндегісін алу, асқазанның секреторлы, қышқылды бөлу және қозғалыс қызметтерін зерттеу.
Көрсеткіштері: қышқылы жоғары созылмалы гастритте немесе қышқыл бөлу төмендеуінде асқазанның қызметін анықтау.
Қарсы көрсеткіштері: өңештен және асқазаннан қан кету, эзофагит, асқазан ойық жарасының өршу қезеңі, порталды гипертензия, стенокардия, бронхиальді астма, гипертония, жүктіліктің 2 жартысы, науқастың халі ауыр жағдайы.
Асқынулар: асказаннан қан кету, талып қалу, коллапс және т.б.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүнгісі, лоток, асказан сөлі үлестерін бөлек-бөлек сақтауға арналған 9-11 дана ыдыс (белгіленген банка немесе пробиркалар), 20 мл шприц, қысқыш, сүлгі, қолғап, клеенкалы алжапқыш, салфеткалар,энтералды- орамжапрак қайнатпасы, парентеральды сынаптық ас – 0,1% гистамин ерітіндісі немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісі, зертханаға жолдама жазыңыз (оған науқастың аты жөні, бөлімшесі, палатасы, зертеу күні, үлестердің нөмері көрсетіледі), ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Зерттеуді таңғы уақытта аш қарынға жүргізіңіз. -
Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз және оған емшара реттілігі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. -
Науқасты жоғары арқасы бар орындыққа ынғайлы және дұрыс отырғызыңыз, оны орындықтың арқасына тығыз сүйенуін ұсыныңыз. Басын сәл алдына карай еңкейтіңіз. -
Науқастың кеудесін, ішін және аяғын клеенкалы алжапқышпен жабыңыз, ал мойынына және кеуде үстіне сүлгіні жабыңыз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп,тері антисептигімен қолыңызды өңдеп, қолғап, алжапқышты киіңіз. -
Ағып жатқан сілекейді және шырышты жинау үшін науқастың қолына лотокты беріңіз. -
Емшара алдында науқас алмалы-салмалы протезді алғанын қадағалаңыз. -
Сүнгінің жұтатын ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейінгі аралық – бірінші белгі және науқастың бір алақан аралығын қосыңыз – екінші белгі). -
Залалсыздандырылған сүнгіні пакеттен (пинцетпен) алып, сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз. -
Залалсыздандырылған сүнгіні оң қолыңызбен саңылаулы ұшынан 10-15 см аралықтан жазатын қаламұштай етіп алыңыз, ал сол қолмен бос ұшынан ұстаңыз. -
Науқасты ауызын ашуын сұраңыз, суландырылған сүнгінің саңылаулы ұшын тілдің түбіріне салып сосын терең жұтқыншаққа қарай енгізіңіз. -
Науқастың мұрын арқылы терең дем алуын жұтыну қозғалысын жасап, сүнгіні өңешке және асқазанға қарай қажетті белгіге дейін енгізіңіз (егерде науқас жөтелсе онда тез арада сүнгіні шығарып алыңыз!). -
Наукасқа ескертіңіз, сүнгіні тісімен қысуға болмайды және сілекейін жұтпай сүлгіге түкіріп тастауы керек. -
Сүнгінің бос ұшына шприцті қосыңыз. -
Ашқарындағы асқазан сөлін алыңыз (№ 1 үлес – «ашқарындағы» сөлдену). -
Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып асқазан сөлін алыңыз (№ 2, № 3, № 4, № 5 үлестік – «өзекті» сөлдену). -
Асқазан сөлін бөлетін парентеральды тітіргендіргішті енгізіңіз: 0,1% , 0,01 мг гистамин ерітіндісін тері астына немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісі 1 кг дене салмағы есебіне 6 мкг. -
10 минуттан кейін 10 мл асқазан сөлін алыңыз (№ 6 үлес). -
Тағы да 15 минуттан кейін барлық асқазан сөлін алыңыз (№ 7 үлес). -
Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып, асқазан сөлін алыңыз (№ 8, № 9, № 10, № 11 – үлестері «ынталандыру» сөлдену). -
Салфетканың көмегімен асқазаннан сүнгіні шығарып алыңыз, науқастың аузын шайқаңыз, ауыз айналасы терісін салфеткамен сүртіңіз. -
Қолданылған сүнгіні, қолғапты, салфеткаларды ҚЖКЖК-ға салыңыз. -
Барлық 11 үлестердегі асқазан сөлін жолдамамен бірге және қоздырғышын көрсетіп зертханаға жіберіңіз.
Ескерту: едәуір мөлшерде қан көрінсе онда зерттеуді токтату қажет.
147. Науқасты дайындау және ұлтабарға сүнгілеуді жүргізу
Мақсаты: диагностикалық: 12-елі ішек пен өт қабынан өттін сөлін зертханалық зерттеуге алу, өт қабының концентрациялық қызметінің сақталуы мен қысқару қызметін зерттеу және сфинктерлік қызметін бағалау;
емдік– өт қабының моторлы қызметі томендегенде (өт қабының қабынуы әлсіздігінде, холестатикалық гепатитінде), дәрі-дәрмектерді енгізу.
Көрсеткіштері: өт қалтасының, бауыр, өт шығару жолдарының аурулары.
Қарсы көрсеткіштері: ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің күйігі және аурулары, өңеш тамырының кеңеюі, порталды гипертензия, қатерлі ісіктің қаңсырауы,
асқазан және 12-елі ішек ойық жарасы, өкпе – жүрек жетіспеушілігінде, жедел холецистит және панкреатит, бронхиалды астма және т.б.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: ұлтабар сүңгісі, Жане шприці, 20 мл шприц, лоток, штатив белгіленген пробиркаларымен, қысқыш, сүлгі, салфеткалар, қолғап, жылытқыш, жұмсақ көпшік, аласа орындық, өт қабының қоздырғыштарын – 33% магний сульфат ерітіндісі 30-50 мл немесе 10% натрий хлорид ерітіндісі немесе 40% глюкоза
ерітіндісі 40-50 мл немесе өсімдік майы 20-25 мл 40-600С жылытылған, 8-10 тамшы 0,1% атропин ерітіндісі, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Зерттеу таңертен ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіңіз. -
Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз және оған емшара реттілігі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. -
Зерттеу алдында 18 сағаттан кешіктірмей кеште науқасқа жеңіл тамақ беріңіз. -
Науқасқа ұйыктар алдында 2 таблетка спазмолитиктер немесе балы бар шайды беріңіз, оң жак қабырға асты аймағына жылытқышты қойыңыз. -
Емшара алдында науқастан алмалы-салмалы протезді тістерін шешуін сұраңыз (егерде болса). -
Науқасты орындыққа дұрыс және ынғайлы, яғни арқасы орындықтын арқасына тығыз болуын, науқастын басын сәл алдына қарай енкейтіп отырғызыңыз. -
Науқастың кеудесіне сүлгіні жабыңыз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен қолыңызды өңдеп, қолғапты киіңіз. -
Залалсыздандырылған ұлтабар сүңгісін шамшуырмен (пинцетпен) алып, сүңгі оливасының орнықтылау сапасын тексеріңіз (тұрақты). -
Науқас жұтатын сүңгінің ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейін – бірінші белгі және науқастың ашылған бір алақанындай арақашықтықты қосыңыз – екінші белгі). -
Оң қолға сүңгіні олива жағынан 10-15 см қашықтықта қалам ұштай алып ұстаңыз, ал сол қолмен оның бос шетін ұстаңыз. -
Науқастан аузын ашуын сұрап, ылғалдатылған оливаны тілдің түбіріне салып, науқасты мұрынмен терең дем алуын сұраңыз, жұту қозғалысын бір мезгілде жасап сүңгіні бірінші белгіге дейін енгізіңіз (егерде науқас жөтелсе, онда жылдам сүңгіні шығарып алыңыз). Сүңгінің бос шетін кысқышпен қысыңыз. -
Асқазан ішіндегі сұйықтықты шприцпен сорып алу арқылы, асқазандағы сүңгінің қалпын тексеріңіз. -
Науқас 10-20 минут бойы бөлмеде ақырын асықпай жүріп, сүңгіні екінші белгіге дейін ақырындап жұтуын сұраңыз. -
Науқастың басына жастық қоймай оң жақ қырына жатқызып оң қолын арқасына қойып, оған тізесінен аяғын бүгуін сұраңыз, жамбастың астына жұмсақ жастықты