Файл: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 802

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Министерство образования и науки Республики Казахстан
Жеке меншік мекемесі «Теміртау жоғары медициналық коллджі»

Частное учреждение «Темиртауский высший медицинский колледж»

Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы


Пән атауы: «Мейіргер ісі негіздері»

Қарастырылды Тексерілді Бекітілді

«__»_____2019ж. Әдіскер ОІЖ директордың ор.

№4 ЦӘК мәжілісінде Т.Ю.Медведева Б.К.Кызылбаева

№4 ЦӘК төрайымы __________ «___»______2019 ж.

Г.В. Акашев _______


Ішкі пайдалануға арналған.

Құрастырған бірінші санаттағы

оқытушы Калдыбаева Ч.Б.

МАЗМҰНЫ
І. Жұқпалық қауіпсіздік

1. Қолды әлеуметтік деңгейде тазарту

2. Қолды гигиеналық деңгейде тазарту

3. Қолды антисептикпен тазарту (спиртпен, хлоргексидинмен және т.б)

4. Залалсыздандырылған қолғапты кию

5. Қолғапты шешу

7. Залалсыздандырылған халатты кию

8. Хлорамин ерітіндісін даярлау

9. 5% гипохлорит кальций негізгі (маточный) ерітіндісін даярлау

10. Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту кезеңдері

  • Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру

  • Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу

  • Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру

11. Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу

12. Залалсыздандырылған үстелді дайындау

ІІ. Қабылдау бөлімшесі. Ауруханаға науқасты қабылдау

13. Науқастың дене салмағын өлшеу

14. Науқастың бойын өлшеу

15. Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту

16. Гигиеналық себезгіні (душты) жүргізу

17. Гигиеналық бұлауды (ваннаны) жүргізу
ІІІ. Қауіпсіз ауруханалық орта

18. Науқасты Фаулер қалпына жатқызу

19. Науқасты Симс қалпына жатқызу

20. Науқасты ішімен жатқызу

21. Науқасты арқасымен жатқызу

22. Наукасты қырымен жаткызу
ІV. Науқастың жеке бас тазылығы

23. Науқасқа төсек-орын дайындау

24. Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру (ұзынынан жасалатын әдіс)


25. Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру (көлденең әдіс)

26. Ішкі киімді ауыстыру

27. Халі ауыр науқастың шашын күту

28. Науқасты ылғалды сүрту

29. Халі ауыр науқастың аяғын төсегінде жуу

30. Қолдағы тырнақты қиып алу

31.Аяқтағы тырнақты қиып алу

32. Науқасты қырындыру

33. Қолтық ойығындағы шашты қыру

34. Қасағадағы шашты қыру

35. Халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу

36. Халі ауыр ер адамның жыныс мүшесін жуу

37. Дәрет сауытын (судноны) беру

38. Зәр қабылдағышты беру

39. Көзді күту

40. Мұрын қуысын күту

41. Құлақты күту

42. Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту

V. Науқастың функциональды жағдайын бағалау

43.Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу

44. Кәржілік артериясынан тамыр соғуды аныктау

45. Қан қысымын өлшеу

46. Дем алу қозғалысының жиілігін есептеу

47. Су балансын анықтау және есептеу

VІ. Тамақтану және науқасты тамақтандыру

48. Халі ауыр науқасты тамақтандыру

49. Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүнгісі арқылы тамақтандыру

50. Гастростома. Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру

51. Гастростоманы күту
VІІ. Қарапайым физиотерапиялық әдістер. Сүлікпен емдеу. Оттегімен емдеу

52. Жылытқышты қолдану

53. Мұзды мұйықты қолдану

54. Қыша қағаздарын қою

55. Ыстық ылғалды компресті қою

56. Салқын компресті қою

57. Ылғалды қыздыру және дәрілік компрестерді қою

58. Сүлікті қою

59. Ылғалдатылған оттегін мұрын катетері арқылы беру

VІІІ. Дәрі дәрімектерді қолдану әдістері

61. Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау

62. Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны қолдану

63. Тұрындыны, экстракты (шырсөлді) қолдану

64. Науқасқа ұнтақты қолдану

65. Мұрынға дәрілік тамшыны тамызу

66. Көзге тамшы тамызу

67. Көз майын қаттастырып салу

68. Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу

69. Жеке ингаляторды қолдану

70. Сеппе (ұнтақ) дәріні сыртқа қолдану

71. Жабысқақ дәрілік пластырьді салу

72. Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану

73. Дәрілік ерітіндіні теріге майлау

74. Майлы таңғышты орындау

75. Теріге майды жағу

76. Теріге майды сылап жағу

77. Дәрілік ерітіндіні теріге сылап жағу

78. Бір рет қолданылатын шприцті құрастыру



79. Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу

80. Флаконнан дәрілік ерітіндіні сорып алу

81. Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелері

82. Тері ішіне инъекцияны орындау

83. Тері астына инъекцияны орындау

84. Инсулинді енгізу

85. Бұлшық етке инъекцияны орындау

86. Көк тамырға иньекцияны орындау

87. Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып құю үшін бір рет қолданылатын жүйені құрастыру

88. Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып енгізуді орындау
ІХ. Пункциялар

89. Науқасты және медициналық құрал-саймандарды плевра қуысын тесуге (торакоцентезге, плевроцентезге) дайындау

90. Науқасты және медициналық құрал-саймандарды ішті тесуге (лапароцентезге) даярлау

91. Науқасты және медициналық құрал-саймандарды жұлын (люмбальды) пункциясына дайындау

92. Науқасты және медициналық құрал- саймандарды төс сүйек пункциясына дайындау

93. Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге даярлау
Х. Клизмалар. Жел шығаратын түтік

94.Тазарту клизмасын қою

95. Сифон клизмасын қою

96. Резеңке алмұрт тәрізді баллонша көмегімен босату (майлы, тұзды, дәрілік) клизмаларын қою

97. Жел шығаратын түтікті қою

98. Майлы клизманы қою

99. Дәрілік клизманы қою

100. Тұзды (гипертониялық) клизманы кою
ХІ. Құықты катетерлеу

101. Әйелдердің қуығын катетерлеу

102. Ерлердің қуығын катетерлеу

103. Қуықты жуу
ХІІ. Лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістерін науқасты дайындау

104. Лабораториялық анализге саусақтан қан алу

105. Көк тамырдан вакуумдық жүемен қан алу

106. Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу

107. Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау

108. Атиптік жасушаларға қақырықты жинау

109. Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау

110. Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау

111. Жеке қалта түкіргішті қолдану

112. Жұтқыншақтан жағынды алу

113. Мұрын қуысынан жағынды алу

114. Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау

115. Нечипоренко әдісімен зәрді жинау

116. Зимницкий байқауына зәрді жинау

117. Диастазаға зәрді жинау

118. Қантты анықтауға зәрді жинау

119. Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтау

120. Розин байқауын жүргізу

121. Билирубинді ұзынша-сопақ тестімен анықтау


122. Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (әйелдерге)

123. Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (еркектерге)

124. Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу

125. Іш құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу

126. Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу

127. Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті көректі ортасы бар Петри табақшасына алу

128. Бактериологиялық зертеуге «ашық нәжістен» нәжісті шыны түтікке (пробиркаға) алу

129. Бактериологиялық зерттеуге тікелей тік ішектен нәжісті алу

130. Науқасты бронхоскопияға даярлау

131. Науқасты фиброгастродуоденоскопияға даярлау

132. Науқасты колоноскопияға даярлау

133. Науқасты ректороманоскопияға даярлау

134. Науқасты цистоскопияға даярлау

135. Науқасты ультрадыбыстық зерттеулерге дайындау

136. Науқасты бронхографияға дайындау

137. Асқазан және он екі елі ішекті рентгенологиялық зерттеуге науқасты дайындау

138. Науқасты ирригоскопияға дайындау

139. Науқасты көк тамырлық (экскреторлық) пиелографияға дайындау
ХІІІ. Сүнгілі манипуляциялар

140. Асқазанды жуу

141. Асқазанды сүңгісіз жуу

142. Науқасты дайындау және асказанғы фракциялық әдіспен жіңішке сүңгімен сүнгілеуді жүргізу

143. Науқасты дайындау және ұлтабарға сүнгілеуді жүргізу

144. Құсқан науқасқа алғашқы көмек
ХІV. Өкпе-жүрек реанимациясы

І. Жұқпалық қауіпсіздік
1.Қолды әлеуметтік деңгейде тазарту
Мақсаты: науқастармен және қоршаған орта объектілерімен жанасу нәтижесінде медициналық

қызметкерлердің қол терісі ластанғанда, транзиторлы микрофлора мен ласты жою,

науқаспен қызметкерлерге жұқпалы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Көрсеткіштері: тамақты үлестіру алдында, науқасты тамақтандырғанда, әжетханаға барғаннан

кейін, науқасқа күтім жүргізер алдында және жүргізгеннен кейін, егер науқастың

биологиялық сұйықтықтарымен қолдары ластанбағанда.

Құрал-жабдықтар: бір рет қолданылатын мөлшерлегіштегі сұйық сабын, секундтық тілі бар

сағат, қағаз орамалдар, ҚЖКЖК .
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Саусақтардан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз, қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.

  2. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз.

  3. Қағаз салфеткалары көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын (35-400С) тексеріңіз, ол шүмекте орналасқан микроорганизмдермен қолдың жанасуын қорғайды.

  4. Ағынды судың астында қолыңызды білектің 2/3 бөлігіне дейін 30 секунд бойы сабындап жуыңыз, қолдың саусақтарына, саусақ аралық аймағына көңіл бөліңіз, содан кейін әрбір қолдың сыртқы бетін және алақанның, үлкен саусақтардың негізін айналмалы қозғалыспен жуыңыз (осы уақыт қолды әлеуметтік деңгейде тазартуға жеткілікті, егер қол терісінің беті мұқият сабындалса және теріде лас аймақ қалдырылмаса).

  5. Сабынды көбікті кетіру үшін ағынды судың астында қолынызды шайыңыз (қолыңызды саусақтарымен жоғары қаратып ұстаңыз, жуғышқа тигізбей су шынтақтан жуғышқа ағуы қажет, қолдың саусақтары өте таза болуы керек).

  6. Екінші қолды жууды осындай ізбе-ізділікпен қайталаңыз.

  7. Шынтақ шүмекті шынтақ қимылымен жабыңыз.

  8. Қолыңызды қағаз сүлгімен кептіріңіз. Егер шынтақ шүмегіболмаса, қағаз сүлгіні қолдана отырып, шүмекті жабыңыз.



2.қолды Гигиеналық деңгейде ТАЗАРТу
Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқастың және медициналық

қызметкерлердің жұқпалы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Көрсеткіштері: инвазивті емшараларды орындар алдында және орындаған соң, қолғаптарды кию

алдында және шешкеннен соң, организмнің биологиялық сұйыктықтарымен

жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін, иммунитеті

төмендеген науқасқа күтім жүргізер алдында.

Құрал-жабдықтар: бір рет қолдануға арналған мөлшерлегіштегі сұйық сабын, тері антисептикасы,

секундтық тілі бар сағат, жылы ағынды су, қағаз сүлгі, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Қолдың саусақтарынан сақинаны, жүзік, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды

шешіңіз.

  1. Қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.

  2. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз.

  3. Қағаз салфеткалар көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын 35-400С тексеріңіз. Ол шүмекте орналасқан микроорганизмдермен қолдың жанасуын қорғайды.

  4. Жылы судың жайлы орташа ағымы астында қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін жігерлі сабындап, келесі ізбе-ізділікпен жуыңыз:

1. Бір алақанды екінші алақанға қайтарымды-үдемелі қозғалыспен уқалау; Бір қолдың саусақтарын екінші қолдың саусақ арасындағы аралығына біріктіру, саусақтардың ішкі беттерін жоғары және төмен қозғалтып ысқылау.;

2.Оң алақанмен сол қолдың сыртқы жағын уқалау, қолды ауыстыру;

3. Саусақтарды «құлыпқа» біріктіру, бүгілген саусақтардың сырт жағымен екінші қолдың алақанын ысқылау;

4. Сол қол буынының бас бармағының түбінен оң қол буынының бас бармағымен және сұқ саусағымен қапсыра ұстау, айналдыра ысқылау.  Білекте қайталау. Қолды ауыстыру.

5. Сол қолдың алақанын оң қол саусақтарының ұштарымен айналдыратын қозғалыспен ысқылау, қолды ауыстыру

6. Қолыңызды ағынды жылы судың астында сабын толық кеткенше шайыңыз. Қолыңызды шынтақ деңгейінен жоғары ұстаңыз (осы қалыпта су таза зонадан ласқа қарай ағады).

7.Оң қолдың қырымен сол қолдын алақанына ысқалаймыз;

8. Шүмекті қолыңыздың оң немесе сол шынтағымен жабыңыз.

9. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатып, ҚЖКЖК-ға салыңыз. Егерде шынтақ краны болмаса, онда кранды қағаз сүлгі көмегімен жабыңыз.

Ескерту:

  • Әр қозғалыс кемінде 5 рет қайталанады. Қолды өңдеу 30 секунд - 1 минут бойы жүзеге асырылады.