Файл: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 803

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

салыңыз, осындай жату калпында оливаның асқазан қақпашығынан өтуін жеңілдетеді, оң жақ қабырға астына жылы жылытқышты салыңыз.

  1. Науқастың бас жағында кушетканың қасындағы аласа орындыққа штативті пробиркалар қойыңыз.

  2. Қысқышты босатып, сүнгінің бос шетін пробиркаға салыңыз.

  3. Асқазаннан сөл бөлінеді (асқазан ішіндегі лайлы ашық қышқылды қосындысы бар сөл), сосын 30-60 минуттан кейін пробиркаға ашық-сары сұйықтық, сілтілі қосындысы жиналады (ұлтабардағы өт «А» үлесі). Сүңгінің ұшына қысқышты салыңыз.

  4. Науқасты арқасына жатқызып, қысқышты алыңыз және Жане шприцімен 30-50 мл жылы магний сульфат ерітіндісін (немесе басқа да өт қабығының қоздырғыштары) сүңгі арқылы енгізіп, сүңгінің бос шетін 10-15 минутқа қысып қойыңыз.

  5. Науқасты оң жақ қырына жатқызып, қысқышты босатып алып, сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз, бұған қою, қоңыр – зәйтүн түсті сұйықтық өт қабығынан түседі (өт қабығындағы өт «В» үлесі).

  6. Келесі пробиркаларға сүңгіні салыңыз, мөлдір алтын-сары түсті сұйықтық пайда болғанда (бауыр өті «С» үлесі) алынады. Сүңгі арқылы 300 мл жылы газсыз минеральды суды енгізіңіз.

  7. Сүңгіні салфетка көмегімен шығарып алыңыз.

  8. Қолданылған қолғапты, салфетканы, сүңгіні ҚЖКЖК -ға салыңыз.

  9. Әрбір үлестерді бір пробиркада белгілеп, жолдаманы толтырып, зертханаға жіберіңіз.

  10. Науқасты палатаға апарып, тамақтандырыңыз.

Ескерту:

  • емшара барысында шығарылған сілекейді салфеткаға түкіру қажет;

  • зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын, іш кептіретін тағамдарды алып тастау ұсынылады (қырыққабат, картоп, сүт, майлы және қуырылған тағамдар);

  • асқазандағы сүңгінің қалпын шприцпен сорып алу арқылы тексереді. Шприцке лайланған сұйықтық қышқыл қосынды түседі. Егерде шприцке сұйықтық түспесе,

  • онда сүнгінің асқазанда оралып қалғаның айтады. Сүңгіні аз ғана тартыңқырап және оны науқасқа қайта жұтынуын ұсыңыңыз;

  • асқазандағы сүнгі оливасының қалпын шприц арқылы ауаны сүнгіге еңгізіп тексереді және сүнгі оливасы асқазанда болса, онда науқас ауаның түсуін сезінеді, ерекше «құрылдаған» дыбыс естіледі;

  • бактериологиялық зерттеуге өт, залалсыздандырылған үш пробиркаға АВС үлестерімен алынады;

  • егерде ұлтабарды сүңгілеу лямблия құртын табу мақсатында жүргізілсе, онда түнде жылтқыш қойылмайды;

  • зертханаға үлестер жылы күйінде апарылады, ол үшін стакандағы жылы суға пробирканы салып қояды.


148. ҚҰСҚАН НАУҚАСҚА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК

Мақсаты: емдік: жедел көмек көрсету, тыныс жолдарына құсық түспеудің алдын алу

Құрал-жабдықтар: сүлгі, лоток, шылапшын, электросорғыш, алмұрт тәрізді баллон, клеенка, шпатель, қайнатылған су, салфеткалар, стакан, қақпағы бар таза, құрғақ банка, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Ес-түсі бар науқас (отыру қалпындағы)

  1. Жедел дәрігерге хабарлаңыз.

  2. Науқасты ыңғайлы орындыққа отырғызып, кеудесін клеенкамен жабыңыз. Науқасқа сүлгіні беріңіз. Оның аяғына шылапшынды қойыңыз.

  3. Науқастан алмалы-салмалы протезді тістерін шешуін сұраңыз (егерде олар болса).

  4. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен қолыңызды өңдеп, қолғапты киіңіз.

  5. Құсқан уақытта, өзіңіздің алақаныңызды науқастың маңдайына қойып басын жылжытпай ұстаңыз.

  6. Әрбір құсқаннан кейін науқастың ауызын таза сумен шайғызып, бетін және аузын салфеткамен сүртіңіз.

  7. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

  8. Дәрігер келгенше құсықты қарап, қалдырыңыз (қанды құсық пайда болғанда).

  9. Белгісіз умен уланғанда құсықты таза құрғақ банкіге жинап, оның қақпағын тығыз жабыңыз.

  10. Дәрігердің тағайындауы бойынша оны зертханалық зерттеуге жіберіңіз.

  11. Қолғапты шешіңіз. Салфетканы, қолғапты ҚЖКЖК – ға салыңыз.

  12. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.



149. Әлсіріген немесе ессіз күйде құсқан науқасқа көмек көрсету
Мақсаты: емдік: жедел көмек көрсету, тыныс жолдарына құсық түспеудің алдын алу

Құрал-жабдықтар: сүлгі, лоток, шылапшын, электросорғыш, алмұрт тәрізді баллон, клеенка, шпатель, қайнатылған су, салфетка, стакан, қақпағы бар таза құрғақ банка, қолғап, ҚЖКЖК.

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрігерді шақырыңыз.

  2. Дәрігер келгенге дейін науқасты қырына жатқызыңыз, егерде бұл мүмкін болмаса, онда оның қалпын өзгертіңіз (құсық тыныс жолдарына түспеу үшін) басын қырына қарай бұрыңыз.

  3. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  4. Жастықты алыңыз. Алмалы-салмалы тіс протездерін алып тастаңыз (егерде олар болса).

  5. Науқастың мойнын және кеудесін сүлгімен жауып, ауыз бұрышына құсыққа арналған бүйрек тәрізді лотокті қойыңыз.

  6. Ауыз және мұрын қуысынан құсықты электросорғышпен немесе алмұрт тәрізді баллоншамен сорыңыз.

  7. Әрбір құсқаннан кейін, науқастың ауызын қайнатылған сумен шайып, салфеткамен сүртіңіз.

  8. Қолғапты, салфетка, сүлгілерді ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  9. Құсықты қарап, зертханаға зерттеуге жіберіңіз, зерттеу мақсатын көрсетіңіз.




ХІV. Өкпе-жүрек реанимациясы
150. Соңғы өлім жағдайдағы мейірбикенің

іс-әрекет алгоритмі
Орталық жүйке жүйесінің қызметінің тежелуінін сатылары бойынша, қан айналымының динамикасы мен тыныс алу бұзылуының тереңдігі бойынша өлім үстіндегі жағдай бөлінеді.

Өлім үстіндегі жағдай организмнің тіршілік етушілік бұзылыстарының қиындау деңгейін, артериальдық қысымның кенеттен төмендеуін, газ алмасуынын және жасушылар мен тіндердегі заттек алмасуының терең бұзылыстарын сипаттайды.

Жанталасу басындағы, жанталасу және клиникалық өлім ақтық жағдайына жатады – қан айналымы жоқ жағдайда толық өттегі жетіспеушілігінде бас миы жасушаларының қабілеттілігімен анықталады. Осы жағдайларда алғашқы реанимациялық көмек көрсету адам өмірін сақтауының жалғыз ғана әдісі болып табылады.

Жанталасу басындағы жағдай (симптомдар жиынтығы):

  • мәнгіру;

  • есі шатасқан;

  • артериальдық қысым 60 мм с.б. деңгейіне дейін және төмен кенеттен төмендейді;

  • шеткері артериальды тамыр соғудын толысуы (жіп тәрізді) азаяды және жиеленеді;

  • тыныс алуы жие, үстірт;

  • ентігу (тахипноэ – тыныс алуы жиі);

  • терісі және шырышты қабықтары бозарады, көгереді.


Өлім үстіндегі жағдайдағы үзіліс – бұл жанталасу басындағы жағдайдан жанталасу жағдайына көшетін жағдай. Соңғы өлім жағдайына қатты жиі дем алыстан кейін (тахипноэ) кенеттен дем алысы тоқталуымен сипатталады. Соңғы өлім жағдайындағы үзілістің ұзақтығы 5-10 секундттан 3-4 минутқа дейін тербеленеді.

Жанталасу жағдайы – тура өлім алдында болатын организмнің бейімделу реакциясынын және реактивті соңғы көрністерінін жиынтығы.

Жанталасу жағдайы (симптомдар жиынтығы):

  • тыныс алудың бұзылуы (Биот, Чейн-Стокс, Куссмауль тыныс алуы, гаспинг). Әрбір демді ішке алған сайын жаңа шыққалы жатқан зардап шегушінің басы артқа қарай шалқақтайды, ауаны жұтқандай болады (гаспинг);

  • ес түсі жоқ, барлық рефлекстері тежелген, көз қарашығы кеңейген;

  • жүректің жиырылуы жиеленеді;

  • артериальды қысым 20-40 мм с.б. деңгейіне дейін төмендейді;

  • шеткері артерияларда тамыр соғысы жоғалады және ірі артериялары кенеттен әлсірейді;

  • жалпы тонустық құрысу;

  • дене қызуы төмендейді;

  • еріксіз кіші және үлкен дәретке отыру.



Клиникалық өлім – бұл қайтарылатын жағдай организмнін бірнеше минут бойы (5-6 мин) өткізетін қалі, қан айналымының және тыныс алуының толық тоқтау жағдайында, бас миының үлкен жартышарысы қыртысының өткізетін уақытымен анықталады.

Зат алмасу процесінің сөнуі анықталған тізбектілікпен болады.

Тұп-тұра жүрек және өкпенің жұмысы тоқтаған соң, зат алмасу процессі қатты төмендейді, бірақта анайробты гликолиз механизмі нәтижесінде толық тоқталмайды.

Клиникалық өлімнің ұзақтығы – қан айналымы жоқ жағдайда толық өттегі жетіспеушілігінде бас миы жасушаларының қабілеттілігімен анықталады. Жүрек тоқтаған соң 5-6 минут аралығында бұл жасушылар өледіде, кенеттен есінен айырылады.


Клиникалық өлімінің белгілері:

  • есі болмайды;

  • тыныс алуы тоқтайды;

  • терісі бозарады, сұрланады және көгереді;

  • ірі артерияларда ұйқы және сан артерияларында тамыр соғуы болмайды;

  • көздің қарашығы ең үлкен кеңейді, жарыққа реакциясы болмайды;

  • рефлекстері толық болмайды.


Реанимация – бұл организмді тірілту, тіршілік маңызды қызметін қалпына келтіруге алдымен тыныс алу және қан айналуын, ұлпаларды жеткілікті мөлшерде өттегімен қамтамасыз етуге бағытталған.

  1. Тірілту бойынша шаралар кешіктірілмей басталуы қажет.

  2. Оқиға болған жерге қарамай бастапқы іс-әрекет аман алып қалу бойынша бірдей жүргізіледі, бұл жерде маңызды 2 міндетті әдісті орындау:

  • зардап шегушіні көлденен қатты жерге жатқызыңыз. Осы әдісті жұмсақ бетке орындау күткен әсерді бермейді, неге десең жұмсақ бетке құтқарушының қимылдауымен серіптіреді және жүректі қысу қажеттілігін жетуіне жолы болмайды;

  • кеуде торының алдынғы бетін жалаңаштаңыз, белдігін босатыңыз.

  1. Әрі қарай Питер Сафардың басшылығына сәйкес тірілту келесі кезеңдерден тұрады:

С ережесі. Жүрекке жасанды массаж жасау арқылы қан айналымын жасанды қолдау.

А ережесі. Жоғарғы тыныс жолдарының ерікті өткізгіштігін қамтамасыз ету.

В ережесі. «Ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» әдістері өкпенің вентиляциясы арқылы тыныс алуды қолдау.

С ережесі. Ересек адамдардың жүрегіне сырттай массаж жасау
Жүрекке массаж жасау жұмыс жасамайтын жүрек жағдайында қан айналымын қалпына келтіруге бағытталған. Төс пен омыртқа арасындағы жүректі дұрыс қысу нәтижесінде, оның қуысындағы қан, қан жүретін тамырларға итеріп шығарылады. Төске қысуды тоқтатқаннан кейін, кеуде торы иілмелі күшімен қайта жазылып және қан қайтадан жүректі толтырады.

Мақсаты: жүрек қызметін, қан айналымын қалпына келтіру.

Көрсеткіштері: клиникалық өлім.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Зардап шегушіні шалқасынан қатты жерге жатқызыңыз.

  2. Онын қысып тұрған киімін (көйлегін) шешіңіз, жүрек аймағын жалаңаштаңыз, белдікті босатыңыз.

  3. Реаниматор зардап шегушіден қырына тұрады.

  4. Зардап шегушінің кеуде торы жанынан тізелеп тұрып, төс сүйегінін төменгі үштен бір бөлігіне тіке ұстаған қолыңызды перпендикулярді қойыңыз.

  5. Өзіңіздің иығынызды оның төс сүйегіне паралельді орналастырыңыз.

  6. Төстін төменгі үштен бір бөлігіне бір алақанға екінші алақанды, саусақтарды сәл жоғары көтере отырып қойыңыз. Зардап шегушінің кеуде торына сауқсақтарыңыз жанаспау керек – қолдарыңыз «ұшып бара жатқан құстын қанатындай» қалыпта болады.

  7. Шынтақ буынынан қолыңызды толық түзетіңіз.

  8. Төс сүйегінін төменгі үшінші бөлігін дене салмағы күшін пайдалана отырып, оны 5-6 см омыртқаға қарай ығыстырып 0,5 секунд үзіліспен жігерлі, итеріп, қатты басыңыз.

  9. Үзілісте қолды төстен алмайды, саусақтары көтерінкі қалады, шынтақ буынынан қолдары толық түзетіледі.