Файл: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 805
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
қолды гигиеналық деңгейде жууға қажетті жағдай болмағанда, оларды антисептик көмегімен тазартуға болады; -
құрғақ қолдарға 3-5 мл антисептикалық затты жағып және оны қол терісіне кеуіп кеткенше ысқылаңыз. Қолды тазартканнан кейін сүртудің қажеті жоқ! Сонымен қатар әсер ету уақытын сақтау маңызды – қолдар антисептикпен 15 секундтан кем емес уақыт ылғалды болып тұруы керек; -
тері бетін тазартқанда «тазадан ласқа» принципі сақталады; -
жуылған қолды басқа заттарға тигізуге болмайды.
3.Қолды антисептикпен тазарту
Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқасқа және медициналық қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Көрсеткіштері: иньекция, операция, катетерлеу жасар алдында.
Қарсы көрсеткіштері: қолда және денеде іріндердің, теріде сызаттың және жарақаттың, тері ауруларының болуы.
Құрал-жабдықтар: тері антисептик немесе 70% этил спитр, залалсыздандырылған мақта шариктері, қалдықтарды қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнер (ҚЖКЖК)
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Қолыңызға гигиеналық деңгейде тазарту жүргізіңіз (стандартты қара). -
Қолыңызды спиртпен ылғалдандырылған мақта шариктерімен тазартыңыз: тырнақ ұясын, тырнақ жастықшаларын айналмалы қозғалыспен, саусақтардың ішкі беттерін жоғарыдан төмен қарай қимылмен, сосын қолдың алақан бөлігін. -
Қолданылған мақта шариктерін ҚЖКЖК-ға салыңыз.
-
Залалсыздандырылған қолғапты кию
Мақсаты: науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
-
Науқастармен немесе олардың бөліністерімен жанасқанда қолғап кәсіптік жұқтырудың қауіп-қатерін төмендетеді. -
Қолғап транзиторлы қоздырғыштармен қызметкерлердің қолының ластану қауіп-қатерін және кейіннен олардың науқастарға таралуын төмендетеді. -
Қолғап медицина қызметкерлерінің қолының резиденттік флорасының бір бөлігі болып табылатын микробтарды науқастарға жұқтыру қауіп-қатерін төмендетеді.
Көрсеткіштері: инвазивті емшараларды орындағанда, кез келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, науқастың және медициналық қызметкерлердің терісінің бүтіндігі бұзылғанда, эндоскопиялық зерттеулер және манипуляциялар кезінде, клинико-диагностикалық, бактериологиялық зертханаларда науқастардан алынған материалдармен жұмыс істегенде, инъекциялар жасағанда, науқасты күту кезінде.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған ораудағы қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, антисептикпен қолыңызды өңдеңіз. -
Залалсыздандырылған қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін жазамыз. -
Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолдың 1,2-ші саусақтарымен алыңыз.
Саусақтарыңыз қолғаптың кайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек.
-
Оң қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз. -
Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз. -
Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргізіңіз,
киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы, сол жақ қолғаптың 1-ші саусағы жағына
бағытталған болуы керек.
-
Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік ұстаңыз. -
Сол қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз. -
Сол қолдың саүсақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз. -
Сол қолғаптың қайырмасын жазыңыз, оны жеңге қарай тартып, сосын оң жаққа 2-ші және
3-ші саусақтар көмегімен қолғаптын бүгілген шетінің астына қарай тартыңыз.
Ескерту: егер бір қолғаптың бүтіндігі бұзылса, онда екі қолғапты да ауыстыру қажет, өйткені бір қолғапты екінші қолғапты ластамай шешу мүмкін емес.
-
Қолғапты шешу
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Оң қолдың саусақтарымен сол қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса отырып
қайырма жасаңыз.
-
Сол қолдың саусақтарымен оң қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса отырып
қайырма жасаңыз.
-
Сол қолдағы қолғапты, оны теріс айналдыра отырып, шешіңіз. -
Сол қолдан шешкен қолғапты оң қолмен қайырмасынан ұстаңыз. -
Сол қолмен оң қолдың қолғабын қайырмасының ішкі жағынан ұстаңыз. -
Оң қолдағы қолғапты, оны теріс айналдыра отырып, шешіңіз. -
Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) ҚЖКЖК -ға салыңыз.
Ескерту: бір рет қолданылатын қолғап зарарсыздандырудан кейін жойылады, ал көп рет қолданылатын қолғаптар медицинада қолданылатын бұымдардан өңделеді
-
Хлорамин ерітіндісін даярлау
Мақсаты: аурухана ішілік жұқпалы аурулардың алдын алу.
Көрсеткіштері: санитарлы-эпидемиологиялық тәртіпті сақтау бойынша директивті құжаттарға сәйкес, бөлмені, жиһазды және күтім заттарын, медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін қолдану.
Құрал-жабдықтар: құрғақ ұнтақ хлорамин, таңбаланған эмальды ыдыс қақпағымен, жылы су, ағаш қалақша, резеңке қолғап, бет перде, алжапқыш, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Өзіңізге бет перде, алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз. -
Ыдысқа азырақ мөлшерде суды құйыңыз. -
Ыдысқа өлшенген құрғак хлорамин ұнтағын салыңыз (жұмысшы ерітіндідегі белсенді хлор қоюлық дәріжесіне сәйкес). -
Суды үстінен құйыңыз (жұмысшы ерітіндіні даярлауға қажетті). -
Ағаш қалақшамен ерітіндіні толық ергенге дейін араластырыңыз. -
Даярланған хлорамин ерітіндісі бар ыдысты қақпақпен жабыңыз. -
Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты және бирканы (таңба салатын клеенканы) таңбалаңыз, қоюлық дәрежесін, ерітіндінің атын, ерітіндіні даярлағанның аты -
жөнін, биркаға ерітіндінің даярлаған уақытын көрсетіңіз. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа бирканы бекітіңіз. -
Бет пердесін, алжапқышты, қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
-
Хлорамин ерітіндісін тұп-тура қолданар алдында даярлаңыз. -
Хлорамин ерітіндісі науқастардың қол жетпейтін, қараңғы, салқын жерде тәулік бойы саңлаусыз жабық ыдыста сақталады. -
Зарарсыздандыру ерітінділерін даярлағанда қауіпсіздік техникасын сақтаңыз.
-
Хлорамин ерітінділерін даярлау
Ерітіндідегі хлораминнің қоюлық дәрежесі (%) | Жұмысшы ерітінділерді даярлауға қажетті компоненттердің мөлшері | |||
1 л-ге | 10 л-ге | |||
Хлораминнің мөлшері (г) | Судың мөлшері (мл) | Хлораминнің мөлшері (г) | Судың мөлшері (л) | |
0,5 | 5 | 995 | 50 | 9,95 |
1 | 10 | 990 | 100 | 9,9 |
2 | 20 | 980 | 200 | 9,8 |
3 | 30 | 970 | 300 | 9,7 |
5 | 50 | 950 | 500 | 9,5 |
-
5% гипохлорит кальций негізгі (маточный)
ерітіндісін даярлау
Мақсаты: аурахана ішілік жұқпалы аурудың алдын алу.
Көрсеткіштері: санитарлы эпидемиологиялық тәртіпті сақтау бойынша директивті құжаттарға сәйкес күтім заттарын, медицинада тағайындалған заттарды зарарсыздандыру үшін қолданылады.
Құрал-жабдықтар: 0,5 кг кальций гипохлориті (құрғақ), 10 л эмальды ыдыс қақпағы бар, 10 л суды, ағаш қалақша, қолғап, алжапқыш, респиратор, халат, белсенді хлор барлығын есептейтін кесте, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Өзіңізге қосымша халатты, алжапқышты, респираторды, резеңке қолғапты киініз. -
Ыдысқа 0,5 кг гипохлорит кальцийді салып, оны 10 л салқын сумен ерітіңіз (гипохлорит кальцийге аз мөлшерде су қосып, агаш қалақшамен араластырып бір қалыпты қоюланған соң, қалған мөлшердегі суды 10 л көлеміне дейін қосыңыз), қақпағын жабыңыз. -
Ыдыстағы қоспаны 30 минуттай тұндырыңыз. -
Ыдыстағы зарарсыздандыру ерітіндісін белгілеңіз, оның қоюлық дәрежесін және ерітіндінің атың көрсетіңіз, таңбаға даярланған күнін, ерітіндіні даярлаған сағатын, осы ерітіндіні даярлған адамның аты-жөнін жазыңыз. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа таңбаны іліңіз.
Ескерту:
-
ерітінді 30 минуттан кейін қолдануға дайын. Дұрыс сақталғанда 7-10 күн бойы пайдалануға жарамды. Ерітінді салқын, науқастын қолы жетпейтін қоңыр жерде саңылаусыз жабылған ыдыста сакталады; -
негізгі гипохлорит кальций ерітіндісін даярлағанда құрғақ заттың құрамындағы белсенді хлордың пайызын есептеу қажет.
-
Гипохлорит кальцийдің жұмысшы ерітінділерін даярлау
Жұмысшы ерітінділердегі гипохлорит кальцийдің қоюлық дәрежесі (%) | Жұмысшы ерітінділерді даярлауға қажет компоненттердің мөлшері | |||
10 л-ге | 1 л-ге | |||
Негізгі 5% ерітінді (л) | Судың мөлшері (л) | Негізгі 5% ерітінді (мл) | Судың мөлшері (мл) | |
0,25 | 0,5 | 9,5 | 50 | 950 |
0,5 | 1 | 9,0 | 100 | 900 |
1 | 2 | 8,0 | 200 | 800 |
1,5 | 3 | 7,0 | 300 | 700 |
-
Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту кезеңдері
(ҚР ДСМ №127 2015 жылғы 24 ақпандағы бұйрығы.)
Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту – зарарсыздандыру, залалсыздандыру алдындағы тазарту және залалсыздандыру жолы арқылы жүзеге асырылады.
Зарарсыздандыру- инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені.
Жара беттеріне жанаспаған, терінің және шырышты қабықтың бетін бұзбаған, қан қүюға қолданбаған және инъекциялық дәрілерді пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілмеген медицинада тағайындалған бұйымдар ғана зарарсыздандырылады. Кейіннен олар ағынды құбыр суында жуылады және таза зарарсыздандырылған жабылатын ыдыстарда белгіге сәйкес сақталады.