Файл: Оундірістік тжірибеден ту туралы кнделік есеп Білім алушы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 77

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Көбірек гипертермиялық синдромы бар балаларда қан айналысының бұзылысы білінеді: қан қысымының төмендеуі, тахикардия, шеткі қан тамырларының спазмы және с.с.
Шұғыл көмек
- баланы төсекке жатқызу;
- денесін қысқан киімнен босату;
- таза ауа келуін қамтамасыз ету;
- қалтырап-дірілдеуде, баланың қол-аяғы мұздағанда жылыту, қымтау, аяғына жылытқыш қою.
Температура көрсеткіштеріне байланысты шаралар:
- 37-37,5оС – көбірек су ішу;
- 37,5-38оС – физикалық салқындатуды жүргізу: баланың денесін жалаңаштау, терісін спиртпен немесе асханалық сірке сумен сүрту, шап аймағына, бауыр тұсына салқын қою, желдеткішті қосу, асқазанын және ішегін бөлме температурасындағы сумен жуу;
- 38-38,5ос-де ішуге панадол, парацетамол беру, ыстық түсіргіш шырағдан қою (“Цефекон”, “Эффералган”);
- “Жедел жәрдем” шақыру.     

Ми қан тамырларының аурулары Ми қан айналымының бұзылуы жиі кездесетін аурулар тобына жатады. Ол өлімнің және ауыр мүгедектіктің себептері болып табылады. Этиологиясы. Ми қан айналымының бұзылуына себепші аурулар : Атеросклероз Гипертониялық ауру Атеросклерозбан гипертониялық аурудың бірге кездесуі Артериялық гипертензиялар (феохромоцитома, бүйрек аурулары) Аневризмалар және ми қан тамырларының басқа аномалиялары Жүрек аурулары (ревматизм, аритмия т.б.) Мойын остеохондрозы Қан аурулары (эритермия, лейкоздар т.б.) Васкулиттер (инфекциялы – аллергиялы, мерезді, ревматикалық) Жүйелі тамыр аурулары (тромбоангит, түйінді периартерит) Интоксикациялар (экзогенді және эндогенді) Магистральды тамырлардың мойында зақымдалуы Ісіктер

Алгоритмы для распознавания инсульта неспециалистами

Алгоритм УДАР:

 Буква У – означает Улыбка, она кривая, несимметричная; Д — Движение,  попросите поднять одновременно вверх обе руки, обе ноги — одна из парных конечностей будет подниматься медленнее и ниже; А — Артикуляция,  попросите произнести слово «артикуляция» или несколько фраз — при инсульте дикция нарушается, речь звучит заторможено или просто странно;буква Р— означает Решение, если вы обнаружили нарушения хотя бы в одном из пунктов (по сравнению с нормальным состоянием) — пора принимать решение и звонить в скорую помощь.



 Алгоритм  FAST:


 Буква означает —Face (лицо), слабость мышц лица или чувство онемения,  (просим улыбнуться – видим асимметрию),  А —Arm (рука и/или нога), слабость или чувство онемения, обычно с одной стороны (просим поднять руки/ноги), S —Speech (речь), нарушения речи и T —Time (время) -необходимость срочного вызова «скорой помощи».




Инсульттерді емдеу принциптері. Тыныштық Ажыратылмаған ем шаралары: Тыныс алу ағзаларының қызметін жақсарту, өкпенің төменгі жағының қабынуынынң алдын алу; Жүрек – қан тамырлар жүйесінің қызметін қалыпқа келтіру (қан қысымы, жүрек қағысының ырғағы, жүрек қағысының күшінің төмендеуі ); Мидың ісініп. Сусызданудың алдын алуы (дегидратация ); Метаболизмнің бұзылуларына жол бермеу (ацидоз т.б.); Ажыратылған ем шаралар: Геморрагиялық инсульт: Фибринолиздің ингибиторлары, протеолиздік ферментттер; Қан тоқтаттқыш дәрілер (викасол, кальций, витами «С», аминокапрон қышқылы ); Гипотензивті препараттар Дегидратация Хирургиялық ем Ишемиялық инсульт: Вазоактивті препараттар (кавиннтон, эуфилин, актовегин т.б.) Антиагреганттар (курнтил, асппирин, трентал т.б.) Антикоагулянттар Тромболиздік препарттар Антигипоксанттар Гемодилюция(реополиглюкон, глюкоза, реоглюман) Кардиотониктер Метаболиктер (пирацетам, ноотропин, церебролизин) ГБО Хирургиялық емдеу.

Білім алушының қолы __________________

2020ж. “____”_____________

__________________________________________________________________

( кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі)

2020ж. “___”_____________

2. Білім алушының мадақтамалары мен жазалары

__________________________________________________________________

3.Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары

__________________________________________________________________

Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы

_____________________

2020ж. “____”_____________

Техникалық және кәсіптік, орта

білімнен кейінгі білім беру

ұйымдары үшін кәсіптік

практиканы ұйымдастыру мен

өткізу қағидаларын және

практика базалары ретінде

кәсіпорындары (ұйымдарды)

айқындау қағидаларына
Оқу-өндірістік тәжірибеден өту туралы күнделік – есеп

Білім алушы ФИО

06.01..2020

Р/с №

Оқу-өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) Жұмыстарының атауы

Оқу-өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау (оқыту) мерзімдері

Оқу-өндірістік практика жетекшісінің қолы

Басталуы

аяқталуы

1

Қарапайым реанимациялық шара жасау (жүрек өкпе-реанимациясы)

8:30

10:45







Практика уақытында Қарапайым реанимациялықшара жасау кезіңдегі көмек анықтау кезіңде алғашқы көмек көрсетуді үйрендім.

Реанимация – бұл организмді тірілту, тіршілік маңызды қызметін қалпына келтіруге алдымен тыныс алу және қан айналуын, ұлпаларды жеткілікті мөлшерде оттегімен қамтамасыз етуге бағытталған.

1. Тірілту бойынша шаралар кешіктірілмей басталуы қажет.

2. Оқиға болған жерге қарамай бастапқы іс әрекет аман алып қалу бойынша бірдей жүргізіледі, бұл жерде маңызды 2 міндетті әдісті орындау :

- Зардап шегушіні көлденең қатты жерге жатқызыңыз. Осы әдісті жұмсақ бетке орындау күткен әсерді бермейді, өйткені жұмсақ бет құтқарушының қимылдауымен серпіліп, жүректі қажетті қысуға мүмкіндік бермейді;

- Кеуде торының алдыңғы берін жалаңаштаңыз, белдігін босатыңыз.

3. Әрі қарай Питер Сафардың басшылығына сәйкес тірілту келесі кезеңдерден тұрады :

А ережесі. Жоғарғы тыныс жолдарының ерікті өткізгіштігін қамтамасыз ету.

В ережесі. «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға » әдістері өкпенің жасанды вентиляциясы арқылы тыныс алуды жасанды қолдау.

С ережесі. Жүрекке массаж жасау арқылы қан айналымын жасанды қолдау.

А ЕРЕЖЕСІ. Науқасқа тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету

Бұл алғашқы реанимациялық шара, көбінесе барлық жүрек-өкпе жетістігін қамтамасыз етеді.

Тілдің артқа қарай түсіп кетуі, бөгде заттармен бітелуі – тыныс алу өткізгіштігінің бұзылу себептері болады. Ең жиі себеп – науқастың ес түссіз жағдайына жұтқыншақтың артқы қабырғасына қарай тіл түсіп кетеді. Осы жағдайда төменгі жақ сүйек пен мойын бұлшық еттерінің жиырылу қабілеті жоғалып, жұтқыншақтың артқы қабырғасына тілдің түбірін көтереді. Тіл өзінің ауырлығымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына түседі және дем алған уақытында қақпаша сияқты ауаны өткізбеуі мүмкін.

Зардап шегушінің ауыз қуысын қарау.

Ауыз қуысында бөгде заттар (қан, шырын, құсық қоспасы, тамақ қалдықтары және т.б.) болса, онда ауыз қуысын және жұтқыншақты тазарту (босату) қажет:

- Зардап шегушінің басын оң жақ қырына бұрыңыз, сол қолдың үлкен саусақпен төменгі алдыңғы тістерді, ал 2(сұқ) саусақпен жоғары тістерді басыңыз;

- Аузын ашыңыз;

- Алмалы салмалы тістерін алыңыз;

- Оң қолдың 2 (сұқ) және 3 (ортаңғы) саусақтарын алдын ала орамалмен, сүткілермен немесе басқа матамен орап алып (бұл жоғарғы тыныс жолдарының толық ашылуына себепкер болады) немесе электросорғыш көмегімен ауыз қуысын мұқият түрде тазартыңыз;


- Зардап шегушінің өкпесіне 3-5 дем беруді жасап, кеуде торы экскурсиясы бойынша тыныс жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.

ІІ. САФАРДЫҢ ҮШ ҚҰРАМДЫ ӘДІСІ

Іс-әрекет алгоритмі :

1. Басты шалқайту : тыныс жолдарын түзету үшін – реаниматор бір қолын зардап шегушінің маңдайына қойып, басын толық артына қарай шалқайғанша алақанымен басады, ал екінші қолымен мойнын артынан көтереді.

2. Төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжыту: тілдің артқа қарай түспеуін алдын алу үшін – саусақтардың ұштарын иек астына орналастырып, көтеріңіз, жоғарғы және төменгі тістер сәйкестендірілулері керек. 1-ші саусақты алдыңғы тістердің негізінен төмен ұстаңыз, 2-ші саусақ иек асты аймағынан, 3-5 саусақтармен төменгі жақ сүйегін бекітіңіз. Төменгі жақты төмен ығыстырып алдына қарай жылжытыңыз. Екінші қолдың алақаны зардап шегушінің маңдайында тұрады.

3. Ауызды ашыңыз: зардап шегушінің тыныс жолдарына ауаны үрлеу үшін.

Барлық бұл әдістер ауыз қуысының түбіндегі бұлшық еттің тартылуын қамтамасыз етеді, соның есебінен тіл бекітіліп, артқа қарай кетпейді.

В ЕРЕЖЕСІ. Өкпенің жасанды вентиляциясы

Өкпеге жасанды вентиляцияны жүргізгенде келесі ережелерді сақтайды:

1. Зардап шегушінің өкпесі мен реаниматордың өкпесі жүйелеріне саңылаусыздықты қамтамасыз ету қажет.

2. Вентиляцияның адекваттылығын тұрақты бақылау, кеуде торының дем алуда көтерілуін және дем шығаруды түсуін бақылау, немесе өкпеден дем шығарғандағы ауаның қозғалуын қабілетті естушілікпен қабылдау.

3. Есіңізде болсын, вентиляция тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз еткенде болады

Өкпенің жасанды вентиляциясын «ауыздан-ауызға» жасау әдісі.

Мақсаты: құтқарушыдан (реаниматордан) деммен шығатын ауаны зардап шегушінің өкпесіне енгізу.

Қолдану көрсетілімдері : клиникалық өлім (П. Сафардың үш құрамды әдісін қараңыз).

Іс – әрекет алгоритмі:

- Бір қолдың алақыны қырымен маңдайын баса отырып, зардап шегушінің басын шалқайтылған қалыпта ұстаңыз;

- Осы қолдың үлкен (І)және сұқ (ІІ) саусақтарымен зардап шегушінің мұрнын қысыңыз;

- Екінші қолыңызбен иекті басыңыз, зардап шегушінің аузы ашылады, аузына орамалды немесе салфетканы жабыңыз;

- Терең демді ішке алыңыз, өзіңіздің ерініңізбен зардап шегушінің еріндерін тығыз және саңылаусыз қамтып алыңыз, салфетка арқылы өз өкпеңіздегі барлық ауаны зардап шегушінің тыныс жолдарына жігерлі үрлеңіз, сонан соң өзінің басын қырына бұрады, аузынан алғанда пассивті дем шығарылуы болады. Кеуде торы көтерілуі қажет. Келесі демді ішке алуды зардап шегушіге кеуде торы түскенде және алғашқы қалыпқа келгенде жасайды


Өкпенің жасанды вентиляциясын «ауыздан-мұрынға»

жасау әдісі

- Зардап шегушінің маңдайындағы қолыңызбен, басты артқа қарай шалқайтыңыз, ал екінші қолмен төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжытып иекті тартыңыз зардап шегушінің аузы жабылады;

- Терең демді ішке алып, зардап шегушінің мұрнын еріндермен қамтып, демді шығарыңыз.

Ересек адамдарға өкпенің жасанды вентиляциясы минутына 12 рет дем алу жиілігімен жасалады, ерікті дем алу пайда болғанша немесе «жедел жәрдем беру машинасы» келгенше немесе биологиялық өлімнің белгілері көрінгенше зардап шегушінің өкпесіне әрбір 5 секунд сайын үрлеу жасау керек.

С ЕРЕЖЕСІ. Ересек адамдардың жүрегіне сырттай массаж жасау

Жүрекке массаж жасау жұмыс жасамайтын жүрек жағдайында қан айналымын қалпына келтіруге бағытталған. Төс пен омыртқа арасындағы жүректі дұрыс қысу нәтижесінде, оның қуысындағы қан қан жүретін тамырларға итеріліп шығарылады. Төске қысуды тоқтатқаннан кейін, кеуде торы иілмелі күшімен қайта жазылып және қан қайтадан жүректі толтырады.

Мақсаты : жүрек қызметін, қан айналымын қалпына келтіру.

Қолдану көрсетілімдері : клиникалық өлім.

Іс – әрекет алгоритмі :

1. Зардап шегушіні шалқасынан қатты жерге жатқызыңыз.

2. Оның қысып тұрғанкиімін (көйлегін) шешіңіз, жүрек аймағын жалаңаштаңыз, белдікті босатыңыз.

3. Реаниматор зардап шегушіден қырына тұрады.

4. Зардап шегушінің кеуде торы жағынан тізелеп тұрып, төс сүйегінің төменгі үштен бір бөлігіне тіке ұстаған қолыңызды пенпендикулярлы қойыңыз.

5. Өзіңіздің иығыңызды оның төс сүйегіне паралельді орналастырыңыз.

6. Төстің төменгі үштен бір бөлігіне бір алақанға екінші алақанды, саусақтарды сәл жоғары көтере отырып қойыңыз. Зардап шегушінің кеуде торына саусақтарыңыз жанаспау керек – қолдарыңыз «ұшып бара жатқан құстың қанатындай» қалыпта болады.

7. Шынтақ буынынан қолыңызды толық түзетіңіз.

8. Төс сүйегінің төменгі үшінші бөлігін дене салмағының күшін пайдалана отырып, 5-6 см омыртқаға қарай ығыстырып 0,5 секунд үзіліспен жігерлі, итеріп, қатты басыңыз.

9. Үзілісте қолды төстен алмайды, саусақтары көтеріңуі қалады, шынтақ буынынан қолдары толық түзетіледі.

Есте сақтаңыз ! кеуде торын қысу, оның толық тоқтауымен алмасуы қажет, жүрек қанмен толуы қажет. Ересек адамдарда қысу жиілігі минутына 60-80 соққы құрастырады.