Файл: азастан Республикасыны 2025 жыла дейінгі Стратегиялы даму жоспары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 284
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сонымен бірге медициналық жұмыскерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін кәсіби тәуекелдерді басқарудың құрамдасы ретінде медициналық көмек көрсету практикасымен интеграциялау бойынша мәселені пысықтау жоспарлануда.
Дәрі-дәрмек саясатын жетілдіру
Сыртқы және ішкі референттік баға белгілеу негізіндегі үздік халықаралық тәжірибені пайдалана отырып дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеуді жақсарту, дәрі-дәрмекті сатып алу жүйесін жоспарлауды жетілдіру және оларды ұтымды пайдалану арқылы мемлекеттік шығындардың өсуін болдырмау үшін тиімді тетіктер енгізілетін болады.
Сапалы, қауіпсіз және тиімді дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету тиісті фармацевтикалық практикалар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасын және тиімділігін қамтамасыз ету жүйесі бойынша фармацевтикалық инспекторат пен фармацевтикалық инспекцияны жетілдіру, медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігін фармакалогиялық қадағалау және мониторингтеу, медициналық өнімдерді қадағалау жүйесін енгізу арқылы жүзеге асырылады.
3-міндет. Тұрғын үйге қолжетімділікті және инфрақұрылымының жайлылығын арттыру
Тұрғын үй саясаты жер учаскелерін инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және азаматтарға жеке тұрғын үйлерді салуға осы жер учаскелерін бөлу арқылы жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталатын болады.
Жылына 40 мыңнан астам жер учаскелерін инженерлік желілермен жыл сайын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Пилоттық жоба шеңберінде облыс орталықтарында, моно және шағын қалаларда негізінен отандық құрылыс материалдарын қолдана отырып (90%-ға дейін), бірыңғай сәулеттік стильде аз қабатты жеке тұрғын үйлер салынады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары мен әкімдіктердің кезекте тұрғандарға кредиттік тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту үшін бұрын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен бөлінген қаражат тартылатын болады. Тартылған қаражат «револьверлік» негізде тұрғын үй жинақ жүйесіне қатысушылардың тұрғын үйді сатып алуы есебінен кері қайтады. 2025 жылдың соңына дейін
8,5 млн шаршы метр кредиттік тұрғын үй енгізіледі, бұл 120 мыңнан астам азаматты тұрғын үймен қамтамасыз ететін болады.
Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үй мәселелерін шешу үшін сатып алу құқығынсыз тұрғын үйді жалға алу құралы пайдаланылады. Осы мақсатта жыл сайын шамамен 3 мыңға жуық пәтер салынады.
Жалпы 2022 жылға қарай 53 млн шаршы метр, 2025 жылға дейін –
96,5 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 900 мыңнан астам пәтер салу жоспарлануда.
Бұл шаралар қазақстандықтардың тұрғын үймен 2030 жылы бір тұрғынға 21,6 ш.м-ден 30 ш.м-ге дейін қамтамасыз етілуін арттырады.
Тұрғын үй-коммуналдық саладағы саясат сапалы коммуналдық қызметтерді үздіксіз беруді қамтамасыз етуге, басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға, энергияны үнемдейтін және ресурс үнемдеуші технологияларды пайдалануға бағытталатын болады. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту негізінен МЖӘ негізінде жүзеге асырылатын болады.
Пәтер иелері мен басқару органдарының өзара іс-қимылы мен жауапкершілігін бөлудің оңтайлы тетіктері айқындалады, коммуналдық инфрақұрылым секторында объектілерді жаңғырту, трансферттер мен инновациялық технологиялар бойынша жұмыс жалғасады.
Сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында сектордың ашықтығын, ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету, тарифтерді қалыптастыру жүйесін жетілдіру бойынша жүйелі шаралар қабылданатын болады.
Цифрландыру шеңберінде саланың ашықтығын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының субъектілерін толық қамтуды қамтамасыз ететін бірыңғай деректер базасы енгізілетін болады.
Ғимараттарды жобалауға, ғимараттарды жоспарлауға, құрылыс әдістеріне және қазіргі заманғы материалдарға жаңа тәсілдерді қолдануға, сондай-ақ қолданыстағы үйлер мен инфрақұрылымдарды зияткерлік басқару жүйелерімен жабдықтауға ықпал ететін ғимараттардың сапасына, экология және энергия тиімділігіне қойылатын талаптар арттырылатын болады. Құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар әлемдік тәжірибені есепке ала отырып тұрақты негізде жаңартылып отырады. Бұл тұрғындар үшін тұрғын үйдің жайлылығын арттырады және электр энергиясының, жылудың және судың құнын төмендетеді.
6-саясат. «Жасыл» экономика және қоршаған ортаны қорғау
Саясаттың мәні: «Жасыл» экономика және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат су мен жер ресурстарының сапасын, ауа сапасын жақсартуға, баламалы энергия көздерін дамытуға, климаттың өзгеруіне бейімделуге, сондай-ақ экономиканың декарбонизациясы және энергия тиімділігін арттыруға бағдарланған. Негізгі нәтиже халықтың өмір сүру сапасының, экологиялық қауіпсіздіктің өсуі, экологиялық тәуекелдер мен экологиялық тапшылықты төмендету, орнықты даму мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру болады.
1-міндет.
Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу
Қазақстанның климаттың өзгеруі туралы Париж келісімін іске асыруы және ЭКСПО базасында «Жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығын құру бойынша қолға алған шаралары елдің «жасыл» экономикаға көшуі үшін мәнді қадамдар болады.
«Жасыл» экономикаға жататын анықтамаларды кеңейтумен қатар «Жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасы да Париж келісіміне сәйкестендіріледі. «Жасыл» экономиканы дамыту бағыттары климаттың өзгеруін болдырмауға және парниктік газдар шығарындыларын жасыл технологияларды қолдану арқылы азайту жөніндегі қабылданған міндеттемелерге қол жеткізуге бейімделуге ықпал етеді.
2-міндет. Қаржыландыру көздерін анықтау, «жасыл» қаржыны және инвестицияларды тартуды есепке алу
«Жасыл» технологияларды қаржыландыру үшін халықаралық қорлар мен жеке инвестициялар, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер пайдаланылатын болады.
Инвестициялар 124 елдің үкіметінің бастамасы бойынша құрылған «Жасыл климаттық қор» шеңберінде дамушы елдерде парниктік газ шығарындыларын шектеу және азайту мақсатында, сондай-ақ климаттың өзгеру салдарына бейімделуге көмектесу үшін бөлінеді.
Мемлекеттік қаражат МЖӘ жобалары шеңберінде бөлінеді. Бұл ретте қаржы ресурстарын жоспарлау жылдам және икемді түрде жүргізіледі, себебі жасыл технологиялар үнемі жетілдірілуде және өндіріс процестер тез арзандауда. Осыған байланысты «жасыл» экономикаға көшуге жұмсалатын қаражаттарды одан әрі жоспарлау және есепке алу үшін қолданылатын жоба технологияларын бағалау үшін айқын өлшемшарттар айқындалады.
Шығарындыларға квоталар саудасы нарығын дамыту бойынша жұмыс жалғасады және оны шетелдік нарықпен интеграциялау үшін шаралар қабылданатын болады.
Бұдан басқа, Қазақстан АХҚО инфрақұрылымы және құрылып жатқан «Жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы базасында «жасыл» қаражат саласындағы өңірлік көшбасшы болуға ниетті.
3-міндет. «Жасыл» технологияларға инвестицияларды ынталандыру
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді экологиялық таза өндіруге, булы газ шығарындыларын азайтуға, сондай-ақ климаттың өзгеруіне төзімді технологияларды қолдануға инновацияларды және инвестицияларды ынталандыру және көтермелеу жалғастырылады.
Осы мақсатта тарифтерді белгілеу бөлігінде қолданыстағы заңнама жетілдіріледі және өндірісті жаңғырту, инновациялық технологияларды енгізу, ғылым мен өндірістің өзара іс-қимылы арқылы энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша шараларды іске асыру жалғастырылады.
4-міндет. Экономиканы декарбондау
Дамытудың осы бағыты бойынша «жасыл» инвестициялық жобаларды ішкі, сол сияқты халықаралық көздерден іске асыру үшін мемлекеттік және жеке қаржы ресурстарын жұмылдыру арттырылады.
Экономиканы декарбондау бойынша нақты шаралар әзірлеу мақсатында көмірқышқыл газы шығарындыларының қоршаған орта жағдайына, бизнес жүргізу жағдайларына, өмір сүру сапасына, азаматтардың денсаулығы мен өнімділігіне экономикалық әсерін кешенді бағалау және бағдарламалық салалық құжаттарда есепке алу жүргізіледі.
Өңірлерді одан әрі газдандыру бойынша жұмыстармен қатар, көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциялары жаңғырту және газды пайдалануға көшу ынталандырылатын болады.
5-міндет. Су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру мен қорғау
Елдің су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру және қорғау үшін ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және коммуналдық секторда су үнемдеу бойынша жүйелі шаралар әзірленеді және енгізіледі.
Ауыл шаруашылығында жалпы су тұтынуды төмендету; қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын енгізу; жабық топырақты аудандардың үлесін ұлғайту; ірі инфрақұрылымдық объектілерін – каналдарды, су қоймаларын қалпына келтіру, оларды ұстап тұру үшін меншік құқықтары мен жауапкершілікті анықтау бойынша шаралар жалғастырылатын болады.
Тұрақты және жайылма суарылатын сұранысқа ие жерлерді суару суымен қамтамасыз ету үшін ирригациялық және дренаждық желілерді қалпына келтіру жалғастырылады. Су ресурстарын мониторингтеу, оларды болжамдау және тиісінше бақылауды қамтамасыз ете отырып, басқару және суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін және мелиорациялық іс-шаралардың орындалуын мониторингтеу жүйесін жетілдіру жоспарлануда. Су ресурстары тапшылығын ұлттық, сол сияқты өңірлік деңгейде қысқарту үшін трансшекаралық су ресурстары суларын бөлу, жерасты суларын пайдалану, жаңа инфрақұрылым салу, су объектілерінің су жинау алаңдарының ормандылығын ұлғайту және табиғат қорғау мақсатындағы су жіберуді жүзеге асыру бойынша шаралар қабылданатын болады.
Өнеркәсіптегі су ресурстарын тиімді пайдалану саясатының негізгі бағыттары энергетика, өндіру және металлургия салаларында суды үнемдеу, ағынды суларды қайта пайдалану және айналмалы сумен жабдықтау технологияларын енгізу есебінен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда суды пайдалануды жалпы төмендету; жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін суды жинау және тазалау стандарттарын еуропалық деңгейге дейін көтеру болады.
Коммуналдық шаруашылықта тұрмыстық техника мен сантехникаға арналған суды үнемдеу стандарттарын жетілдіру; су тасқыны ағындарын тежеу және жыл бойы өзгермелілікті өтеу үшін су қоймалары мен резервуарларды салу; су ресурстары мол бассейндер, сондай-ақ қазіргі кезде қолжетімді емес ресурстар есебінен тапшылығы бар жерлерді қамтамасыз ету үшін су таратқыш және каналдарды салу; ағынды суларды тазарту станцияларын және тұзды және тұздылау су тазарту қондырғыларын салу; бассейндік жүйелерді қалпына келтіруге, орман отырғызуға, арналарды қалпына келтіруге, қалдық тұнбаларды тазалауды қоса алғандағы кешенді тәсілдер бойынша шаралар жалғастырылатын болады.
Үкімет суды тұтынуға теріс әсер ететін және бюджетке елеулі ауыртпалық салатын мемлекеттік қолдау түрлерін реформалайды, сондай-ақ су шаруашылығының, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздіктің барынша жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін көпмақсатты су инфрақұрылымдарының үлесі арттырылады.
Трансшекаралық өзендердің су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану үшін Орталық Азия, Қытай және Ресей елдерімен гидрологиялық және гидрохимиялық ақпаратты бірлесіп іріктеу және алмасу үшін ынтымақтастық орнатылады. Үкімет жоғарыда аталған елдермен ҚР аумағын су ресурстарының жеткілікті көлемімен және сапасымен қамтамасыз ету бойынша екіжақты және көпжақты халықаралық құқықтық құжаттарды жасасу бойынша жұмыстар жүргізетін болады.
Жердің шөлейттенуіне қарсы күрес жалғасатын болады. Жер ресурстарын жүйелі түрде бағалау және түгендеу жүргізіледі, жер ресурстарының сапасын сақтауға және қалпына келтіруге ынталандыратын жерді пайдаланудың экономикалық тетіктері енгізіледі, шөлейттену процесін тоқтату бойынша жұмыстар іске асырылатын болады.