ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 188
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3. Оқулықтардан бір тақырыпты алып, оған қандай дайындық жұмысын жүргізуге болатынын белгілеңіз. Әңгімелесу сұрақтарын жасаңыз, көрнекі құралдар қарастырыңыз.
4. Оқу сабақтарындағы сөздік жұмысының негізгі қағидалары қандай?
5. ІІ сыныптың оқу кітабынан кез келген бір бөлім бойынша жаңа сөздерді теріп алып, олардың ішінде бес-алтауына түсінік жазыңыз.
6. ІІІ сыныптың оқу кітабынан бір шығарманың тіліне талдау жасаңыз: қандай сөздерді оқуға дайындық кезінде қайсыларын оқу барысында, ал қайсыларын шығарманы оқып болғаннан кейін түсіндіруге болады? Оқушылардан сөздіка қорына енгізуге болатын қандай сөздер бар? т.б.
7. Шығарманы оқу үшін не керек, оны қалай ұйымдастырады?
8. Жоспар жасау жолдарын айтыңыз.
9. Мәтіннің мазмұнын айтқызу қалай өткізіледі? Бұл жұмыстың мақсаты не, оқулықтардан мысал келтіріңіз.
10. Қорытынды әңгімені ұйымдастырудың жолдарын айтыңыз.
11. Оқулықтардан бір әңгімені алып, оның оқу жоспарын жасау, мазмұнын айту, қорытынды әңгіме өткізу жолдарын көрсетіңіз және сол әңгіме бойынша қандай шығармашылық жұмыс ұйымдастыруға болатынын айтыңыз.
2. Жаратылыстануды оқытудың практикалық әдістері.
Қазіргі таңда мұғалімнің алдында тұрған міндеттердің қатарына оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін тек теориялық біліммен шектеліп қана қоймай, оның қажырлы тынымсыз еңбектенуінде, балалармен жұмыс істеуі қабілетінің жоғары дәрежеде болуын талап етуде. Сонда ғана, қоғамымызға, білімге құштар, қабілеті мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігі үшін өзіндік үлес қосып, ел абыройын асқақтатып ұлтымыздың мерейін көтеретін ұрпақ тәрбиесі жүзеге асырылмақ.
Жаратылыстануды оқыту әдістемесі– оқу пәні ретінде оқыту
әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда педагогикалық
әдістермен қоса нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және
тірітабиғаттың күрделі құбылыстары мен дамуын сипаттайтын әдістер де қолданылады.
Сонымен бірге оқыту әдістері – практикалық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, эксперименттер, тәжірибелер, арнайы
көрнекіліктер қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл ерекшеліктер мектепте оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекше формаларын қолдануды талап етеді (топсеруендер, оқушылардың өз бетінше, сабақтан тыс және үй жұмыстарын, сыныптан тыс орындалатын жұмыстар т.б.). Мұндағы ерекше оқыту формаларын жүргізу әдістемесі осы пәнде қарастырылады.
Бұл пәннің мазмұны және өзіндік ерекшеліктері, оқытудың
әдістерін, тәсілдерін анықтаумен шектелмейді, оның тәрбиелік
мүмкіндіктерін де анықтайды.
Жаратылыстануды оқыту әдістемесі сабақтарында табиғат
құбылыстарының бір-бірімен байланысын, тірі және өлі табиғат
заңдылықтарын оқып-білу оқушылардың ғылыми,
диалектикалықматериалистік көзқарастарын қалыптастырады.Сондықтан да болашақ бастауыш мектеп мұғалімі ― Жаратылыстану пәніне қатысты
барлық білімдер мен білік-дағдыларды толық меңгеруі қажет.
Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәні көптеген ғылым
салаларымен байланысты. Ең алдымен студенттер мектеп курсында өткен табиғаттану, ботаника, жануартану, тәнтану, тіршіліктану , астрономия және пәндерінен алған білімдеріне сүйенеді.Сонымен қатар ― Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәні бұрынғы курстарда оқылған жаратылыстану негіздері және физиология пәндерінен білім негіздері.
3. Дүниетану сабағында қолданылатын көрнекіліктер
Дүниетану сабақтарында тірі табиғат бұрышы ретінде көбінесе бөлме өсімдіктері қолданылады. Оқушылардың өздері де сол өсімдіктерді отырғызып күтіп-баптауды үйренеді.
Әрбір есімдіктің этикеткасы болуы керек, онда өсімдіктердің аты, отаны, егілген уақыты жазылады. Оқушылар бастауыш мектепте оқыған жылдарында барлық есімдіктермен танысып, олардың кейбіреулерінің гүлдеуін, әрбір өсімдіктің жарыққа, жылуға және ылғалға сезімталдығын зерттей алады.
Оқушылар өсімдіктерді күткенде олардың әрқайсысының құрылысының ерекшеліктерін біліп қана қоймайды, сонымен бірге өсімдіктерді күтуге қажетті практикалық дағдылар да алады. Олар мұғалімнің басшылығымен қарапайым тәжірибелер жүргізеді, соның нәтижесінде оларда өсімдіктерді зерттеуге деген қабілет қалыптасады. Мысалы, бірдей екі өсімдік алып, оларға әр түрлі тіршілік жағдайын (суару, үстеме қоректендіру, жарық беру) туғызуға болады. Бақылау нәтижелерін күнделікке тіркеп отыру керек. Оқушылар бұл тәжірибені жүргізу және алынған нәтижелерді талдау барысында әсімдіктер мен қоршаған ортаның арасында болатын тығыз байланыстарға көздерін жеткізеді, есімдік организмдерінің тіршілік әрекеті үшін белгілі бір жардайлардың қажеттігін практика жүзінде біліп отырады. Алынған деректерді оқушылар белгілі бір оқу материалын оқып білуде табысты түрде пайдаланады.
Ашық жерде дүниетанудан бақылаулар мен практикалық сабақтар жүргізу үшін бастауыш мектепте географиялық алаң болуы керек (ол жалпы білім беретін орта мектеп алаңының бөлігі болуы да мүмкін).
Алаңның мөлшері 10X10 м-ден кем болмауға тиіс. Оны биіктігі 1 м-ге дейін баратын қашамен қоршайды, қашаның бір бөлігін түрлі түске (мысалға, ақ пен қара) кезектестіріп бояйды да, өлшеуіш ретінде пайдаланады.
Алаңға арналған орынды мүмкіндігінше ашықтау жерден таңдайды. Оның дәл ортасында тіктегіші бар, биіктігі 1 м вертикал қада (гномон) орнатады, оның көмегімен оқушылар көкжиек тұстарының бағытын анықтайды. Талтүстегі сызықтың көрсетуін пайдалана отырып, алаңда көкжиектің негізгі және аралық тұстарын керсететін жолдар төсеуге болады. Ауа райын бақылау үшін метеорологиялық будка орнатып, оның ішіне термометр қояды. Желдің бағытын анықтау үшін биіктігі 10 м бағанаға флюгер орнатылады (мектеп маңында ашық жер болмаса, флюгерді шатырға бекітед). Оқушылар жеке заттардың биіктігін көз мөлшермен анықтау дағдысын қалыптастыруға пайдаланулары үшін бағананы әр метр сайын бояйды.
Географиялық алаңда өлшем учаскесі бөлініп, онда дециметрлерге бөлінген текше метр орнатылады. Қар жамылғысының қалыңдығын анықтау үшін ұзындығы 1,5—2 м, ені 8—10 см қар өлшейтін рейка қолданылады. Рейканың бет жағы ақ түске боялады да, 1 см сайын сызықпен бөлінеді, қарсы жағы қара түске боялды да, ақ бояумен 10 см сайын бөлінедіОқытудың көрнекі құралдарына таблицалар мен картиналар, табиғи объектілер, үлестірме материал, кинофильмдер, кинофрагменттер, диафильмдер, драпозитивтер, кодотранспоранттар жатады. Олар оқушылардың білім алуының маңызды көзі болып табылады. Көрнекі құралдарды қолдану сабақтың тиімділігін арттырады, кіші мектеп жасындағылардың өзінше дайындығын ұйымдастыруға жағдай жасайды, таным қабылетін дамытады.
Дүниетануды оқыту процесінде табиғи көрнекі құралдардың үлкен маңызы бар. Оларға мәдени және жабайы өсетін өсімдіктер үлгілерінің гербарийлері, топырақ үлгілері, үлестірме материалымен қоса пайдалы қазбалар коллекциялары, жануарлар тұлыптары, пайдалы және зиянды насекомдар коллекциялары, сонымен бірге тәжірибелер мен лабораториялық жұмыстарға арналған ыдыс пен құралдар, экскурсиялық жабдықтар жатады.
Тікелей қабылдауға келмейтін заттар мен құбылыстар туралы түсінікті қалыптастыруда бейнелеу құралдары үлкен орын алады. Оларға таблицалар, картиналар, карталар, открыткалар. «Бақылау күнделіктері» т. с. с. жатады. Баспа негіздегі құралдар дүниетану бойынша көрнекі құралдар жүйесіндегі ең көбі болып табылады.
Бастауыш сыныптарда бүкіл класпен жұмыс істеуге арналған үлкен глобус (диаметрі 60 см) және оқушылардың жеке жұмыс істеуіне арналған шағын (диаметрі 40 см) глобустар болуы керек.
Қазіргі кезде дүниетану сабақтарында мұғалімдер жергілікті жерде кездеспейтін табиғат құбылыстары туралы нақтылы және толық түсінік беруге кемектесетін экрандық құралдарды кеңінен пайдаланып жүр.
Дүниетану сабақтарын экрандық құралдармен қамтамасыз ету үшін көптеген диафильмдер мен диапозитивтер, кинфильмдер мен кинофрагменттер, кодоскопқа арналған транспаранттар жасалды.
Билет -15
-
Мәнерлеп оқу мәселелері/ психологиялық, грамматикалық, логикалық кідірістер
Мәнерлеп оқуға жаттықтыру барысында мұғалім әңгімелеу үлгісінің бірнеше түрлерін магнитофон таспасына жазып алып тыңдатуына болады. Балалардың саяхат кезіндегі немесе белгілі бір кинофильмнен алған әсерлерін әңгімелетіп отырып, магнитофонға жазып алып, оны қағазға түсіріп, сол әңгімені айтқан баланың өзіне қайта оқытса, екеуі екі бөлек дүние болып шығады. Өйткені, оқушы өзінің еркін сөйлескен әңгімесін тексін қағаздан оқығанда сөйлеу кезіндегі эмоциялық әсерінен айырылып қалады. Әрине, бұндай кезде сөйлеу аппаратының қызметі де, дауыс та оқушы дағдысы мен икемділігіне бағынады. Соның салдарынан балалар үшін де, үлкендер үшін де мәнерлі көркем оқу мен қарапайым сөйлеудің бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ сияқты көрінеді. Оқу мен сөйлеудің байланысын түсініп, салыстыра отырып жаттығулар түрлерін жасап үйренсе, олардың ұқсастығы мен айырмашылығы анық көрінеді. Көркем сөз шеберлерінің күйтабаққа жазылған сөздерін тыңдату арқылы да мәнерлеп оқу, көркем оқу дегеннің не екендігі туралы ұғымдар беруге болады.
Мәнерлеп оқуды дұрыс жүргізу үшін оқу кезінде қойылатын дауыс ырғағының кідірістерін (паузаларын) игеру.
Олар: а) логикалық кідірістер;
ә) психологиялық кідірістер;
б) грамматикалық кідірістер болып бөлінеді.
Логикалық кідіріс. Әрбір сөйлемде айтылатын ойға қазық болып, қалған сөздер соған байланысты болып тұратын жеке сөздер, сөз тіркестері бар. Ол сөздер басқа сөз табынан сәл көтеріңкілеу оқылып, тыңдаушы назарын өзіне аударады. Сөйлемдегі негізгі мағына — қай сөзге, қай сөз тіркесіне түсіп тұрғанын дауыс кідірісі арқылы жеткізуге болады. Ал сөйлеу кезінде қай сөзге мағыналық кідіріс жасалатын болса, сол сөз көтеріңкілеу айтылады.
Психологиялық кідіріс. Текстің мазмұн-мағынасына, ондағы қатысатын кейіпкердің іс-әрекетіне, оның көңіл-күйінің құбылуына байланысты оқылады. Текске дұрыс психологиялық кідіріс жасалып оқылғанда, тыңдаушы ерекше назар аударып, онан әрі не болатынын тағатсыз күтеді. Кейде шығарма кейіпкерімен қосына қуанып, қосыла ренжиді. Психологиялық кідіріс текст мазмұнына лайықты жасалған жағдайда тыңдаушының алған әсері ұзаққа созылады.
Грамматикалық кідіріс. Мәнерлеп оқуда кебірек қолданылатын, жиі ұшырайтын кідірістер — грамматикалық кідірістер немесе нормативтік дауыс ырғағы деп те аталады.
2. Сабақ - жаратылыстану пәні бойынша оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде. Жалпы сипаттама беру
Жаратылыстану бағытында білім беру кіші мектеп жасындағыларда табиғи білімқұмарлықтың дамуына, әлем жайлы ой-өрістің кеңеюіне, ғылыми ұғынудың және қоршаған әлемді тұтастай қабылдаудың дамуына, қоршаған әлемді қорғау және бағалай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.
Бастауыш мектепте оқушыларға «Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру келесілерді түсінуге мүмкіндік береді:
-
қоршаған әлемнің күрделілігі мен көп қырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен үрдістердің өзара байланысын; -
өлі және тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үрдістердің себептерін; -
жаратылыстану бағытындағы білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын. -
Атаулы пәнді оқу қоршаған әлемнің түрлі құбылыстары мен нысандары жайлы білімнің жинақталуына және күнделікті өмірде алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің байланысын түсінудің қалыптасуына көмектеседі.