Файл: Билет 1 дебиеттік оу пні бадарламасыны масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 298

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мектеп оқушыларына жаратылыстануды оқытуда, мұғалім оларды білім, білік,  дағдыларды  

жарақтандырып  қана  қоймайды,  білімді  жалғастыру  үшін керек және іс жүзіндегі қызметімен, сонымен бірге олардың көзқарасын, еркін, мінезін қалыптастырады, ақыл - қабілетін және т.б. дамытады. 
Сондықтан  қазіргі  оқыту  әдісетемесі  жаратылыстануды  органикалық тарау  және  тәрбиелік  құрал 

 ретінде  оқыту  барысында  зерттейді  және тексереді.  Осы  мағынада  оқыту    әдістемесі  тәрбие  процесінің  құбылысын  зерттейді,  бәрін  емес,  тек  жаратылыстануды  оқыту  процесінде  орын 
алатындарын айтуға болады. 


3. Кіші жастағы оқушылардың табиғаттану, қоғамтану және адамтану ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру мендамыту.

Адам, табиғат, қоғам — біртұтас дүние. Адам, табиғат, қоғам
арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын балалар бастауыш
сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені табиғаттануды
мектепке дейінгі мекемеде оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды.

Дүниеге көзқарас дегеніміз – адамдардың, жеке адамдардың іс әрекеттеріне терең әсер ететін әлем және оның даму заңдылықтары жөнінде, табиғат және қоғам құбылыстары мен барыстары жөнінде біртұтас тиянақты көзқарастар жүйесі.
Дүниенің өзі микро, макро, мега жүйелерді құрайтын бір-бірімен көп салалы байланыста болатын объектілер мен құбылыстардың жиынтығы болса, дүниетанымның негізіне дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы кіреді. Дүниетаным әртүрлі білімдерді игеру барысында, сонымен қатар күнделікті көзқарастарды санада түю нәтижесінде қалыптасады.
Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады. Дүниетаным процесіне әр түрлі факторлар, мәселен, әлеуметтік және микроорта мен тәрбие, жаппай ақпарат құралдары т.б. әсер етеді.
Дүниетанымды қалыптастыру өткінші процесс емес. Ол адам өмірін түгел қамтиды. Оқушының жалпы дамуында бұл процесс тұрақты және үздіксіз өзгерістерге ұшырайды. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру олардың осы заманғы ғылыми біліммен қаруландыруға сүйенеді. Бұған мектепте оқытылатын барлық пәндердің қатысы бар.
Бастауыш мектепте ― Жаратылыстануды оқыту әдістемесі‖ пәнінің мұғалімі оқушыларды оқыта отырып, дүниетанымдық білімдерін қалыптастырады.Олай болса мұғалім мынадай шарттарды жүзеге асыруы тиіс
Билет № 10
1. Әдеби көркем шығармаларды оқытудағы дидактикалық принциптер

. Әдебиеттік оқу пәнін оқытудағы ғылымилық принципі әдебиеттану ғылымының әдеби шығармалардың тууы, тақырыбы, идеясы, жоспарлары, образдары, композициясы мен сюжеті, тілі суреттеу тәсілдері жөніндегі тұжырымдамаларына сүйенеді.


Бұл тұста Ә.Қоңыратпаевтың әдебиет ....бір жағынан рухани мәдениет тарихы болса, екінші жағынан образдап ойлауға құрылған, сол үшін өз ерекшелігі бар құбылыс. Көркем шығарманың ішкі ерекшеліктеріне оның нақтылы тақырыбы мен идеясы, жанрлар мен образдары, типтендіру, қиялдау, композиция мен сюжеті, тілі, суреттеу тәсілдері сияқты белгілер жатады. Біздің мектептерімізде көркем шығарманың осы ішкі заңдары мен жұмыс істеу жеткіліксіз болып жүр деген пікірмен келіспеуге болмайды.
Себебі, әдебиеттік оқу сабақтарында шығармаларды оқытуда «Өлең немесе әңгімеде не туралы айтылыпты? Олар жөнінде не депті?» деген жалпы сөзуарлыққа жетелейтін тәсілден, шығарманы талдау орнына мазмұнын айтудан аса алмай, әдебиеттің сыр сипатын, болмыс бітімін анықтап, талдап түсіндіре алмай жүрген жайымыз бар. /З.Қабдолов/
Мұндай олқылықты болдырмаудың жолдарының бірі, біздің пікірімізше, оқушыларға бастауыш мектептен бастап, әдебиет теориясынан қарапайым түсінік беріп, шығармаларға талдау жасау және көркем сөз өнерін ауызша, жазбаша тілде қолдану дағдысына үйретуге мән берген жөн. Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек.Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.

Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану қажет.

2. Бастауыш сынып оқушысының жеке басының дамуындағы жаратылыстану білімінің маңызы.

Төменгі сыныптарда жаратылыстану пәнiн оқытудың ерекшелігі: оқушылардың қоршаған орта, әлем туралы ой-өрісін дамыту, тәжірибе жұмыстарын жасату арқылы шығармашылық ізденіс қабілетін арттыру. Сонымен қатар оқушы жаттығуларды өзбетінше зерттеп жасауына және жақсы нәтижеге жетуіне жетелейді, оқушының ақыл ойын дамытып, ғылым саласы мен шұғылдануына қызығушылығын арттырады. Зерттеудің мақсаты: жаратылыстану пәнінің бастауыш сынып оқушылар үшін ерекшелігін, маңыздылығын көрсету.

-қоршаған әлемнінің күрделілігі мен көпқырлылығын, сондай ақ табиғи құбылыстар мен үдерістердің өзара байланысын:

-өлі және тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үдерістердің себептерін:


-жаратылыстану бағытындағы білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын күнделікті өмірде практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің байланысын түсінудің қалыптасуына көмектеседі.

3. Экологиялық мазмұндағы сабақтарды өткізудің әдістемесі, ерекшелігі.

Экология дегеніміз - табиғатты пайдаланудың ғылыми-теориялық негізі.Экологиялық тәрбиенің мәселелері Қазақстандағы экологиялық апат аймақтарының болуымен тығыз байланысты. Климаттың өзгеруі, озон қабатының жұқаруы, шөлейттену,биологиялық алуан түрліліктің азаюы, әлемдік мұхиттың ластануы, өндіріс пен ауылшаруашылығының интенсивтілігіне байланысты экологиялық мәселелер туындайды. Жылдан-жылға, уақыт озып технологияның даму шыңына жетіп,адамзат дәуірі өрлеп-өскен сайын табиғатқа адамның тигізер зардабы да артып келе жаыр. Алайда біз осы мәселелерді шешу мақсатында экологиялық мазмұндағы сабақтарды өткізу маңызды. Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты:
• қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;
• жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;
• қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;
• экологиялық білімді насихаттау.
Экологиялық тәрбие ол бала санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Экологиялық тәрбие – мектептегі тәрбие жүйесінің негізгі бағыттарының бірі. Табиғатқа деген сүйіспеншілік, оны құрметтеу бірден келе бермейді. Бұл оқушыларды табиғатты қорғау ісіне жан-жақты қатысуға (мектепте және үйде жабық өсімдіктерді көбейту және өсіру) сабақта, сабақтан және сабақтан тыс жұмыстарда табиғатты зерттеудегі мақсатты ұзақ мерзімді жұмыстың нәтижесі, мектептегі тәжірибелік учаскеде жұмыс, құстарға жем дайындау және т.б.) жүйелік-белсенділік тәсілін қолдану.

Билет № 11

1. Әдебиеттік оқу пәнінде қолданылатын көрнекі құралдар

2. "Жаратылыстану" мектеп курсының мазмұны мен құрылысын таңдау принциптері

3. Табиғатты зерттеу бойынша экскурсия, оны өткізу әдістемесі.

1. Оқытудың көрнекілік ұстанымы сабақ үрдісінде басты роль атқарады. «Көрнекілікпен оқытудағы басты мақсат – оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтыру. Өзінің байқағандарын сөзбен айтып бере білуге, одан логикалық қорытынды шығаруға үйрету». Көрнекілікті оқу үрдісінің барлық кезеңінде пайдалануға болады, бірақ оны жиі қолдануға да болмайды. Көрнекілікті белгілі тақырып мақсатында пайдаланғанда ғана тиімді болмақ. Сабаққа қажетті дидактикалық көрнекі құралдардың түрлері: заттық, образдық, графикалық, синтетикалық, синхроникалық кестелер; буклеттер, альбомдар; техникалық оқу құралдары; тірек сигналдары; кеспе, үлестірмелі қағаздар.


Заттық, образдық, графикалық. Көрнекіліктер көркемсөз шеберлерінің өмір жолын, шығармашылығын оқыту үстінде қолданылатын заттар, бейнелі суреттер (портреттер) шығармашылығы, өмір жолының сандық тізбектері.

Синтетикалық, синхроникалық кестелер. Олар арнайы ақын – жазушылардың шығармаларына тақырыптық бейнеде, образды бейнеде берілетін кестелер.

Буклеттер, альбомдар: ақын-жазушылардың өмір жолына арналып жасалатын бейнелі суреттер.

Тірек сигналдары: тірек плакаты, тірек конспекті. Тірек конспектісі – негізгі материалдан ең негізгілерін бөліп алу керек. Тірек плакаты – ақын-жазушылардың даталы, тарихи оқиғалары мен шығармаларының аты қай жылы жазылған анықтамасының көрсеткіші.

Кеспе, үлестірмелі қағаздар: жеке ақын-жазушылардың көркем шығармалары бойынша жасалады. Көрнекіліктің бұл түрі оқушының өзіндік, шығармашылық жұмыстарды орындау мақсатында пайдаланады.

Техникалық оқу құралдары екіге бөлінеді: экрандық техникалық құралдар, дыбыстық техникалық құралдар.

Экрандық техникалық құралдар. Бұған: киноаппарат, эпидиаскоп, кодоскоп, ЛЭТИ, «Протоп», «Свитязь», «Фильмоскоп» т.б. жатады. Бұлар шағын көрнекі материалдарды (суреттерді, кесте) экранға түсіріп, сабақ мазмұнына байланысты қажетті қосалқы материалдарды көрсетуге арналған.

Иллюстрациялық кестені қолдануда көркем өнердің, көркем шығармалардың туындыларын салыстыра талдап түсіндіруге, олардың өзара жақындығын, өнер туындысы ретіндегі өзіндік даралық ерекшелігін, өзара қатынасын, бірлігін көрсету, байқату көзделеді.

Диапозитив – экрандық техникалық құрал. Диапозитив арқылы сериялы материалдарды бөлшектеп, жеке-жеке кадрларға бөліп береді.

Диафильм. Диафильм жазушы өмірін, жеке шығарманың мазмұнын ашып беруге арналған. Диафильмнің ерекшелігі – көріністің, құбылыстың логикалық байланысын сақтап, қимыл үстінде көрсетеді.

Кинофильм мен теледидар. Оқушы өзі оқыған шығармаларын кинофильм арқылы көрсе, білімнің берік болуына мүмкіндік туады. Сол мүмкіндікті теледидар жүзеге асырып отыр.

Дыбыстық техникалық құралдар. Дыбыстық құралдар оқу үрдісінде екі міндетті шешуге көмектеседі: арнайы жазбаларды, диктордың көркем сөз шеберлерінің, қоғам қайраткерлерінің сөздерін тыңдауға; оқушылардың, мұғалімнің өз сөздерін жазуға, талдауға мүмкіндік жасайды.

Радиохабарлар. Радиохабарлар көркем сөзді оқу арқылы, оқушыға талданып берілетін жаңа мәлімет. Тыңдау арқылы танымдық қызығушылығын арттырып, сабақты жандандырып, шығарманың мазмұндау дәрежесінің эмоционалдық қатысын арттырады.