Файл: Билет 1 дебиеттік оу пні бадарламасыны масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 296

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

3.Дүниетану пәнін оқытудағы жергілікті жерматериалдарын пайдаланудың маңызы мен онысабақта пайдалану мүмкіндіктері.

Оқытудың көрнекілік әдістерінің басты ерекшелігі – оларды пайдалануда негізгі ақпарат көзі ретінде сөз емес, әр түрлі объектілер, құбылыстар, техникалық және көрнекі құралдар танылады. Бұл әдістер оқытудың сөздік әдістерімен сабақтасып өте жиі қолданылады. Көрсету, иллюстрация, бақылау көрнекілік принципін жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды, бұл әдістердің барлығы да оқушыларға эмоционалдық әсер етеді. Оларға да көрнекілік принципіне қойылатындай (көрсетілетін объектілердің, құбылыстардың реттілігі, қабылдаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету) сияқты талаптар қойылады. Әдістердің бұл тобына оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдалану (магнитофондағы жазбалар (құстардың дауысы), радиохабарлар, экрандық – дыбыс құралдары, телехабарлар, компъютерлік бағдарламалар) жатады.

Қазіргі жағдайда компъютер сияқты техникалық құралдарды пайдалануға басты назар аударылуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен игерген көптеген мәліметтерді сапалы игеруге мүмкіндік береді.

Мұғалім сабаққа дайындалғанда әдістің сабақтағы орнын анықтайды, оның тақырыбы мен мақсатын көрсетеді, оқытатын материалын түсіндіруге қажетті көрнекі құралдарды қарап, белгілейді; суреттерді қарап, ондағы керекті обьектілерді табады; баяндаудың Жоспары:ы мен конспектісін жазады, Жоспары:ды қарапайым етіп, үш-төрт тақырыпшадан асырмауға тырысады; сөздердің дұрыс айтылуын, дауыс ырғағын қадағалай отырып, әңгіменің бүкіл мазмұнын Жоспары бойынша дауыстап айтып шығады.

Мұғалімнің баяндауы айқын, көркем және қызықтыратын болып құрылса және оқушыларды өзіне тартып, материал мазмұнына қызықтыра алса, оқушыларды жұмылдырады, оларға жауаптарын дұрыс құруға үлгі береді.

Әңгіме әдісі сурет бойынша әңгіме, оқылған тексті бойынша әңгіме, оқылатын материалдың негізінде карта бойынша әңгіме, жасалған тәжірибе желісінде әңгіме түрінде қолданылады.

Оқытуда көрнекілік әдістерін пайдаланғанда төмендегі шарттар сақталуы керек:

а) қолданатын көрнекілік оқушы жасына сай болуы керек;

б) көрнекілік шектеулі пайдаланылуы керек және оны бірте-бірте тек сабақтың қажет сәтінде

көрсету керек;

в) оқушыларға көрсетілетін дүниені жақсы көре алатындай етіп ұйымдастырылуы қажет; г) иллюстрацияны көрсеткенде басты, маңызды жақтарын бөліп көрсеткен жөн;


д) құбылыстарды көрсету кезінде берілетін түсініктерді тыңғылықты ойластыру керек;

е) көрсетілетін көнекілік материалдың мазмұнымен сәйкес болуы керек;

ж) қөрнекі құралдардан немесе көрсету қондырғыларынан ақпаратты табуға оқушылардың

өзін белсендіру.

Билет-16

1.. Әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдер

  1. Тұжырымдамалық карта»  

  2. Бүгінгі өтіліп жатқан тақырып бойынша тұжырымдамалық карта жасау (постер) тапсырылады. Карта тақырыпты ашатындай болуы керек. Картаға сурет,кесте, ойдың түйінді идеясы салуға не дайын материалды жапсыруға болады. Тұжырымдамалық картаны бергенде, оқушыға оның қалай бағаланатыны жайлы критерийлер беріледі. Соңында әр топтың жұмысы сол критерий бойынша бағаланады. 

  3. «Қар кесегі» әдісі. Бір оқушы тақырып бойынша  бір тұжырым айтады. Екінші оқушы оның айтқанын қайталап, өзінің тұжырымын айтады. Үшінші оқушы  алдыңғы екі оқушының айтқанын қайталап, өзінің тұжырымын айтады. Сөйтіп жалғаса береді.

  4. «Болжау ағашы»  Оқушылар мәтіннің тақырыбымен немесе мәтінге байланыстысуреттермен таныстырып алып, мәтін не жайында деп ойлайсыңдар деген сұрақ қойып, жауаптарын стикерге жаздырып ағашқа ілдіреміз немесе осы мәтін не жайында деп ойлайсыңдар соған байланысты білгілерің келген мәселе бойынша сұрақ жазып ағашқа іліңдер деп тапсырма беріп, сыни тұрғыдан ойландырып алуға да болады. Соңында мәтінді өз беттерімен оқып, өздерінің ойларын яғни болжауларын дәлелдеп ортаға салғызуға да болады. Бұл өте тиімді әдіс. 

  5. «Түйінді сөздер» әдісі. Мұғалім жаңа тақырып ішінен  түйінді сөздерді әр топқа бөліп береді. Оқушылар топ болып бірігіп сол сөздердің анықтамасын, мағынасын ашып, басқа топқа түсіндіреді.Мысалы: «Ақсақалдар», «Бала Бауыржан» және «Әке» деп бөлінген топтар сабақ соңында осы сөздердің мағынасын ашып, оқыған мәтін бойынша дәлелдеп береді.

  6. «Борт журналы» әдісі 5-10 минут мұғалім бүкіл аудиторияға дәріс оқиды. Оқушылар берілген уақыт ішінде өз борт журналдарын толтырады.(түйінді сөздер, суреттер, тәжірибемен байланыстыра отыра. Оқушылар жұпта,сосын топта өз журналдарының мазмұнын талқылайды, бірінің сұрақтарына бірі жауап береді, түсінбеген жағдайларда мұғалімнен кеңес алады. Борт журналдарын талқылайды.

  7. *Осындай жүйелі жұмыстар жүргізудің нәтижесінде оқушы бойында белсенділіктің үш деңгейі де қалыптасады.

  8. «Мәтінді зерттеу картасы» Берілген  мәтіннен кейіпкерге сипаттама береді және олардың іс-әрекеттерін саралап, анықтап, кестеге түсіреді және дәлелдеп, тұжырым жасай алады.


  1. Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім беру.

Бастауыш  сынып оқушыларының экологиялық білім мен тәрбие беру - олардың тіршіліктану жөніндегі сауатын ашуға қажет және қоршаған ортаны сақтауда маңызы зор екенін білесіздер. Сондықтан дабастауыш сынып оқушыларының экологиялық білімдерін қалыптастырып, экологиялық білім мен тәрбие беруге, барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәрежесінің жоғары болуларына әсер етіп, қордағы басылымдардың бар түрін кеңінен пайдалана, оқырмандардың экологиялық ақпараттандырылуын қанағаттандыра біліңіздер.

Аталмыш бағыттағы «Табиғат-сұлулықтың кәусар  бұлағы», «Табиғат лебі», «Табиғатым - тағдырым» - сынды экологиялық сағат, «Жасыл әлемге саяхат» - ойын-саяхат, «Қазақстан қорықтары» - ауызша журнал, «Табиғат және Поэзия»-жыр кеші, «Табиғат тамашалары», «Таңғажайып табиғат» - экологиялық лотолар, Семей сынақ полигонына арналған  «Апат аймақтары», «Ажал сепкен аждаһа» - экологиялық - танымдық сағаттар, «Туған өлкем - қандай көркем», «Табиғат - тіршіліктің құтты қоныс мекені», «Жер тағдыры – ел тағдыры», «Табиғат – тіршіліктің қайнар көзі», «Қоршаған орта және «Табиғат – тіршілік бастауы», “Қоршаған ортаны қорғайық!”, «Табиғат аясы», «Табиғат әлемі», «Қоршаған орта - қорғаның», «Аралым – арым, Балқашым - бағым», «Өзендер неге өксиді?», «Арал да апат аймағы», «Қазақстан өзендері» «Қазақстан – туған өлкем», «Экологиялық құқық» тақырыптарындағы дөңгелек үстел, интеллектуалдық ойын, экологиялық идеялар байқауы, талқылау, экологиялық мереке, экологиялық әңгіме, пікір алмасу, жарыссөз, брейн-ринг, экологиялық жыр кеші, пікірталас, шолу, әңгіме сияқты шаралар, осы орайда дайындалған тақырыптық папкалар, кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер қолданушылардың туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы білімдерін кеңейту мен  экологиялық түсініктерін қалыптастыруға ықпал етіп, олардың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып,, табиғатты қорғай білуге тәрбиелейді. Бұл жұмыстармен шектелмей, «Экология сақшысы», «Мөлдір бұлақ»сияқты үйірме жұмыстарын да жандандыра аласыздар.

   Қоршаған  ортаны қорғауды насихатау мен экологиялық  қауіпсіздікті қамтамасыздандыруды  кең танымал етуде мол түсінік  беретін қағаздағы және электронды тасымалдалдаушылардағы ақпараттар мен  Интернет қызметін де ұсына, бастауыш сынып оқушыларының туған өлке, оның байлығы мен алуан түрлі табиғаты турасында білімдерін кеңейте түсесіздер.


3 . Дүниетану сабақтарында өлкетануматериалдарын пайдалану жолдары.
Өлкетану негізінде оқушыларда экологиялық тәрбие беру олардың дүниетанымын кеңейтеді, табиғи ортаға бақылау жасауды үйретеді, табиғат заңдылықтарын қатаң сақтауды ескертеді және туған өлке табиғатын сүюді, оны қорғауды – Отанға деген патриоттық сүйіспеншілікті қалыптастырады. Экологиялық білімге оқушылардың ақыл-ойы мен көзқарасына, мәдениетіне терең бойлауды қажет ететін адамгершілік құндылықтардың проблемасы жатады. Бұл құндылықтарға табиғатқа және тіршіліктегі барлық көріністерге деген аялы сезім, табиғатты қорғау қажеттілігіне деген ішкі сенім жатады. 

Билет № 17
1. Әдебиеттік оқу сабақтарында ойын түрін қолданудың тиімділігі

Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті – ойын болса, оқу – тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады. 
Ойынның мақсаты – бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.
Міндеті – баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру. 
Дидактакалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. 

Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді. 
Сабақтың ортасында - көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады,сабаққа ынтасын арттырады. 

Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. 

Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы: дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор.Ойынның түрлері көп.Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыбына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс.Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалу тиіс. 

Сабақта ойын түрлерін өткізу оқушылардың ой өрісін, тапқырлығын, жылдамдығын, сөздік қорын молайтуға әкеледі. 
Ойын – бұл қоғамдық тәсілді меңгеру мақсатында, ситуациялық жағдайда, бағытты түрде іскерлігін көрсететін, өзін-өзі басқаруын жетілдіретін іс-әрекет. Ұлы педагог В.А.Сухомолинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз,шығармашылықсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді. 

Ойын түрлерін сабақтың тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданып отырады. Ойын түрлері сабақты қызықты өткізуге, оқушылардың сабаққа ынтамен қатысуына өз бетімен жұмыс істеуіне, өздігінен қорытынды жасауына жол ашады. 

Ойын әрекеті оқу барсында төмендегідей қызметті атқарады: 

Қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Қазақ тілі сабақтарында қолданылған дидактикалық ойындарды сабақтың мақсатына қарай мынандай түрлерге бөліп қарастырылады: 

1.Тапқырлық ойындар; 

2. Іздемдік ойындар; 

3. Рөлдік ойындар; 

4. Іскерлік ойындар.