Файл: Сабата олданылатын лтты ойындарды рлі таырыбына Курсты жмыс Орындаан Бекетова Э.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 83
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Қостанай гуманитарлық колледж»
мекемесі
«Сабақта қолданылатын
ұлттық ойындардың рөлі»
тақырыбына
Курстық жұмыс
Орындаған: Бекетова Э.
4НОБ-10
Тексерген: Тургаева Б.А.
2022 жыл
Мазмұны
КІРІСПЕ.....................................................................................3
I.ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАДЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК...................................................................................5
1.1. Ұлттық ойындардың зерттелуі мен даму тарихы.....................................................................................7
1.2. Ойын элементтерін қазіргі сабаққа қолдану негіздері.................................................................................
II. САБАҚТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҮЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ РӨЛІ…………………………………………………………..10
2.1. Баланың ақыл-ойын дамытуда ұлттық ойындардың алатын орны ..................................................................................................12
2.2. Оқу үрдісінде қолданылатын ойын түрлері........................................................................................20
Қорытынды ..............................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................27
Кіріспе
Қазақтың ұлттық ойындары ертеден келе жатқан дәстүрлердің бірі. Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай - қайсысы да дамуға, оның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлт ойындары. Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей - тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. . Ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы болып табылады. Ол — сандаған ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Бұл туралы көрнекті педагог Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз — ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты».
Ойын – оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды
бір түрі. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан - жақты дамымақ емес. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрлысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.
Халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығының ішінде тәрбиенің таптырмас құралы ретінде ойындар мен ойын өлеңдердің маңызы зор. Оларда адамдардың күнделікті тұрмыс әрекетінің сан қыры, еңбегі, ұлттық бастаулар, намыс, қайсарлық, ержүректік туралы түсінігі, ептілігі, шыдамдылықты, жылдамдықты, күш - қайратты, әсем қимыл - қозғалысты меңгерту тілегі, ұстамдылыққа, тапқырлыққа, қоршаған ортадан алған әсерін шығармашылықпен көрсетуге, сонымен бірге жеңіске жетуге деген талпынысы айқын байқалады. Мәселен, «Асау мәстек» ойыны ептілікке, шыдамдылыққа машықтануды және ат үстінде өнер көрсетуге қажетті басқа да қасиеттерді қалыптастырса, «Қалай айтуды білемін» ойыны табиғат құбылыстарынан хабардар болуды талап етеді. Жан - жануарлардың мінез - құлқын, олардың сыртқы көрінісін, жануарлардан шығатын дыбыстарды айнытпай салып беруі тиіс. Ойын аздап театрланған ойын - сауық түрінде өтеді, мұнда ән, жыр айта білу, көрген – білгендерін есте сақтай білу қабілетіне мән беріледі.
Ойын дегеніміз - жас ерекшелігіне қарамайтын, адамның көңіл күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, іздемпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігін, көп білуді, сондай – ақ басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістердің бірі. Сондықтан ойынды сабақта, сабақтан тыс уақытта пайдалану - үлкен нәтиже береді.
Сабақта үлттық ойын элементтерінің әр түрін қолдану арқылы оқушылардың ынтасын, сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Ойын – оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды
бір түрі. Оны мындай кесте арқылы суреттесек те болады:Ойын ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез – құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізгі іс-әрекеттің бір түрі.
Бір заманда халық қиялынан туып, өз ұрпағын тәрбиелеудің ұтымды
құралына айналған ежелгі ойындар ешбір арнайы құрал-жабдықты, өткізетін
орынды талғамайды. Олар бүгінгі мектептеріміздегі тәрбие жұмысына пайдалануға қолайлы.
Халық ойындары тек денені ғана емес, ойды жаттықтырушы да болып табылады. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген .
Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан- жақты дамымақ емес .
Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, халық ойындарын бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жандандыра түседі . Күні бүгінге дейін сабақ пен сыныптан тыс жұмыстар нақтылы педагогикалық үйлестік таппай, тәрбие жұмысы оқумен тығыз ұштаспай келеді. Ал шын мәнісінде тәрбие жұмысында үзіліс болмауы тиіс. Сыныпта берілетін білім мен тәрбие сыныптан тыс жұмыстармен тығыз байланыста, бірлікте болып, бірін-бірі толықтырып отыруы тиіс. Халық ойындарын пайдаланудың дұрыс әдіс-тәсілін тапқан жерде, ол тәрбиенің басқа да құралдарымен астаса отырып, бұл олқылықтың орнын толтырады .
Мақсаты: Ойын элементтерін қазіргі сабақта қолдану негіздерін теориялық тұрғыда негіздеп, іс-тәжірбиеде қолднудың жолдарын айқындау, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және әр тақырыпты жете меңгеру. Осы орайда ұлттық ойындарды өткізе отырып, халқымыздың әдет-ғұрпы, мәдениетімен жеке таныстыру. Сондықтан сабақтарда ұлттық ойындарды қолдануды — әдетке айналдырду.
Міндеті:
• Ойын элементтерін қазіргі сабақта қолданудың теориялық мәселесін айқындап, мәнін нақтылап, байыту.
• Ойын технологиясын сабақта қолдана отырып, жеке тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыру;
• Ойын технологиясын іс-тәжірибеде пай даланудың тиімді жақтарын негіздеу.
Оқушыларды ұлттық ойындарды пайдалана отырып
тәрбиелеудің педагогикалық ерекшеліктері
Ұлттық ойындар арқылы оқушыларды тәрбиелеудің жолдары және
оған әсер ететін жағдайлар.
I.ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАДЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Бүгінгі таңда біздің педагогтар үш өлшемді оқыту технологиясы бойынша деңгейлік тапсырмаларды, модульдік оқыту технологиясын, Cын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды белсенді түрде қолдануда.
Ойын – бұл қоғамдық тәсілді меңгерту мақсатында, ситуациялық жағдайда, бағытты түрде іскерлігін көрсететін, өзін – өзі басқаруын жетілдіретін іс-әрекет.
Ойын құрылымы білгілі бір мақсатқа оқу бағдарламасындағы тараулар бойынша, көрініске, мазмұнына және т,б, байланысты өтіледі. Сонымен қоса жаттығулар мен бірізділік ойындары пән ерекшелігін көрсетіп, оны салыстыруға, негізгісін алуға, жасанды немесе табиғи құбылыстарға деген көзқарасын тудырып, өзін-өзі ұстауға, жылдамдыққа үйретеді. Ойын сюжеттері сабақтың негізгісін алуға, оқу барысын жандандыруға түрлді білім элементтерін қабылдауға әсері мол. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту –бастауыш сыныптан бастап халқымыздың мәдениетін тани білуге, тілді үйренуге қызығушылықтарын қалыптастыруға бағытталадыы. Қазақ тілін оқытудың ұлттық дәстүрмен сабақтастығы тіл үйренушіні өз мемлекетін сүюге, оның дәстүр- салтын құрметтей білуге игі ықпал жасайды.
Халықтың ұлттық ойындары – көп салалы, көп қырлы құбылыс. Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі. Олар көңіл көтерудің, ойын-саауықтың, дене тәрбиесінің дамуына ғасырлар бойы игілікті әсер етіп келеді. Тек ойындық сала ғана емес, тәрбиелік мәні жағынан да дәл осындай сипатқа ие. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл – ой тәрбиесі болмайды» деген.
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады.Ойын технологиясы- оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әр түрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер.
Ойын технологиясының міндеттері:
-Ойын арқылы балалрдың сөздік қорларын дамыту
-жаңа сөздерді меңгерту.
-үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру.
-ептілікке,ұқыптылыпқа, төзімділікке үйрету.
-ақыл-ой,есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту.
Ойын өмірде өте ерте жастан өзінен-өзі бастала отырып, адамның кәсіпті толық менгергенінше жалғасады және ойын оқытуда алдыңғы технологиялардың маңызды бөлігі болып табылады,
Адамзат ойынының сан жылғы тәжірибесі ойынның білімдік құндылы-ғын дәлелдеді. Оған балалық кезеңдегі ақыл-ойды дамыту ойындарынан бастап, мәдениетке, бизнеске және басқарудың барлық салаларына мамандар даярлауға байланысты бағдарламаларды игеру барысындағы ойындар жатады.
Ойын технологиясы арқылы оқушыларда келесі қасиеттерді меңгереді.
1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
8. Оқушылар үшін қауіпсіз.
9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.
10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.
1.1. Ұлттық ойындардың зерттелуі мен даму тарихы
Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша
алға баспайды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау —ғылым жетістіктерін
игерумен қатар, оның одан ары алға басуына үлкен мүмкіншіліктер туғызады .
Дәл осы жағдай қазақ ұлт ойындарының даму тарихына да қатынасы болса
керек. Халықтың ұлттық және спорттық ойындарының да өзіндік тарихи даму
жолдары, қалыптасу кезеңдері, тәрбиелік маңызы халықтың саяси
әлеуметтік-экономикалық дамуының негізінде болды. Қазіргі тарихи
ғылымдардың дәлелдеуі бойынша күні бүгінгі бізге жеткен ұлт ойындарының
қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының жаратылған күнінен, демек
Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Сонан
бері біздерге жетіп, ойналып жүрген ұлт ойындарының ішіндегі әр түрлі
құмалақ ойындары, бестас, асық садақ ату, карагие, тағы басқалары шамамен
алғанда 5000 жылдар бұрын ойналғандығы жайында ағылшын ғалымы Э.
Маккей …бұл ойындардың барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалық
одақтардың арасында тарағанға үқсайды —дейді. Соңдай-ақ мұндай пікірлерді
Венецияның саяхатшысы Марко Поло да қостайды. Ол өзінің Жетісу бойында